Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жыныс гормондары




Акромегеалия.

Су гормоны.

Соматотроптық немесе өсу гормоны (СТГ),-организмнің барлық оршаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНҚ мөлшерін көбейтеді, көмірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің өсіп дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе-өсу процесі шапшаңдап, алыптық қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гормонның көп бөлінуінің салдарынан акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхомегалия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің аутқуларымен байланысты организм кахексия (көтерем) және гипофиздік май басу сияқты ауруларға да шалдығады.

Гипофизарлық ергежейлік және гипофизарлық алыптық

Өсудің бұзылуының сипаты гиперфункцияның қай жаста болғанына байланысты. Ұзын сүйектердегі шеміршектердің сүекке айналмай тұрған кещдегі без қызметінің күшеюінен адамның бойы өте ұзын болады. Бірақта дененің салыстырмалы пропорциясы сақталады. Мұндайлардың бойы орта бойлы адамдардан -1-1,5есе биік болады. Осылай алыптық өсу көбінесе еркектерде кездеседі және жыныстық жетілу кезеңімен сәйкес келеді. Алыптардың психикасы мен мінезі өзінің дамуы жағынан қалып қояды, жыныстық әлсіздік байқалады. Ол адам өлгеннен кейін шамадан тыс үлкейген гипофизді тауып алуға болады.

Алыптық аурудың сирек кездесетін бір түрін акромегалия деп атайды, (акрон-қол аяқ, мегас-үлкен). Оларда ұзынынан өсу тоқталады, бірақ өсу қабілетін әлі тоқтатпаған майда сүйектер мен беттің және қол аяқтың, жүректің, ұйқы безінің, бауырдың, тамақ тканьдерінің көлемі үлкейеді. Қол аяқ қатты үлкейіп, тілдің көлемінің үлкейгендігі соншалық, тіпті ауызға симай кетеді. Мұнымен бірге оларда еттің тез шаршағандығы байқалады, судың алмасуы бұзылады, глюкозурия, семіру, жыныстық қызметтің нашарлауы байқалады.

Жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар сыртқы және ішкі секреттер бөледі. Сыртқы секрецияға жыныс немесе ұрық клеткаларының – сперматозоидтар мен аналық ұрық клеткаларының жасалып, бөлінуі жатады.Ал ішкі секрецияға қан мен лимфаға түсетін жыныс гормондарының түзілуі жатады. Жыныс гормондары холостериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі.Мысалы: ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10мкг андрогендер, 18-36мкг эстрогендер болады.Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі.

Еркектің жыныс бездері және олардың гормональдық қызметі.

Еркектердің жыныс безін сылып тастағанда, сақал – мұрты шықпайды, дауысы жас баланың дауысындай күйде қалады.Еркектерде сақал- мұрт шығу, дауыстың өзгеруі соңғы жыныстық белгілерге, ал алғашқы жыныстық белгісіне аталық тұқым безі жатады. Алғашқы және соңғы жыныстық белгілердің пайда болып, дамуы көбінесе тестостерон деген еркек жыныс гормонының әсерін болады.Осы гормонның қызметі арқасында екінші жыныстыларға сезім, жыныстық қабілеттілік п.б. Андростерон деген гормон соңғы жыныстық белгілерге әсер етеді. Егерде піштірген организмдерге осы гормонды ендірсе, организмде қайтадан әр жыныстың өзіне тән сыртқы ерекшеліктері п.б.

Интерстициалды ұрық ткані (Лейдиг клеткалары) және оның жыныс гормонын өндірудегі маңызы.Тестостерон, оның табиғаттағы және еркектің екінші жыныс нышанына тигізетін әсері.

Еркек жыныс гормондары ұрық жолының интерстициалды тканьдерінің ерекше – Лейдиг клеткаларынан жасалған. Алғашқы және соңғы жыныстық белгілердің пайда болып, дамуы көбінесе тестостерон деген еркек жыныс гормонының әсерін болады.Нағыз еркек жыныс гормоны – тестостерон.

Сперматогенездің физиологиясы.

Шәуеттің құрамында су және 10пайыздай құрғақ заттар болады. Әсіресе онда органикалық заттар көп.Шәуеттің негізгі бөлегін сперматозоидтар алып жатады. Шәуеттің әрбір құйылғанында Шәуеттің әрбір құйылғанында 200млн.дай сперматозоидтар шығады. Сперматозоидтар аталық ұқрық безінде түзіледі де одан әрі тұқым жолы арқылы тұқым қабығына түседі де организмнен шығарылғанша сол жерде сақталады. Ұрықтану процесі жұмыртқа клетка мен сперматозоид әйелдің жыныс жолдарында қосылғанда жүреді. Пісіп жетілген жұмыртқа жарылған фолликуладан оның сұйықтығымен бірге құрсақ қуысына шығады, одан жұмыртқа

түтігіне түсіп, сол арқылы жатырға қарай жай қозғалып отырады.егер осы қозғалу жолында жұмыртқа сперматозоидпен кездессе, онда ұрықтану процесі жүреді.Бұл тек сперматозоидтың қозғалғыштығы арқасында ғана мүмкін.

Аналық клеткалар, олардың морфологиясы, генеративтік және эндокриндік қызметі.

Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді.Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстроил) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарытылады.Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны және андрогендер түзіледі.Аналық бездің аралық торшаларында түзілетін андрогендер фолликулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция реттеуге қатысады. Аналық жыныс клеткалардың өсіп жетілуі жыныстық пісіп жетілумен байланысты.

Жыныстық цикл және оның кезеңдері.

Жыныстық уақыт(цикл) 27-28 күнге созылады. Оны 4 кезеңге бөледі. 1.овуляцияға дейінгі; 2. Овуляция кезіндегі; 3..овуляциядан кейінгі; 4.тыныштық кезеңі. Бұл кезеңдердің әрқайсысы жыныс жұмыртқаларындағы, жатырдың шырышты қабатындағы, қандағы, гормондар деңгейіндегі белгілі бір өзгерістермен сипатталады. Жыныс циклінің әртүрлі кезеңдерінде жыныс жұмыртқаларында өзінің физиологиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі гормондар жасалады. Жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезеңде фолликула эстроген (грекше «ағу өте күшті жол тарту, тудыратын») деп аталатын гормондарды жасап шығарады. Бұл гормондарға эстродил және белсенділігі сәл төмен эстероил және эстрон жатады. Сол жерде аздап тестостерон да жасалады. Жыныс жұмыртқасының сары денесінде гестогендер жасалады. Сары дененің негізгі гормоны прогестерон.

Жұмыртқа клеткаларының гормоны-фолликулин, оның табиғаты және оның екінші жыныс нышанына тигізетін әсері.

Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы –фолликула (латынша «ұапшыұша,көпіршік»), оның ішінде жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликула графты көпіршік деп аталады. Ол жарылғанда, одан жұмыртқа клеткасы шығады. Бұл-овуляция деп аталады. Жұмыртқа клеткасы жұмыртқа жолына-жатыр түтігіне, ұрықтанғаннан кейін жатырға түседі. Овуляциядан кейін фолликула клеткалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі.

Сары дененің гормоны прогестерон, оның жатырға, жұмыртқа клеткаларының пісуіне және

сүт бездерінің дамуына тигізетін әсері.

Сары дене гормоны- прогестерон жатырдың шырышты қабатының одан әрі борпылдақ күйге келуіне әсер етіп, оның барлық құрылымдарды өсіреді, жатырдың түрлі тітіркендіргіштерге қозуын төмендетеді, сонымен қатар, бұл гормондар сүт бездерінің дамып, өсуіне әсерін тигізеді. Ол жұмыртқа жынысында овуляцияны тежеп, сүт безінің көлемін үлкейтеді. Оның сүттен негізгі айырмашылығы – уызда казеин өте аз және түсі сары болады. Сүт жаңа туған баланың ең қажетті тамағы болып табылады. Оның құрамында су, органикалық және анорганикалық заттар бар. Сүттің ақ түсі онда жүзіп жүрген май бөлшектерінің барлығына байланысты. Сүтте үтте 2 – 4%дейін май бар, одан басқа онда белок, углевод және тұздар кездеседі. Сүт организмнен нервтік гуморальдық жолымен бөлінеді. Сары дененің гормоны сүт бездерінің өсіп жетілуіне әсер етсе, гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормоны сүттің бөлінуіне әсер етеді. Сүттің бөлінуіне жасалған әртүрлі шартты рефлекстер оның жұмысы бас миының қызметіне бағынатындығын көрсетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 6665; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.