Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Нейрондар мен ганглия




Нейрон дегеніміз – жүйке клеткасы. Ол – жүйке жүйесі құрамындағы (дербес) бөлік, сол жүйенің морфофункциялық негізі. Нейрондардын арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан – жақты қоршайтын құрылым.

Нейтондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және денеден шығатын өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа клеткаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид (қарала) заттар болады. Соңғыларының әрбіреуі түйіршікке не кесекке ұқсайды. Ядролық бояулармен боялатын болғандықтан олар нейрон протоплазмасын ала – құла етіп көрсетеді. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микроннан – 1,5метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейроннан ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон,бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроит заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонының ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Қозу серпінін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік) деп аталады, ал орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік) деп атайды. Жүйке талшықтары майлы жұмсақ қабығының болу – болмауына байланысты миелинді, миелинсіз деп екіге бөлінеді. Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын клеткаларды (глиондарды) айтады. Глия – грек сөзі – желім деген мағынада. Глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер.

Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады.Олар клетка денесінен күннің сәулесі тәрізді жан – жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды қан тамырларымен байланытырады. Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.

Нейроглияның функциялық маңызы:

1.Трофикалық қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректік заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді.

2.Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды. Нейрондардың айналасындағы сұйықтықтық иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бірқалыпты сақтайды. Медиатор саны көбейсе қозу процесі күшейіп, тежелу процесінен адамның жұмысына деген қабілеті төмендейді. Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте күшті тежелуден сақтайды.

3.Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин қабығын жасауға қатысады.

4.Нейроглия нейрондар арасындағы қарым – қатынысты күшейтеді, есте сақтауды, уақытша байланыстардың пайда болуын жеңілдетеді.

Нейрон түрлері. Тармақтарының санына қарай нейрондар көп тармақты (мультиполярлы),қос тармақты (биополярлы),бір тармақты (униполярлы) болып бөлінеді.

Адамның жұлын түйіндерінде биополярлы және жалған униполярлы нейрондар бар. Ал мультиполярлы клеткалар көбіне қозғалтқыш (мотонейрондар) нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері..Атқаратын қызметіне қарай сезімтал (афференттік),қозғалтқыш (эфференттік), аралық нейрондар болып үшке бөлінеді.

Сезімтал нейрон рецепторларда туған қозуды орталыұұа жеткізеді. Бұлар жұлын түйінінде, артқы мүйізінде, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі.

Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар жұлынның сұр затының алдыіғы және бүйір мүйіздерінде, ми қыртысының қозғалтқыш өңірлерінде (зоналарында) ми бағанының ядроларында орналасқан.

Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан мағлұматтарды (серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді. Онда тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. Оларды Реншау клеткалары (нейрондары) дейді. Реншау нейрондары көбінесе қозғалтқыш нейрондардың айналасында орналасады. Олар қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністедің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, не өткізбей оның қызметін тежейді, яғни тоқтатып тастайды.

Қазіргі кезде тежелу нейрондары мидың басқа да бөлімдерінде мәселен, мишықта, ми қыртысында, ретикулярлық құрылымда болатыны анықталды.

Ми бағанында, ми сыңарларында келіп түскен мағлұматтарды талдайтын, іріктейтін, сақтайтын арнайы нерондар бар. Ретикулярлық құрылым нейрондары қозу мен тежелу процестерін реттейді, олардың сөнуіне, тууына қажет жағдайлар жасайды.

2.Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс (reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин.

Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен атап айтқанда:

1)қабылдаушы құрылым – рецептордан;

2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;

3) афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан;

4) қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден;

5) жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі эфференттік ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс (реакция) туралы хабар жеткізетін байланыс, мәселен, рефлекстік әсерленіс еттің жиырылуы болса, оның жиырылу күші (қысқару дәрежесі) туралы хабар, я,ни керісінше байланыс (афферентация) арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше байланыс рефлекс доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдырады. Әрбір рефлекстің рецептивтік қрісі болады.

Белгілі бір рефлекс рецепторлары орналасқан аймақты рецептивтік өріс деп айтады.

Рефлекс түрлері. Морфологиялық және физологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:

1.Рецепторлардың орналасуына (орнына) қарай экстероцептивтік (exterus – сыртқы), интероцептивтік ( interior – ішкі), проприоцептивтік (roprios – өзіндік) рефлекстер болып ажыратылады. Reception – лат.-алу, қабылдау. Демек рецептор – қабылдаушы деген сөз. Экстероцептивтік рефлекс рецепторлары дене сыртында: теріде, ауыз, көздің кілегейлі қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.

Интероцептивтік рефлекс рецепторлары ішкі ағзаларда, тканьдерде, қан тамырларында, ал пропиорецептивтік рефлекс рецепторлары сіңірде, буын қабында орналасқан.

2.Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер сомалық, вегетативтік болып екіге бөлінеді.

3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми, (мезенцефальдық), аралық ми (диенцефальдық), алдыңғы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді.

4. Қимыл – әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстер болады.

5. Орталықта туатын процестер түріне қарай қоздырушы тежелуші рефлекстер болады.

6. И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен) шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.

7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.

Жүйке орталығы туралы ұғым. Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Мәселен, тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), зәр шығару орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шенінде орналасқан. Бірақ бірыңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, сондай – ақ орталық жүйке жүйесінің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы да қатысуы мүмкін. Сондықтан бірыңғай функциялы орталыұтар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады.

Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшіліктері

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты сомалық және вегетативтік деп екіге бөледі.

Сомалық жүйке жүйесі (СЖЖ) еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан сомалық жүйке жүйесін кейде анимальдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) ішкі ағзалардың қызметін (висцеральдық функцияларын), заттар алмасуын, өсіп – өну процестерін реттейді. Бұл жүйенің аты латынның vegetativus – өсу, өсімдік деген сөзінен алынған. Дегенмен де вегетативтік жүйке жүйесі тек өсімдіктерге тән функцияларға ғана емес, ол жануарлар мен өсімдіктерге ортақ функцияларға, процестерге әсер етеді.

Вегетативтік жүйке жүйесін сомалық жүйке жүйесімен салыстыра отырып, олардың морфологиялық (құрылысындағы) және физологиялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады.

Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:

1.Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жүлынның сегізкөз бөліміндегі сегменттердің бүйір мүйіздерінде орналасқан.

2.Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері – ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуырсында – шапақ тәрізді түйін, шашырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік (ганглийге дейінгі) талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. Екінші нейрондардың жүйке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады, олар постганглийлік (ганглийден кейінгі) деп аталады.

3. Вегетативтік жүйке сомалық жүйкеден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, оның диаметрі 3,5мкм. Постганглийлік талшық миелінсіз, диаметрі 0,5 – 2 мкм. Парасимпатикалық постганглийлік талшықтар өте қысқа болады.

4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.

Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:

1. Вегетативтік жүйкелер негізінен – эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді (орталықтан тепкіш жүйкелер). Бірақ вегативтік жүйкелер ішінде 10 -тей афференттік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағза рецепторларынан орталыққа жеткізеді (орталыққа тепкіш жүйкелер).

2. Вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) қозу қабілеті сомалық жүйке жүйесінде (СЖЖ) қарағанда әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары. Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы – 3 – 8, ал СЖЖ хронаксиясы – 0,04 – 075 с. ВЖЖ-нің лабилдігі – 10 – 15 гц, ал СЖЖ-де – 1000 гц. Осыған орай рефрактерлік кезең ВЖЖ-де өте ұзақ.

3. ВЖЖ-ның талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. «В» тобына жататын миелинді талшықтарының қозу өткізу жылдамдығы секундіне 3 – 18 мс, ал миелинсіз талшықтар «С» тобын құрады, олардың қозу өткізу жылдамдығы 0,5 – 3 мс.

4. Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинаптық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады (50 – 80 мс). Сомалық жүйке жүйесінде бұл потенциал 15 – 20 мс-тай. Вегетативтік жүйке жүйесінде әсіресе гиперполяризация фразасы өте созылыңқы келеді (300 – 1000 мс).

5. Вегетативтік жүйке жүйесінің реакциясы өте баяу: біріншіден, қозу жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді, екіншіден, синапстарда медиатор жәй бөлінеді және холинстеразаның белсенділігі төмен болғандықтан келесі қозу кеш туады.

6.. Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар – ацетилхолин не адреналин бөлінеді. Медиатордың түріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергилік (ацетилхолин бөлетін) және адренергилік (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергилік жүйкелер тобына: 1) парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер; 2) парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер; 3) симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүйкелері жатады. Адренергилік жүйкелер қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады. Сонымен холинергилік жүйкелер саны адренергилік жүйкелер санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар (серотонин, гистамин, АТФ, ГАМК, т.б.) бөлінуі мүмкін.

Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады.Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінде – синергизм, яғни бірыңғай қимыл жасау тән. Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Жәнеде ол жүйке орталықтарында басқа бөлімдерімен бірлесіп, адамның көңіл күйін (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны – адреналин көбейеді.

Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”Алматы.Білім.1995.50-59б.

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии

Дәріс № 5

Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің физиологиясы

Дәріс мазмұны:

1.Жұлын.

2.Ми,оның бөлімдері.

Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден тұрады.Омыртқалы жануарларда алғашқысының қатарына жұлын мен ми,ал екіншісінің қатарына-жұлын түйіндеріндегі және ағзалар ішіндегі (интрамуральдық) нейрондар жатады.Ағзалар ішіндегі жүйке клеткалары вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары,ал жұлын түйіндері сомалық жүйке жүйесінің сезгіш клеткаларынан тұрады. Орталықтағы нейрондардың денесі мида немес жұлында орналасқанымен,олардың ұзын жүйке талшықтары жұлыннан,мидан шығып шеткі ағзаларға барып таралады. Мұндай жүйке талшықтарын орталықтағы талшықтардан айыру үшін шеткі талшықтар деп те атайды.

Жұлын о мыртқа бағанының каналында орн/н жуан арқан тәрізді. Ор. ж. жүйесінің бір бөлігі. жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйе талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды атқарады. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйелер тері, ет сіңір ішкі ағзалар рецепторларынан (экстеро, проприо, интеро) серпіністер әкеледі. Сезгіш қозғалтқыш аралық нейрондар арқылы. Немесе бір-бірімен тікелей б/сып рефлекстік доға құрады. Біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты. Сұр заттың алдыңғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанға (алдыңғы артқы н/е екі бүйір) бөледі.Жұлынның салмағы -36 г Ересек адамдарда ұзындығы -45 см Ені -15 см Дене тұлғасын түзету реф-і мойын бұлшық етттері мен буын байламдары проприорецепторлары және тұлға терісі рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде атқарады. Алдымен басты қалыпты кейпіне келтіреді. Осыдан кейін дене бір бүйірінде жатқан күйінде мойын бұрылады. Соның нәтижесінде мойын еттерінің проприорецепторлары тітіркеніп, дене тұлғасын өзгертуге бағытталатын қимыл-әрекеттер басталады. Бұл тұлға түзеудің мойындық реф-і деп ат/ды. Бастың кейпі қалпына келгеннен кейін дене тұлғасын түзеуде тері рецепторларынан тарайтын импульстерде маңызды роль атқ-ды. Ми қыртысы жақсы дамыған жоғ сатыдағы жануарларға лабиринттік н/е проприорецептивтік рефлекстерді басып тежеп отыратын қасиет тән. Осының нәтижесінде олар әр түрлі кейіпте баса алады. Бүйірімен не шалқасынан жата береді. Ми қыртысы неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым орг-ң қимылдары еркін, күрделі, үйлесімді келеді Жұлынның қызметтерін ми қадағалап реттеп отырады. Мидың әсерін шеткі ағзаларға және кері қарай олардың рецепторларынан қозуды миға жұлын ақ затындағы жоғары, төмен кететін жолдары арқылы жеткізіледі. Сұр заттың алдынғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанға (алдыңғы, артқы және екі бүйір) бөледі. Жұлын 31 сегментке бөлінген.Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады.Жұлынның бір түбірі бұзылса,не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды.Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік талшықтардан тұрады.

Өткізгіш жол Жұлын бағаны Физиологиялық маңызы
1.Нәзік буда (Голля будасы) 2.Сына тәрізді жіпше (Бурдах будасы) 3.Дорзальдық латеральдына 4.Жұлын-мишықтық дорзальды (фиксиг жолы) 5.Жұлын-мишықтың вентеральды Говерс жол 6.Жұлын-таламустық дрозальды жол 7.Жұлын-жамылғылық жол 8.Жұлын-таламустық вентральды жол Артқы   Бүйір   Бүйір   алдыңғы Жанасу, дене қалпы, дененің дертсіз қимылы тербелу сезімдерін өткізу Дәл осындай Ауыру, ыстық –суық сезімдерін өткізу Ет,сіңір жалғауыштар рецепторының серпіністерін, терінің қысым, жанасу сезімдерін өткізу Дәл осындай Ауыру, ыстық-суық сезімін өткізу Көру, ауыру сезімдеріне байланысты рефлекстері.Жанасу сезімін өткізу

Б.Төмен кететін (қозғалтқыш) жолдар

.1.Қыртыс –жұлындық латеральды жол (пирамидалық) бүйір Қаңқа еттеріне бағытын серпіністерді өткізу.
2.Қызыл ядро –жұлындық жол (Манаков жолы) 3.Кіреберіс-жұлындық дорзалды жол 4.Оливо жұлындық (Гельвег)жол 5.Тор-жұлындық жол 6.Кіреберіс–жұлындық вентралды жол 7.Жамылғы жұлындық 8.Қыртыс –жұлындық     алдыңғы Қаңқа еттерін қатайтушы серпіністерді өткізу Дене қалпын, тепе-теңдігін қамтамасыз ететін серпіністерді өткізу Қызметі белгісіз Қаңқа еттерінің тонусын қамтамасыз етуші серпіністерді өткізу Дене қалпын және тепе-теңдігінқамтамасыз ететін серпіністерді өткізу Көру есту қимылдарын қамтамасыз ететін серпіністерді өткізу Қаңқа еттеріне бағыт/н серпіністер өткізу, ерікті қимылдарды қамт ету

Ми оның бөлімдері

Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан,мишық пен ми бағанынан тұрады.Құрылымдық айырмашылықтарына,даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялық және клиникалық талдау жұмысын жеңілдету үшін ми артқы ми, мишық,ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми деп аталатын бес бөлікке бөлінеді.Артқы ми құрылымына сопақша ми мен варолий көпірі,ортаңғы ми құрамына қызыл ядро,қара төрт төмпешікті дене,торлы құрылым,аралық миға-көру төмпешігі (thalamus)көру төмпешігі астындағы құрылым (hypothalamus),алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты(базальдық) ядролар кіреді.Сопақша ми мен көпір,ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанынын құрады.

Сопақша ми. Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр жәнеақ заттардан тұрады.Сондағы жүйке клеткаларынан тұратын сұр зат,жұлындағыдай бір-ақ жерге топтаспаған,ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып,көптеген ядроларға,қызметі әртүрлі орталықтарға айналған.Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады.Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады.Сопақша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары осы мида бір-бірімен айқасып оң жақтан келген талшықтар оң жақтан келген талшықтар сол жаққа,сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады.Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрондардан тұрады,рефлекстік қызмет атқарады.Бас сүйектен шығатын 12 пар ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің(8 9 10 11 12 парлар) ядролары мен бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін реттеуде маңызды роль атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан.Сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.Оған тыныс,қан тамырларын тарылтып кеңітетін,жүрек соғуын баяулатып сирететін орталықтар жатады.Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер.Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады.

Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған.Көпір құрамында ақ зат көп.Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу.Ақ зат негізінен жұлынның жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай бағытталған жолдары.Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған.Бұлардың ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің 5, 6, 7 парларының ядролары,көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары,ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтңн торлы құрылым нейрондары бар.Бұлармен қатар пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейстік орталық орналасқан.

Мишық. Әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында,сопақша мидың үстінде орналасқан қос жарты шардан жіне ортаңғы бөліктен тұрады.Бұл жарты шарда қалыңдығы 1-2,5 мм жұқа қыртыс қабығы, ақ заттың ішінде теңбілденіп сұр заттар –ядролар бар. Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі,ортаңғы,жоғарға аяқшалары арқылы жалғасқан.Осы аяқшалар арқылы,жұлыннан,кіреберіс(вестибула) ядролардан,торлы құрылымнан келіп түсетін серпіністер мишыққа тоғысады.Мишықтан шыққан эфференттік талшықтар одан әрі ми қыртысына,қыртыс астындағы ядроларға, ми бағанының торлы құрылымына,көру төмпешігіне,қызыл ядроға, сопақша миға,жұлынға жеткізіп тұрады.Ми қыртысының және мишықтың қозғалтқыш зоналары өзара тығыз байланыста болады.

Мишықтың ең басты қызметі- адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттерді үйлестіріп отыру.Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдында,соңында еріксіз және керексіз қимылдар(астазия) жасайды-теңселіп,шайқалады.Дене еттері солғын тартып күшінен (астения),табиғи тонусынан айырылады (атония),дәліек айтсақ дистония туады,яғни ет топтары тонусының біркелкілігі,осыған орай қимылдың да біркелкілігі бұзылады(дисмертия) және дененің екі жағындағы бірыңғай еттер қимылының біркелкілігі бұзылады (асинергия). Әсіресе өте тез орындауды қалайтын мақсатқа сәйкес қимыл-әрекеттері орындалмайды(адиадохокинез).

Төрт төмпешік,алдыңғысы көру рецепторларының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық.Бұл орталыққа серпіністер көру жүйесінің бұтақтары арқылы өтеді.Төмпешік тұсында көз алмасын қозғалтатын жүйкенің ядросы орналасқан.Сондықтан көздің тор қабатынан келіп түсетін серпіністер алдыңғы төмпешіктен шығып көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядроға оп-оңай жетеді.Аталған рефлекстер көру орталығы орналасқан ми сыңарын алып тастаса да жойылмайды.Төрт төмпешікті дене кенеттен әсер еткентітіркендіргіштерге жауап ретінде қорғаныс рефлекстерін туғызады,сондықтан олар сақтық не старт рефлекстері деп аталады.

Қызыл ядро, орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан.Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталығы.Егер мысықтың ми бағанын көлденең қызыл ядродан жоғарырақ жерден тіліп жіберсе,онда оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерістер тумайды.Ал миды қызыл ядродан төменірек жерден кессе,мысықта децеребрациялық мелшию белгілері пайда болады,барлық қаңқа еттері әсіресе жазылу еттері ширығып,қатаяды.

Қара зат (substantio nigra).Нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді.Мұның қызметтік маңызы осы күнге дейін толық анықталмаған.Дегенмен де оның қыртыс және қыртыс астындағы ядролар торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіркск саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды.Қара зат экстрапирамидалық жүйеге жатады.Электр тоғымен қара затты тітіркендірсе шайнау,жұту,еттері жиырылады.Сондықтан мұнда шайнау мен жұту процестерін үйлестіретін орталық бар деген де пікір бар.Соңғы кезде қара затта жолақты денедегідей дофамин синтезделетіні анықталды.Бұл құрылымның жолақты денемен байланысы бұзылса Паркинсон ауруы пайда болуы мүмкі

Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы”61-81б.

2. Н.Н:Гуминский „Практикум по физиологии человека и животных”

3. П.Ф.Текутов „Практикум по физиологии человека и животных”

4. А.Н.Кабанов „Руководство к практичеким занятиям по физиологии

Дәріс № 6

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Дәріс мазмұны:

1. Эндокриндік бездер мен гормондар туралы ұғымдар, зерттеу өдістері.

2. Гормондардың маңызы, олардың структурасы, әрекет ету механизмі

3. Ішкі секреция бездерінің өзара әрекеттесуі.

4. Гипофнз. Калқанша без, калқансерік бездері.

5. Айыршық без және эпифиз. Олардың физиологиялық маңызы.

6.Ұйқы безінің ішкі секреторлык. функциясы.

7.Аралшык бездіи кұрылымы, оның гормондары..

8.Бүйрек үсті бездері. Жыныс бездері.

1 Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100 трил-лионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте курдел; қарым-қатынасы жуйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

Денедегі барлық қурылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен механизмдер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморальдық жолмен (қан, лимфа, тканьаралық суйықтык) жүреді Оларға кодталган электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.

Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

Эндокриндік бездердің (гректің епсіоп — ішкі, сгіпео — бөлемш немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол езек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мушеге шығарады.

Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездер жатады.Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.

Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму процестері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «һогтоп»—қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептеген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай бол-май шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар-бар екені мәлім. Мысалы, адреналин ас қорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі селініс бездерінің атауы болып қалды.

Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тканьдерге ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1)метоболикалық — зат алмасу процестерінің әртурлі жағдайларына, жиілігіне әсері;

2)морфогенетикалық—конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (диференциялық, тканьдердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;

3)кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;

4)корригиялық тканьдер мен ағзалар қызметінің қарқынын өз-гертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату тездету, бәсең-дету қозғалыстары).

Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, хи-миялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.

1.Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкогон, соматотропин т. б.);

2.Стереоидтар (бүйрекүсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);

3.Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер—адреналин, норадреналин).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 10509; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.