Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Нейролептаналгезия




Нейролептаналгезия деп жансыздандырудың (анестезияның) көк тамырға- венаға ауыру сезімталдығын жоятын (аналгезия) күшті анестетик (фентанил) және адамның айналасындағы болып жатқан жағдайға талғаусыздықпен (нейролепсия) қарататын нейролептик (дроперидол) енгізу арқылы болатын әдісін айтады. Нейролептаналгезияның бірнеше әдістері бар. 1972 жылдан бастап Де Кастро мен Мунделлер (1969 ж.) әдістерінің өзгертілген түрі қолданылып келеді. Бұның негізінде тыныс жұмысын бәсеңдетіп фентанил мөлшерін-дозасын мейлінше азайтып, дроперидол мөлшерін-дозасын көбейту жатады. Фентанилдің аз аналгетикалық әсерін, көк тамырға-венаға 33% спирт енгізу мен жергілікті жансыздандыру әдісін қолдану арқылы толықтырады. Нейролептаналгезия ота болатын түнде байырғы дәрі демеуден-премедикациядан басталады. Оталық үстелде-столда көк тамырға- венаға 0,25% 0,5 мл атропин, 2 мл пипольфен, 10 кг салмаққа 1 мл дроперидол, 2,4% 5 мл эуфилин және 1 кг салмаққа 33% 2 мл спирт енгізіледі. Осымен қатар жергілікті жансыздандыру жасалады. Отаның алдында көк тамырға-венаға 1 кг салмаққа 0,025 мг фентанил көк тамырға- венаға жіберіледі. Ота барысында фентанил қайталанылады, бірақ бірінші енгізгеннен 12-1 5 минуттен кейін.

Жоғарыдағы аталған дәрілерді көк тамыр-вена арқылы жібергеннен 5 минут уақыт өткеннен кейін ауру тынышталып ұйқысұрай бастайды. Бұл кезде, ол айтқанға тез көніп, барлық бұйрықты орындауға әзір болады. Шын көңлімен аузын ашып ауыз қуысын тексертеді, дәрігердің не істеп жатқанын байқап, бірақ оған көңіл аудармайды. Жансыздану қабілеті жақсы болғанымен, жергілікті жансыздандыру әдісін қолданбай отаны жасауға болмайды. Ота кезінде қанның қозғалыс құрамы-гемодинамика көп өзгермейді.

6.2. Жақ-бет аймағын жалпы жансыздандырудағы ерекшеліктер

«Әрбір аурудың өзіне тән жансыздандыру әдісі бар» және «жансыздандыру әдісі отадан ауыр болмауы қажет» деген жалпы қағидаға сүйене отырып жақ-бет аймағына қолданылатын жансыздандыру әдістерін белгілеу қажет.

Жақ-бет аймағы хирургиясында өте жақсы танымалы жергілікті жансыздандыру әдістерімен қатар жалпы жансыздандыру (наркоз) әдістері кеңінен қолданылады. Көбіне ауруханаларда эндотрахеалды, ал емханаларда көк тамырға-венаға енгізу әдістері.

Эндотрахеалды жалпы жансыздандыру (наркоз) жақ-бет аймағында жасалатын ауыр қиын оталарда қолданылады. Оларға И. Н. Мусовозов келесі оталарды жатқызады:

1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:

а) Жоғарғы жаққа толық кесіп алу-резекция жасау;

б) Жоғарғы жақты кесіп алумен- резекциясымен қатар шандыр-бұлшық еттің шелді қабығы мен қаптамасымен-фациалды-футлярлы ота жасау;

в) Жоғарғы жақты жарым-жартылай кесіп алуы-резекциясы;

г) Ауыр жарақатталған жоғарғы жақты бірінші хирургиялық өңдеу әдісі және оның зардабын оталық емдеу.

2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:

а) Төменгі жақтың жартысын кесіп алу немесе оны резекция жасау;

б) Кесіп алу-резекция немесе жартысын алып оны сүйекпен жамау салып қалпына келтіру-пластика жасау;

в) Кесіп алу-резекция немесе төменгі жақтың жартысын алып шандыр-бұлшық еттің шелді қабығы мен қаптамасымен-фациалды-футлярлы ота жасау;

г) Төменгі жақ ақауын және жалған буындарды сүйекпен жамау- пластикасы арқылы орнына келтіру;

д) Төменгі жақтың қатерсіз ісіктерін алу;

е) Шықшыт буынының анкилозында, прогнатияда, прогенияда, микрогнатияда төменгі жақты остеотомия жасау;

ж) Төменгі жақтың ауыр жарақатын бірінші хирургиялық өңдеу әдісі.

3. Ауыз қуысдағы оталар:

а) Уранопластика;

б) Ауыз қуысындағы ісіктерді алу;

в) Ауыз қуысының үлбір қабығындағы көлемді тыртықты алу;

г) Ауыз қуысының жарақатын тазарту.

4. Мойын мен бет аймагынъщ жумсақ тіндеріндегі оталар:

а) Мойын мен бет аймағындағы үлкен қатерсіз және қатерлі ісіктерді алу;

б) Бет пен мойындағы үлкен ақауларды бітеу;

в) Бет пен мойындағы грануляциялық жараларды пластика әдістерін

қолдану арқылы бітеу;

5. Балалар және ересек адамдардың жалпы жүйке жүйесінін, жұмысы өзгерген кезде эндотрахеалды жалпы жансыздндыру-наркоз арқылы ота жасау.

6. Жергілікті дәрілерге сезімталдықтың артуы-анестетіктерге идиосинкрозия болғанда отаны жалпы жансыздндыру – наркоз арқылы жасау.

Жалпы жансыздандыруға қарсылық. Жалпы жансыздандыруға абсолюттік қарсылық жоқ, егер жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің жедел ағымды қабынуы және геморрагиялық диатездер болмаса. Басқа ағзалар мен жүйелер дерттерін жалпы жансыздандыру-наркоз берер алдында және жалпы жансыздандыру-наркоз кезінде қатты ескеру қажет.

6.3. Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау

Ота алдындағы дайындық келесі шараларды қолданудан басталады:

а) Жүрек-тамыр, тыныс алу, жүйке т. б. жүйелер жұмысын тұрақты ету үшін дәрілер қолдану;

б) Организмнің кернемесін-тонусын көтеру шараларын қолдану.

Ауруды жалпы жансыздандыру-наркоз және ота-операция алдында тікелей фармакологиялық дайындау дәрі демеу-премедикация деп аталады.

Дәрі демеуде-премедикацияда қолданылатын дәрілер келесі мақсаттарға жету үшін беріледі: а) жалпы жансыздандыру-наркоз және ота-операция алдында ауру организміне жан дүниесі мен көңіл күйіне-психо-эмоционалды тыныштық жасау; б) жалпы жансыздандыруға-наркозға енуге жеңілдік жасаумен қатар наркотиктердің мөлшерін-дозасын кеміту; в) жалпы жансыздандыру-наркоз және ота-операция барысында артық рефлекторлық серпіліс (реакция) болдырмау.

Ғалымдар дәрі демеудің-премедикацияның бірнеше нобайларын-схемаларын ұсынды. Бірақ онда симпатолитикалық, ұйықтататын, аналгетикалық, дәрілер қосындысын кіргізу қажет.

Дәрі демеуді-премедикацияны ота болар алдындағы түннен бастайды. Түнгі 22 сағатта люминал 0,1%, дипразин 0,05% (балаларға 0,025%) беріледі. Отаға 2 сағат қалғанда осы дәрілерді қайта беру қажет. Ал, отаға 40 минут қалғанда 1,0-2% промедол, 0,5-1,0мл атропин ерітінділерін бұлшықетке жіберу қажет.

Осындай дәрі демеу-премедикация нобайы-схемасы толық деп есептелгенімен барлық ауруларға қалыпты-стандарт болуы тиісті емес.

6.4. Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері

 

Жалпы жансыздандырудың-наркоздың клиникалық ағымы көптеген себептерге байланысты. Олардың ішінде: науқастың жалпы жағдайына,

жасына, ауруға, наркотиктерге, анестезиологтар мен хирургтардың өнеріне т.б. жағдайларға байланысты.

Бірақ, барлық жалпы жансыздандыру-наркоз түрлеріне тән жалпы клиника бар. Жалпы жансыздандырудың-наркоздың жалпы үш клиникалық кезеңі болады.

1)Жалпы жансыздандыруға-наркозға ену: а) ауырғанды сезбеу-аналгезия сатысы-фазасы; б) қозу сатысы-фазасы.

2) Жалпы жансыздандыру кезеңі.

3) Жалпы жансыздандырудан-наркоздан шығу:

а) ота бөлмесінде ояну;

б) отадан кейінгі ұйқы.

Хирургиялық - бірінші, екінші, үшінші деңгейде жүреді.

Бұл кезеңдер жақ-бет аймағындағы оталарда осы тәртіппен өтуімен қатар бірнеше ерекшеліктері бар. Олар патологиялық кезеңдердің анатомия-физиологиялық орналасуы; жақ-бет аймағының осыған байланысты өзгеруі; ота ерекшеліктері. Хирург пен анестезиологтың бір жерде жұмыс істейтіндіктеріне байланысты бір-біріне кедергі келтіру мүмкіндігі туады. Осыған байланысты құрал-саймандар-аппараттар мен көмекшілер орнын тағайындау қажет. Мысалы көмейге түтік орнату-интубацияны ауыз арқылы жасағанда анестезиолог пен құрал-маймандар-аппаратуралар аурудың бас жағында, мұрын қуысы арқылы жасаса хирургтың артында, ал кеңірдек-трахеостома арқылы жасалғанда аурудың кеуде тұсында орналасқандары дұрыс.

Бет-жақ аймағында орналасқан патологиялық кезеңтер жоғарғы тыныс жолдарының топографиясын өзгертеді. Осыған байланысты көмейге түтік орнатудың-интубация жасаудың өзіндік ерекшеліктері болады. Әдетте жалпы хирургияда көмейге түтік орнату-интубация ауыз қуысы арқылы жасалынса, ал жақ-бет хирургиясында бұл тәсілді ауыз толық ашылғанда, ауыз қуысында көмейге түтік орнату-интубация жасауға кедергі болмайтын патологиялық кезеңдер жоқ болса ғана пайдалануға болады. Көп жағдайларда көмейге түтік орнату-интубация мұрын қуысымен «көзсіз» және кеңірдек-трахеостомия арқылы жасалынады. Көмейге түтік орнатуды-интубацияны мұрын қуысы арқылы жасауға ауыз қуысында болатын оталар, төменгі жақта орындалатын сүйек табақшалары-пластикалары, сынық бекіту ота-операциялары негізгі көрсеткіш болып есептеледі.

Ауыз ашылымы шектелгенде қауыпты ісіктер, буынның қозғалмауы-тасбуын-анкилоздар, қарысу-сіресу-контрактуралар, өте кіші ауыз-микростома болған жағдайларда көмейге түтік орнатуды-интубацияны мұрын қуысы арқылы «көзсіз» жасауға болады. Бірақ бұл әдісті көмекей ісіктері, тыртықтар әсерінен жоғарғы тыныс жолдарының орны өзгергенде қолдануға болмайды. Оның себебі өкпені сірі-маска арқылы дем алдыру өте қиындыққа соғады. Егер ауыз ашылмаса (анкилоздар, контрактуралар), мұрын қуысы тарылса көмейге түтік орнатуды-интубацияны кеңірдек-трахеостома арқылы жасайды. Хирург-стоматологтар жұмысында аурулар (көмекейін алған, көмекей-кеңірдектің зақымдануы) трахеостомамен келулері мүмкін. Бұл жағдайда наркозды осы трахеостома арқылы беруге болады. Көмейге түтік орнатудан-интубациядан кейін жұтқыншақты фурациллин ерітіндісімен суланған дәкемен (бинтпен) жақсылап, ауыз қуысынан өңешке қан бармайтын етіп жабу, жақ-бет аймағындағы жасалатын оталарда өте маңызы зор деп есептеледі.

Анестезиологтарға жалпы жансыздандырудың-наркоздың қандай тереңдік деңгейде жүріп жатқанын көз қарашығы арқылы тексеру өте қиын.

Өйткені көз қарашығы залалсыздандырған-стерилді жапқыш астында қалып, ол жерде хирург жұмыс жүргізеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2022; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.