Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дистопиясы дистопиясы 1 страница




Читайте также:
  1. A Введение 1 страница
  2. A Введение 2 страница
  3. A) катаральді ангина 1 страница
  4. A) катаральді ангина 2 страница
  5. A) катаральді ангина 3 страница
  6. A) катаральді ангина 4 страница
  7. A) катаральді ангина 5 страница
  8. A) Объем 1 страница
  9. A) Объем 2 страница
  10. A) элементтері болса 1 страница
  11. A) элементтері болса 10 страница
  12. A) элементтері болса 11 страница

Біраз ғалымдардың пікірінше және біздің тәжірибедегі бақылауымыз бойынша кедергімен кешігіп жарған тістер жиі қабынуға ұшырауы мүмкін. Содан пульпит (тістің ұлпасының қабынуы) периодонтит (тістің дәнекер қабығының қабынуы) сияқты аурулар болады немесе қатар тұрған тісті зақымдауы мүмкін. Кейде ауру өрбіп асқынып жедел перикоронаритке айналуы мүмкін. Сол себептен ірің әрі қарай тарап сүйекті шірітеді де маңайындағы май шелімен жұмсақ тіндеріне жайылады. Сол аурудың салдарынан жақасты бездері шошынып лимфаденит дамиды. Қабыну кезеңінің даму себебінің бірі ауыз ішіндегі инфекциялардың зақымданған шырышты қабыққа еніп оны қабындыруы немесе денедегі басқа созылмалы инфекциялық аурудан қан арқылы тарап, шыға алмай жатқан тістің зардабынан болған жараны қабындырып іріңдікке айналдырады. Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің зардабынан қатерсіз ісіктер — амелобластома, одонтома т.б. ісіктер өсуі мүмкін. Ұсталып кедергімен жарған тіс туралы түрлі ой бар. Егер ол тіс қатарындағы тістерге зақым келтірмесе, жақ сүйекте дұрыс орын алып, залалсыз, қабындырмай шықса, онда оған тиіспейді. Ал егер оның себебінен жарақаттар шықса, онда ол тісті жұлып алып тастау керек. Егер ақыл тіс кедергімен кешігіп жарып, тіс қатарындағы өз орынында дұрыс тұрса, онда ол тістің тездеп шығуына жағдай жасау керек. Ол үшін үстіндегі қызыл иек бүркенішін кесіп алып тастап, маңайының қызыл иегін тітіркендіріп функционалдық әрекеттер істеуге болады. Ақыл тіс ұсталып кедергімен жарғанда бас не жақ сыздап ауырса не шырышты қабық оның маңайындағы жұмсақ тіндер қабынып іріндесе ондай тісті суырып алып тастап, емдеу керек.

Ұсталып кедергімен кешігіп жарған тісті жұлу едәуір қиын болады.

Дұрыс қалыптасқан тістердің тіс қатарынан шет шығып қалуы және дұрыс қалыптасқан тістердің қалыпты жағдайда шықпай қалуы болған кезде себепші тістерді жұлу көрсеткіштері:



1) тістерді жұлады, адам организміндегі жалпы қалыпсыз жағдайларға (бас ауруы және т.б.);

2) тістерді жұлады, дұрыс қалыптасқан тістердің тіс қатарынан шет шығып қалуы және дұрыс қалыптасқан тістердің қалыпты жағдайда шықпай қалуы болған кезде себепші тістер ісік және ісік тәрізді құрылымның құрамында болған жағдайда;

3) тістерді жұлады, сүйектерді кесу кезінде, себебі тіс сүйектерді кесу сызығында жатуы мүмкін;

Сондықтан бұл отаны жасаудан бұрын екі проекцияда рентген суретін түсіру керек. Рентген арқылы ол тістің қалай жарып келе жатқанын, қатардағы тіске қатынасын, төменгі жақтың өзегімен байланысын анықтайды. Жоғарғы жақта тістің мұрынның ішіне немесе Гаймор қуысына қарай шыққанын және ол сүйектің ішіне не сыртына жақын жатқандығын анықтау керек; себебі отаның ыңғайы соған байланысты болады. Тістің жақын жатқан тұсынан шырышты қабағын сопақша немесе үш бұрыш және трапеция тәрізді қиықша кесіп сүйектен сыдырады, содан соң сауытына сәйкес мөлшерде бормен немесе қашаумен ұяшық өсіндінің қыртысынан тесік жасайды. Кедергімен шыға алмай қалған тісті мүмкіндік болса қысқышпен немесе элеватормен суырып алады. Айтылған әдіспен суырылмаса, онда оны бормен әлде қашаумен бөліп барып элеватормен суырып алады, содан соң тіс үгінділерін және оның майының фолликулдық дәнекерін, өлеттенген грануляцияларды хирургиялық қасықпен тазартып, қуысты зарарсыздандыратын ертіндімен жуады. Жұлынған тістің орнандағы қуысты ұйыған қанмен толтырып, үстінен пенициллин немесе сульфадимезин ұнтағын сеуіп, қиық кесіндіні орнына келтіреді де шеттерін кетгут жібімен қапсыра тігеді. Отадан кейін қабынуға қарсы ем тағайындалады. Бұндай отаны жергілікті жансыздандыру әдісімен жасайды.

Аурудың келіп шығуы.Тістің кедергімен қиналып шығуымен қоса пайда болатын ауруларды талдап-талқылаудан бұрын ең алдымен ондай ауруларды қандайда бір топқа бөліп, оларға қандай термин қолдану керектігін анықтап алған жөн. Себебі, әртүрлі ғалымдар тістің кедергімен қиналып жарғанын және содан болған асқынуды өз ойынша талқылайды. Бірақ, клиниканың пайдасына «тістің кедергіден қиналып жаруы» деген термин мен оның «асқынып қабынуы» деген түсінікті бөліп айтқаны жөн. «Кедергімен қиналып шығу» деген термин тіс жару кезеңіне қарайды. Бұл термин тістің ерекше кедергіленіп қисық жаруын анықтайды, ал соның салдарынан болған қабыну зардабын — периостит, перикоронарит деп атайды. Сондықтан аурудың нақтамасын былай жазады: Төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып жаруы мен оның маңындағы сүйек қабығының жедел қабынуы (периостит) немесе жақ сүйегінің іріңдеп шіруі (остеомиелит) мен асқынуы.

Төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп. Әртүрлі ғалымдар өз пікірін алға шығарады. Сондықтан бұл себептерді мынандай топқа бөлген жөн деп есептедік.

1. Тістің дұрыс шығуына кедергі болатын себептің бірі ол жақ сүйектің анатомо-топографиялық ерекшелігі.

2. Шығатын тістің маңындағы қызылиек етінің ерекшелігі.

3. Шығып келе жатқан ақыл тістің өзіне байланысты себептері.

 

Сурет-65. Ақыл тістердің төменгі жақта орналасуының түрлері

 

 

Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы

Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша ақыл тістің дамуы басқа тістерден ерекше болады. Және ол өте қолайсыз жағдайда шығады, оған ұяшық дайындайтын алдынан ізашар сүт тісі жоқ және ол тіс қатарында ең шеткісі. Төменгі жақ сүйектің ішінен де сыртынан да өтетін қиғаш сызығы сүйекті қалыңдатып, 8-ші тістерге арналған ұяшықтарды тарылтып сол тістердің жарып шығуына кедергі келтіреді.

Ақыл тістер 18-25 жас шамасында төменгі жақ толық қалыптасқан, қальцийленіп қатайған кезде кедергіден кешігіп жарып шығуға мәжбүр болады. Кейде ақыл тіске орын аз немесе мүлдем жоқ болғандықтан ол қатардан шет шығады немесе сүйектен мүлде шықпай қалуы мүмкін.

Төменгі жақ сүйегінде ақыл тіске орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қарай жақсүйектің кішіреюінен болады.

Бірақ, филогенездік даму кезеңінде тістің жалпы саны азаймаған. Кейде төменгі жақтың даму бұзылыстарына байланысты болады. Оның себебі гормондық ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, витаминдердің жетіспеуі, бала кезінде жақсүйегі іріңдіп игіріп немесе инфекциялық аурумен ауырса не тістің ұрықтанып жетілу шарты бұзылса және т. б. себептер болуы мүмкін.

Ұяшық өсіндісінде 8-ші тіске орынның жеткіліксіздігінен ақыл тіс төменгі жақтың ұяшық өсіндісінің ішкі жағына немесе сыртына, кейде тіс астына қарай шығуы мүмкін. Ақыл тіс тәж бұтағының түбіне қарай жарса, онда үстінен төнген сүйек қалқанынан шыға алмай ұсталып қалуы да мүмкін. Ақыл тіс дұрыс жарып шығу үшін оның маңындағы қызыл иек пен шырышты қабыққа зор маңыз беру керек, 7-ші тістер артының қызыл иегі мен шырышты қабығы өте қалың болады. Ол шайнағанда тамақпен не қарама-қарсы тіспен зақымданып тыртықтанып қатаяды. Сондықтан ақыл тіс жарғанда ол сорылмайды да шығуына бөгет болады. Кейде ақыл тістің үстінен тік жүрген (жазық емес) жақ-қанатша қатпары бөгет жасайды. Оны кесіп алса да тістің шығуын бөгейді.

Жоғарыда аталған кедергілермен қоса, кейде ақыл тістің кедергімен шығу себебі оның өте үлкен, ірі болуынан болады.

Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық орналасуы. Ақыл тістің ұрықтану нүктесінің төменгі жақтың тәждік бұтағына қарай жайғасуынан оған орын болмауы мүмкін.

Адам өскен сайын тістің ұрығы да дамып болашақ ұяшағына қарай жайлап жылжиды. Бірақ кейде сәтті болмайды. Ақыл тіс әдеттегі тік қалпынан ауытқып кетсе, онда шығуының түрі неше сапқа бөлінеді: а) ақыл тістің көлденең жатуы; б) қисық орналасуы - медиальды, дистальды, ұрттық және тілдік қисаюлары болады.

Әрине, дұрыс орын алмаған тіс кешігіп қинала шығады кейде мүлде шықпай қалады.

Төменгі ақыл тістің кедергімен ұсталып қиналып шығуы тек жоғарыда аталған жағдайлармен байланысты болмайды. Ақыл тіске орын жеткілікті болып, тік тұрса да қиналып кешігіп жарғаны байқалады, бірақ себебі белгісіз. Сондықтан П.П.Львовтың (1929), Д.Е. Танфильевтің (1952) пікірлерімен келісуге тура келеді. Олардың айтуынша төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып шығу себебі ішкі немесе сыртқы жағдайлар-факторларымен байланысты болуы мүмкін. Күнделік жұмыс бабына байланысты ақыл тістің кедергімен жаруынан болған әр түрлі қабыну, асқынған ауруларды кездестіреді.

Ондай ауруды дұрыстап зерттеу үшін Е. А. Магид пен В. М. Штейнберг мынадай топқа бөледі:

І. Тістің жұмсақ жабын тіндерінің қабынуынан болған;

1. Жедел перикоронарит: а) қанталап қызаруы; б) іріңді түрі; в) іріңді-жаралы түрі.

2. Созылмалы перикоронарит.

II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:

1) жедел іріңді периостит; 2) шырышты қабықтың іріңдеуі (абсцесс) мен шелдерінің іріңдеп өлеттенуі (флегмона); 3) Ауыздың шырышты қабығының іріңді жарасы (стоматит).

III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.

1. Одонтогенді остеомиелит: а) жедел; б) созылмалы;

2. Парадентарлы іріңдік (тіс маңындағы).

IV. Аталған асқыну ауруларынан басқада кездесетін асқыну аурулары (қатар жатқан тістің зақымдануы, жүйкенің қабынуы, жүйкенің салданып жансыздануы т. б.).

 

Сурет-66. қатар жатқан тістің зақымдануы

 

Бұл топқа актиномикоз, одонтогенді гранулема, тістен болған жара т.б. аурулар кірмеген. Ондай науқастар сирек кездесетіндіктен оларды екінші немесе төртінші топқа жатқызуға-кіргізуге болады.

Асқынулардың патогенезі.Асқынудың пайда болуына бірден-бір себеп-жарып келе жатқан тістің шайнау бетін жауып тұратын (шырышты-сүйек сыртқы қабықтарынан тұратын) жабынды тін. Оны ақыл тістің шайнау бетіндегі бір бұдыры жарып шығады да, оның астында қалта пайда болады. Осы «қалтада» тамақ, шырыш, тіндердің өлі клеткалары жиналып, микробтардың өсіп-енуіне жағдай жасайды.

Жабындының үстіңгі беті жоғарғы жақ сүйегіндегі ақыл тістен зақымданып қабыну кезеңі дамиды. Аурудың бұл кезеңінде инфекциялы қабыну кезеңі ақыл тістің сауытын қоршаған және жауып тұрған жұмсақ тіндермен шектелетіндіктен, оны перикоронарит деп атайды.

Егер жақ сүйегіңде сегізінші тістің жарып шығуына орын жеткілікті болса немесе дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілсе, бұл тіс толық жарып шығады да, сонымен қабыну кезеңі тоқтайды. Егер тістің жарыпшығуына жағдай болмаса, жедел перикоронарит созылмалы түріне өтеді де қабыну кезеңі қоршаған жұмсақ тіндер мен сүйекке жайылады. Сегізінші тістің орналасуындағы топографиялық-анатомиялық ерекшеліктерге байланысты, қабыну кезеңі кез келген бағытта таралуы мүмкін.

Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын асқынулардың клиникалық көрінісі.Перикоронарит — жедел және созылмалы болып бөлінеді. А. Т. Руденко (1961) перикоронариттің қайталану-рецидивті түрін бөлуді ұсынады. Перикоронарит — төменгі ақыл тістің кешігіп жаруында жиі және көбінесе бірінші (75% дейін) кездесетін асқыну түрі. Ол екінші азу тістің артында ауыру сезімінің пайда болуымен білінеді.

 

Сурет-67. Көп қайталанып тұратын перикоронарит

 

Алғашында ақыл тістің үстіндегі шырышты қабық ептеп қан кернеп қызарып, домбығады. Егер сүңгі-зондпен ептеп байқап көрсе жарып шығып келе жатқан тістің сауытын байқауға болады. Жабынды қолмен басқанда, жұтынғанда және аузын ашқанда ауыру сезімі болып, ол күшейеді. Жақасты лимфа түйіндері үлкейіп, ауырсына бастайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, тәбеті нашарлайды.

Егер тіс жартылай жарып шықса, онда оның қалған бөлігін жауып тұрған жабынды зақымданып жарақаттанады да, экссудаттың шығуы нашарлайды. Ол қабыну кезеңінің үдеуіне әкеп соғады. Ол жақ жанындағы жұмсақ тіндерде бүйір тармақтары-коллатеральды домбығудың пайда болуымен және жақ бұлшықеттерінің қарысуымен сипатталды. Жабынды астынан ірің шығады. Оның шырышты қабығы жараға айналады.Жедел перикоронаритті катаральды, іріңді, жаралы түрлеріне бөлу шартты болып есептеледі.Қабыну белгілерінің көрінісі мен аурудың жалпы жағдайына қарай перикоронаритті жеңіл, орташа, ауыр формаларына бөледі. Қабыну күшейген сайын қанатша жақ бүрмесі, алдыңғы таңдай доғасы, жұтқыншақ қан кернеп қызарып, домбығады. Жұтынғанда ауыру сезімі күшейіп, құлаққа, самайға тарайды.Бұл «дентарлық ангина» көрінісі деп аталады.Сондықтан науқастар құлақ, тамақ және мұрын ауруларын тексеретін дәрігерге көрінуі мүмкін.

Жұтынғанда пайда болатын ауру сезімі күрделі емес. Сегізінші азу тістің сауытын жауып тұратын шырышты қабық таңдайдың алдыңғы доғасына өте жақын. Ал шырышты қабық астындағы клетчатка,жұтқыншақтың бүйір бетіндегі клетчаткамен тікелей байланысты. Сондықтан төменгі үшінші азу тістен пайда болған қабыну кезеңі жұмсақ таңдайға, бадамша безге, жұтқыншақтың қабырғасына жайылады. Шайнау бұлшықеттерінің қарысуы сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабынуына және қабыну кезеңінің тікелей еттердің астына жайылуына байланысты.

Созылмалы перикоронариттің нақтамасы-диагностикасы – келіп шығу тарихына-анамнез және клиникалық белгілерінен құралады.

Көбінесе науқастарда ешқандай шағым болмайды. Тісті жауып тұрған жапқыш аздап, домбыққан, оның астынан біраз сарысулы іріңді зат шығады. Үнемі домбығудың жарақаттанудың әсерінен жапқыш тыртықтанады. Ол тістің жару шығу кезеңін одан сайын тежейді. Сегізінші тістің сауыты мен дистальды бетіне жақын орналасқан сүйектің арасында патологиялық қалта пайда болады да, ол грануляциялық тінмен толады.

Рентген суретінде бұл қалта «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен байқалады.

Сүйек-грануляциялық тіннің әсерінен сорылып бұзылады. Оны ретромолярлы остит (ақыл тіс артындағы сүйек қабынуы) деп атайды. Оның орнында уақыт өткеннен кейін парадентарлы киста (тіс маңындағы қалта) пайда болады. Ол да рентген суретімен анықталады. Ретромолярлы остит пен парадентарлы киста созылмалы перикоронариттің жиі қозуының себепшісі болуы мүмкін. Созылмалы перикоронарит - созылмалы жақасты лимфаде-нитіне әкеп соғады.

Сонымен бірге созылмалы перикоронарит, одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының пайда болуына себепші болуы мүмкін. Жапқыш астындағы грануляция ұрт аймағындағы теріасты клетчаткасына енеді де, қабыну кезеңінің туындауына себепші болады. Іріңді зат жиналысымен тері қабаты жұқарып, көкшіл тартады. Бұл жерде мезгіл-мезгіл жыланкөз пайда болып тұрады.

Үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан жедел іріңді периостит дамиды (10-12% дейін). Егер жедел перикоронаритте жапқыш астындағы экссудаттың шығуы қиындаса ол жақ сүйегінің вестибулярлық қабығы астына қиғаш сызықтың бойымен жылжып түседі де, жетінші, алтыншы азу тістердің немесе кіші азу тістердің (премолярдың) тұсында іріңді қабыну тудырады. Ол іріңдікті тіліп ашпаса, орнында жыланкөз пайда болады. Егер үлкен азу тістердің біреуі бұрын емделген болса, ол қабынуға себепші болған тіс деп қате жұлынуы мүмкін. Содан соң жыланкөз жұлынған тістің ұясына ауысады. Ол өз алдына тіс ұяшығының созылмалы остеомиелитінің көрінісін білдіреді де, жасалған ем еш нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан төменгі жақ сүйегінің жедел іріңді периоститі деген нақтаманы қоярда, созылмалы перикоронариттің жоқ екеніне көз жеткізу керек. Ақыл тістің кедергіленіп жаруы кезінде пайда болатын төменгі жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелиті көбінесе жақтың бұрышы мен бұтағына жайылады.

А. И. Евдокимов, Г. А. Васильев (1959 ж), Г. И. Семенченко (1961ж) остеомиелиттің себепшісі ретінде екінші орында, үшінші-төменгі азу тістің кедергіленіп жаруы тұрады деп есептеген. Инфекция маргинальды (қызылиек жиегі) жолмен тарайды.

Остеомиелит сау тістің маңында пайда болатындықтан, клиникалық көрінісінде ерекшелігі болады.

Кезең көбінесе шектелген, созылмалы түріне-формасына тез өтеді.

 

Сурет-68. Инфекцияның қызылиек жиек (маргинальды) арқылы таралуы

Венсан белгісі-симптомы кездеспейді немесе өте кеш пайда болады. Мұндай остеомиелиттің көрінісі - науқас организмінің жалпы жағдайына, әсерлесу дәрежесіне байланысты.

Үшінші азу тістің кешігіп жаруы абсцесс және флегмоналармен де асқынады. Олар өз бетінше немесе остеомиелиттің асқынуымен пайда болады. Мұндай абсцесс, флегмоналардың клиникалық көрінісі басқа себептерден туған абсцесс, флегмоналармен бірдей болады.

Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит) – созылмалы перикоронариттің асқынуы болып есептеледі. Ол қайталанып тұратын және ауырған тіс жағындағы шырышты қабықты қамтитын ауру. Бұл ауыру созылмалы периодонтитте ауыз қуысында биологиялық тепе-теңдік бұзылып тіндердің резистенттігі төмендейді де, организмде сенсибилизация пайда болуымен сипатталады.

Үшінші азу тіс- медиальды қисая немесе көлбеу орналасса, онда оның көрші тіспен жанасқан бетінде тіс жегісі (кариес) пайда болып, уақыт өте ол пульпитпен, периодонтитпен асқынады.

Оның дұрыс нақтамасы тек рентген суретінің негізінде қойылады. Егер нақтама дұрыс қойылмаса, науқастар ұзақ уақыт бойы үшкіл жүйкесінің невралгиясынан емделуі мүмкін.

Төменгі үшінші азу тістің кешігіп жаруынан пайда болатын асқынуларды емдеу тәжірибелік-практикалық дәрігерлер үшін күрделі мәселе болып отыр. Өйткені оларды емдеудің көптеген әдістері ұсынылған және олар бір-біріне қарама-қайшы келеді.

Мысалы: жарып шығып келе жатқан тісті жұлудың орнына, оның жапқышын кесіп ашады немесе алып тастайды. Кейбір жағдайда үшінші тістің жарып шығуы үшін, екінші үлкен азу тісті немесе жоғарғы үшінші азу тісті жұлу ұсынылады.

Сонымен қатар кейбір ғалымдар, тісті тек жеделқабыну белгілері басылғаннан кейін ғана жұлу керек деп есептейді, біз бұл пікірді қолдамаймыз.Себебі оның барлығы науқастың хал-жағдайына байланысты, шешімі кезек күттірмейтін мәселе болып есептелінеді.

Біздің бақылауымыз бойынша қабынуға себепші болған тістің тағдырын шешу үшін, ұяшық өсіндіде жарып келе жатқан тіске орын жеткілікті ме, тістің өсі ұяшық өсіндінің өсіне қалай орналасқан және тіске жақ-қанатша бүрмесі мен ұрт тіндерінің кедергісі бар ма деген сұрақтарды шешу қажет. Бұл сұрақтарды шешу үшін нақты-объективті көріністер мен аурудың келіп шығуына-анамнезге қоса рентген суретіне көңіл бөлу қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша жақ сүйегінде тік орналасып жарып келе жатқан тістің дистальды беті мен жақ сүйегі «бұтағының» алдыңғы қырына дейінгі ара қашықтық 0,5 см кем болмаса, онда тіске орын жеткілікті деп есептеледі. Тәжірибелік-практикалық бақылаулар көрсеткендей 0,5 см бұл тіспен жақ сүйегі бұтағының алдыңғы қырына дейінгі ара қашықтық. Бұл кезде тіс жарып шыға алады және үстіндегі шырышты қабық кедергі болмайды. Егер тіс үстіндегі шырышты қабық қалыңдаса, онда тіс артындағы және жапқышты кесу ешқандай нәтиже бермейді. Мұндай жағдайда тісті жұлу қажет.

Тісті сақтап қалу мүмкіншілігі болса, жедел перикоронаритті отасыз-консервативті және хирургиялық жолмен емдеу қажет.

Егер тістің шайнау бетінің көп бөлігі жарып шықса, онда жапқыш астындағы кеңістікті бірнеше қайталап жуу, тістесуді (прикус) ажырату, қабыну кезеңінің басылуына және тістің жаруына мүмкіндік тудырады. Егер шайнау бетінің көп бөлігі жапқыш астында қалса, онда оны түгел кесіп алып тастау қажет. Ол үшін қандауыр немесе кішкене қайшы қажет. Жапқышты кесерде «москит» тәрізді қысқышпен ұстап тұру керек. Ота ішке сіңу-жергілікті жансыздандыру әдісімен жасалады.

Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше әдісімен жансыздандыру арқылы босаңсытады.

Дәрі-дәрмекпен емдеу әр адамның организміне байланысты жүргізіледі. Көрсетілген жағдайда ауыру сезімін басып қабынуға қарсы, сенсибилизацияны жоятын, домбығуға қарсы дәрі-дәрмектер және физиотерапия тағайындалады. Егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ал қабыну кезеңі шамалы болса, онда дәрі-дәрмек тағайындаудың қажеті болмайды. Жапқышты тіліп қана қою оның астындағы экссудатты шығару үшін қолданылатын уақытша шара. Мұны рентген суретін жасап, жарып келе жатқан тістің тағдырын толық шешкенге дейін жүргізуге болады. Бұл ота қабынуға қарсы ем тағайындаумен толықтырылуы тиіс.





Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1154; Нарушение авторских прав?;


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



ПОИСК ПО САЙТУ:


Рекомендуемые страницы:

Читайте также:
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2019) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление
Генерация страницы за: 0.011 сек.