Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дифтерия




Дифтерия – тыныс алу жолдарыныңөткір инфекциялы ауруы. Кейінгі жылдары жылдан- жылға дифтерия мен ауыратын науқастардың саны көбеюде. Аурудың таралу жолы: ауыз қуысының шырышты қабаты және ауыз –жұтқыншақ болып табылады. Сондықтан дәрігер-стоматологтар бірінші болып клиникалық көрінісіне байланысты нақтама қоюға тура келеді. Сол үшін әрбір тәжірибелі дәрігер маман, бұл аурудың клиникалық көрінісін, заманауи тексеру-зерттеу әдістерін меңгерген болуы керек және нақтамасын қоя білуі қажет.

Келіп шығуы дифтерияның қоздырғышы – Леффлер таяқшасы, ол факультативті анаэробты топқа жатады. Дифтериялық таяқша өте тұрақсыз,сондықтан түрін тез өзгертуге бейім және оның биологиялық үш түрі бар. Олар: гравис, митис, интермитис. Таяқшалар көбею кезінде өзінен өте көп мөлшерде улы заттар шығарады (экзотоксин). Сол себептен улы заттар бөлетін және улы заттар бөлмейтін штаммдарға бөлінеді.

Таралу жолдары: ауа-тамшы түрінде, дифтериямен ауыратын науқастан дені сау адамға жұғады, сонымен қатар үшінші адам болуы мүмкін. Себебі ол адам дифтерия қоздырғышының тасушысы болып табылады, тамақ өнімдері арқылы ж. т. б. жағдайларда. Аурудың келіп шығуына адамның иммундық қорғанысына байланысты. Сол үшін уақытында алдын алу егу шараларын мүлтіксіз орындау қажет.

Клиникалық көрінісі қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады, Ауыз қуысының шырышты қабаты және ауыз қуысының жұтқыншақ аймағы фибринді қабықпен жабылады, сол себептен организмде көп мөлшерде улану белгілері байқалады. Егер аурудың улы түрі болса ісіктер бет аймағында және ерінде пайда болады. Фибринді қабық бөлініп түсіп кеткеннен кейін өлеттенген жаралы жер қалады.

Нақтамасы: Клиникалық көрінісі мен қосымша бактериологиялық зерттеулер негізінде-дифтериялық таяқшаны табылады да оның улылығы анықталады.

Салыстырмалы нақтамасы: Дифтерияны сифилистің біріншілік түрімен, адамда иммундық тапшылық вирусы ауруының кешенді белгілерімен, ауыз қуысы шырышты қабатының вирустық, саңырауқұлақты және аллергиялық зақымдануларымен, лейкоплекиямен салыстыруға болады.

Емі Науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді.

Алдын алу шараларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы өткізеді және ең бастысы – алдын ала егу шарасы.

11.6. СІБІР ЖАРАСЫ (КҮЙДІРГІ)

Сібір жарасы — жануарлардан жұғатын, өте сирек кездесетін, жедел ағымды инфекциялы аурулардың тобына жататын ауру.

Келіп шығу тарихы-этиологиясы. Сібір жаралы грамм оң таяқшалы бактерияның әсерінен пайда болатын ауру.

Патогенезі. Сібір жарасының қоздырғышы адам организміне, бет терісі, мұрын, ауыз қуыстарының шырышты қабықтары арқылы, ауру малдардың жүнінен, терісінен, етінен т.б. жұғады. Сібір жаралы таяқшаның таратқышы әртүрлі шыбын-шіркейлер болып табылады. Ауру көбінесе жылдың жазғы-күзгі айларында кездеседі. Сібір жарасының инкубациялық мезгілі 2-14 күн созылады. Оның қоздырғышы организмге енгеннен соң эндоматозды (қабындырғыш), протективті (қоздырғыш) және өлу жағдайларынан құралған экзотоксин бөліп шығарады. Жоғарыда атап өткен жағдайлардың әртүрлі бірлесуінің күштілігі аурудың жалпы және жергілікті көріністерін бейнелейді. Бет терісі жұқпалы зат аз мөлшерде және беткей енгенде зақымданады.

Сібір жарасының жергілікті патологиялық анатомиясы. Қоздырғыш енген жерде сарысулы-қанды қабыну ошағы байқалады. Қабынған ошақ өлеттеніп, айналасындағы жұмсақ тіндер домбығып, жергілікті лимфаденит пайда болады. Жылжымалы макрофагтар сібір жарасының қоздырғыштарын лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріне тарауына мүмкіндік тудырып, ол жерде сарысулы, сарысулы-қанды немесе өлеттенген қанды қабыну дамиды. Көп жағдайда қабыну кезеңі беттің сібір жаралы көршиқанымен немесе жергілікті лимфаденитпен шектеледі, кейбір жағдайларда инфекция күшейіп жайылуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Бет-жақ аймағында, әдетте сібір жарасының жергілікті шектелген (терілік) түрі дамиды. Ауру жәй, жалпы көріністері байқалмай дамуы мүмкін, бірақ дене қызуы 38°С-қа дейін көтеріледі. Ауру басталар алдында бет терісінде қышитын түйіншек пайда болады. Оның ортасында қанды бөртік, ал айналасында үлкен ұйыспа-инфильтрат дамып, жұмсақ тіндері домбығып ісінеді. Бөртік өздігінен жарылып, ұйыспа-инфильтраттың бетінде қатты қара түсті қабыршақ пайда болады. Қабыршақтың айналасынан сарысу шығып тұрады. Ұйыспа-инфильтрат айналасы білікті ісініп, түбі қарайған жара пайда болады. Жараның айналасындағы күлдіреген көпіршіктер жарылып 5-6 күннен кейін көршиқан дамиды. Төменгі жақасты, иекасты және мойын лимфа түйіндері үлкейіп, қатаяды. Сібір жарасы немесе көршиқан инфекциясының күшейіп асқынып, аурудың жағдайы нашарлап, дене қызуы 40°С-қа дейін көтеріліп, организм улануының тағы да басқа көріністерімен сипатталады. Жара ауыз қуысының шырышты қабығына да шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда ұйыспа-инфильтрат айналасындағы жұмсақ тіндер қатты ісінеді. Жұтқыншақ ісінгенде аурудың тыныс алуы нашарлап, жұтынғанда ауырсынып, дауысы қарлығады.

Нақтамасы, ажырату нақтамасы. Сібір жарасы нақтамасын өзіне тән клиникалық көрінісіне сүйене отырып қояды. Әсіресе олардың ішінде жаралы ошақта іріңнің болмауы, жарылған көпіршіктерден, өлеттенген жерден сібір жарасы қоздырғыштарының табылуы негізге алынады.

Нақтамасын анықтау үшін ауру қанын, үлкен дәретін бактериологиялық зерттеуге алады және антроксинмен терісіне аллергиялық сынақ қояды. Науқастың жұмысы ауру жануарлармен байланысты болғанын анықтау нақтама қою үшін өте маңызды. Сібір жарасын шиқан, көршиқан, тілмеден ажырата білген жөн.

Емі. Сібір жарасы, көршиқан бетте, ауыз қуысының шырышты қабығында орналасса отасыз-консервативті ем қолданады. Ауруға емдік майлы танбалар қолданып, тыныштық жағдай туғызады. Дезинтоксикациялық, десенсибилизациялық,антибиотиктер, сульфанил-амидтер тағайындайды. Жалпы денсаулығын нығайту терапиясын жүргізеді, Сібір жарасының ағымы ауыр, инфекция күшейіп жайылған жағдайда пенициллинді 1,5-2 миллионнан, стрептомицинді тәулігіне 6-8 рет организмге ендіреді. Антибиотиктерді I ауыстырғанда тетрациклин, левомицитин, цефалоспорин, макролид т.б. дәрілерді қолданған жөн.

Болжамы. Сібір жарасының терілік түрі организмге қауіпсіз, ал инфекция күшейіп жайылған жағдайда, әлсіз аурулар өміріне қауіпті болуы мүмкін. Бетке, ауыз қуысына сібір жарасын жұқтырмас үшін, ауру жануарлармен араласқанда, олардың еті, терісі және жүнімен жұмыс істегенде санитарлық, жалпы гигиеналық ережелерді сақтап, ауыз қуысының, дене терісінің гигиенасын қадағалау керек. Сібір жарасының алдын алу үшін СТИ вакцинасын қатаң түрде эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне байланысты қолданады. Сібір жарасымен ауырған жануарлар немесе жұқпалы заттармен жұмыс істеген адамдар, зерттеліп арнайы бақылауда болуы керек, қажет болса емделуі керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1303; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.