Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет-10




РЫЛЫМЫ

 

Бет-жақ аймағы бала іште пайда болған 12-ші күнінен басталады, алдыңғы ми күлдіреуік (пузырь) пен жүректің дөңесінің арасында эктодерманың түсуімен бірінші ауыз қуысы пайда болады.

Бет сүйек қаңқасы әр адамның бет бейнесіне бірегей де өзіндік, қайталанбайтындай сипат беретін және бастың көптеген сүйектерімен бірігіп, ауыз қуысының (тіл асты сүйегі), мұрын қуысы қабырғаларының (тор және таңдай сүйектері, кеңсірек желбезегі), ми сүйек қаңқасының (қанат тәрізді немесе негізгі, шеке, шүйде сүйектері) негізін құрайтын тіректік құрылым болып саналады.

Пайда болған баланың бет құрылымы 5 өсіндіден өседі, пайда болады. Олар жоғарғы және төменгі (жұп) және маңдай. Осы аталғандардың барлығы ауыз шұңқыры мен шектеліп, біріншілік желбезек доғадан тарайды.

Бассүйек қаңқасы. Ол екі бөлімнен тұрады: бас миы (церебралды) және ішкі (висцералды). Басқа тіршіліктер мен салыстырғанда, адамның бас сүйек қаңқасында (жануарларда да) пайда болған жаңа құрылым-таңдай болып табылады. Ол ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп, ауыз қуысы ішінде вакумды-сорғыштықты қалыптастырады, сөйтіп сорғанда және тағам шайнағанда тыныс алуға кедергі тудырмайтындай жағдай жаратады.

Беттің сүйектік негізін қалайтын біріншілік, яғни дәнекер тінді жарғақтың орнында қалыптасатын құрылымдар: маңдай және таңдай сүйектері, кеңсірік және төменгі жақсүйегі.Тор сүйегі мен мұрынның төменгі қалқаны біріншілік мұрын қапшығының шеміршегінен, ал маңдай және жоғарғы жақ сүйектері ұрықтық дәнекер тінінен, тіласты сүйегі әр келкі ұрықтық табақшалардан дамиды.

Алғашқыда адам ұрығының (эмбрион) бас жағы яғни нейрокраниалдық бөлімі қалыптасады, содан кейін болашақта беттің негізін қалайтын висцералды доғалар дами бастайды. Мерзімі үш апталық ұрықтың бас жақ бөлімінде қалыңдау болып көрінетін жүйке табақшасы-алдыңғы ми пайда болады. Жүйке табақшасының астыңғы жағында біріншілік ауыз қуысы-stomadeum, немесе ауыз үңгірі қалыптасады.

Барлық сүйектер, соның ішінде бет және бассүйектері жұмсақ тіндерге тіректік және қорғаныс қызметін атқарады. Сүйектің жасушалық элементтері коллагенді және минералды заттардың қоры болуы, оның бейімділік қасиетін арттырады да көптеген сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап қайыра алатындай мүмкіншілік туғызады.

Бас сүйегі қанқасы бас ми және бет жақ болып бөлімдерге бөлінеді. Олардың шекарасы көзұясының жоғарғы қыры мен, маңдай-бетсүйек жігі мен, бет-сүйек доғасы бойы мен сыртқа есту өтісі мен сорушы-еміздік өсіндінің үстінгі деңгейі мен өтеді. Бас мидың сүйек құрылымы оның

күнбезіне (төбесіне) fronix crani, және оның негізіне (түбіне) basis crani-ға бөлінеді.

Сурет-2. Бас қаңқасы

Бассүйек қаңқасы, cranium, 2-бөлімнен: ми сауытының қақпағы-calvaria, және оның түбі-basis-тен тұрады. Ол бас миы мен сезім мүшелері орналасқан және де ас қорыту мен тыныс алу жолдарының бастапқы бөлімдерін қоршап, қорғайтын тіректік құрылым болып саналады.

Бассүйегін құрайтын сүйектер: даралары-қарақұс, сына тәрізді, маңдай және тор сүйектері, жұптары-жоғарғы жақсүйек,төменгі мұрын қалқаны, бет, мұрын, көзжас сүйектері мен төменгі жақ және тіласты сүйегі.

3.1. Жоғарғы жақсүйек

Жоғарғы жақсүйегі, maxilla – жұп сүйек; қасындағы сүйектер мен қозғалыссыз бекіген. Бұл сүйектің құрылысы-өте күрделі болғандықтан және де ол қуысты сүйектер қатарына жатқандықтан сырттан келетін әртүрлі қысым күштеріне беріктілігі де - өте жоғары.

Жоғарғы жақсүйегі - оның денесі-corpus maxilla және төрт жаққа қараған өсінділері бар. Олар: маңдай-processus frontalis, бетсүйектік-processus zygomaticus, тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық- processus alveolaris және таңдай- processus palatinus.

Маңдай өсіндісі- processus frontalis, жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетінің ішкі қыры бойы мен жоғары көтеріліп, маңдай сүйегімен (sutura frontomaxillaris), мұрын сүйегімен (sutura nasomaxillaris) жік құра бітіседі. Маңдай өсіндісінің сыртқы (латералды) және ішкі (медиалды) беттерін ажыратуға болады. Сыртқы бетінен өтетін көзжас қыраты оны алдыңғы және артқы бөлімдеріне бөледі.

Артқы бөлімі көзжас жүлгесіне жалғасады. Жоғарғы жақсүйегінің маңдай өсіндісінің ішкі бетінен екі қырат өтеді. Олар: тор сүйектік-crista ethmoidalis және мұрынның төменгі қалқан қыраттары-crista conchalis.

Жоғарғы жақсүйектің қалған өсінділері денесінің төменгі бөлімінен шығып, тіс ұяшықтық (альвеолярлық) өсіндіге- processus alveolaris және ішіне қарай, жазықтық бағытта жатқан таңдай өсіндіге- processus palatinus-қа жалғасады.

Көздік, алдыңғы және самайасты беттері қиылысатын тұстан бетсүйек өсіндісі- processus zygomaticus басталады.

Жоғарғы жақсүйектің денесін- көзұялық беті-facies orbitalis, яғни көзұясының төменгі, мұрын беті- facies nasalis мұрынның бүйір, сондай-ақ самайасты беті- facies infratemporalis және ауыз қуысының қабырғаларын құрайды. Жоғарғы жақсүйектіңденесінде жоғарғы жақсүйек қойнау-sinus

maxillaris s. antrum Highmori болғандықтан, оның салмағы өте жеңіл.

Жоғарғы жақсүйек қуысы-Гаймор қуысының анатомиялық құрамы тұрғысынан алғанда 3 топқа бөлінеді.Олар: пневматикалық, беріштену және аралас. Гаймор қуысы деп аталу себебі ең алғаш рет 1651 жылы ағылшын дәрігері Гаймор жоғарғы жақсүйегіндегі осы қуыс туралы толық мәліметтер таратты.

Корнинг және тағы да басқа ғалымдар Гаймор қуысын төртқырлы пирамидаға ұқсатады. Гаймор қуысының бет-әлпеті құрылысы мен салыстырғанда 6 қабырғаға бөлінеді: жоғарғы, төменгі, алдыңғы, бүйір, артқы және ішкі (медиалды).

 

Сурет-6. Жоғарғы жақ контрфорстары

Жоғарғы жақсүйектің төрт қабырғасы бар: алдыңғы, артқы, жоғарғы және ішкі. Алдыңғы қабырғасының беті тері сыртынан жақсы сипап анықтауға болады. оны жоғарғы жағынан-көзұясының төменгі қыры, төменгі жағынан-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) өсінді, ішкі жағынан-алмұрт тесігінің жиектері, сыртқы жағынан-бетсүйек-тіс ұяшықтық (альвеолярлық) қыраты- crista zygomaticoalveolaris өтеді. алдыңғы қабырғасын құрайтын сүйектік табақша жұқа. Сол себептен, жоғарғы жақсүйегінде кездесетін іріңді қабыну аурулары, әдетте оның осы сүйектік қабырғасын тез бұзып, даму барысында айтарлықтай ауыр дәрежелі сүйектік құрамның өзгеруіне өз әсерін тигізбейді, сонымен қатар қиыншылықтарды тудырмайды.

Жоғарғы жақсүйектің жоғарғы қабырғасының-ішкі қыры маңдай өсіндісіне, оның сыртқы қыры-бетсүйегіне, ал оның төменгі қабырғасы-тіс ұяшықтық-альвеолярлық өсіндіге ауысады. Жоғарғы жақсүйектің артқы қабырғасы самайасты беті деп аталып, самайастын және қанат-таңдай шұңқырларын шектеп тұрады және жоғары қарай бетсүйек өсіндісіне, ал төменге қарай тіс ұяшықтық-альвеолярлық өсіндінің ішкі бетіне ауысады. Оған латералды қанат тәрізді бұлшықетінің талшықтары бекиді. Жоғарғы жақсүйектің дене-сі күрделі призмалық құрылым, түбі артқа, сәл сыртқа және самайастының бетіне- facies infratemporalis-ке қарайды. Аталған бет яғни самайастының беті- facies infratemporalis біршама дөңестеу, шығыңқы құрам болып жоғар-ғы жақсүйектің төмпешігін-tuber maxillarae-ны құрайды.

Төмпешіктің жоғарғы және ішкі тұсынан самайасты бетінің мұрын және көзұялық беттеріне ауысатын жерде таңдай ұшбұрышын-trigonum palatinum-ды көруге болады. Осы арада жоғарғы жақсүйек таңдай сүйектің көзұялық өсіндісі мен қосылады. Жоғарғы жақсүйектің төмпешігі жергілікті-өткізгіштік жансыздандыру үшін ең басты нысана болып саналады және инені төмпешіктің сыртқы беті бойы мен жылжыту әдістің дұрыс орындалуының басты талабы. Сондықтан осындай өткізгіштік жансыздандыру әдісін қолдану кезінде төмпешіктің маңындағы қан тамырлар өрімі кейде иненің ұшымен жарақаттанады, сонда жарақат орнынан лезде қан кетуінен, зақымданған жерде қан ұйып, жұмсақ тіндері ісініп ұлғаяды. Осындай кездейсоқ асқынулардың алдын алу үшін ине шаншылған жерді біршама уақыт жұдырықты бет-әлпеті сүйегінің төменгі беттінен төменге қарай аздаған қысым мен басып жоғары қарай біршама көтерген күйде басып тұру қажет.

Жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісіне- processus zygomaticus, оның көлемі әр адамда әртүрлі болып негізінен беттің енін көрсетеді.

Жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісіне - processus palatinus, жазықтық бағыттағы, жоғарғы жақсүйектің мұрын жақ бетін қамтитын, екі жағы ойыстанған сүйектік табақша. Таңдай өсіндінің ауыз қуысына қарасты беті сәл ойыстау және біркелкі емес, бұдырлы болып, осы беттен ашылатын көптеген ұсақ тесіктерден қан тамырлар мен жүйке жүйесінің тармақтары өтеді. Оң және сол жағынан келіп қосылатын саңылаулар таңдай өсіндісінің алдыңғы бөлімінде күрек тістік тесігіне-foramen incisiva-ға ашылады.

Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсінді- processus alveolaris, доға пішінді, алдыңғы жағынан едәуір иіліп, жартылай эллипс құрайды. Сол және оң жағының тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндісі- processus alveolaris өзара жоғарғы жақсүйек аралығының жігі - sutura intermaxillaris арқылы бірігіп, толық эллипсті альвеолярлық доға-arcus alveolaris superiorer -ді құрайды. Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің екі беті бар: сыртқы және ішкі. Ауыз қуысының кіреберісіне қарасты сыртқы беті- facies vestibularis-дөңестеу (тістер мен қызыл иек және ерін мен ұрт аралықтары), ал тілге қарасты ішкі беті - facies lingualis-ойыс.

Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің екі сүйектік табақшалары аралығында тіс ұяшықтары-alveoli dentalis орналасады. Оның ауыз қуысы кіреберісіне қарасты қабырғасын-pars vestibularis, ал тіл жағындағы қабырғасын-pars lingualis деп атайды. Тіс ұяшықтық немесе альвеолярлық өсіндінің тіс ұяшықтары аралығы сүйектік кемікті зат пен толған.

Таңдай сүйегі - os palatinum жұқа сүйек болып қатты таңдайдың артқы бөлімін және мұрын қуысының қабырғасын құрайды да, мұрын қуысының қабырғасын қанат-таңдай шұңқырынан бөліп тұрады.

Сурет-7. Таңдай сүйегі (оң жақ)

Олар бір-бірімен тік бұрыш құрап өтетін екі табақшадан тұрады: перпендикулярлы-Iamina perpendicularis және горизонталды-Iamina horizontalis. Сүйектің ауыз қуысына қарасты бетінің артқы шетінен сүйектік қырат-crista palatina-ны көруге болады.

Бетсүйек- os zigomaticus - геометриялық төрт бұрышты, қисық пішінді, жұп сүйектік табақша болып саналады. Ол жоғарғы жақсүйек, маңдай, сына және самай сүйектерінің аралығында орналасып, шайнау қысымының күшін жан-жаққа таратып, теңестіріп теппе-теңдікті сақтап тұрады. Бұл сүйектің үш бетін атап көрсетуге болады: ең үлкені-ұрт жақ беті-facies molaris бұдырлы. Көзұясына қарасты беті- facies orbitalis тегіс және сәл ішке қарай кіріңкі, ал самай ойығына қарасты беті- facies temporalis дөңестеу болып келеді. Бетсүйектің екі өсіндісі бар: Оның бірі маңдай өсіндісі-processus frontalis,s. frontj-sphtnoidalis-ең ірісі болып саналады. Яғни, маңдай өсіндісі бетсүйегін маңдай сүйегінің бетсүйектік өсіндісімен және сына сүйектің үлкен қанатымен біріктіреді. Бетсүйектің екіншісі-самай өсіндісі-processus temporalis артқа қарай самай сүйектің бет өсіндісіне қарай өтеді. Өсінді өте қысқа және шеттері өткір.

Мұрын сүйегі- os nasale -пішіні төрт бұрышты, жұп сүйек. Екі мұрын сүйегі беттің ортаңғы деңгейінде өзара бірігіп, мұрынның қыры мен қабырғаларын құрайды да жоғарғы жақсүйектің маңдай өсінділері аралығында орналасады. Сүйектің маңдай өсіндіге қараған бөлігі-қалың да қатты, үлкендеу, дөңестеу және бетінде кішігірім тесіктеді-foramen nasale-ні көру болады, ал оның мұрын тесігіне қараған бөлігі-жіңішке және жұқа.

Сурет-8. Оң жақ мұрын сүйегі

Тор сүйегі- os ethoidale дара сүйек. Оның басым бөлігі бет сүйек қаңқасының құрамына кірсе де, негізінен ми сүйек сауытын құрайды. Ол бет сүйектерінің ортасында орналасып, кеңсірік пен көзұясының құрамына кіреді және бассүйектің көптеген сүйектерін бір-бірі мен байланыстырып тұрады. Тор сүйектің перпендикулярлы- Lamina perpendiculares және горизонталді- Lamina cribrosa табақшалары өзара бір-бірімен қарап Y-әріпі тәрізде орналасады.

 

Сурет-9. Тор сүйегі (көрінісі артынан)

Тор сүйектің төрт жақ беті бар:

1.Торлы табақша- Lamina cribrosa маңдай сүйектің- incisula ethoidalis-ке бекиді. Табақшаның ұсақ тесіктерінен иіс сезу жүйкенің тармақтары (орташа шамамен 30-ы) өтеді. Осы табақшаның ортасында әтеш айдаршығын- crista gali-ді көруге болады.

2. Lamina perpendicularis-кеңсірік бөлімі.

3.Labyrinthi ethoidalis-көзұясының ішкі қабырғасын құрайды.

4. Lamina orbitalis- Көзұялық табақша.

Көзұялық табақша жоғарғы жиегі мен маңдай сүйектің көзұялық бөлімі мен, алдыңғы жағынан-көзжас сүйегімен, артқы жағынан-сына тәрізді сүйекпен және маңдай сүйектің көзұялық өсіндісі мен, ал төменгі жағынан–жоғарғы жақсүйекпен бірігеді.

Көзжас сүйегі - os lacrimale -жұп, төрт бұрыш пішінді геометриялы құрылым, жұқа сүйектік табақша тәріздес. Көзұясының ішкі қабырғасының құрамына кіреді, жоғарғы жақсүйекке таяу, оның маңдай өсіндісінің артқы тұсында орналасады. Көзжас сүйектің жоғарғы шеті маңдай сүйекпен, артқы шеті-торлы сүйектің көзұялық табақшасы мен-lamina orbitalis s. papyracea- ға қосылады.

Төменгі мұрын қалқаны- сoncha nasalis inferior алдыңғы шеті жоғарғы жақсүйектің мұрын жақ бетімен, артқы шетітаңдай сүйегімен бітіседі, ортаңғы бөлігі гаймор қойнауының кіреберісін шектеп тұрады.

3.2. Төменгі жақсүйек

Төменгі жақсүйек-mandibula сәбидің 1-2 жас аралығында екі симметриялы сүйектің ортаңғы деңгейде қосылып бітісуінен қалыптасатын дара, бет сүйектері ішіндегі ең ірі де берік сүйек.

Төменгі жақсүйек доға тәріздес екі жаққа қарай иіліп өтетін денесінен- corpus mandibulae-дан және жоғарыға тік көтерілген екі бұтақтан- rami mandibulae тұрады. Денесінің астыңғы қыры қайырыла иілген түбінен-basis mandibula, жоғары қараған-альвеолярлық өсіндіден-processus alveolaris-тен құралған.

Төменгі жақсүйектің денесі мен бұтақтарының бір-бірімен қиылысатын жерін төменгі жақсүйегінің бұрышы- angulis mandibulae деп атайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 4325; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.032 сек.