Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ауруларын тексеру




Адам денесіндегі ауруды және оның клиникалық көрінісін білу мен қатар, тек соған организмдегі өзгерістерді анықтап тауып, екеуін байланыстыру арқылы білуге болады.

Медицина ғылымының адам денесіндегі ауруларды айырып білу саласын нақтама-диагностика деп атайды (грек сөзінің diagnosis анықтау).

Ауруды бақылап дұрыс нақтама қойып, алдын алу, ем тағайындау, дәрігер пікірін қорыту диагностика саласының алдына қойған мақсаты болып есептеледі.

Нақтама ғылыми тұрғыда негізгі үш тараудан тұрады:

1) Ауруды бақылау және тексеру әдістерін зерттеу немесе дәрігерлік нақтамалық техника;

2) Ауру белгілерінің нақтамалық маңызын зерттеу-симптоматология немесе семиология;

3) Ауруларды ажырату жолында ойлау ерекшеліктерін зерттеу немесе нақтама қою әдістемесі.

Бұл үш тараудың мүддесі субъективті, объективті және қосымша әдістер қолдану арқылы шешіледі.

Томография — тіндердің қабаты бойынша жасалатын рентгенография. Әрбір тереңдікте түсірілген томографияда бөтен заттар, ісік аумағы, шықшыт буындағы өзгерістерді көруге болады.

Науқаспен танысу, оның сырқат жайындағы мәліметін тарихын-анамнезін сұрап білуден басталады. Өйткені, дұрыс жиналған сырқат жайындағы мәлімет дұрыс нақтама қоюға себепші болады.

Егер науқас аурудың неден басталғанын және өз шағымын дұрыс жеткізе алмаса, дәрігер жетекші және қосымша төмендегідей сұрақтар беру арқылы, науқасқа көмектесуі керек. Мысалы: аурудың бірінші белгілері қашан пайда болады, бұрын дәрігерге көріндіңіз бе, қандай ем алдыңыз, оның нәтижесі қалай болды?

Науқас шағымы әртүрлі болуы мүмкін. Жетекші сұрақтар арқылы дәрігер оларды мұқият анықтайды. Егер де пайда болған аурудың белгілері, ауырсыну сезімімен байланысты болса, онда «ауру ұдайы ма, жоқ ұстама тәрізді ме, қатты иә болмаса сыздап ауыра ма, бір жерде ме, әлде иррадиациялы ма, тамақ ішумен байланысты ма, жоқ па, өз бетімен бе, әлде қол тигізгенде ауыра ма?» — деген сұрақтарды шешу қажет.

Ал науқас, бет әлпетінің бір жерінде ісік барына шағымданса, оның қашан пайда болғанын, тез әлде баяу үлкейгенін, тамақ ішкенде ғана пайда бола ма, әлде ылғи бір қалыпта өзгермей тұра ма, ауыру сезімін тудыра ма, жоқ па, ол функционалдық өзгеріске байланысты ма (яғни ауыздың ашылуына, жұтынуына, тілдің қимылына кедергі бола ма, жоқ па?) деген сұрақтарды анықтау қажет.

Дәрігерге қаралуға келген науқас, бет сүйектерінің, ернінің, қабағының, ұртының, құлақ қалқанының ақаулары мен деформацияларына шағым жасаса, олардың пайда болуына не себеп болғанын анықтау қажет (жарақаттың, қабынудың, күюдің әсері ме, әлде туа біткен кемтарлық па?).

Бет-сүйек аймағының жарақатында оның қашан және қандай жағдайда болғанын, есі танып қалды, ма, жоқ па, мұрыннан, құлағынан қан кетіп, құсты ма? — деген сұрақтарға жауап алу қажет.

Ауыз қуысының шырышты қабығында, таңдайда, қызыл иекте, ерінде жазылмайтын жара пайда болса, оның туберкулезбен, мерез ауруымен байланысы бар-жоғын анықтау керек.

Анамнезді жинағанда, науқастың қалай тамақтанатынын, дем алуын, тұратын жерін, жұмыс істейтін орнын, зиянды әдеттерінің бар-жоғын білу де қажет болып табылады.

Науқастарды клиникалық, лабораториялық жолмен тексеруді жалпы хирургия мен терапияның талабы бойынша барлық мүшелер мен жүйелерде жүргізеді. Содан кейін ғана жақ-бет аймағын екжей-тегжейлі (толық) тексеруге кіріседі.

5.1. Науқасты зерттеп-тексерудің нобайы:

Негізгі зерттеу әдістері Қосымша зерттеу әдістері

Сұрау-жауап Тексеріп көру және Термометрия

Шағымы зерттеудің объективті Электроодонтометрия

Аурудың келіп түрлері Сәулелі, Цитологиялық

шығу тарихы Бет-жақ аймағының Морфологиялық

Кәсіптік зияндылық сыртқы көрінісі Сиалография, Сиалометрия

Кейбір заттарға Сипап тексеру Микробиологиялық

ағзаның ерекше Ауыз қуысын Биохимиялық, Иммунологиялық сезімталдығы тексеру-зерттеу Қызметтік нақтама қою

Науқастың өмір Ауыз қуысының мақсатында зерттеу әдістері:

тарихы негізгі бөлігін реография, полярография,

Науқастың ауырған тексеру-зерттеу миография, допплерлік

ауруының түрлері сүңгі құрал мен сәулеліфлуометрия,

тексеру-зерттеу мастикациография,

тісті тықылдатып термовизиография,

тексеру-зерттеу жақтардың қалыптарын дайындау,

бетті компьютерлі мүсіндеу,

Зертханалық зерттеу әдістері:

Қанның және басқада биологиялық

сұйықтықтардың құрамын зерттеу

 

Қарап-байқау. Мұнда науқастың сыртқы бет-пішініне, тері қабатының түсіне, көзге көрінетін шыршы қабығына және ақаулар болса, оларға назар аударылады. Бет-әлпетінің ісінуі – домбығудан, қабыну инфильтратынан, ісіктен, гематоманың және сынған жақ сүйегінің орнынан жылжуынан пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ бет мүшелерінің ақаулары мен деформацияларында да бет құрылысы өзгереді.

Тері қабаты қызарып (қабыну кезеңдерінде), көкшіл тартып (қан тамырларынан пайда болған ісіктерде, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда) шектен тыс және жеткіліксіз пигменттелуі мүмкін (туа біткен пигментті дақ, жүкті кезде пайда болатын дақтар, тыртық жердің дақтануы). Сонымен бірге тері қабатында пайда болған патологиялық өзгерістерге (жаралар, тыртықтар, жыланкөздер, жырылған жаралар сияқты) назар аудару керек.

Көру мүшелерін тексергенде – көз симметриялығына, тығыз жабылуына, қабақтың қимылына, көз алмасының өзгерістеріне (мүлдем жоқ болуы, деформациясы, шарасынан шығып тұруы немесе ішке кіруі), көздің қарашығының формасынан, жарыққа реакциясына, конвергенциясына, аккомадациясына назар аударған жөн. Саусақтардың көмегімен көздің өткірлігін тексеріп, оның шұғыл төмендегіндігін немесе мүлдем жоқтығын анықтауға болады. Сондай-ақ, заттың көз алдында қосарлануы байқалса, ол көзді (қимылдататын) кері тартатын немесе шығыршықты жүйкелер қызметтерінің жетіспеушілінен және жоғарғы жақ сүйегінен-көз саңылауына еніп, өсіп бара жатқан ісіктің әсерінен, көз алмасының жоғары қарай жылжып кетуінен болады.

Мұрынды тексергенде-оның пішіміне, сүйекті-шеміршекті бөлігінің өзгерістеріне (ақауы мен деформациялары), мұрын қуысының шырышты қабықтарының түрін және бөліп шығаратын затының сипатын анықтайды.

Бет жүйкесі бұтақтарының зақымдануы ымдау бұлшықеттерінің қызметі бұзылып, шала салдану-парез немесе сал ауруы-паралич түрінде байқалуы мүмкін. Оған беттің жұмсақ еттерінің зақымдануы, құлақ алдындағы сілекей безіне операция, бассүйек-ми зақымдануы және ортаңғы құлақ ауруларының әсері болады.

Ерінді тексергенде - оның анатомиялық пішініне, жоғарғы және төменгі еріндердің бірдейлігіне, қимылы мен тығыз жабылуына, езулерінің симметриялылығына көңіл бөлу керек.

Сондай-ақ еріннің суланып тұруын, патологиялық өзгерістердің бар-жоқтырын анықтайды.

Сипап қарау (пальпация) — қосымша тексеру тәсіліне жатады. Беттің жұмсақ тіндерінің қызуын, жиырылғыштығын, тығыздығын, ісіктің бар жоғын, олардың қандай тереңдікте орналасқанын, көлемін, ауыру сезімін сипау арқылы білуге болады. Егер бет тіндеріндегі өзгеріс беткей орналасса, сипалауды оң қолдың саусақтарымен, өзгеріске ұшырамаған тұстан бастайды. Терең сипап қарау-пальпацияда - бұлшықеттердің немесе бет-жақаймағындағы мүшелердің жағдайын анықтайды. Ол үшін тері қабатын немесе бұлшықетті қатпарға жинап, олардың қалыңдығын, жиырылғыштығын және созылғыштығын бақылайды. Сондай-ақ сипап қарау арқылы жақасты, иек, құлақарты, мойын лимфа түйіндерінің санын, көлемін, тығыздығын, ауыратын ауырмайтындығын, жылжығыштығын да білуге болады.

Егер лимфа түйіндері үлкейген және ауыратын болса, ол қабыну кезеңдеріне тән. Ал үлкейген, тығыз, аз қимылдайтын лимфа түйіндері, көбінесе қатерлі ісіктердің әртүрлі даму кезеңінде пайда болуы мүмкін. Жақасты, иек және жақ артындағы лимфа түйіндерін сипап қарағанда дәрігер науқастың оң жағында болып бір қолымен оның басын ұстап; келесі қолының 2, 3, 4 саусақтарын жақ астына орналастырады да, айналдыра сипалау арқылы лимфа түйіндерінің жағдайын анықтайды. Иек астындағы түйіндерді оң қолдың үш саусағымен сипап қарайды да, мойын, лимфа түйіндерін 2-3-4 саусақтарымен төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің алды-артындағы және бұғанаүсті аймағында тексереді.

Бет сүйектерінің құрылысын, сырт көзбен ғана қарап қоймай, сипап та қарау керек. Бұл жағдайда, сүйек өзгерістерін (жуандағанын, ісінгенін, сынып төмен түскенін), ақаудың бар-жоғын, қозғалысын, сықырлауын анықтауға болады. Бұл өзгерістер – сүйек дамуындағы кемістіктер мен жарақаттардың әсерінен, жақ сүйегінде ісікті заттың болуынан пайда болуы мүмкін.

Төменгі жақ буыны қызметінің бұзылу дәрежесін ауызды ашып-жауып, жан-жаққа қимылдату арқылы анықтайды.

Төменгі жақ сүйегінің буын басының қимылын құлақалды өсіндісінің маңынан сипалап немесе екі қолдың сұқ саусақтарын науқастың сыртқы есту тесігінің ішіне кіргізіп анықтайды. Қалыпты жағдайда, науқас аузын 4,5-5 см ашуы тиіс. Ал егер буында патологиялық өзгеріс болса (қабыну, буын анкилозы, жақ контрактурасы төменгі жақ сүйегінің буындық өсіндісінің сынуы) онда ауыздың ашылуы жартылай немесе мүлдем шектелеп, жақ сүйек жан-жаққа қимылдамай қалады).

Ауыз қуысын тексеруді қызыл еріннен бастайды, өйткені онда ақ дақтар, жарылған жерлер, жаралар болып, эпителийдің қабыршықталуы байқалуы мүмкін. Ауыз қуысын стоматологиялық айнаның, қалақшаның, шымшуырдың, сүңгі құралдың көмегімен тексереді.

Ауыз қуысының кіреберісін тексергенде, еріннің, жақ шоқтығының шырышты қабығына назар аударған жөн.

Онда төмендегідей өзгерістер болуы мүмкін: а) бояудың түсінін, өзгеруі, пигменттік дақ, сұр немесе қоңырқай түсті дақтар (организмге қорғасын, висмут, сынап түскен жағдайда) және қабыну процестерінің әсерінен қан кернеп қызаруы; б) шырышты қабықтың құрылысының өзгеруі (папуланың, дөңестіктің, гиперкератоздың пайда болуынан); в) шектелген сұйықдықтың жиналуы (пустула, іріңдік, шырышты қабықтағы бездің сарысулы ісігі); г) шырышты қабық бүтіндігінің бұзылуы (эрозияның, жараның, жыланкөздің болуынан).

Сонымен бірге шырышты қабықтың кеуіп солғанын да байқауға болады. Шырышты қабықпен бірге, өтпелі қатпардың жағдайына, жақ шоқтығының биіктігіне (әсіресе тіс жоқ жағдайларда) қызыл иекке назар аудару керек.

Тілді тексергенде, оның қалпына, мөлшеріне, түсіне, ылғалдығына, жараның, жолақтанып қызарудың, жұқа жараның, тыртықтың бар-жоғына және қалыңдығына (жуандығына) көңіл бөледі. Туа біткен патологияларда, қабыну кезеңдерінде, ісік тілдің құрылысын өзгертіп, салмағы артуы мүмкін. Ал тіласты жүйкесінің салдануында, керісінше тіл кішірейеді. Тілді тексерудің негізгі әдісі — сипап көру. Оны жүргізу үшін сол қолдың екі саусағымен тілді сыртқа тартып ұстап тұрады да, оң қолдың екі саусағымен сипап көреді.

Тамақ астын тексергенде, оның шырышты қабығына, жақ және жақ асты сікелей бездерінің өзегіне, одан бөлінген сілекейдің түр-түсіне назар аударған жөн.

Осы аталған бездердің қызметін білу үшін, екі қолды сипап көру-екі қолды (бимануальды) cипау жүргізеді, яғни сұқ саусақты ауыз қуысына кіргізіп, келесі қолдың саусақтарын жақ астына орналастырып, бір-біріне тақай сипалай қимылдатады. Сонда ғана бездің құрылысын байқап білуге болады.

Қатты және жұмсақ таңдайды тексергенде, олардың шырышты қабықтарына ғана емес, сонымен бірге туа және жүре пайда болған ақаулардың, ісік тәрізді заттардың бар-жоғына, жұмсақ таңдай қимылына да назар аудару керек (тыртықтанып тартылу, ымдау еттің парезі немесе параличі, жұмсақ таңдайдың жарылуы т.б.). Сонымен бірге бадамша бездеріне, жұтқыншақтың артқы және бүйір қабырғаларында өзгерістің бар-жоғын да қарау керек.

Тіс қатарын тексергенде, олардың дұрыс жабылуын қадағалайды, өйткені жақ сынғанда, шығып кеткенде, әртүрлі ақауларда ол өзгеруі мүмкін. Тіс жанындағы тіндерді тексергенде қызыл иектің шырышты қабығына, онда терең қалталардың, іріңді заттың бар жоғына, тістің қызыл иек тінінен жалаңаштанбағанына және қанайтын-қанамайтындығына назар аудару керек. Егер тіс босаған болса, себебін анықтайды (ісіктің, жарақаттың салдарынан, парадонтоз т. б.).

Әсіресе тіс сауытының бүтіндігіне, түсін, егер сауытта қуыс болса, оның тереңдігіне, сүңгі құралмен тексергенде ауыратын-ауырмайтындығына көз жеткізу қажет. Периодонттың жағдайын тісті аспаппен жайлап соғып тексереді. Егер жедел ағымды қабыну кезеңі болса, тісті аспаппен соққанда ауырады.

Науқастарды қосымша тексеру әдістері – клиникалық нақтаманы-диагнозды толық қою үшін қажет. Емдеудің әр сатысында нәтижесінің дұрыс екенін анықтау үшін стоматологияда көбінесе рентгенография әдісі қолданылады (ауыз қуысы ішінен және сыртынан). Көбіне ауыз қуысы арқылы жасалатын рентген әдісі жиі қолданылады. Өйткені бұл тіс пародонтының жағдайын анық көрсетеді. Ол үшін рентген пленкасын қатты таңдайдың шырышты қабығына немесе төменгі жақ сүйегінің ішкі бетіне қапсыра ұстайды. Егер ауыз ашылуы шектелген болса, жұқа қабықты-пленканы тістетіп қойып түсіреді.

Ауыз сыртынан жасалатын рентген суретін көбінесе жоғарығы жақ сүйегін, мұрын қуыстарын, шығыңқы бет сүйегін, оның доғасын, бас, мұрын сүйектерін, шықшыт, сілекей бездерін және жұмсақ тіндерді тексергенде қолданады. Рентгенография арқылы сүйек тініндегі өзгерістерді, жақтың сынған жерлерін, шықшыттың жағдайын, ісіктің немесе қабыну процестерінің шегін, жұмсақ тіндерде жатқан бөгде заттың орнын, сілекей бездерінде немесе өзегінде жатқан «тастардың» өлшемін анықтауға болады.

Бет сүйектерінің құрылысын, қуысты денелерді, сілекей бездерін толық тексеру үшін арнайы рентгенографиялық әдістерді қолданады.

Томография – арқылы әртүрлі тереңдікте жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін шықшыттығы өзгерістерді түрлі тереңдікте «кесіп» көрсетуге болады. Панорамды рентген суреті - бүкіл тіс қатарын, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын көруге мүмкіншілік береді. Телерентген үлкен фокусты ара қашықтықтағы рентген суреті (150 см) тексерілетін сүйек затының анық өлшемін білуге мүмкіншілік береді (бас, бет сүйектерінің, оларды қоршап жатқан жұмсақ тіндердің жиектерін). Телерентгенограмада бұрыштық және сызықтык, өлшемдер жүргізеді.

Сілекей бездеріндегі, қуысты денелердегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін – контрасты рентгенография әдісі қолданылады. Ол сілекей безінің өзегіне және Гаймор қуысына контрасты (йодолипол) зат енгізу арқылы жүргізіледі.

Ауыз қуысындағы шырышты қабықта кездесетін өзгерістерді анықтау үшін стоматоскопия әдісін қолданады.

Ол үшін арнайы 28-30 есе үлкейтіп көрсететін аспап арқылы, шырышты қабықтың өзгерген жерін қарайды. Бұл әдіс пен өзгеріске ұшыраған шырышты қабықтың шегін, түсін, қабыну кезеңінің бар-жоғын анықтауға мүмкіншілік туады. Сондықтан стоматология, стоматологиялық алғашқы қарау бөлмелерінде, алдын алу мақсатында-профилактикалық тексеру кездерінде шырышты қабық ауруларын гистологиялық тексеруге дейін анықтау қажет. Кейбір патологиялық кезеңдерде, ісіктердің нақтамасын анықтау үшін морфологиялық әдіс қолданады. Қазіргі кезде кең тараған әдіс - цитология болып табылады. Ол жасуша бөлшектерін-клетка элементерін, олардың құрылысының ерекшелігін, шоғыр жинақ-конгломераттарын зерттеу арқылы жүргізіледі.

Тексеру заттары-материалы ретінде бетте, ауыз қуысында орналасқан жолақтанып қызарудың-эрозияның не жараның бетінен тырнап немесе «дақ» ретінде және жыланкөзден, күдікті денелерден, қабынған мүшенің тінінде жасушалардың ұйыспасынан-инфильтраттан, ісіктен алынған заттар қолданылады. «Дақты» тексергенде, майдан әбден тазартылған шыны қолданылады. Оны тексеретін жерге бірнеше рет басу арқылы жүргізеді.

Биопсия - кесіп алынған тірі тінді тексеру әдісі дұрыс нақтама қоюға бағытталған. Гистологиялық тексеру – емнің тиімді әдісін қолдануға, нәтижесін, отаның көлемін анықтауға, отадан кейінгі емдік шараларын дұрыс жүргізуге көп көмек тигізеді.

Биопсияның төмендегідей түрлері бар: инцизиялық, пункциялық, аспирациялық.

Инцизиялық биопсияда (ауруға) патологияға ұшыраған тіндер аумағы түгел кесіліп алынады. Яғни, өзгеріске ұшыраған тіндермен қатар, сырт көзге өзгеріссіз көрінетін тіндер де (әсіресе терең қабаттағы) кесіліп алынып, 10-20% формалин ерітіндісі құйылған ыдысқа салынуы тиіс. Содан кейін дәрігер биопсияға алынған не зат екені туралы қағаз толтырады.

Пункциялық биопсияда — әртүрлі диаметрдегі торакарлармен бірнеше миллиметр қалыңдықтағы тіндерді алып, парафин немесе целлоидин ерітіндісін құйып тексереді.

Аспирациялық биопсияны — жіңішке иненің көмегімен, аз ғана мөлшерде материал алып тексереді. Функционалдық диагностикалық тәсілдердің ішінде мастикоциография (шайнау қимылын жазу) миотонография, (шайнау еттерінің тонусын анықтау) электромиография (бұлшықеттердің электрофизиологиялық жағдайын білу үшін биопотенциалдарды тіркеу) тәсілдері кеңінен қолданылады. Тістерді тексеру үшін электроодонтодиагностика тәсілінің мәні зор. Бұл тәсілде сау тістер 2-6 мкА ток күшіне сезімталдығы болады. Парадонтоз ауруында тіс ұлпасының қозуы артады да (2 мкА тоқтан төмен), тіс сауытының ұлпасы үлкен болса, оның ток, күшіне сезімталдығы төмендейді (60 мкА күшіне дейін).

Хирургиялық стоматологияда, соңғы кездері функционалдық нақтама әдістерінің ішінде - реография кеңінен қолданылады. Бұл организмдегі тірі тіндердегі қан толу-қан айналу кезеңдерін, тіндердің электр тогына қарсылығы арқасында пайда болатын, пульсті тербелуді жазу (тіркеу) арқылы жүргізіледі.

Тіндердегі қан тамырларын, қан айналу процестерін білудің маңызы зор. Өйткені бұл жағдайлар-факторлар тіндердің қоректенуі мен қайта қалпына келтіру мүмкіншіліктерін анықтайды. Ал бұл өз алдына, жақ-бет аймағында ауыз қуысында жүргізілетін хирургиялық емнің күрделілігін алдын ала анықтауға мүмкіндік тудырады, фотоплетизмография әдісінде де, тіндердегі қан толу кезеңі анықталады. Егер реография әдісінде қанның толуын электрометриялық әдіспен тіркесе, фотоплетизмографияда тіндердің оптикалық тығыздығы өзгерісінің негізінде тіркейді.

5.2. Стоматологиядағы деонтология қағидалары

Стоматолог әр уақытта аурудың түрін емес, науқас адамды емдеп отырғанын ұмытпауы қажет. Өйткені ауыз қуысы бүтін организмнің бір бөлігі, яғни ол қоршаған ортамен тығыз байланыста және оған тәуелді де.

Науқастың психикасын қорғау емхананың барлық сатысында да жүргізілуі тиіс. Бұл дәрігердің науқастың сеніміне ие болуы деген сөз.

Дәрігердің науқасқа селқос қарауы, асығыстығы, тітіркенгіштігі, науқасты тексеріп жатып бөтен затқа алаңдауы, ұмытшақтығы, орынсыз және абайсыз жасалған ескертулері, ойланбай айтылған қорытындылары, оның науқаспен арасындағы қарым-қатынасын бұзады. Яғни дәрігер жағынан ешқандай айқай, науқастармен, қызметкерлермен ұрысу деген мүлде болмау керек.

Емхананың емдеу бөлмелерінің санитарлық тазалығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Науқастар кезек күтетін бөлмеде дұрыс жағдай жасалып, тыныштық бұзу, қатты сөйлеу, әртүрлі дыбысты тітіркеніштер болмауын қарағылау қажет. Әсіресе жұбату сөздің тіс жұлу, іріңді қабынған жерлерді кесіп-тілу алдыңда маңызы зор. Науқас, дәрігерге өзіне қарағанда өз ісін жақсы білетіндігіне сенуі керек.

Дәрігерге тәжірибе мен білім әр уақытта аз, онымен бірге онда сезім мен өз мамандығына деген үлкен махаббат болуы қажет. Көптеген дәрілерге қарағанда дәрігердің жылы сөзі мен сыпайы күлкісі ем екені ертеден белгілі. Сондықтан, мұндай қасиеттерді студентгік жылдардан жинақтау қажет, өйткені кейін оны бойға сіңдіру өте қиын болады.

Тұжырым: дәрігерге келген әрбір науқасқа медициналық көмек көрсету үшін, ол науқасты мұқият, тиянақты заман талабына сай тексеру және зерттеу қажет. Ол үшін дәрігер науқастың шағымынан бастау керек. Ең басты да маңызды рөл ойнатыны аурудың келіп шығу тарихы яғни анамнезі, жасы, әлеуметтік жағдайы, қоршаған ортасы болып есептелінеді. Сондықтан әрбір науқаспен жеке сөйлесу ауруға қатысты барлық мәліметтерді алу дәрігердің міндеті және аса жауапты қызмет болып саналады. Науқасқа жүргізілетін әрбір емдеу және зерттеу амалдарын дәрігер жоспарлы түрде науқасқа мәлімет түрінде айтып жеткізіп тұру қажет. Нақтама қою үшін, дәрігер барлық әдістерден пайдалануы және оны дәрігер жоғары деңгейде білуі керек. Бет-жақ аймағы хирургіне келген науқастардың 90-95% -на ота жасалады. Сол себепті дәрігер субординация мен деонтологияға бағынуы шарт.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Медицина ғылымының адам денесіндегі ауруларды айырып білу саласын....... деп атайды.

А) нақтама-диагностика

Б)Пункциялық биопсия

В)Томография

Г)Сипап қарау

Д) миография

2) Бет-жақ аймағын зерттеуде...... қосымша тексеру тәсіліне жатады.

А)Сипап қарау (пальпация)

Б) тыңдап көру

В) сүйекті кесу

Г) сүйекті бекіту

Д) құрсау салу

3) Ауыз қуысындағы шырышты қабықта кездесетін өзгерістерді анықтау үшін.......... әдісін қолданады.

А) стоматоскопия

Б) рентгеноскопия

В) телескопия

Г) томография

Д) миография

4) Бет-жақ аймағындағы ақауларын зерттеу үшін контрасты зат...... енгізу арқылы жүргізіледі.

А) йодолипол

Б) новокаин ерітіндісі

В) дикаин ерітіндісі

Г) хлорлы кальций ерітіндісі

Д) тұз ерітіндісі

5) Ауызды ашып-жауып, жан-жаққа қимылдату арқылы...... анықтайды.

А) төменгі жақ буыны қызметінің бұзылу дәрежесін

Б) самай сүйегінің қызметінің бұзылу дәрежесін

В) төменгі жақ сүйегі денесінің қызметінің бұзылу дәрежесін

Г) жоғарғы жақ сүйегі денесінің қызметінің бұзылу дәрежесін

Д) бет-әлпеті сүйегінің қызметінің бұзылу дәрежесін

6) Бет-жақ аймағында........ арқылы бұрыштық және сызықтык өлшемдер жүргізіледі.

А) Телерентгенограмма

Б) миография

В) Сипап қарау

Г) телескопия

Д) стоматоскопия

7) Тілді тексерудің негізгі әдісі....... атаңыз.

А) сипап көру

Б) тыңдап көру

В) қарап-байқау

Г) ине шаншу

Д) сүйекті бекіту

8) Ауыз қуысын......... көмегімен тексереді.

А) стоматологиялық айнаның, қалақшаның, шымшуырдың, сүңгі құралдың

Б) стоматологиялық айнаның, шымшуырдың, балғашаның

В) қалақшаның, шымшуырдың, балғашаның

Г) стоматологиялық айнаның, шымшуырдың, қайшының

Д) қалақшаның, шымшуырдың, қайшының

9) Периодонттың жағдайын тісті........ жайлап соғып тексереді.

А) аспаппен

Б) қайшымен

В) балғашамен

Г) қысқышпен

Д) инемен

10)Томография - арқылы...... түрлі тереңдікте «кесіп» көрсетуге болады.

А) әртүрлі тереңдікте жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

Б) әртүрлі жазықтықта жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

В) әртүрлі биіктікте жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

Г) әртүрлі көлденең жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

Д) әртүрлі тігінен жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

11) Панорамды рентген суреті арқылы...... көруге мүмкіншілік береді.

А) бүкіл тіс қатарын, жоғарғы, төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын

Б) бүкіл тіс қатарын, дененің жоғарғы бөлігін

В) төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын, дененің төменгі бөлігін

Г) бүкіл тіс қатарын, дененің төменгі бөлігін

Д) төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын, дененің жоғарғы бөлігін

12) Контрасты рентгенография әдісі..... анықтау үшін қолданылады.

А) Сілекей бездеріндегі, қуысты денелердегі патологиялық өзгерістерді

Б) сүйек сынықтарында

В) бұлшықеттер жарақаттанған кезде

Г) шырышты қабаттың қабынуында

Д) дененің төменгі, жоғарғы бөлігін

13) Цитология....... зерттеу арқылы жүргізілетін әдісі.

А) жасуша бөлшектерін-клетка элементерін, олардың құрылысының ерекшелігін, шоғыр жинақ-конгломераттарын

Б) жақтың дене құрылысын

В) адам денесінің сүйектерін

Г) түтікше сүйектер құрылысын

Д) сопақша ми құрылысын

14)Биопсия.... тексеру және дұрыс нақтама қоюға бағытталған әдіс болып саналады.

А) кесіп алынған тірі тінді

Б) кесіп алынған өлеттенген тінді

В) тілінген өлеттенген тінді

Г) шабылған сүйек тінді

Д) ойылған өлеттенген тінді

15) Биопсияның......... түрлерін атаңыз:

А) инцизиялық, пункциялық, аспирациялық,

Б) пункциялық, аспирациялық, мекен-жайлық

В) аспирациялық, инцизиялық, мекен-жайлық

Г) пункциялық, инцизиялық, қақпақты

Д) аспирациялық, пункциялық, қақпақты

16) Инцизиялық биопсияда тіндер аумағы.......... кесіліп алынады.

А) ауруға ұшыраған тіндер аумағы түгел кесіліп алынады.

Б) ауруға ұшыраған тіндер аумағы жартылай кесіліп алынады.

В) ауруға ұшыраған тіндер аумағы 2/3 бөлігі кесіліп алынады.

Г) ауруға ұшыраған тіндер аумағы 4/5 бөлігі кесіліп алынады.

Д) ауруға ұшыраған тіндер аумағы мүлдем кесіп алынбайды.

17)Пункциялық биопсияда..... қалыңдықтағы тіндер алынады.

А) әртүрлі диаметрдегі торакарлармен бірнеше миллиметр

Б) бірнеше торакарлармен әртүрлі диаметрдегі

В) торакарлармен әртүрлі диаметрдегі бірнеше

Г) бірнеше миллиметр әртүрлі диаметрдегі

Д) торакарлармен әртүрлі диаметрдегі бірнеше

18)Аспирациялық биопсияда....... материал алып тексереді.

А) жіңішке иненің көмегімен аз ғана мөлшерде

Б) жуан иненің көмегімен көп мөлшерде

В) жіңішке иненің көмегімен көп мөлшерде

Г) жуан иненің көмегімен аз ғана мөлшерде

Д) түтікшенің көмегімен, көп мөлшерде

19) Функционалдық диагностикалық әдістерінің түрлерін атаңыз.

А) мастикоциография, миотонография, электромиография

Б) миотонография, электромиография, томография

В) электромиография, рентгенография, сиалоскопия

Г) мастикоциография, томография, электрокардиография

Д) электромиография, рентгеноскопия, сиалография

20) Мастикоциография әдісі дегеніміз..............

А) шайнау бұлшықеттерінің қимылын жазу

Б) сүйек тіні құрамындағы жасушаларының талшықтарын зерттеу

В) бұлшықеттердің жасушаларының талшықтарын зерттеу

Г) ми жасушаларының талшықтарын зерттеу

Д) адам денесіндегі жасушаларының талшықтарын зерттеу

21) Миотонография әдісі дегеніміз..............

А) шайнау еттерінің тонусын анықтау

Б) адам денесіндегі жасушаларының талшықтарын зерттеу

В) бұлшықеттердің жасушаларының талшықтарын зерттеу

Г) ми жасушаларының талшықтарын зерттеу

Д) сүйек тіні құрамындағы жасушаларының талшықтарын зерттеу

22) Электромиография әдісі дегеніміз..............

А) Бұлшықеттердің электрофизиологиялық жағдайын білу үшін биопотенциалдарды тіркеу

Б) шайнау еттерінің тонусын анықтау

В) бұлшықеттердің жасушаларының талшықтарын зерттеу

Г) ми жасушаларының талшықтарын зерттеу

Д) адам денесіндегі жасушаларының талшықтарын зерттеу

23)........... электроодонтодиагностика әдісін қолданамыз

А) тістердің ток күшіне сезімталдылығын тексеру үшін

Б) тістердің жәй төзімділігін тексеру үшін

В) тістердің ток күшіне қимылын тексеру үшін

Г) тістердің жәй қимылын тексеру үшін

Д) тістердің ток күшіне төзімділігін тексеру үшін

24) Сау тістердің ток күшіне сезімталдылығы...... тең болады.

А) 2-6 мкА

Б) 25-30 мкА

В) 15-20 мкА

Г) 45-50 мкА

Д) 10-15 мкА

25) Реография әдісінде қанның толуын....... негізінде тіркейді.

А) электрометриялық

Б) оптикалық

В) сығымдау

Г) тығыздығына байланысты

Д) сәулелік

 

 

 
VІ ТАРАУ

ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Хирургиялық ота кезінде ауыру сезімін жоюға бағытталған шаралардың жинағын жансыздандыру деп атаймыз.

Ауыру сезімін жою жолдарын зерттейтін медицина ғылым саласын анестезиология (гректің «а» — жоқ, aestesis - сезім, logus — сөз, ілім) дейміз. Анестезия терминін 1846 жылы Мортон енгізді. Жалпы жансыздандыруға келесі талаптар қойылады: барынша ауыру сезімін жою, науқасқа қауыпсыз болу, хирургке мол ыңғайлы жағдай тудыру.

Қазіргі кездегі жалпы жансыздандыру жетістігінің арқасында жақ-бет аймағындағы барлық оталарды толық жасауға мүмкіндік болып отыр.

Жансыздандыру жалпы, жергілікті, аралас, болып бөлінеді. Аралас жансыздандыруға жергілікті жансыздандыру мен жалпы жансыздандыру, жергілікті жалпы жансыздандыру мен нейролептаналгезия, жалпы жансыздандыру мен нейролептаналгезияның түрлері кіреді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2774; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.654 сек.