Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Созылмалы жайылмалы (диффузды) остеомиелит




Осылай бөлу клиникалық тәжірибе үшін ыңғайлы, өйткені шектелген және жайылған остеомиелиттер кезіндегі ота-оперативтік емнің бір-бірінен айырмашылығы бар.

ҚазҰМУ клиникасының мәліметтері бойынша (Шинкаренко Д. И. 1968) 210 созылмалы одонтогенді остеомиелитпен ауырғандардың ішінде (1958-1967 ж), 86,2% шектеулі остеомиелит; 13,8% жайылмалы түрі болғаны анықталған. Жайылмалы остеомиелит көбіне төменгі жақта кездеседі.

Клиникалық көрінісі. Созылмалы шектелген остеомиелит кезінде бұрынғы тесіктен қалған тыртық нәтижесінде бет әлпетінде аздап өзгерістерді кейде жыланкөзді көруге болады. Ауыз қуысында бұзылған тіс немесе түбір, кейде жазылмайтын тіс ұяшығында грануляцияны, одан іріңнің бөлініп тұрғанын анықтауға болады, шырышты қабықта бір немесе бірнеше жыланкөз болуы мүмкін. Дене қызуы қалыпты, қан көрсеткіштерінде де айқын өзгерістер жоқ.

Рентгенограмма. Одонтогендік ошаққа жақын жерде сүйек бүлінуі-деструкциясы айқын көрінеді, кейде сүйек тінінің шіріген бөлігі- секвестрлер анықталады. Сүйек тінінің сиректенуімен сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестр өзінің тығыздығы бойынша ерекшеленіп тұрады және бос жатқан үлкен мөлшердегі қою көлеңке түрінде көрінеді. Бірақ өте ұсақ мөлдір сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрлер рентгенограммада анықталмауы мүмкін, сондықтан бұл зерттеу мәліметтерін жоғары бағалаудың қажеті жоқ.

Созылмалы шектелген остеомиелит өршиді және жедел остеомиелит клиникасын береді, бірақ жыланкөздер арқасында ірің оңай шығып қабыну процесі тезірек жазылады.

Егер жыланкөз бет терісі жағынан болса, ауру тез дәрігерге қаралады, ал егер ол ауыз қуысында болса жылдар бойы ауырып жүре береді. Әрбір жаңа өршуден кейін жарақат аймағы үлкейе береді де, бұл процесс созылмалы жайылған остеомиелитке айналуы мүмкін.

Созылмалы жайылмалы остеомиелиттің клиникасы. Бұл кемтарлыққа алып келетін ауру, әдетте ол жайылмалы жедел іріңді остеомиелиттен кейін дамиды.

Сырттай қарағанда, жақ сүйектерінің деформациясы және тыртықтар, жыланкөз жолдары қосылуынан пайда болған бет әлпетіндегі күшті деформацияны көруге болады. Жыланкөз тесігінің айналасынан саңырауқулақ тәрізді грануляция шығып, олардан көп мөлшерде ірің ағып тұрады.

Жыланкөз айналасындағы тері қабаты сырылып кеткен (57-сурет).

Ауыз қуысында көп тістері жоқ, қалған тістері қозғалмалы, олар бір жаққа қарай қисайып орналасқан. Жақ доғасы патологиялық сынық нәтижесінде қисайған. Шырышты қабық көкшіл, жыланкөздерден көп ірің ағып тұрады, жыланкөзді тексергенде жалаңаш сүйекті анықтауға болады, шайнау қызметі бұзылған. Дене қызуы әдетте қалыпты, аздап лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, анемия. Зәрде белок іздері бар.

Сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрлер үлкен көлемді болады, кейде бүкіл төменгі жақ секвестрленеді. Сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрлер біреу не көп болуы мүмкін және бүтін, орталық, шеттік болып бөлінеді (57-сурет). Сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестрация кезеңі-процесі орташа есеппен жоғарғы жақта 3-4 жұмаға, төменгі жақта 5-6 жұмаға созылады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1332; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.