Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ЭЕМ буындары 4 страница




· Вставка/Функция...

Функция түрлері:

1) Қаржылық

2) Уақыт және мерзім

3) Математикалық

4) Статитикалық

5) Сілтеме және массивтер

6) ДҚ-мен жұмыс

7) Мәтіндік – жол ұзындығы, ауыстыру (текст арг. санға түр/у)

8) Логикалық –егер, және, немесе, ақиқат, жалған, емес

9) Қасиеттермен мәтіндік текст функциясы реттеу ұяшықтарды: Данные Сортировка Сортировка диапазона диалог терезесі шығады.

Прогрессиямен жұмыс: Правка Заполнить Прогрессия командасы шақырылады.

Прогрессия диалогты терезесі шығады: Ол келесі бөліктерден тұрады.

Расположение Тип Единицы

о по строкам арифметика день

о по столбцам геомеррия раб.день

даты месяц

автозаполнение год

Сандық форматтарды орнату үшін Формат/Ячейки командасын орындаймыз.

Формат ячеек сұхбат терезесі шығады. Ондағы қаттамалар түрлері: Число, Выравневание, Шрифт, Граница, Вид, Защита. Ұяшықтар мен болктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы, және аралас түрде жазуға болады.

Адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде берлісе – салыстырмалы адрес деп аталады. В3, А1:А4

Ұяшықтың адресін нақты күйде бергіміз келсе, онда абсолютті түрдегі адресті жазуға тиіспіз $С$2.

Аралас - $ символдары өзгермейтін адреске сәйкес бағана әріпінің алдында жазылады.

Функциялар у=f(х) түрінде жазылады, мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х - аргумент, f - функция. Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =А5+sіп(С7) формуласын келтіруге болады. Ехсеl бағдарламасының кейбір фунциялары:

- КОРЕНЬ(х)х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы,
Корень(25)=5.

- Sin(х) — радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды.
Мысалы: sіn(0.883)=0,772646.

- МАКС(тізім) — берілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді aнықтайды, мысалы: макс(55,39,50,28,67,43)=67.

- СУММ(тізім) — берілген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын анықтайды. Мысалы: СУММ(А1:А300) — А1:А300 блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады.

Жиі пайдаланылатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында арнайы батырма бар.

Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер.

Салыстырмалы адрес - базалық адрестің мәніне қатынасы бойынша айырманы өрнектейтін адрес. Салыстырмалы адрес Ехсеl формулада копданылатын ұяшықтардың ағымдағы ұяшыққа қатысты орналасуын есте ұстайды. Мысалы, егер сіз В4 ұяшығына =В1+В2 формуласын енгізсеңіз, Ехсеl формуланы өзінше былай талдайды: "үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі катар жоғары орналасқан ұяшық мәніне косу керек". Егер сіз көшіру барысында нақты ұяшыққа немесе аумаққа сілтемені сақтап қалғыңыз келсе абсолютті адрестерді қолдануыңыз қажет. Әрбір ұяшықтың өзгермейтін адресін абсолюттік адрес деп атайды, өзгермейтін абсолют адрес белгісі кестедегі бағана атының немесе жол нөмірінің алдындағы $ таңбасы болып табылады. Мысалы, $В$4 немесе $С$2:$Ғ$48 және сол сияқты. Формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес — аралас түрдегі адрес деп аталады.

Ехсеl-де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады: өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады; ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті енгізіледі.

Ехсеl-де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын-ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндік бар. Ол үшін Файл=>Қарап шыгу мәзір командасын орындау немесе Стандартты құрал-саймандар тақтасының көру батырмасын басу керек.

Алдын ала қарап шығу операциялары келеңсіз жағдайларды болдырмай, уақытты әрі қағазды тиімді пайдалануға мұрсат береді.

Сонымен бірге бұл режимде жұмыс атқару үшін:

1. Стандартты аспаптар тақтасының Алдын ала қарап шыгу батырмасы арқылы алдын ала қарап шығу тәртібіне көшеміз.

2. Парақ батырмасын басып, параметрлер терезесінде кестені кағазға көлденең (Альбом түрінде) немесе тік (Кітап түрінде) басатынымызды анықтап аламыз.

3. Параметрлер терезесіндегі Өрістер батырмасын басып, экраннан қағаз
шетіндегі сызықпен бөлінген бос орындарды бағдарлаймыз.

4. Принтердің компьютерге қосылып, оның өзінің жеке ток көзіне
қосылғанын да қарап шығу керек.

5. Баспа батырмасын басыңыз.

МS ЕхсеІ-дің графикалық мүмкіндіктері.

Ехсеl-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі - оның сандар қатары мен бағаналардағы ақпараттарды толық, көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады. Диаграммалар мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Ехсеl-дің бұл функциясы бес қадамнан тұрады.

1-қадам. Мұнда ЕхсеІ Диаграмма шеберінің «4-тен 1 қадам» деген сұхбат терезесін шығарады. Осы терезе арқылы Ехсеl тұрғыза алатын диаграмма түрі таңдалады.

2-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманың мәлімет көздері анықталды.

3-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмма параметрлері таңдалады.

4-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманың орналастыратын орыны анықталады.

Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті мелшерін дәл анықтау қиын, оны тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген диаграмманың мөлшерін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді.

Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрін таңдап алғаннан кейін, Ехсеl оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді.

Диаграмманы түзету үшін тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады, Мұнан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы көмегімен диаграмма түрін өзгертуге болады: диаграмманың кез-келген жерінде тышқан батырмасын жылдам екі рет шертеміз; экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін: Түр=>Аспаптар тақтасы=>Диаграмма командасын орындаймыз. Диаграмма түрлерінің тізімінен тұратын тақтадан Диаграмма түрі батырмасын шертеміз.

МS Ехсеl-ді мәліметтер қоры ретінде пайдалану. МS Ехсеl-дегі кестелер байланысы.

Ехсеl-дегі кестені мәліметтер қоры ретінде қарастыруға болады. Кестенің бағандары (А,В,С,D,Е,Ғ т.с.с.) бағандарындағы ақпарат өрістер деп, ал қатардағы (1, 2, 3 т.с.с.) мәліметтер жазбалар деп аталады. Мәліметтер қорының (МҚ) құрылымына төмендегідей талаптар қойылады: МҚ-ның бірінші жолында қайталанбайтын өріс атаулары орналасады; ал қалған қатарлары бос болмауы керек, онда жазбалар мәні орналасу тиісті; бағана бойымен орналасқан мәліметтер бір типті болады. Ол сандар мен мәтіннен тұруы керек. МҚ-дан белгілі критерийі бойынша іздеп табу үшін фильтр колданылады. Оның екі түрі бар: а втофильтр және кеңейтілген фильтр.

Кестелерден тұратын ЕХСЕL жұмыс кітабында бірнеше кестені бірге пайдаланып, кітаптың бірнеше парағын бір уақытта қатарластыра отырып пайдалануға болады. Экранның төменгі жағында кестелер, яғни парақ жарлықтары көрініп тұрады. Егер бір жарлықта тышқанның сол жақ батырмасын шертсек, көрсетілген парақ екпінделіп, үстіне орын ауыстырады. Жарлықта тышқанның оң жақ батырмасын шерту кестенің орнын ауыстыру, атын өзгерту және оны жою сияқты әрекеттерді орындайтын мәзірді экранға шығарады.

Экранның сол жақ теменгі бұрыштарында жарлықтарды ауыстыру батырмасы бар, олар арқылы бір парақтан екінші параққа жылдам ауысуға болады. Ауыстыру батырмасында тұрып, тышқанның оң жақ батырмасын шертсек, онда өзімізге керекті кез келген парақты таңдай алуға мұмкіндік беретін контекстік-тәуелді мәзірді шақыра аламыз. Ехсед-де бір кестеге баска парақтардан немесе басқа кестелерден мәліметтер алып енгізуге болады. Екі парақ арасындагы байланыс олардың біреуіне екіншісінің адресі көрсетілген формула енгізу арқылы орнатылады.

Ол үшін жарлықтағы жанама тәуелді мәзірден Жою командасын орындау қажет. Бірнеше жұмыс парақтарын жою үшін оларды Сtrl пернесін басулы күйде ұстап тұрып, алдын ала ерекшелеу керек те, соңынан жою қажет.

Екі файл арасындағы байланыс бір файлға екінші файл ұяшығындағы мәліметтерге сілтемесі бар байланыс формуласын енгізу арқылы жүргізіледі. Басқа орыннан мәліметтер алатын файл қабылдауыш файл деп аталады да, мәліметтер беретін файл — жөнелткіш файл деп аталады. Байланыс орнатылысымен Ехсеl жөнелткіш файлдағы ұяшық мәндерін қабылдауыш файлға көшіріп алады да, кабылдауыш файл ұяшықтарындағы мәндер автоматты түрде өзгеріске ұшырайды.

Лекция №19. Деректер қоры теориясының негізі.

Дәрістің мақсаты: деректер қорының теориялық негіздерін оқып үйрету және меңгерту.

Жоспар:

1. Деректер қоры түсінігі

2. Деректерді ұйымдастыру модельдері

3. Деректер қорын басқарудың программалық жүйелері.

Кілттік сөздер: деректер қоры, модельдер, қатынас, кесте, құрылым.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Деректер қоры ұғымы 60 жылдардың соңына қарай пайда болды. Осы уақытқа дейін берілгендерді өңдеу сферасында, тек берілгендер файлы және берілгендер жиынтығы туралы ғана айтылып келді. Деректер қоры (МҚ) - объектінің немесе объектілер жиынтығының жағдайын, олардың қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын бейнелейтін атауы бар мәліметтер жиынтығы.

Мәліметтердің ең кіші элементін өріс деп атаймыз. Мәліметтер элементтерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін мәліметтер жиынтығын кортеж деп атаймыз. Жазба - анықталған объекті туралы мәліметтердің толық жиынтығы.

Мәліметтер негізгі үш моделі бар: иерархиялық, желілік және реляциялық. Мәліметтердің иерархиялық моделі, бұл модельдегі барлық жазулар тармақты қүрылыммен байланысқан модель түрі. Желілік модель - желілік құрылымның мәліметтерін ұсынуға және олармен амал-әрекет жасауға арналған мәліметтер моделі. Реляциялық модель - ақпараттардың тік төртбұрышты кесте түрінде болатын мәліметтер қорлары. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат бір немесе бірнеше кестеде сақталады. Мұндай кестелердегі бағандар мен жолдарды өрістер және жазулар деп атайды. Кестелердің арасындағы байланыс бір немесе бірнеше сәйкес келетін өрістердің мәндері арқылы жүзеге асырылады. Кестедегі әрбір жол, яғни жазулар қайталанбауы тиіс. Жазулардың қайталанбауын болдырмау үшін кілттер пайдаланылады, олар кестенің бір немесе бірнеше өрістерін қамтиды. МҚБЖ-не койылатын негізгі талаптардың бірі үлкен көлемді ақпараттардың ішінен қажетті жазуды жылдам іздеп табу болып табылады. Кілттік өрістер бұл операцияны орындауды айтарлықтай жеделдетеді.

ДҚБЖ – деректер қорын құруға, енгізуге және пайдалануға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы. Пайдалану сипаты бойынша ДҚБЖ –дербес және көпқолданушыға арналған болып екіге бөлінеді.

Деребес ДҚБЖ – бір компьютерде жұмыс жасайтын жергілікті ДҚ құруға мүмкіндік жасайды. Оларға Paradox, dBase, FoxPro, Access және т.б. жатады. Ал көпқолданушының ДҚБЖ «клиент-сервер» архитектурасы негізінде жұмыс жасайтын ақпараттық жүйелер құруға арналған. Оларға Oracle, Informix, SyBase, MS SQL Server InterBase жатады.

Лекция №20-21. МS Ассеss-деректер қорын басқару жүйесі.

Дәрістің мақсаты: Acсess-те деректер қорын өңдеу мүмкіндіктерін үйрету.

Жоспар:

1. Жалпы сипаттама

2. АССЕSS –те деректер қорын өңдеудің негізгі кезеңдері

3. АССЕSS қосымшалары

Кілттік сөздер: ДҚБЖ, объектілер, конструктор, кесте, сұраныс, есеп беру, форма.

Иллюстрациялық материал: слайд.

МS АССЕSS - реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). МҚБЖ мәліметтер қорын құру, оларды өңдеу, қандай да бір шарт бойынша мәліметтерді таңдау, іздеу, сұрыптау және есеп беруді жүзеге асырады.

МҚБЖ негізгі объектілері: кесте, форма, сұрау, есеп беру.

Кесте - мәліметтерді жазба және өріс түрінде сақтауға арналған объект. Форма - мәліметтерді көрнекті түрде енгізу үшін қолданылатын объект. Сұрау - қажетті мәліметті бір немесе бірнеше кестеден алуға мүмкіндік беретін объект. Есеп беру - мәліметтерді баспаға шығаруға арналған объект.

МS Ассеss-маліметтер қорын басқару жүйесінде мәліметтер қорын кұру.

МҚ құруды мысалмен түсіндірейік. Алдымен белгілі бір атпен бума құрамыз. МS АССЕSS-ті іске қосып, Саймандар тақтасындағы мәліметтер қорың құру батырмасын басып немесе Файл мәзіріндегі Құру командасын таңдаңыз. Мәліметтер қорының аты бос орынсыз сегіз символдан тұруы мүмкін. Нәтижесінде сіз мәліметпттер қоры терезесін кересіз. Терезеден мәліметтер қорының кестелерін, формаларын және де басқа объектілерін құруға болады. Мәліметтер қорының терезесі келесідей элементтерден тұрады: Тақырып жолы - ашылған мәліметтер қорының аты шығады. Объектілер батырмалары - «Кесте», «Форма» және т.б. Шебер көмегімен кесте құру кезінде кестелер үлгісі ұсынылады. Олардың әрқайсысы сәйкесінше өрістер үлгілерінен тұрады. Өрістер үлгісін таңдағаннан кейін, Шебер автоматты түрде кесте құрады. Алгашқы кілт — кестедегі кез-келген жазу мәндерінің сәйкестігін бірмәнді анықтайтын бір немесе бірнеше еріс. Енгізу қалқасы — өріске бірдей форматты мәндерді енгізуге мүмкіндік беретін үлгі. Енгізу қалқасы өрістерде тұрақты символдарды автоматты түрде кескіндейді.

Кез-келген МS АССЕSS кестелері екі түрлі режимде берілуі мүмкін: 1) мәліметтерді енгізуге, керіп шығуға, түзетуге арналған кесте режимінде; 2) кестелерді өзгертуге және құруға арналған құрастырушы (конструктор) режимінде. Кейбір жағдайларда мәліметтерді кестеге емес, әрбір жазбаны жеке терезелерде көрсетілетін формаға енгізген ыңғайлы. Форманы құру үшін Форма белгішесін шертіп Құру батырмасын басу керек.

Іздеуді ұйымдастыруда қажетті жазбаларды кесте режимінде және форма режимінде де іздеуге болады. Оны Правка-Найти командасы арқылы іске асыруға болады. Жалпы іріктеу шартын қанағаттандыратын жазбалар тобын табу үшін Електен өткізу (фильтр) қолданылады. Фильтр - бұл жазбаларды іріктеу және сұрыптау үшін тағайындалған шарттар жиынтығы.

Шарттарды іріктеуді өрнектеуде төмендегідей операторлар үлгісісі пайдаланылады: Жұлдызша (*) – кез келген таңбаларды кез келген топтармен ауыстырады. Сұрақ белгісі (?) – кез келген бір таңбаны ауыстырады. Нөмір белгісі (#) - кез-келген бір цифрды ауыстырады.

МS Ассеss-мәліметтер қорын басқару жүйесінде сұрау құру. Кестелер арасындағы байланыс.

Сұрауды бір немесе бірнеше кестеден құруға болады. Сұраудың нәтижесі таңдау деп аталады. МҚ-да тандау сақталмайды. Ол әрбір сұрауды орындағанда жаңадан құрылады. Ақпараттарды таңдау үшін қандай ақпараттың таңдалатындығын және ол ақпараттың кандай кестеде сақталғандығын білу керек.

Сұраудың мынадай түрлері бар: бір және екі кестеден сұрау, қорытынды сқрау, кесте құруға сұрау, жазбаларды өзгертуге сұрау, жазбалады енгізуге сұрау, жазбаларды өшіруге сұрау, параметрлі сұрау, қиылысатын сұрау.

Бір кесте негізінде Сұраулар-Құру-Конструктор-Кестелерді қосу командаларын таңдау арқылы кандай кестеден алатынымыз анықталады және сол кестелердің керекті өрістерінің аты таңдалады.

Сұрау құрғанда шарт бойынша іріктеуді пайдалануға және сұрауға есептелетін өрісті қосуға болады.

Кестелер арасындағы байланыстарды пайдаланып екі немесе одан да көп кестелердегі мәліметтер алынып сұрау (отчет) күрылады. Кестелер арасындағы байланысты Мәліметтер схемасы терезесінде құруға, көрнекті бейнелеуге және өшіруге болады.

Кестелер арасындағы байланыстарды құру үшін Мәліметтер схемасы тер езесін ашып, Кестені қосу терезесіне өтіп осы терезеден керекті кестеледі таңдап алып, кестелерді қосу терезесін жабу керек. Содан кейін, көрсеткішті кестедегі байланысатын өріске қойып, тышканның көмегімен өрісті екінші кестедегі өріске сүйретіп апарамыз. Соңынан Байланыстар сұхбат терезесінде Құру командасын орындаймыз, нәтижесінде өрістер арасында байланыс сызығы көрінеді. Осылайша кестелер арасындағы байланысты орнатуға болады.

Есеп беру - қағазға басып шығаруға арналған, мәліметтерді көрудің ерекше формасы. МҚ баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетінде қандай тұрде бейнелетіндігін және қандай жазбалар мен өрістер енгізілетінін алдын-ала көріп алу қажет. Кез келген кестеден, сұраудан Есеп беруді құруға болады.

 

Лекция № 22. Кеңселік программалық құралдар.

Дәрістің мақсаты: Кеңселік программалық құралдардың мүмкіндіктерімен таныстыру.

Жоспар:

1. Презентация құрудың жаңа тәсілдері.

2. Power Point құралдарымен презентация ұйымдастыру.

3. Ұйымдастырушы программалар.

4. Бухгалтерлік істі автоматтандыру жүйелері.

Кілттік сөздер: презентация, слайд, шаблон, мультимедия.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Соңғы уақытта іс жүргізуде орта және кіші кәсіпорындар мен мекемелерде басқарудың әралуан аспектілерінде пайдалынатын программалар пайда болды. Бұл программалар кеңселік атауға ие болды. Кеңселік программалар құрамына кіретін

-презентация өңдеу құралдары (МS Office пакетіндегі Power Pоint типті)

-Электронды ұйымдастырушылар -іс-әрекетті жоспарлау құралдары (Lotos Organiser типтегі), құжаттарды сақтау және құжатты коликтивті өңдеу жүйелері (Lotos Notes);

-қоймалық және бухгалтерлік есеп жүйелері (1С:Торговля, 1С: Бухгалтерия, 1С: Кәсіпорын);

-Кеңестік заңды жүйелер (консультации).

Power Point презентация құралы.

Сұйық кисталды панельдер мен мультимедиялық проекторлардың пайда болуы компьютерлік дайындыққа өтуге және презентация (иллюстративті материал) көрсетуге мүмкіндік етеді.

Power Point программалық жүйесі MS Office программалық пакетінің құрамына кіреді. Power Point типті публикация дайындаудың программалық құралы ұсынылатын ақпаратты бейне эффектілерді пайдаланып бір стильде өрнектеп қоймай, өз орындауыңды өңдеуге мүмкіндік жасайды.

Power Point - презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе 35 миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралыұсынылады. Слайд дегеніміз - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық (фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп аталады.

Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация (қозғалысты), дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен катар, мультимедияның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиа дегеніміз - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.

Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлқтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа кұралдарды пайдалану керек.

Power Pointменюлері оффистің басқа қосымшаларындағы менюлерге ұқсас. Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Мастер автосодержания сұхбат терезесін іске қосқаннан кейін Файл-Создать-Презентации командасы көмегімен презентация түрін таңдау сұхбат терезесіне кіріп, презентация шаблондарының бірін таңдау керек.

Презентация шаблоны дегеніміз - белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдттар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.

Power Point -та презентация жасау негіздері.

Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек: 1) Power Point -ты іске қосу; Файл-Создать командасын таңдау; 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау; 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру; 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану; 5) жазбалар режіміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру; 6) кұрылым режіміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу; 7) слайдтарды сұрыптау режіміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту; 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау, 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау; 10) презентацияны сақтау.

Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау қажет:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 767; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.