Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ЭЕМ буындары 3 страница




Программалау тілдері әртүрлі мақсатта қызмет етеді және оларды таңдау қолданушыға ыңғайлы болуымен, берілген компьютер және есеп үшін қажеттілігімен анықталады. М, Бейсик программалар жазуда кең қолданылады, Фортран математикалық және инженерлік есептерде ЭЕМ-де шығаруда классикалық программалау тілі болып табылады. Кобол (COBOL – іскерлік есептерге бағытталған жалпы тіл) тілі басқару және бизнес салаларында мәліметтерді өңдеуге арналған негізіг тіл болып ойластырылған. Біршама арнаулы тіл – ЛОГО (гректің logos-сөз) оқушылады программалауға оқытуға арналған (математика және педагогика профессоры Сейсмур Пейперт). Жеткілікті арнаулы әйгілі тіл – Пролог –жасанды интеллект жүйелерін құруға арналғанпрограммалау тілі ретінде құрылған.

Классикалық операциональды нмесе процедуралық программалау программистен есепті шығару үшін оның жеке бөліктерін сипаттауды, яғни алгоритмін және оның арнайы жазбасын тұжырымдауды талап етеді. Тілдердің негізгі ұғымдары – оператор және мәліметтер. Процедуралық тәсілде операторлар топқа- процедураларға бірігеді. Құрылымдық программалау осы бағыттың шегінен шықпайды, ол тек программалау технологиясының кейбір қажетті тәсілдерін белгілейді.

Басқа бағыт процедуралық емес программалау методологиясымен байланысқан. Оларға объектілі-бағытталған және декларативті тілдер жатады. Объектілі-бағытталған тіл тәулсіз объектілерді құрады.

Декларативті тілді пайдалануда программист ақпараттық құрылымға, олардың арасындағы байланыстарды көрсетеді.

 

Лекция №15. Қолданбалы программалық қамсыздандыру. Мәтіндік редактор.

Дәрістің мақсаты: ҚПҚ топтамаларымен таныстыру.

Жоспар:

1. ҚПҚ топтамалары

2. Баспалық (издательское дело) істің элементтері

3. Мәтіндік редакторлар.

4. Басылымдық жүйелер

Кілттік сөздер: қолданбалы программалар, топтамасы, құжат, мәтіндік редактор.

Иллюстрациялық материал: слайд, схема

Қолданбалы программалық қамсыздандыру - есептеуіш техникасын адам қызметінің әралуан салаларында пайдаланудықамтамасыз етуге арналған.

 

Қолданбалы ПҚ  
Жалпы міндеттегі ПҚ Арнайы міндеттегі Кәсіптік деңгейдегі
мәтіндік редактор баспалық жүйелері графиктік жүйелер ДҚБЖ Біріктірілген жүйелер авторлық жүйелер эксперттік жүйелер гипер мәтіндік жүйелер мультимедиялық жүйелер АЖО ЖАЖ БАЖ Педагогикалық комплектілер

 

Гарнитура деп әртүрлі сызбадағы және кильдегі бір бейнелі қаріптер жиыны.

Басылым үшін тексті дайындау және жөндестіруде қаріптер (шрифт) ерекше маңыздылыққа ие. Қаріптер –басылымдық жүйелердің негізгі бейнелік құралы болып табылады, оның көмегімен текстің шығармашылық мәнеріне қол жеткізуге болады.

Қаріптерді гарнитурасы (суреті), сызылымы, өлшемі және міндеті бойынша ерекшелеуге болады.

Гарнитура деп барлық сызбадағы және кегльдегі бір бейнелі қаріптер жиынын айтады.

Әріптер базалық сызықта орналасады. Жолдар арасындағы аралықты интервал деп атайды. Қаріптер тік және көлбеу болады. Көлбеу қаріптерді курсив деп атайды.

Компьютердегі қаріп – қаріптің стильдік ерекшеліктерімен мәтінді баспаға шығаруды қамтамасыз ететін файл немесе файлдар топтары.

Біршама кең пайдаланылатын гарнитуралар:

1) Әдеби – әліппе, энциклопедия, кіші форматты, нормативы; периодикалық және әдеби-шығармашылық басылымнан басқа басылымдар түрлері үшін.

2) Жай жаңа – мектепке арналған оқулық, қалтаға арналған және нормативтік басылымнан басқа кітап-журнал түрлерінің барлық жиынтығы үшін;

3) Мектептік – орта және бастапқы мектеп оқулықтары үшін, балаларға арналған басымдар, әдеби және ғылыми -әйгілі әдебиет үшін;

4) Банниковская және Академиялық -әдеби шығармашылық (ғылыми, оқу және ғылыми -әйгілі басылымдар гуманитарлық бағыттағы) үшін;

5) Балтика және Таймс -әдеби және ғылыми -әйгілі әдебиеттерді, жоғарғы оқу орны оқулықтарын теру үшін.

Мәтіндік редакторлар- программалар компьютерде мәтіндік материалдар даярлауға арналған.

Мәтіндік редакторларды мәтінді өңдеуге талап қою деңгейі бойынша жіктеуге болады.

1) Қарапайым мәтіндерді теру мен өңдеуге арналған: Lexіcon, Refic, Norton Editor, MultiEdit, Word 4.0/5.0

2) Күрделі мәтіндерді өңдеуге арналған программа:

ChiWriter

TechWord

Word 5.5, 6.0, 7.0, WordFor Windows 1.1 және 2.2

WordPerfect, Tex, LaTex және т.б.

3) Басылымдық жүйелер өз алдына компьютерлік теруге, мәтіндік және суреті бар материалдарды (верстка) түптеңге тағайындаған аппараттың және программалық комплексті білдіреді.

Басылымдық жүйелер үшін текстік материалдарды өңдейтін әралуан сервистік программалар бар. Солардың ішіндегі негізгі топтар:

- расторлы графиканы векторлыққа түрлендіру;

- сканерленген бейнелерді өңдеу;

- шрифтерді өңдеу;

- дұрыс жазылуын тексеру;

- сканердің көмегімен текстерді оқу

- программаны орысша қылу

- аудармашы –программалар

Word басылым жүйесі

Word – мәтінді өңдеуге арналған копфукционалды программа. Page Maker – кәсіпкерлердің аса қуатты және әйгілі басылымдық жүйесі. Оның көмегімен үлкен кітаптың (қалың) (үлгі-макетін) түп- нұсқа макетін дайындауға болады. (суреттер, формулалар, кесте және т.б. күрделі элементтерден тұратын)

Wordтың міндеті:

-теру, жөндестіру, тексті және кестені верстка

-менюдің барлық пункттерін басқару;

-басылымға дайын құжатты дисплейде қарау;

-сурет және слайд қою;

Лекция №16. MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер.

Дәрістің мақсаты: ақпараттарды форматтауға, кестемен және графикамен жұмыс істеуге үйрету.

Жоспар:

1. Мәтіндік редактордың негізгі мүмкіндіктері.

2. Мәтінмен жұмыс істеу.

3. Баспа жүйесімен жұмыс істеу.

Кілттік сөздер: құжаттыформаттау, кестені құру және өзгерту, берілгендердің графиктік түрі.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Мәтін - компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі. Мәтіндік редактордың көмегімен құрылған, алфавитті - сандық символдардан ғана емес, графикалық объектілерден немесе мәтінді форматтау туралы басқару ақпараттарынан тұратын файлды мәтіндік құжат деп атаймыз.

Компьютерде мәтіндік ақпараттарды өңдеу үшін мәтіндік редактор немесе мәтіндік процессор деп аталатын мәтінді өңдейтін арнайы жүйе қолданылады. Мәтіндік редактор - магниттік дискіде мәтіндік құжатты құруға, өңдеуге, құжаттың форматын өзгертуге, басып шығаруға және т.б. мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама.

MS Word - мәтіндік кұжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол — мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі. Мәтіндік кұжаттың негізгі элементтері: символ - мәтіндік ақпараттың ең кіші бірлігі; сөз - екі шетінен қызметші символдармен шектелген әріптер мен цифрлардың кез келген тізбегі. Қызметші символдарга - бос жол, нүкте, үтір, сызықша және т.б. жатады. Жол - абзацтың оң және сол шекараларының аралығындағы символдардың кез келген тізбегі. Сөйлем – екі нүктенің аралығындағы сөздердің кез келген тізбегі. Беттің келесідей құрылымдық элементтері бар: негізгі мәтін, жогаргы және төменгі коллонтитул, сілтеме. Беттің негізгі мәтіні - бұл жолдар, абзацтар, кестелер және суреттер. Колонтитул - газеттердің, журналдардың, кітаптардың бетіндегі мәтіннің жоғарғы немесе төменгі жағында орналасқан тақырыптық берілгендер. Сілтеме - бұл беттің немесе мәтіннің сонғы жағында жазылатын нұскау.

МS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау.

Символдарды форматтауға қаріп параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады. Қаріптер ұғымына: қаріптің типі, қаріптің өлшемі, сызылымы, түсі және арнайы эффектілері жатады. Қаріптің негізгі параметрлерін (типі, өлшемі, сызылымы) Формат командасының мәзірі, "Форматтау" құрал-саймандар тақтасы, пернелік командалар мен контекстік мәзір жүйелерінің көмегімен тагайындауга болады. Қаріптермен жұмыс істеуге арналған аспаптардың толық жиынтығын "Қаріп" сұхбат терезесі ұсынады.

Қаріптер сызылымының мынадай мүмкіндіктері бар: Әдеттегі, Курсив, Жартылай қарайтылган курсив, Өлшем, Астын сызу. Түс, яғни мәтінді бояйтын мүмкін түстер (Авто, Қара Қызыл, Сары т.б.) тізімі бар, Эффектілер, яғни сызылган, жогаргы индекс, төменгі индекс, жасырын кішірейтілген жазба әріптер.

Кез келген редактордағы сиякты, WORD жүйесінде де абзац дегеніміз мәтіннің абзац символымен (екі Еnter пернесін басу аралығы) шектелгеy бөлігін айтады. Абзацты жеке форматтауға болады, онда мынадай ұғымдарды пайдаланамыз: Шегініс-мәтіннің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы жолының басына дейінгі аралық, жәй мәтін жолындағы азат жол, Мәтінді пайдалану мақсатына байланысты туралаудың төрт түрі болады: сол жақ, шетке царай туралау, оң жақ шетке қарай туралау, жол ортасына қарай туралау, екі жақ шетінен туралау. Табуляция — әрбір абзац алдында тұрақты азат жол даярлау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам өту үшін қолданылады. Жол арасындагы интервал — жолдардың ара қашықтығын тағайындайды. Бұдан өзге абзац алдында немесе соңында да қашықтықты тұрақты етіп өзгертіп беру мүмкіндігі бар.

MS Word мәтіндік редакторында кесте құру және өңдеу.

Мәтіндік редактормен жұмыс істегенде реттелген мәліметтер жиі кездеседі. Мұндай мәліметтерді құжатта сақтаудың ең тиімді жолы кесте болып табылады. Сонымен бірге кестені әртүрлі тізім, финанстық мәліметтер және басқа да мәліметтер үшін қолдануға болады. Кесте ақпараттың түсінікті берілуі үшін де колданылады. Кесте — қатар мен бағанада реттелген ақпарат. Кестелердің бағанасы мен жолы қиылысқан жердегі мәлімет сақтайтын төртбұрышты ұя түріндегі негізгі әлемент ұящық деп аталады.

MS Wordкөптеген практикалық есептеулерді орындауға, кестемен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрылғылардан тұрады. Кестемен жұмыс істеуге арналған командалар кесте құруға және оны түзетуге сонымен бірге кестедегі мәліметтерді өндеуге мүмкіндік береді.

Кесте кұжаттық мәтіннің кез келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кесте тақырыптарын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыруға болады.

Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте-Кестені енгізу командасын немесе стандартгы Құрал-саймандар тақтасының Кестені енгізу батырмасын пайдалану керек. Керекті торлар санын көрсету керек, сонда мәтіннің курсормен керсетілген жерінде кажетті өлшемдегі кесте пайда болады. Кесте даярланған соң, ұсынылған стандартты форматтардың жиынынан бізге қажетті форматты таңдап алу үшін Кесте-Кестені автоформаттау командасын пайдаланған жен. Сонымен қатар, кестеге бағандар мен жолдарды қосуға және алып тастауға болады.

MS Word-тағы формулалар редакторы.

MS Word бағдарламасындағы формулалар редакторының, яғни Місrosoft Equation көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдар орналастыруға болады. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге интегралдар, матрицалар, белшектер, түбірлер, көпмүшеліктер және т.б. жатады. Олардың сырт бейнелері принтерден басып шығарылатын кешірмесімен бірдей болады.

Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру –Обьект – Місrosoft Equation командаларын орындау керек.

Математикалық символдар шартбелгілері бар теңдеулер редакторы терезесіндегі жоғарғы жол негізінен символдар формуласына енгізуге арналған мәзір болып табылады: мысалы, шексіздік белгісі, вектор символы, т.с.с. таңбалар жиыны. Олардың ішінен қажетті символдарды таңдауға және оларды формула ретінде енгізуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұксастығы бойынша жеке топтарға біріктіріліп орналастырылған. Символды кірістіру үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан курсорымен белгілеп көрсету керек, сонда өріске кіретін символдардың толық тізімі ашылады. Тізімдегі қажетті символды таңдап алып, оны бір рет шертсек, символ мәтіндегі формулалар жолына енгізіледі.

Шаблондар жолы математикалық символдар пиктограммасынан төмен орналасқан. Оның көмегімен мәтінге математикалык қатынастар, амалдар мен интеграл, матрица, жақша ішіндегі өрнектер сияқты күрделі объектілерді және т.б. енгізуге болады.

Формулалар редакторының бағдарламасы формулаларды дайындауға арналған стильдерді пайдаланады. Формулалармен жұмыс істеу барысында: ерекшеленген объектіге басқа типтегі стильді тағайындауға болады. Дайындау стилін өзгерту үшін, символдарды ерекшелеп, Стиль мәзірі командасымен басқа стильді тағайындауға болады; жалпы типтік стиль сипатын өзгерту керек. Бүдан басқа формуладағы символдар арасындағы бос орын енін де реттеуге (мысалы, символ мен оның дәрежесі арасындағы) мүмкіндік бар, сондай-ақ, көп жолды өрнектер терілгенде кейбір жолдарды сол жақ шетке, ал кейбірін оң жақ шетке (ортаға) әйтпесе тендік белгісінің орналасуына байланысты ауыстырып орналастыруға болады; жеке (өзіндік) дайындау тәсілін қолдану, ол үшін алдымен символдарды алдын ала ерекшелейді де, Стиль-Басқа командасын орындайды.

MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.

Wordбасқа бағдарламалардан графиктерді кірістіруге, сондай-ақ өзінің кескіндерін даярлауға мүмкіндік береді. Құжат ішіне сыртта даярланған графикті орналастыру үшін Кірістіру-Сурет командасын орындап, ішінде сол сурет орналасқан файлдың атын көрсету керек. График түріндегі суреттердің көшірмесн алдымен алмастыру буферіне ауыстырып, соңынан барып оны курсор тұрған орынға буфер арқылы да кірістіруге болады.

Word-та суреттерді қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, мәтінмен толтырылған тіктөртбұрыштар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен даярлауға болады. Сызық – Word графикалық редакторының ең қарапайым геометриялық элементі. Сызық сызу үшін экранның төменгі жағындағы Сурет салу Құрал-саймандар тақтасындағы түзу сызық кескіні тұрған батырманы шерту жеткілікті. Эллипсті салу үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышканның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Шеңбер суретін салу үшін сурет салу барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін ауыстырмау үшін Сtrlжәне Shift пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады. Тіктөртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы шертіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып Тіктөртбұрышты толық етіп салу керек. Сtrl пернесін басып тұрып Тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал квадрат суретін салу үшін, салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет.

Фигураларды бұруға, өлшемін өзгертуге болады. Кез келген сурет бір немесе бірнеше әлементтерден тұратыны белгілі. Осындай бірнеше әлементтерді құрастырып, оларды бір объект ретінде өңдеуге де болады. Бірнеше элементтерден тұратын топты кұру үшін, алдымен оларды ерекшелеу керек, содан кейін Сурет салу Құрал-саймандар тақтасындагы Топтастыру батырмасын басу керек.

 

Лекция №17. Электрондық кестелер

Дәрістің мақсаты: электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен таныстыру.

Жоспар:

1. Кестелік процессордың міндеттері және негізгі функциялары

2. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары

3. ЭК түрлері.

4. MS Excel ЭК

Кілттік сөздер: электрондық кесте, қатар, баған, ұяшық, диапазон.

Иллюстрациялық материал: слайд, схема.

Электрондық кестелерді пайдаланудың негізгі облысы ақпарат тіктөртбұшты кесте түрінде берілетін адам қызметінің өрісі. Электрондық кестелер жүйелері кестелік ақпаратты құру мен өңдеуге арналған. Олар кестелік формада берілген есептеу нәтижелерін өңдеу кезінде ыңғайлы.

Электрондық кесте ұяшықтардан құралатын, әрбіреуі өзінің адресіне ие - тікбұрышты матрица. Ұяшықтың номері қарапайым коориданата тәсілімен анықталады. Мысалы: В3. Ұяшықтар тобы: белгісі арқылы жазылады. Мысалы, В3:В4.

Ұяшықтың әрқайсысына сан, формула (арифметикалық өрнектер) немесе текст жазуға болады.

Қазіргі уақытты электрондық кестелердің көптеген варианттары белгілі: АБАК, Варитаб-86, Супернан, Multiplan, SuperCаlk, QuattroPro, Excel, Lotus 1-2-3.

DOS режимінде жұмыс жасайтын РС-286, 386 типтес компьютерлерге арналған кестелік процессор SC-4 (SuperCаlk) болып табылады.

SC-4 диаграммалар мен графиктердің 7 түрімен жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды. Әралуан белгілеулер, айнымалылар шкаласын, тақырыптар енгізу мүмкіндігі бар.

SC-4 электрондық кестесі жолдар (ROWS) және бағдардан (COLUMNS) құралатын торлардан тұрады. Бағана латын әріптерімен А, АВ және т.б. максимальды ұзындығы 255 Жолдар 1 –ден 9999-ға дейін номерленеді.

SC-4 математикалық оператордың 2 түрі орындалады: арифметикалық және қатынас операторы

Келесі функцияның түрі бар: арифметикалық, тригонометриялық, логикалық, календарлы, статистикалық, арнайы, қаржылық, индексті «/» символ енгізілгеннен кейін командалар менюі шығады.

MS Excel – кесте процессорлар немесе электрондық кесте деп аталатын класқа жататын, Windows ортасында жұмыс істейтін әйгілі пакеттердің бірі болып табылады. Excel электрондық кестесі математикалық амалдармен, күрделі есептеулерге пайдалануға болады. Ол әралуан типтегі диаграммалар құруға (кестелер мәліметтері негізінді), ДҚ құрып, онымен жұмыс жасауға, есептеу экспериментін қоюға мүмкіндік жасайды.

Ехсеі терезесінде мынадай объектілер орналасқан: Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы. Екінші жол - Ехсеl мәзірі. Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы. Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен баганалар белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй (баптау) жоды. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Ехсеl жұмыс режимдерінің индикатора (көрсеткіші) орналасқан.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен баганалардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 65536-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең.

Бағаналар мен жолдардың әрбір қиылысуы мәліметтер енгізуге болатын (текст, сан немесе формула) ұяшықты құрайды.

Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық

Жол номері – электрондық кесте қатарды анықтайды. Ол жұмыс алаңының сол жақ шекарасында белгіленген

Бағана әріпі- электрондық кесте колонкаларды анықтайды. Әріптер жұмыс алаңының жоғарғы шекарасында орналасады. Бағаналар: А-Х, содан кейін АА-АҒ, содан кейін ВА-ВҒ және т.с.с номерленеді

Ұяшық – мәліметтерді қамтитын кестенің 1-ші элементті. Әрбір ұяшық бағана әріпі мен жол номерінен тұратын адреске ие.

М: В3-бағана В,жол 3 қиылысуы.

Ұяшық көрсеткіші –тезектегі ұяшықты анықтайтын –жарық тіктөртбұрыш.

Кезектегі ұяшық- көрсеткішпен белгіленеді.

Блок – аралас ұяшықтардың тіктөртбұрышты облысы, блок бір немесе бірнеше ұяшықтардан, жолдар, бағаналардан тұруы мүмкін.

Блок адресі-: бөлінетін қарама-қарсы бұрыштардың координаты құралады.

Excel кітап сияқты беттерден тұрады (16 бет) экранда тек 1 бет –жоғарғы көрініп тұрады.

 

Лекция№18. МS Ехсеl-электрондық кестесі.

Дәрістің мақсаты: MS Excel-де жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін меңгерту.

Жоспар:

1. Электрондық кестеде деректерді енгізу технологиясы.

2. Формулалар, функциялар. Функция мастері.

Кілттік сөздер: сілтеме, формула, функция, функциялар шебері.

Иллюстрациялық материал: слайд.

МS Ехсеl -де қолданылатын математикалық формулалар.

Ехсеl-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәтін — кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " " символынан бастау керек. Электрондык кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Ехсеl-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ұяшыққа С1+Ғ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметгердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

Функциялармен жұмыс

Функцияларды кірістіру тәсілдері:

· Құрал саймандар тақтасында –fx –белгісі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1026; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.