Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мен флегмоналар. Топографиялық анатомиясы:алдында — төменгі жақ сүйегінің иек бөлімі




Топографиялық анатомиясы: алдында — төменгі жақ сүйегінің иек бөлімі, шет қапталдарында оң және сол қос қарынша бұлшықетінің алдыңғы қарынша бөлігі, үстінде — жақ-тіласты бұүлшықеті, артында — тіласты сүйегінің денесі, төменінде — мойынның меншікті фасциясы. Бұл жерде бұлшықет арасы борпылдақ клетчаткасы және 2-4 иекасты лимфа түйіндері орналасқан. Бұл аймақта іріңді қабынудың пайда болуына лимфа түйіндерінің қабынуы және төменгі күрек тістердің түбір ұшында инфекция ошағының болуы себепші деп есептеледі.

Клиникалық көрінісі. Екінші иек тәрізді қатты ауыратын ұйыспа-инфильтрат пайда болып, бет аумағы ұзарғандай көрінеді. Жалпы көрінісі онша ауыр емес. Ауыз ашу шектелмеген, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы өзгермеген, тек әбден асқынған жағдайда шырышты қабық домбығады, ал тері қабатында — қан кернеп қызару және күлтіреу-флюктуация пайда болады.

Іріңді шығару үшін иекасты аймағының терісін ортаңғы сызықпен ұзындығы 2-2,5 см етіп тіледі де, қан тоқтатқыш қысқашпен тіндерді жылжытып (сырып), ірің шыққанға дейін ашады. Жараға қашыртқы-дренаж қойып таңады.

Төменгі жақасты үшбұрышының абсцесстері мен флегмоналары. Үшбұрыштың анатомиялық шегі: төменгі жақ сүйектің төменгі қыры, қос қарынша бұлшықетінің алдыңғы және артқы қарыншалары, жоғарғы

шегі-жақ-тіласты бұлшықеті, астыңғы шегі-мойынның меншікті шелі- фасциясының беткей қабықшасы.

Жақасты кеңістігін толтырып тұратын клетчаткада жақасты сілекей безі, бет артериясы, алдыңғы бет венасы лимфа түйіні орналасады. Бұл жерге инфекция — кешеуілдеп жарып келе жатқан үшінші азу тістен, төменгі үлкен және кіші азу тістердің түбір ұшында болатын қабыну процестерінен тарайды. Жақ астында ауыратын ісік пайда болып, жұтынуда ауырсынады. Жақасты үшбұрыштығының тереңінде тығыз, ауыратын ұйыспа-инфильтрат пайда болып, тері қабаты керіле бастайды. Коллатеральды домбығу күшейіп, төменгі жақ сүйек қимылында

ауырсынады және II—IIIдәрежелі жақ қарысуы болуы мүмкін (61-сурет).

 

Сурет-61. Төменгі жақасты аймағының флегмонасы

Флегмона—даму шыңына жете бергенде, дене қызуы 38-39°С көтеріліп, науқастың жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Іріңді зат мойынға жұтқыншақ маңы кеңістігіне және ауыз қуысы түбіне таралуы мүмкін. Сондай-ақ алдыңғы бет жүйесі және мойындырық венасының тромбозы болуы ықтимал. Жақасты клетчаткалы кеңістігнің флегаонасы сепсиспен және медиастинитпен асқынуы мүмкін.

Емі. Флегмонаны ашу үшін, төменгі жақ сүйегінің қырынан төмен қарай және оған параллель 1-2 см төмен ұзындығы 3-4 см тері қабатын тіледі де, теріасты клетчаткасы мен бұлшықеттерін қан тоқтатқыш қысқашпен ашады. Іріңді шығарып, жараға қашыртқы-дренаж қояды.

Меншікті шайнау етіасты кеңістігінің, абсцесстері мен флегмоналары. Кеңістіктің топографиялық анатомиясы: Т өменгі жақ сүйегі бұтағының сыртқы беті — медиальды шегі, меншікті шайнау етінің ішкі беті — латеральды шегі, шықшыт доғасының қыры- жоғарғы шегі, төменгі жақ сүйегі қыры — төменгі шегі болып табылады. Бұл жерде май клетчаткасы аз болғандықтан, ірің меншікті шайнау еті мен сүйек сырты қабығы араларында жиналады, Аурудың себебі — төменгі үшінші азу тістің кешігіп қиналып жаруы және төменгі азу тістер жанындағы тіндердегі инфекциялардың лимфа және вена жолдары арқылы таралуы.

Клиникалық көрінісі. Меншікті шайнау етінің бекіген тұсында, яғни төменгі жақ сүйегінің бұрышынан жоғары тығыз, ауыратын ұйыспа-инфильтраттың пайда болуынан, бет әлпет өзгереді. Тері қабаты өзгермейді, бірақ I-II дәрежелі қабыну қарысу-контрактурасы пайда болады. Науқастың жалпы жағдайы — орташа, асқынған жағдайда — ауыр, дене қызуы 38-39°С градусқа дейін көтеріледі. Ауру әрі қарай асқынған кезде домбығу және ұйыспа-инфильтрация самай, жақарты және құлақмаңы меншікті шайнау еті аймағына жайылып, ауыруы үдейді.

Емі. Іріңді затты шығару үшін төменгі жақтың бұрышын айналдыра ұзындығы 4-5 см етіп тері қабатын тіледі де, шайнау етінің бекілген жеріндегі сіңірін (жақтың бұрышына таман жерінде) жартылай кесіп, қан тоқтатқыш қысқашпен етті төмен жағынан, жақ сүйек бұтағының сыртынан ажыратады. Іріңді шығарып, жараға қашыртқы-дренаж қояды.

Жақ сүйегіарты аймағының флегмонасы. Топографиялық анатомиясы. Жақарты шұңқыршасы төменгі жақ сүйектің бұтағының артқы қырымен -алдында, емізікше өсіндісімен оған бекитін — төс-бұғана-емізікше бұлшықетімен — артында, біз тәрізді өсінді мен оған бекіген еттермен — медиальды жағында, сыртқы дыбыс есту тесігімен —жоғарғы жағында шектеледі. Сырт жағында құлақмаңы шайнау еті шелі-фасциясымен жабылған. Бұл жерде лимфа түйіндері, май клетчаткасы, құлақмаңы сілекей безінің артқы полюсі орналасқан.

Флегмонаның пайда болуына, төменгі азу тістері мен инфекцияның көрші аймақтардан келуі себепші болады (подмассетериальды, жақасты аймақтары).

Клиникалық көрінісі. Тығыз, ауыратын ұйыспа-инфильтрат пайда болып, бүйір тармақтар-коллатеральды домбығу самай, құлақмаңы және ыртқы есту тесігі маңына жайылады. Жалпы жағдайы орташа, дене қызуы 38-39°С дейін көтеріліп, төменгі жақ сүйегі мен мойын қимылы шектеледі. Іріңді шығару үшін төменгі жақ сүйегі бұтағының артқы қырына параллель етіп, ұзындығы 2,5 см-дей тері қабатын қандауырмен тіледі де, ары қарай тіндерді өткір емес аспаппен ашады. Іріңді шығарып, жараға қашыртқы-дренаж қояды.

Жақ-қанатша кеңістігінің флегмонасы. Топографиялық анатомиясы. Жақ-қанатша кеңістігінің латеральды қабырғасын — төменгі жақ сүйегі бұтағының ішкі беті, артқы және төменгі қабырғасын — медиальды қанатша бұлшықетінің сыртқы беті құрайды. Жоғарғы жақ шегі — медиальды және латеральды қанатша бұлшықеттерінің фасциальды жапырағы, алдыңғы жағында - ұрт-жұтқыншақ жігі.

Жақ-қанатша кеңістігі борпылдақ клетчаткамен толтырылған, оның латеральды қабырғасының ортасында ұяшық жүйкесі-альвеолды нерв, артерия және вена өтетін төменгі жақ сүйек тесігі орналасқан. Қанатша-жақ кеңістігі- самайасты, қанатша-таңдай шұңқыршаларымен, жұтқыншақ маңы кеңістігі және жақарты аймағымен, ал дөңгелек тесік арқылы —үшкіл нерв бұтақтарының жолымен, бас қуысымен байланысады. Осы кеңістіктегі іріңді кезең-процесстер, кей жағдайда адам өміріне қауіп туғызатын ауру болып табылады.

Жақ-қанатша кеңістігі клетчаткасының іріңді қабынуына көбінесе төменгі азу тістер себепші болады. Сондай-ақ инфекция мандибулярлық жансыздандыру кезінде де енуі мүмкін.

Тістен пайда болған одонтогендік (инфекциялық флегмона) флегмоналарда қабыну ұйыспа-инфильтраты — бұл кеңістіктің төменгі бөлімінде, ал инфекциялы флегмоналарда ұйыспа-инфильтрат көбінесе кеңістіктің жоғарғы бөлімінде пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Қабынудың ең ерте білінетін белгісі — II-III дәрежелі қарысу-контрактура және ауырсынып жұтыну болып есептеледі. Сонан соң төменгі жақ сүйегі бұрышында тығыз, ауыратын ұйыспа-инфильтрат пайда болып, ауыз ашылуы одан әрі шектеледі. Жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы 38-39°С көтеріледі. Ауыз қуысын тексергенде — алдыңғы таңдай иінінің, қанатша-жақ қатпарының шырышты қабығының ұйыспа-инфильтрациясын көруге болады. Сондай-ақ Венсан белгісі-симптомы байқалуы мүмкін (иек аймағының сезімталдығының бұзылуы) ол төменгі альвеолды нервісінің, жақ сүйегі өзегіне кірер жерінде қысылып қалуының салдары.

Емі. Іріңді шығару үшін төменгі жақ сүйегі бұрышын айналдыра, ұзындығы 4-4,5 см етіп, тері және теріасты клетчаткасын тіліп, ары қарай қан тоқтатқыш қысқашпен, төменгі жақ сүйегінің ішкі бетіне бекитін медиальды қанатша бұлшықетінің сіңірін сүйектен ажыратады. Аспапты жақсүйек бұтағының ішкі бетімен жылжыта отырып, іріңді шығарады. Жараға қашыртқы-дренаж қойып таңады.

Қабыну кезеңінде ұйыспа-инфильтрат қанатша-жақ кеңістігінің

жоғарғы бөлімінде орналасса, іріңді шығару үшін ауыз қуысы арқылы қанатша-жақ қатпарына параллель етіп, шырышты қабықты тік кеседі, яғни қатпар мен төменгі жақ сүйегінің алдыңғы қыры арқылы. Өткір емес аспаппен қанатша-жақ кеңістігі тінін ашып іріңді шығарады.

Жұтқыншақмаңы кеңістігінің флегмонасы. Жұтқыншақ маңы

кеңістігінің мөлшері кіші болғанымен, іріңді аурулар клиникасы үшін мағынасы бар. Өйткені бұл жерге кеңірдек жақын орналасады және үлкен қан тамыры, нерв бағандары өтеді. Сондықтан бұл аймақтың флегмоналары өмірге үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Топографиялық анатомиясы. Жұтқыншақтың бүйір қабырғасының бұлшықеттері — кеңістіктің ішкі қабырғасын; медиальды қанатша бұлшықетінің ішкі беті — сыртқы қабырғасын; қанатша-жақ-алдыңғы қабырғасын; біз тәрізді өсінді өзіне бекитін үш бұлшықетпен және екі байламмен (Жонеско диафрагмасы) бірге — артқы қабырғасын; жақасты сілекей безі — төменгі қабырғасын шектейді.

Парафарингеалды кеңістікте борпылдақ клетчатка да мол болады. Ол жақарты шұңқыршасымен, медиальды қанатша бұлшықетінің және бізше-жұтқыншақ апоневрозының арасына сыналап кіріп жатқан жұтқыншақ өсіндісі арқылы құлақмаңы (шықшыт) сікелей безі ұясымен, біз-тіласты және біз-тіл бұлшыкеттері арқылы ауыз қуысы түбі және жақасты ұшбұрыштығымен байланысады.

Жұтқыншақмаңы кеңістігінің іріңді қабынуына - балық сүйегінен немесе бөтен денелерден жарақаттану немесе басқа көрші аймақтардан (паротитте, баспада, ауыз қуысы түбі флегмонасында) инфекцияның кіруі себеп болады.

Клиникалық көрінісі. Дене қызуы көтеріліп, жұтыну кезең-процессі құлаққа шауып, қатты ауырады. Науқастың жалпы жағдайы тез нашарлап, жұтынуы, дем алуы қиындайды, даусы қырылдап, міңгірлей бастайды. Бет келбеті дөңгелектеніп, көкшіл тартады. Ауызды ашу қиындайды. Лимфа түйіндері үлкейіп, ауырсынады (төс-бұғана-емізікше бұлшықеті бойындағы). Ауыз қуысының артқы бөлімін қарағанда онда жұмсақ таңдайдың, оның иіндершің және жұтқыншақтың бүйір қабырғасынық домбығуы мен ұйыспа-инфильтрациясын көруге болады, жұмсақ таңдай тілшігі сау жаққа қарай жылжыған, жұтқыншақ (аңқа) кішірейген.

Парафарингеалды кеңістіктің қауіпті асқынуы — көкірек қуысының іріңдеуі, яғни медиастинит болып есептеледі. Көкірек қуысына инфекцияны өткізуші болып, ұйқы, мойындырық веналары, бассүйек-ми жүйкелерінің-нервтерінің бағандары есептеледі.

Емі. Парафарингеалды кеңістіктің іріңін шығару үшін, төменгі жақ сүйегінің бұрышын айналдыра, ұзындығы 4-4,5 см етіп тері қабатын тіледі де, қан тоқтатқыш қысқашты медиальды қанатша бұлшықетінің ішкі бетімен астынан жоғары қарай, сырттан ішке қарай жылжытады. Ірің шыққан соң, жараға қашыртқы-дренаж қояды. Егер шектелген абсцесс пайда болса, онда қанатша-жақ қатпарына параллель ішке қарай, ауыз қуысы арқылы тік, тереңдігі 0,5-0,75 см-дей шырышты қабықты тіледі де, қан тоқтатқыш қысқашпен тінді ашып, іріңді шығарады. Ауыз қуысын жылы антисептиктермен бірнеше рет шайқайды.

Тамақасты флегмонасы. Топографиялық анатомиясы. Тамақ астын (диафрагма) аша сүйек-жақ-тіласты бұлшықеті құрайды. Оның жоғарғы

жағында симметриялы түрде — иек-тіл және тіласты-иек бұлшықеттері орналасады; диафрагмадан төмен қосқарынша бұлшықетінің алдыңғы қарыншасы орналасады. Осы еттердің арасында борпылдақ клетчатка болады.

Аша сүйек-жақ-тіласты бұлшықеті тамақ астын 2 қабатқа бөледі — жоғарғы және төменгі. Жоғарғы қабатында — тіласты сілекей бездері, төменгі қабатында — жақасты сілекей бездері, қан тамырлары, нервтер мен лимфа түйіндері орналасады.

Тамақасты флегмонасының пайда болуына - төменгі азу тістері мен басқа аймақтардан (тамақасты үшбұрыштығы, жұтқыншақмаңы немесе қанатша-жақ кеңістігі) инфекцияның кіруі және сілекей безі себепші болады.

Клиникалық көрінісі. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 39-40°С градусқа дейін көтеріледі де, тамыр соғуы жиілейді. Тынысы жиілеп, ауырлайды. Беттің төменгі бөлімінде — жайылмалы, ауыратын, тығыз инфильтрат пайда болып, тері қабаты керіліп, қан кернеп қызарады. Ауызы жартылай ашылып, тілі кеуіп, ауызға сыймай тұрады (инфильтраттың әсерінен). Ауыздан жағымсыз иіс шығады. Сілекей қою және таза емес (61-сурет).

Тіласты біліктері мен қатпарлары тілұшы астында үлкейіп, екінші тіл тәрізденіп тұрады. Жұтынуы қиындайыды немесе мүлдем жұтына алмайды, даусы қырылдап, сөйлеу қиынға соғады.

Науқастың лажыз басы төмен салбырап, селқос жағдайда немесе шамадан тыс көтеріңкі күйде болуы мүмкін.

Емі. Іріңді ошақты уақтылы ашып, іріңді шығару өте қажет шара. Тамақастының шектелген флегмонасында орта сызық бойымен ұзындығы 4 см-дей етіп иектен тіласты аша сүйегіңе дейін тіліп, тіласты аймағына дейін аспаппен тінді ашады.

 

Сурет-62. Ауыз қуысы түбінің флегмонасы

Ал тамақастының жайылмалы флегмонасында, орта сызық, бойымен кесіп-ашып қана қоймай, жақасты үшбұрыштығында, төменгі жақ қырына параллель етіп, оң-сол жақтарын да тіледі. Барлық тілінген жер арқылы, клетчаткалы кеңістіктерді ашып, іріңді шығарады да, жараға жақсылап қашыртқы-дренаж қояды.

Ауыз қуысы арқылы тек шырышты қабық астында кездесетін шектелген абсцесстерді ғана тіледі.

Тіл-жақ абсцессі. Топографиялық анатомиясы. Тіл-жақ науасы үлкен азу тістердің тұсында, тіласты аймағының артқы бүйір бөлімінде, төменгі жақ сүйегі денесінің ішкі беті мен тіл түбінің бүйір қабырғасында орналасқан.

Науаның ұзындығы 2-2,5 см, ені-1-1,5 см, бұл жерде борпылдақ клетчатка орналасқан. Инфекция осы аймаққа төменгі азу тістерден енеді. Жақ-тіл науасы қабынуын уақтылы анықтап емдемесе, ол жақасты кеңістігі және тамақасты флегмоналарымен асқынады.

Клиникалық көрінісі. Ауру жедел басталып, науқас жұтынғанда, тіластының ауыратынын, сілекей бөлінуінің күшейгенін, ауызды ашудың шектелгенін және сөйлегенде, тамақ жегенде ауыратынын айтады.

Дене қызуы, 37,5-39°С-қа дейін көтеріледі. Сырт көзбен қарағанда жақасты үшбұрыштығында ептеп ісік барын көруге болады. Ауыз қуысында жақ-тіл науасының шырышты қабығының көтеріліп, қан кернеп қызарғанын және қолмен басқанда қатты ауыратын ұйыспа-инфильтраттың барын көруге болады. Сондай-ақ күлтіреу-флюктуация бұл жерде ерте пайда болады.

Жақ-тіл науасы абсцессінің, зардапты ауыруы тіл жүйке-нервісінің экссудатпен басылып қалуымен түсіндіріледі.

Емі. Іріңді шығарарда, тіл нервісі мен тіл венасын зақымдап алмау үшін, төменгі жақ сүйегінің ішкі беті мен науаның орта сызығының арасын, қандауырмен ұзындығы 2 см етіп тіледі де, қан тоқтатқыш қысқашпен тіндерді ашады. Іріңді зат шыққан ауыз қуысын антисептик ерітінділерімен жиі шайқау керек.

Ауыз қуысы түбінің флегмонасы (Людвиг баспасы). Бұл ауру туралы 1836 жылы неміс дәрігері Людвиг жазған.

Бұның кәдімгі флегмоналардан айырмашылығы, тамақасты тіндерінде пайда болып, тіңдерде ірің орнына аз мөлшерде жағымсыз иісті, шикі ет жуған су тәріздес сұйықтық болады.

Людвиг баспасының пайда болуына бұзылған төменгі азу тістер, тонзиллит және пародонтоздың ауыр формалары себепші болуы мүмкін.

Ауруды — анаэробты инфекциялар тудырады (гемолитикалық стрептококк).

Людвиг баспасында негізгі кезең-процесс бұлшықеттерде жүреді. Ол жиі жақасты аймағында басталып, дереу ауыз қуысы түбінің тіндеріне жайылады. Сондықтан өте тығыз, жайылмалы, аздап ауыратын ұйыспа-инфильтрат пайда болады (тығыздығы ағаш тәрізді). Тері қабаты домбығып керілген, түсі мрамор тәріздес, бірақ қан кернеп қызармаған.

Ауызы жартылай ашылып, тіл көлемі үлкейіп, көтеріледі, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады.

Тыныс алуы жиілеп, қиындайды. Науқас — лажысыз жартылай отырған күйде болады, мұрын-ерін қатпары көкшіл тартып, жұтынуы ауырлап, сөзі түсініксіз болады. Ұйыспа-интоксикация күшейіп, жүрек-қан

тамыры, орталық жүйке-нерв жүйелері жағынан өзгеріс байқалады. Дене қызуы 38-38,5°°С дейін көтеріледі.

Ауру басталғаннан 3-4 күн өткен соң, ұйыспа-инфильтратты қолмен басса, газ көпіршіктерінің сықырлау-крепитациясы байқалады. Ол тері астында тіндердің шіруінен пайда болады.

Людвиг баспасында организмнің улануы нәтижесінде-интоксикацияның, сепсистің, жүрек қызметі нашарлауының және тыныс алу орталығының зардап шегуінің әсерінен өлім-жітім жағдайы көп кездеседі (40-60% дейін).

Емі. Хирургиялық ем тәсілін неғұрлым ерте қолданған жөн. Барлық инфильтрацияға ұшыраған тіндер және бұлшықетаралық кеңістіктері кең ашылуы тиіс. Ол тіндерге ауаның жеңіл жетуін қамтамасыз етеді. Тілінетін жер төменгі жақ сүйегінің бір бұрышына дейін жақ сүйекке параллель (жаға тәрізді) болуы тиіс. Сонымен бірге жақ сүйекке бекіген бұлшық еттер де кесілуі тиіс. Ұйыспа-инфильтратты тіліп ашқанда одан аз мөлшерде жағымсыз, сұр түсті лайлы сұйық зат және газ көпіршіктері шығады.

Бұлшықеттер, клетчаткалар, сілекей бездері піскен ет түстес болады.

Ұйыспа-инфильтратты кең ашып, ұзақ уақыт оксигенция (кеңістіктерге оттегін кіргізу) жүргізу қажет. Ол үшін жараны 1% сутегі тотығы ерітіндісімен калий перманганатын қосып жуады, сондай-ақ тампонға марганец қышқылды калий ерітіндісін сіңдіріп жараға қоюға болады. Бактерияларға қарсы еммен бірге гангренаға қарсы «бағытталған сарысуды (сыворотка) да тағайындау қажет.

Тілдің абсцесстері мен флегмоналары. Топографиялық анатомиясы. Тілдін, жоғарғы бөлімі — ұзынша және көлденең жолақты бұлшықеттердің талшықтарынан тұрады. Төменгі бөлімі немесе түбірі — жұп иек бұлшықеті, бір өсіндісі – тіл бұлшықеті және таңдай-тіл бұлшықеттерінен тұрады.

Бұлшықеттердің арасында клетчаткалы кеңістіктер болады. Тіл қан және лимфа тамырларына өте бай келеді. Әсіресе иек-тіл бұлшықеті -тілге өткен жерінде өте көп клетчатка және екі лимфа түйіні орналасқан. Тілдің іріңдеп қабынуы әртүрлі себептерге байланысты бұзылған тіс сауытының өткір қыры, протездер және т.б. Сондай-ақ тіл абсцесстері жаралы ауыз уылуынан (стоматит), тонзилиттің асқынуынан да пайда болуы мүмкін.

Бұл жердің іріңді процесстері:

1)тілдің меншікті бұлшықеттері аралығының жоғарғы бөлімінде шектелген абсцесс; 2) жайылмалы флегмоналы қабыну; 3) тіл түбірінің абсцессі немесе флегмонасы, ретінде кездесуі мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Тілдің беткей орналасқан абсцесстерінде- бір жақ жартысында немесе орта шенінде қатты ауыратын, шектелген инфильтрат пайда болады. Содан кейін тілдің көлемі үлкейіп, бетінде тіс дақтары (іздері) көріне бастайды. Тіл домбығып, инфильтраттың шегі үлкейеді. Ауыздан жағымсыз иіс

шығып, созылған сілекей бөлінеді. Даусы қырылдап, жұтына алмаушылық байқалады. Дене қызуы 38°С-қа дейін көтеріліп, жақасты, иекасты лимфа түйіндері ауырып, үлкейеді. Беткей орналасқан абсцесстерді, тілдің бойымен кішкене ғана тіліп ашады.

Ал терең орналасқан флегмонада ұйыспа-инфильтрат және іріңдік тілдің төменгі бүйір бетінде кездеседі. Науқастың жалпы жағдайы ауырлап, тілдің көлемі үлкейеді де, қимылы шектеледі.

Тіл флегмонасын — бүйір бетін тілу арқылы ашады, кейбір жағдайларда, тіл арқасы бойымен қосымша тіліп ашады.

Тіл түбірі флегмонасы өте ауыр жүреді: дене қызуы 39-40°С дейін көтеріліп, дене қалшылдап, науқастар ұйықтай алмайтындығына және тұншығып қалу қорқынышына шағымданады.

!!! Науқастар жұтына алмайды немесе өте ауыр жұтынады. Бет әлпеті бозарып, сәл көкшіл тартып, көз қарашығы үлкеюі мүмкін.

Тіл үлкейген, бірақ жұмсақ, пальпация жасағанда тілдің жағы ауырады. Иекасты аймағында (тіласты аша сүйегіне жерде) ауыратын ұйыспа-инфильтрат байқалады. Тіл түбірі флегмонасын ашу үшін, иекасты аймағында, орта сызық бойымен тері және теріасты клетчаткасын тіліп, аспаппен қос қарынша бұлшықетінің алдыңғы қарыншасын жылжытады (арасын ашады). Содан соң аша сүйек-жақ тіласты бұлшықетін орта жігінен кесіп, қолдың саусағымен тіл түбіріне жетеді. Ірің шыққан соң, жараға кең етіп қашыртқы-дренаж қояды. Кейбір науқастарда, ірің тәулік өткен соң ғана пайда болуы ықтимал. Егер тыныс алу қызметі нашарлай берсе, онда трахеотомия жасау қажет.

8.8.3. Бет-жақ аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары

Емдеу жолы жан-жақты кешенді-комплексті шаралардан тұруы қажет.

 

Негізгі шаралар:

1) Хирургиялық ем. Мақсаты: жұмсақ тіндердегі ошақты іріңді ашып, қашыртқы-дренаж жасау; 2)микробқа қарсы; 3)улануға-интоксикацияға қарсы; 4)сенсибилизацияға қарсы; 5)организмнің нашарлаған функциясын қалпына келтіруге бағытталған; 6)жалпы әлдендіргіш және иммуды-биологиялық қасиеттерді көтеру үшін бағытталған стимуляциялық емдер.

Жақ-бет аймағының флегмонасында ота-оперативтік ем,яғни бұзылған (қабынуға себепші болған) тісті жұлу және жұмсақ тіндерді ашып, іріңді шығару кейінге қалдыруға болмайтын, кей жағдайда шұғыл ота-операция түріне жатады.

Тісті жұлудың негізгі мақсаты — сүйек ішіндегі іріңді қашыртқы-дренаж шығарып токсиндердің қанға сіңуін және экссудаттың сүйек өзектері арқылы жайылуын азайту болып табылады.

Сонымен бірге, тісті жұлғанда, инфекция «көзі» де жойылады.

Микробқа қарсы ем. Антибиотиктер. Микробтар клеткасына әсер ету механизміне байланысты антибиотиктер екіге бөлінеді:

1) Бактерицидті; 2) Бактериостатикті әсерлі антибиотиктер.

Егер организмнің реактивтігі сақталса, онда бактериостатикті антибиотиктерді (стрептомицин, неомицин, нитрофурандар тобы, фурадонин, фурагин) тағайындайды. Жедел одонтогенді инфекцияларда пенициллиннің жартылай синтетикалық препараттары, жоғары нәтижелі болып есептеледі. Олардың кейбірлері пенициллинге тұрақты микробтар штамдарында антибактериалды әсер етеді. Олардың бірі — метациклин, 1960 жылы алынған. Оның ерекшелігі — бензилпенициллинге және басқа да антибиотиктерге тұрақты стафилококктарға әсер етеді.

Метициллин организмнен дереу бөлініп шығады, сондықтан оны бұлшықет ішіне тәулігіне 1 гр-нан 4-6 рет салады.

Одонтогенді инфекциялардың асқынған жағдайында (сепсис) метициллиннің тәуліктік дозасын 10-12 г дейін көбейту қажет. Оксациллин — әлсіз қышқыл ортаға тұрақты, сондықтан оны ішке тәулігіне, 5 грамнан 4-6 рет (тамақ ішер алдында 30-40 мин бұрын) тағайындайды. Бұлшықет ішіне де тәулігіне 0,5 граммнан 4-6 рет жіберіледі.

Пенициллиннің басқа түрлеріне қарағанда, ампициллиннің әсер ету спектрі үлкен. Ол грамм оң және грамм теріс бактерияларды жоя алады. Оны ішке, тамақ ішерден 30-40 минут бұрын тәулігіне 0,5 граммнан 4-6 рет тағайындайды.

Тетрациклиндер-микробтарға бактериостатикті әсер етеді. (Ненициллин мен стрептомицинге тұрақты түрлеріне). Олар жаңа микроб клеткалары пайда болу үшін қажет белок синтезін ұстап қалады.

Тетрациклин немесе окситетрациклин гидрохлориді 1-2% новокаин ерітіндісінде 0,1-0,25 граммнан тәулігіне 3-4 рет бұлшықет ішіне енгізіледі.

Морфоциклин — остеотропты антибиотик қатарына жатады сондықтан ол сүйек тініндегі инфекцияға, басқа антибиотиктергр қарағанда күшті әсер етеді. Оны көбінесе жедел одонтогенді остеомиелитте тағайындайды. Оның 10-20 мл 5% глюкоза ерітіндісіндегі 0,1-0,15 грамы көк тамыр-венаға тәулігіне 1 рет жәйлап жіберіледі. Ем курсы 5-7 күн.

Стрептомициндер — көбейіп келе жатқан микробтар клеткаларына, бактериостатикті әсер етеді. Ас қорыту жолында нашар сіңетін

болғандықтан, оны бұлшықет ішіне тәулігіне 0,5-1,0 г 2 рет енгізеді.

Стрептомициннің бір инъекциясы 8 сағаттан көп уақыт қаң құрамында жүреді.

Неомициндердің әсер ету спектрі кең, бірақ орталық жүйке-нерв жүйесіне және бүйрекке улы әсер етеді.

Қисындасқан антибиотиктер. Олететрин- олеандомицин мен тетрациклиннен тұрады, спектрі кең болғандықтан, грамм теріс бактерияларға күшті әсер етеді. Сондықтан оны қатты ауырған жағдайларда тағайындайды.

Олететрин таблеткасын тәулігіне 4-5 рет 0,5 г-нан қабылдайды.

Тетраолеан (сигмамицин) олететрин тәрізді, тек бұлшықет ішіне 0,1 г-нан изотониялық ерітіндіде тәулігіне 2-3 рет енгізеді.

Олеоморфоциклин - олеандомицин мен морфоциклиннің қоспасы; оны көк тамыр-венаға 0,26 г (250 000) тәулігіне 1 рет қана жібереді.

Басқа топтағы антибиотиктер. Ристомицин — күрделі құрылысы бар, жоғары молекулалы антибиотик. Басқа антибиотиктерге тұрақты микробтарға қарсы тиімді дәрі. Оны ауыр сепсистік жағдайларда қолданады.

Көк тамыр-вена арқылы тамшылатып, 500 000 Б. тәулігіне 2 рет енгізеді. Сонымен бірге қан құрамы мен бүйректің несеп бөлу функциясын (қызметін) қадағалау қажет.

Линкомицин — кейбір анаэробтарға антибактериалды әсер етеді. Оны басқа антибиотиктерге тұрақты микробтардан пайда болған сепсистік жағдайларда қолданады. Бұлшықет ішіне 0,5 г тәулігіне 2 рет немесе капсула түрінде тамақ ішерден 1 сағат бұрын, 0,5 г-нан тәулігіне 3 рет береді.

Науқастар линкомицинді жақсы көтереді, бірақ бауыр мен бүйрек қатты ауыратын жағдайларда тағайындауға болмайды.

Одонтогенді инфекцияда, микрофлора көбінесе цепоринге сезімтал келеді. Ол бұлшықет ішіне енгізіледі. Ең жоғары тәуліктік дозасы 6 г. Сульфаниламидті препараттар кокктардан пайда болатын ауруларда тиімді келеді.

Олардың жеткіліксіз дозасын қабылдағанда немесе қабыдануды ерте тоқтатқан жағдайда, микробтардың оларға тұрақтылығы пайда болады да, бірнеше буынына тарайды. Сондықтан ұзақ әсер ететін сульфаниламидті препараттарды тағайындаудан бұрын науқастың дәріні «көтере» алатындығын анықтау қажет. Науқастар, бұл препараттарымен бірге тәулігіне 3 л сұйық зат ішуі керек. Ол бүйректе тас пайда болмауы және препараттың организмде дереу сіңуі үшін қажет. Сонымен бірге «В» тобындағы «витаминдердің орташа дозасын тағайындау қажет, өйткені сульфаниламидтер «В» тобындағы витаминдердің синтезін жасайтын ішектегі сапрофитті бактериялардың қызметін баяулатады.

Жалпы кез келген инфекциялы кезең-процестерде зат алмасудың жеделдеуіне байланысты, организмге витаминдер мен белоктардың

шығындалуы үдейді. Сондықтан антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қабылдағанда витаминдер мен белоктарды тағайындау қажет. Олар — инфекцияның пенициллинге тұрақтылығын жеңу үшін және пенициллиназаны инактивациялау үшін қажет.

Жедел одонтогенді инфекцияның интенсивті (қарқынды, үдемелі)

емі. Интенсивті ем өмірге қажет ағза мен жүйелердің бұзылған функциясын уақытша басқару.

Жедел одонтогенді инфекцияның, интенсивті емнің мақсаты мыналар:

Тыныс алу қызметін реттеу (сыртқы және тіндік);

Адекватты (бара-бар) қан айналысын қолдау;

Зат алмасу кезең-процестерін ретке келтіру (ас қорыту жолдары мен бүйрек);

Жүйке-нерв және эндокриндік жүйелердің қызметін реттеу;

Қабынуға қарсы көлемді және мақсатты бағытталған ем;

Организмнің улануына--интоксикацияға қарсы шара;

Қанның ұйытатын және ұйытуға қарсы жүйелерінің жұмысын реттеу.

Жақ-бет аймағының флегмонасында, тыныс алудың жетіспеушілігі

(асфиксия): а) орталықтан; б)тыныс жолдарының обтурациясынан (бітелуінен) пайда болуы мүмкін.

Орталықтан пайда болатын тыныс алудың жетіспеушілігі — тыныс алу орталығының токсиндерден зардап шегуіне байланысты. Сондай-ақ науқастарға тағайындалған дәрілердің күшінің әлсіздігінен-депрессиясынан да пайда болуы мүмкін (аминазин, морфий, барбитураттар).

Бұл ауруды емдеу - тыныс алдыру аналептиктерін тағайындау (цититон, лобелин, кордиамин). Тыныс алу орталығы «терең» бұзылған кезде өкпеде ауа алмастыруды ұзақ уақыт қолдан жүргізу үшін трахеостома салады.

Тыныс алудың жетіспеушілігі ірің көмей кіреберісінің клетчаскасыңда орналасқанда, сондай-ақ тамақасты және тіл түбірі флегмоналарында қоршаған тіндердің домбығуынан, көмей кіре-берісінің тарылуы әсерінен пайда болуы мүмкін.

Сонымен бірге ауыз қуысында ота-операция жасағанда, ірің мен қанның көмейге кетуінен аспирациялық асфикция болуы ықтимал.

Тамақасты және тіл түбірі флегмоналарын тіліп-ашқан соң. «домбығуға» қарсы ем тағайындаған жөн (вена арқылы 0,5-1г гидрокор-тизон, эуфиллин және кальций хлориді). Ауыз қуысындағы қою сілекейді шығару үшін 2%натрий бикарбонаты ерітіндісімен шайқау керек.

8.9. БЕТ ЖӘНЕ МОЙЫН ЛИМФАДЕНИТІ

Лимфа ағзалармен дене бөлшектеріне жеткізетін тамырлар оның бойына орналасқан лимфатикалық түйіндер лимфатикалық жүйе құрып, адам организімінде көптеген міндеттер атқарады лимфаны тіндерден венаға өткізеді (өткізгіш міндет), лимфоидтық элементтер құрады (лимфопоэз) және организмге кірген бөтен заттарды сүзіп аластайды (тосқауыл міндет), лимфатикалық тармақтармен қатерлі ісік клеткалары жайылып басқа ағзаларға жетеді (метастаза).

Лимфатикалық түйін домалақ немесе сопақша болып келеді де, мөлшері бидай дәнінен бұршақтай болады. Ол дәнекер қапшықпен қапталып, түйінге қарай перделермен бөлінеді. Перделер арасы лимфоидтық

тіндермен толтырылған, ол қабыршақ ми заттарына ұқсас орналасқан. Лимфоидтық тіндер мен перделердің арасында кеңістіктер бар, ол лимфатикалық синустар деп аталады.

Лимфа, лимфатикалық түйіндерге синусқа келіп ашылатын лимфатикалық тамырлар арқылы жетеді. Синустарда лимфа ағуы баяулап ол түйін тіндерінде жатқан лимфоциттермен бірге алып кеткіш тамырлар арқылы әрі қарай жылжиды.

Жақ-бет аймағынан, лимфа жинайтын лимфатикалық түйіндерге мыналар жатады: құлақмаңы, құлақарты, жақарты, жұтқыншақарты, ұрт, төменгі жақ, иекасты, төменгі жақасты, беткей және тереңде орналасқан мойын түйіндері, тілдің лимфатикалық түйіні. Құлақ маңындағы лимфатикалық түйіндер құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ тесігінен алдыңғы жағына орналасып, құлақ маңайындағы сілекейбездерімен тығыз байланыста болады. Құлақ маңындағы түйіндер беткей (1-2) олар без қапшығының сыртында және терең (4-10) түйіндер (И.И. Косицин бойынша), олар без түйіні бөліктерінің арасында тереңірек, құлақтың сырғалық бөлігінің турасында.

Құлақарты лимфатикалық түйіні, емізікше өсіндінің маңайында орналасқан. Төменгі жақ лимфатикалық түйіні, жақ бұрышының артқы жағында, құлақ қалқанының астында, олар құлақ маңайыңдағы сілекей бездерімен жабылып тұрады.

Жұтқыншақарты үш-төрттен жұтқыншақтың артқы кеңістігіндегі клеткада орналасқан. Жұтқыншақтың ауыз қуыс бөлімінде, ұрттық түйіндер, ұрттық бүлшықеттердің беткей жағында орналасып, алдыңғы топ ауыздың езу маңында, ал артқы топ ұрт бұлшықетінің арасынан өтетін сілекей безі өзегінің маңында орналасқан. Бұлар көп емес, әр топта бір-екі түйін ғана және С.П. Бердышевтің зерттеуі бойынша булар көбінесе тұрақсыз болады. Астыңғы жақ түйіндері, астыңғы жақ сүйек денесінің шайнау бүлшықеттерінің бекитін жерлерінің алдыңғы қатарында бет артериясы мен вена аралығында бір-екеу және тұрақсыз болады.

Иекасты лимфатикалық бездері (әдетте 2-4) жақ-тіласты бұлшықетінің беткей жағында қос қарыншалы бұлшықетінің алдыңғы қарыншаларының ортасында орналасады.

Төменгі жақасты лимфатикалық түйіндері үш топқа бөлінеді: ортаңғы, артқы. Олар жақасты үш бұрышында, сілекей безінің орналасатын жерінде, оның қапшығының тысқары әр жағында 3-10 түйіннен болады. Тілдің лимфатикалық түйіндері, астында тіласты-тіл, иек-тіл бұлшықеттерінің ортасында теңірек орналасып әр жағында бір-бір түйіннен болады. Мойынның беткей және терең орналасқан лимфатикалық түйіндері тамырларды, жүйке-нервтерді және төс-бұғана-емізікше бұлшықеттерін жағалап көпқатарлы тор құрып моншақ тәріздес орналасқан.

Бет аймағынан барлық лимфатикалық түйіндерінің ұрт түйіндерінен басқа (алып кетуші) тамырлар лимфаны тереңдегі мойын түйініне

апарады. Ал ұрттың алып кетуші тамыры лимфаның жасты түйініне апарады. Бет аймағының лимфатикалық түйіндерінің афферентті (алып келуші) тамырлары көптеп саналады, олар қабат-қабат болып орналасып (тері, терінің майлы клетчаткасы, бұлшықет) лимфаны бет-жақ ағзаларынан әкеледі.

Ұрт, төменгі жақ, жақарты, жақасты, иекасты лимфатикалық түйіндер, тіс жүйесінен, жақтардан, сілекей бездерінен, ауыздың шырышты қабығынан, мұрынның қосалқы қуыстарынан лимфаны қабылдайды (онымен қоса организмдегі инфекцияны). Олар жоғарыда аталған ағзалар мен дене бөліктерінің, алдыңғы қатарлы аймақтық лимфатикалық түйіндері болып саналады.

Қабыну кезең-процестері алғашқы басталған кезден-ақ аймақты лимфатикалық тамырлардың өткізгіш қасиеті бұзылады, лимфаның жылжуы бәсеңдейді осы арқылы организмдегі қатерлі заттар патологиялық ортадан, лимфатикалық тамыр мен түйін көмегімен көк тамыр-венаға келіп құйылады.

Қабыну кезең-процессінің өршіген кезінде лимфатикалық тамырларда тромб пайда болады, лимфатикалық жүйе тежеледі де, қабынуды іріңді аймақтан жан-жаққа таратпайды. Микробтар, олардан бөліп шығаратын улы заттар жинақталып лимфа тамырларын, түйіндерін патологиялық өзгеріске ұшыратады (И. Руфанов 1960).

Лимфа тамырларының қабынуы (лимфангоит) бет-жақ аймағында сирек кездеседі, жиі кездесетіні лимфа түйіндерінің қабынуы (лимфаденит).

Этиологиясы мен патогенезі. Қабыну процессін әр микрофлора қоздыра алады, соның ішінде стафилококк пен стрептококктың орны ерекше. Лимфадениттер одонтогенді, одонтогенді емес болып бөлінеді. Одонтогендіге инфекциялы-одонтогенді қабыну ошақтары (жедел және созылмалы периодонтиттер, периостит, жақ остеомиелиті, іріңді киста, перикоронарит, пародонтоз т. б.) болып табылады.

Одонтогенді емес топтарына пиодермиялық, стоматогендік, риногендікі тонзилогендік т.б. симптоматиялық лимфадениттер жатады, олардың тіс-жақ жүйесімен байланысы жоқ.

Кей уақытта алғашқы қабыну ошағын таба алмағанда және қабыну кезең-процессі тез сөніп қалуына байланысты лимфадениттің өздігінен (алғашқы лимфаденит) пайда болуы мүмкін деген тұжырымға келеді.

Жоғарыда аталған лимфадениттердің барлығын арнайы емес қабынуға жатқызамыз.

Ал арнайыға туберкулезді, актиномикозді, мерезді этиологиясы бар лимфадениттер жатады. Олар жеке тарауда сипатталған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1795; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.147 сек.