Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глюкаген




Диабет

Инсулин

Инсулин - ұйқы безінің гармоны. Бұл гармонды алғаш рет канада ғалымдары Бантинг және Бест анықтаған. Инсулин торша мембранасының глюкозаға деген өтімділігін жоғарылатады, глюкозаның торшаға өтуін жандандырады, гликогеннің түзілуін күшейтіп, оның бауырда ыдырауын бәсеңдетеді, май қышқылдарының тотығуын, кетонды денелердің түзілуін тежейді, майдың қорға жиналуын жақсартады, белок биосинтезін арттырады.Бета торшалар қызметі күшейіп,инсулин көп бөлінсе қан құрамында глюкозаның мөлшері азаяды.

Инсулин гармонының физиологиялық маңызы:

1) Бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының жиналуын арттырады:

сондықтан инсулинді «сараң сарбаз» деп атайды.

2) Клеткалардың қантты пайдалануына әсер етеді.

3) Көмірсулардың майға айналуына әсер етеді.

4) Гликогнеогенезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын тежейді.

Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозория орын алып, қан құрамында кетонды заттар мөлшері артады, организм диабет ауруына шалдығады.

Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозория орын алып, қан құрамында кетонды заттар мөлшері артады, организм диабет ауруына шалдығады. «Диабет» деген сөз грекше «тесіп өтемін» деген мағынада. Осы сөз бұл аурудың дәл негізін көрсетеді.Көпке дейін диабет ауруы аралшық ткандерінің қызметіне байланыстыекені белгісіз болып келген. Оны алғаш рет 1877ж. Лангерганс тапқан. Ол потологиялық анатомиялық тексеру кезінде аралшық тканьдерінің жойылып кететінін тапқан. 1889 ж. Меринг пен Миньковский диабет ауруы ұйқы безін сылап алып тастағанда пайда болатынын дәлелдеген.Олар алғаш рет итке тәжірибе жасаған.А.В.Соболев алғаш рет аралшық тканьдері тұнбасын алып, оның диабетті емдеу қабілетін ашқан.Диабет ауруының клиникасы жақсы зерттелген. Бұл ауруда ең алдымен көмірсулар алмасуы бұзылады, бауыр еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп кетеді.Соның нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері көбейеді, гипергликемия п.б.Диабет ауруында майдың алмасуы да бұзылады. Диабет ауруы зәрдің көп бөлінуімен, судың көп ішілуімен сипатталады.

Глюкаген – инсулиннің антагонисі. Ол гликогеннің глюкозаға айналуын шапшаңдататын фосфорилаза ферментін белсендіріп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, май қышқылдарының тотығуын жандандырып, кетонды заттардың түзілуін күшейтеді, май ұлпаларынан глицерин мен май май қышқылдарының босануын шапшаңдатады. Глюкагонның бір түрі ащы ішектің эндокриндік бездерінде де түзіледі. Ол аралшық без глюкагонынан құрылысы мен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл гармон ішек қуысындағы глюкозаның әсерімен бөлінеді де, қанға сіңгеннен кейін инсулиннің бөлінуін күшейтеді.бұл гармонның физиологиялық маңызы әлі онша анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі әсерлерге байланысты инсулин көбейгенде глюкогонның да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді.

Бүйрек үсті бездері.

Бұл бүйректің үстінде жатады.Олардың орташа салмағы 5-8г.Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі безін де сылып алып тастаса 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады.мұндай жағдайда жануар еттері әлсіреп, тамақтан қалады,өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер п.б. Бүйрек қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 5|4, милы қабаты1\5бөлігін алып жатыр.

Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының эндокриндік қызметі.

Бүйрекүсті безінің милы қабатында негізгі екі гармон – адреналин (А) мен норадреналин (НА) түзіледі. А- негізінен бүйрекүсті бездерінде ғана, ал НА басқа да ағзаларда п.б. және адренсинергиялық синапстардағы қозуды өткізетін медиатор ретінде де бөлінеді. А, НА және дофамин биогендік катехоламиндерге жатады.

Адреналин, оның табиғаты және физиологиялық маңызы.

Ішкі ми қабатында адреналин деген гармон түзіледі. Адреналиннің әрекеті симпатикалық нерв системасы әрекетіне ұқсас. Адреналиннің әрекетінен жүрек жұмысы күшейеді және жиелейді, жүрек еттерінің қозғыштығы жоғарылайды.Адреналин ішектің толқынды қозғалысын тежейді. Өт және несеп жүретін жолдардың бірыңғай салалы еттерін жиырылтады да, несеп пен өт қаптарының еттерін, бронхалардың да еттерін босатады. Оның әсерінен шаш түбіндегі еттерде жиырылғандықтан, шаш тік тұрады.Адреналиннің әсіресе углеводтың алмасуына әсері зор. Оның әсерінен бауырдағы гликогеннің глюкозаға айналу процесі жылдамдайды, сөйтіп қандағы қант мөлшері көбейіп, қанттың артығы несеп пен бірге шығарылады.

Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты және оның гармондары (кортикастерон және оның туындылары), олардың табиғаты және физиологиялық маңызы.

Оның организм үшін маңызы өте зор.себебі:егер бүйрек үсті безінің ішкі ми қабатын алып тастаса жануар аздап өмір сүреді, ал қыртыс қабатын алып тастаса, тіпіті өмір сүре алмайды. Қыртыс қабаттан алынатын гармондардың жалпы аты кортикостерон д.а. Одан осы кезде 20- ға жуық гармондар бөлініп алынды.олардың көбісі кортикостеронның туындылары. Егер қыртыс қабатты алып тастаса, жануардың беті босайды, тез шаршайды. Углевод, белок, май, судың алмасуы бұзылады. Қан қоюланады. Қыртыс қабатының гармондары никотин, стрихнин сияқты улардың әрекетін әлсіретеді. Негізінен қыртыс қабатты кортикастиройдтар физиологиялық қызметіне қарай 3 – топқа бөледі.

1. Минералкортикойдтар – альдестерон, кортикостирон, дезоксикортикостерон.

Бұл бүйрек тканьінде тер және сілекей бездеріне,асқорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылыіске асады.

2. Глюкокортикойдтар – кортизон, гидрокортизон,кортикостирон.

Майдың алмасуына әсерінен тканьдегі глюколиз артады,яғни май ыдырап, қышқылдары бауырға өтеді. Қандағы амин қышқылдары мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді.Ет тканінде белоктың ыдырауы күшейеді.

3. Жыныс гармондары – андроген, эстрогендер, прогестерон

Бұлардың маңызы әсіресе балалық кәрілік шақта зор болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері негізгіжыныс гармондарын түзуші ағза болып қалады.

Гипофиз,оның топографиясы және морфологиясы.

Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сырт жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық мимен тығыз байланысты. без қанман өте жақсы жабдықталады.Оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді, сондықтан гипоталамустың нейросекрециялық торшаларының бөлінген биологиялық белсенді заттар аденогипофизге өтіп, оның трофтық гормондарының түзілуін күшейтеді. Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Ол төрт бөліктен- туберальды,алдыңғы, аралық(ортаңғы) және нервті (артқы),- құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп атайды. Ал, нервтік бөлік, гипофиз шанағы сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1535; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.