Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Нома немесе сулы рак 1 страница




Нома — жақ ауыз қуысын бет тіндерінің тез жайылатын ылғалды гангренасы, бұл инфекциялық ауру.

Келіп шығу тарихы-этиологиясы осы күнге дейін белгісіз. Нома дамыған кезде өлеттенген тіндерден анаэробты микробтардың фузоспикилярлы түрлері, ауыз қуысында әдетте кездесетін анаэробты микробтардың түрлері бөлініп шығады.

Номаның патогенезінде организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс күштерінің мағынасы зор. Көп жағдайда ауру балаларда кездеседі.

Нома 50 жастан кейін жүрек-қан тамыр жүйесі ауруы бар адамдарда кездеседі. Номаның дамуына ауыз қуысының гигиенасын сақтамау, емделмеген гангренозды тістер, ауыз қуысының шырышты қабығын жарақаттайтын сауыты бұзылған тістердің көп әсері бар.

Патологиялық анатомиясы. Әдетте нома болғанда морфологиясында ерін, ұрт, ауыз қуысының шырышты қабықтары өлеттенеді. Өлеттенген ошақ тез арада жан-жағына тереңінен жайылып айқын шекарасыз ауыз қуысының шырышты қабығының беткей қабатына өтеді. Микроскоп арқылы қарағанда бұл жерлерде, қан, лимфа тамырларының тромбозы байқалады. Кезең жайылып айналасындағы сау тіндерді зақымдауға бейім. Асқынбай және ем уақытты басталған жағдайда, өлеттенген тіндер ыдырап орнында үлкен ақаулар пайда болады. Олар тыртықтанып, аурудың бет-әлпеті ұсқынсызданып, шайнау, ымдау еттері қарысып қалады.

Клиникалық көрінісі. Ауру ақырын, науқастың мазасы кетіп, дене қызуы 37°С-қа дейін көтеріліп басталады, ал кей жағдайда жедел басталып дене қызуы 38-40°С-қа дейін көтеріліп организмнің әр түрлі дәрежедегі жалпы улануы байқалады.

Ауыз қуысының шырышты қабатында, бет терісінде, ерін аумағында қабыну ошағы пайда болады. Шырышты қабат көпіршіктеніп, қанталап, бет терісі күңгірт-көк түсті дақтанады. Біраз жағдайларда қабыну кезеңі шіріп өлеттенген гингивиттен басталады. Алғашқы номамен зақымданған жер жан-жағына және тереңінен жайылады. Айналасындағы тіндер домбығып, ауыратын тығыз ұйыспа-инфильтратты үлкен қабыну ошағы пайда болып, ортасындағы тері тесіліп, жұмсақ тіндер шіриді (71-сурет).

Ауыз қуысында бұл кезең қызыл иекке жайылып тістер босап қалады, сонан соң кезең ауыз қуысының түбіне, тіл, жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне көшеді.

Бет терісінде кезең ауыз қуыс аумағынан иекасты үшбұрыштарына түседі. Ол теріден жұмсак, тіндерге тереңдеп жоғарғы және төменгі жақ сүйектерін қамтиды. Өлеттенген тіндер шіріп, олардан жағымсыз иіс шығып, лайлы сұйықтық бөлініп тұрады. Зақымданған тіндер басқанда қатты ауырады. Бет номасы пневмониямен, ал өлеттенген тіндермен аспирацияланса өкпе гангренасымен асқынуы мүмкін.

Номаның өсу қарқыны-прогрессивті ағымы сепсиске әкелуі мүмкін. Аурудан кейін дамитын функционалды, косметикалық тыртықталуы және ақауларының дәрежесі номанен зақымданған жердің көлеміне байланысты.

Нақтамасы, ажырату нақтамасы. Номаның нақтамасы, айқын клиникалық көрінісіне, микробиологиялық, морфологиялық және иммунологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып қойылады.

Нома шіріп өлеттенген флегмоналар, іріңді, шіріп-өлеттенген паротит және ыдыраған қатерлі ісіктерден ажыратылады. Флегмона тіс түбірлерінің ұшында дамып, клетчаткалық кеңістіктерде орналасады, паротит без тіндерінен дамып, тіндері шектеліп өлеттенеді, ал нома мен қатерлі ісікті ажыратқанда морфологиялық зерттеу мәліметтеріне сүйенген жөн.

Емі. Организмді дезинтоксикациялап, барлық ағзалар мен жүйелердің қызметін қалыпты жағдайда ұстап, организмнің қорғаныс жұмысын күшейтуге бағыттау керек. Қан тамыры арқылы антибиотиктер, десенсибилизациялайтын, жүрек-қан тамырларының қызметін жалпы организмді күшейтетін және дезинтоксикациялайтын дәрілер жібереді. Осымен қатар, қан немесе қан орнына қолданылатын заттар құйылады. Жергілікті зақымданған жерлер фурациллин, фермент ерітінділерімен жуып-шайылып, 0,25%-тен 0,5%-ке новокаин немесе тримекаинге ерітілген мөлшері 25-100 мл дейін антибиотик ендіріледі. Антибиотиктер, антисептик және финлепсин мен таңбалар тартылады.

 

 

Сурет-71. Нома (сулы рак)

 

Болжамы. Номаның прогрессивті ағымы науқас өміріне қауіпті, ал шектеліп өлеттенген ошақ қауіпсіз болмағанымен косметикалық, функционалдық өзгерістер ұзақ ем қажет етеді.

Алдын алу. Әлсізденген балалардың жалпы организмін күшейтуге ем жүргізіліп, ал қан айналымы бұзылған, жұқпалы ауруы бар балаларда нома көп кездесетіндіктен жоғарыда айтылған ем керек. Осымен қатар, ауыз қуысының гигиенасы, санация, шырышты қабық жарақаттарының алдын алу керек.

11.8. ТІЛМЕ (РОЖА)

Тілме — терінің және шырышты қабықтардың жедел сарысулы немесе сарысулы-қанды қабынуымен сипатталанатын организмнің жалпы улануымен көрінетін инфекциялы ауру.

Келіп шығу тарихы-этиологиясы А тобындағы бетта — гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады. Ауру қоздырғышы стрептококктың басқа да түрлеріде болуы мүмкін, ал ауру ағымы ауыр жағдайда, патологиялық кезеңде т.б, микробтар, соның ішінде стафилококкта қатысады.

Патогенезі. Организм сенсибилзацияланып оның жалпы және жергілікті инфекцияға қарсы қорғаныс жағдайларының төмендегенде тілме дамиды. Гетеро-және аутосенсибилизациялық жағдайлардың ішінде терінің және жалпы организмнің салқындауы, қажуы, созылмалы аурулардың өршуі, әртүрлі стресті жағдайлар жататынын атау керек. Терінің қарсыласу және бактериоцидтік белсенділігінің көп маңызы бар. Аурудың дамуы, әсіресе терінің стрептококкпен ұрықтанғанында ықтимал. Инфекция ену көзі тері, көп жағдайларда, оның жарақаттары эрозиялар, қабыну.

Кей жағдайларда тілмеге организмнің туа біткен бейімділігі де байқалады. Организм сенсибилизацияланып оның иммундық қорғанысы бұзылады, қан құрамында гистамин көбейіп және организмнің гистаминді залалсыздандыру қызметінің төмендеуі тілменің дамуына әкеліп соқтырады.

Патологиялық анатомиясы. Тілменің патологиялық анатомиясы терінің емізікше қабатының сарысулы немесе сарысулы-қанды қабынуымен және ретикулярлық қабатының домбығуымен сипатталады. Қан және лимфа тамырлары кеңейіп, құрамында көптеген микробтар бар экссудатпен толады. Қан тамырларының айналасында, лимфоидты және ретикулогистиоциттардан тұратын клеткалы ұйыспа-инфильтрация байқалады.Пайда болған экссудат эпидермиске қарай тарайды да, құрамында фибрині бар көптеген көпіршіктер пайда болады.

Экссудат жанасып жатқан клетчаткаға жайылып оның флегмонозды қабынуына кей кезде өлеттенуіне соқтыруы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Бет аймағында көбінесе тілменің алғашқы

қабынуы дамиды. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 4-5 күнге дейін созылады. Ауру жедел басталып, жалпы қабыну көріністерімен сипатталады. Кейбір жағдайларда ауру, дене қызуының субфибрилді температурасымен, бас ауруымен, әлсізденуімен және жалпы жағдайының нашарлауымен басталады.

Ауру басталған соң 2-3-ші күні, оның жалпы көріністері күшейе түседі, дене қызуы 38°С-қа дейін көтеріледі. Науқас лоқсып, құсып, денесі қалтырап, қан айналымы бұзылады, есеңгіреп, сандырақтайды. Аурудың жергілікті көріністері жалпы көріністерімен бірге немесе ауру басталғаннан соң 2-3 күннен кейін дамиды. Бетте тілме көбінесе мұрын, ұрт аймақтарында, көбелек тәріздес болып орналасады. Дами бара қабыну қабақ, мойын, құлақ, бастың шаш бөлігіне қарай жайылады. Кей кезде ауыз қуысының шырышты қабығы, жұтқыншақ, ауыз қуысының түбіне жайылып, ауру ағымын ауырлатады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейіп ауырсынуы мүмкін. Тілменің клиникалық жіктелуінің негізіне жергілікті өзгерістер алынған. Оның эритематозды, эритематозды-буллезды, эритематозды-қанды және буллезды-қанды түрлерін ажыратады осымен қатар, өлеттенген және флегмонозды асқынған түрлері де болады, Қамту аймағына байланысты, жергілікті, көшпелі (блуждающий) немесе жайылмалы түрлерін ажыратады. Жалпы қабыну кезеңінің ағымына қарай жеңіл, орташа, ауыр және біріншілік, рецедивті (бірнеше айдан 1-2 жылға дейін), қайталанған (алғашқы тілмеден 2 жылдан аса уақыттан соң) түрлеріне бөлінеді.

Нақтамасы, ажырату нақтамасы. Тілмені анықтап нақтамасын қою аурудың жалпы клиникалық көріністеріне негізделеді. Егер тілме ошағында орналасқан көпіршіктерден патогенді стрептококктар бөлініп шықса, оның нақтамасын анықтау тіпті оңайға түседі. Тілмені жақ аймағының абсцессі, флегмонасы, лимфаденит, бет венасының флебиті, актиномикоз және сібір жарасынан ажырата білу керек.

Емі. Тілменің эритематозды түрінде сульфаниламид, витаминдер, десенсибилизацияландыру, осылармен қатар науқасқа тыныштық және ультрасәулесімен емдеу тағайындалады. Оның басқа түрлерінде антибиотиктер және қабынуға қарсы кешенді-комплексті ем жүргізеді. Флегмонозды немесе өлеттенген түрі дамыған жағдайда жоғарыда атап өткен емге қоса науқастың жасын, қосақталған ауруларын ескере отырып қосымша интенсивті (екпінді) терапиялық ем қолдануын қажет етеді. Аурудың жеңіл түрінде витаминдер, метилурацил, пентоксил, продигиозон және аутогемотерапия тағайындалады.

Тілменің эритематозды-буллезды, буллезды-қанды, флегмонозды, өлеттенетін түрлерінің жергілікті емі көпіршіктер мен іріңді ошақтарды ашып, өлеттенген тіндерді кесіп алып тастауды қажет етеді. Зақымданған жерлерге фурацилинмен Вишневский, Шостаковский майларымен емдік таңбалар тартылады. Ауру инфекцияның жайылуы, менингит, сепсиспен асқынуы мүмкін. Тілмен ауырған науқастарды арнайы инфекциялы бөлімшелерде емдеген жөн. Аурулар толық емделіп шығады, бірақ жасы

келген, кәрі кісілерде тілме асқынып өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Алдын алу инфекция енетін көздерді жою, әртүрлі физикалық ем-тәсілдерін қолданып терінің резистенттігін көтеруден тұрады. Осымен қатар одонтогенді ошақтарға тазалап-санация жасап, ауыз қуысының, беттің гигиенасын сақтау керек. Тілменің қайталану-рецидивті түрімен ауыратын науқастар диспансерлік есепке алынып, жыл бойы бициллин емін алуы керек.

11.9. ШИҚАН

Түк фолликуласының және оның айналасындағы тіндердің жедел түрде іріңдеп, өлеттене қабынуын шиқан деп атайды.

Бірнеше түк фолликуласы мен майлы бездерді қамтып тері және теріасты клетчатканың іріңдеп өлеттене қабынуын көршиқан дейді.

Бір уақытта немесе біртіндеп терінің бірнеше жерлерінде қабыну ошақтарының дамуын фурункулез дейді.

Беттің аз ғана шектелген бір бөлігінде бірнеше шиқан орналасса, оны жергілікті фурункулез дейді.

Шиқанмен көршиқанның дамуы тікелей бет-жақ аймағының, оның ішінде терісінің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тері адамның маңызды ағзаларының бірі, ол зат алмасу және жылу реттестіру кезеңдеріне қатысады. Тері қорғаныс, тыныс алу, секрет (тер, тері майын) бөліп шығару қызметтерін атқарады. Теріде орналасқан күрделі жүйке аспаптары көптеген сезіну, қысым, ауру, ыстық, суық сезімдерін қабылдап ми қатпарларына жібереді. Бет терісінің бірнеше ерекшеліктері бар. Оның беткей қабаты эпителиалды клеткалардан құрылған эпидермистен тұрады. Бет терісінің мүйізді қабаты адам денесінің басқа жерлеріне қарағанда жұқалау болып келеді. Эпидермистің жылтыр қабаты, ал кей кезде дәнді қабаты да бетте жоқ болуы мүмкін. Дерма немесе меншікті тері торлы және емізікше қабаттан құрылған. Дерманың торлы қабатында тер, май бездері және түк түбірлері орналасады. Түк түбірінің буылтығына, терінің терең қабатынан түкті қоректендіретін қан тамырлары бар емізікше жанасып жатады. Сондықтан оны түбірімен қоса зорлап жұлуға болмайды, өйткені бұл жағдайда дерма жалаңаштанып микробтарға қарсы төтеп бере алмайды. Терінің үшінші қабаты көптеген майлы клетка жиынтығынан құралған теріасты майшелі болып табылады. Мұнда бет терісіне бекіген ымдау бұлшықеттері орналасады. Бұл еттердің үнемі қозғалысы клетчаткалық кеңістіктерге микробтардың еніп, терінің терең қабатында қабыну кезеңдерінің жайылуына соқтырады. Ымдау еттерімен терінің осы байланысы қабынған тіндерге жергілікті тыныштық тудыруға мүмкіндік бермейді, ал бұл беттегі шиқан мен көршиқан емінің негізгі бір жағдайы болып табылады.

Бет-жақ аймағындағы қан тамырлардың, оның ішінде әсіресе, көк-вена тамырларының молдығының беттегі іріңді қабыну ағымына өте маңызы көп. Беттің сол жағындағы веналар оң жағындағы веналармен, беткей веналар тереңдегі веналармен жалғасып көптеген анастомоздар құрады. Көз веналары арқылы, бас қаңқасының ішкі веналары мен мидың қатты қабығының синустары, оның ішінде үңгірлі қуыспен байланысатын бет веналары анастомоздарының маңызы бар. Бет веналары мен ми қабаттарының синустарын байланыстырып жатқан қан тамырларындағы қан ағымы бағытының да маңызы көп. Қалыпта қан бұрышты вена арқылы бет венасына құяды, бірақ жоғарғы ерін, көзасты және мұрын-ерін қатпары аумақтарында қабыну процесі дамыған жағдайда, қан ағымының бағыты көз веналары мен үңгірлі қуысқа қарай өзгереді (М. А. Сресли 1957). Бұған бет веналары мен мидың қатты қабатының анастомоздарында қақпақшалардың болмауы мүмкіндік тудырады. Осы жоғарыда атап өткен бет веналарының құрылыс ерекшеліктері бетке орналасқан шиқан, көршиқанның асқынып, менингит және үңгірлі қуыстық тромбоздың дамуына мүмкіндік тудырады. Осымен беттің шиқан, көршиқандарының клиникалық ағымының өзгешелігі, асқынуларының жиілігі жақ-бет аймағының, оның тері құрылысының ерекшелігімен тығыз байланысты.

Шиқан мен көршиқанның нақтамасын қою, емін дұрыс жүргізу, олардың асқынуларының алдын алу үшін бұл ерекшеліктерін білген жөн.

Бет шиқаны мен көршиқаны вирулентті патогенді стафилококктың (алтын немесе ақ) кей жағдайларда оның басқа микроб ассоциацияларымен сырттан енгенінде дамиды. Бұл аурулардың дамуына келесі себептер мүмкіндік тудырады:

- бет терісінің шаң басып кірлеуі, әсіресе майлы заттармен жұмыс жасағанда лас қолмен бетін сүртіп, қасу;

- терінің микрожарақаттары (түгін алу, қырынғанда кесіп алу, тырнап алу, қасты теру);

- температураның күрт өзгеруі;

- кейбір тері аурулары (экзема, сикоз, безеу);

- зат алмасуының бұзылуы, қант диабеті, авитаминоз;

- әр түрлі созылмалы аурулар, ауыр жұқпалы аурулардың әсерінен организмнің әлсіреп жүдеуі;

- жас өспірімдердің безеулерін сығуы;

Патологиялық анатомиясы. Шиқан дамығанда түк фолликуласының, майлы бездің және олардың айналасындағы дәнекер тіндердің өлеттенуі байқалады. Өлеттенген тіндердің ортасында стафилококктар шоғырланып жиналады, айналасында макрофактар мен нейтрофилдерден тұратын жалпақ білік пайда болып, оның шеті ісініп, қан тамырлары кеңейіп, плазмоидты клеткалардан, лимфоциттерден және нейтрофилден құрылған ұйыспа-инфильтрат байқалады. Эпителий сылынып оның астынан іріңді көпіршік көрінеді.

Көршиқан дамығанда бірнеше түк фолликулалары, майлы бездері, тері және теріасты клетчатка өлеттеніп, бетінде көптеген тығыз іріңді өлеттенген өзек пайда болады. Веналарды қан кернеп, тығындалып, артериялар экссудатпен қысылып, циркулярлы қан айналымы бұзылып, өлеттену көлемі кеңейіп, терінің терең қабатынан фасция мен

бұлшықеттеріне жайылып, кей кезде сүйекті де қамтуы мүмкін. Өлеттенген тері тесіліп, олар арқылы ірің бөлінеді.

Клиникалық көрінісі. Шиқан түк фолликуласьіның қабынуынан басталады. Түктің айналасы іріңдеп жан-жағы аздап қызарады. 1-2-ші күннің аяғында дермада томпиған конус тәріздес қабыну қйыспа-инфильтраты дамиды. Оның үстіндегі тері күңгірт-қызыл түсті, ал айналасындағы тіндер домбығып ісінеді. Бұл кезде шиқан аумағында ауыру сезімі күшейе түсіп, кей жағдайларда үшкіл жүйке бұтақтарының бойымен жайылып, науқасты қатты мазалайды. Бас ауруы пайда болады. 3-4 күннен кейін ұйыспаның-инфильтраттың ортасында күлтілдеу-флюктуация (былқылдақ) пайда болады. Аз арада шиқанның ауызы ашылып онан шамалы қою ірің шығады. Ауызы ашылған соң, сол жерде шиқанның өзегі көрінеді. Бірте-бірте өлеттенген өзек іріңмен бірге бөлініп шығады. Өлеттенген өзекті зорлап шығаруға мүлде болмайды, өйткені зақымданған тері мен сау тіндердің арасындағы табиғи тосқауыл бұзылып инфекция беттің венозды өріміне өтуі мүмкін.

Өлеттенген өзек бөлініп шыққаннан соң, оның орнындағы кратер тәріздес жара біртіндеп грануляциямен толып, тыртықтанңп бітеді. Қабынбаған шиқан 8-10 күннің ішінде жазылады, бірақ кей жағдайларда шиқанның көлемімен онан бөлініп шықан ірің көбейгенде өлеттенген өзек толығымен шіріп абсцесс немесе флегмона белгілері байқалады.

Көршиқан дамығанда қабыну кезеңі жақын орналасқан бірнеше шаш фолликулаларын және майлы бездерді қамтып, тері мен теріасты клетчаткасы өлеттенеді. Көршиқанның дамуының бастапқы кезінде бетте кішкентай қабыну ұйыспасы-инфильтраты пайда болып ол тез арада үлкейеді. Айналасындағы тіндер домбығып ісініп, торлы лимфа түйіндерінің лимфадениті дамиды. Ұйыспаның-инфильтраттың үстіндегі тері күңгірт-қызыл-көкшіл, тері қатпарға жиналмайды. Терінің беткей қабаты жұқарып, бірнеше жерден тесіліп ірің бөлініп шығады, ол жерлерден өлеттенген тіндер немесе өзектер байқалады. Бара-келе кішкене тесіктер бір-бірімен қосылып үлкен жараға айналады. Бұдан ірің бөлініп шығып тыртықтанып жазылады. Бет-жақ аймағының анатомиялық физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты шиқан, әсіресе көршиқанның жұмсақ тіндеріндегі инфильтраттар қатты ісініп домбығып, жиі абсцесске айналып, өте ауыр өтеді. Ол барлық жағдайда жергілікті лимфаденитпен қосарласып жүреді. Ағымы жедел науқастардың дене қызуы 39-40°С-қа дейін көтеріліп, денесі қалтырап, басы, қабыну кезеңі орналасқан жері қатты ауырып, мазасызданып, әлсірейді. Шеткі қанда лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі, қан сарысуында белок фракциялары жылжуы мүмкін.

Ажырату нақтамасы. Шиқан мен көршиқанның нақтамасын анықтау әдетте қиындық тудырмайды, дегенмен кей кездерде төменде аталатын басқа аурулардан ажырату керек болады.

Беттің теріасты одонтогенді гранулемасы теріасты май шеліндегі

созылмалы гранулденген периодонтиттің әсеріне байланысты әлсіз өтетін іріңді кезең. Бұл аурудың өзіне тән үш белгісі бар: ауру тіс, теріасты гранулема, тістен немесе тіс ұяшығынан беттегі құрылымға созылған тығыз тартпа. Атерома - майлы бездің шығару түтігінің тығындалып қалуынан пайда болатын, терімен дәнекерленген, ауырмайтын, анық шектелген ісік тәріздес құрылым. Кейбір аурулардың атеромасы іріңдеп клиникалық көріністері шиқан мен көршиқанға ұқсайды. Атероманың шиқан мен көршиқаннан айырмашылығы қабыну басталар алдында науқастың бетінде ауырмайтын құрылым болады, осымен қатар атероманың инфекция ену көзі болмайды, оны хирургиялық жолмен тіліп ашқанда, іріңге аралас май тәріздес іртік зат бөлініп шығады.

Сібір жарасы тері немесе шырышты қабат арқылы сібір жарасының таяқшасы енгенде дамиды. Инфекция көзі, үй немесе жабайы жануарлар. Кәдімгі шиқан мен көршиқанға қарағанда, сібір жарасына келесі белгілер тән: көлемі 1 см-ден 3 см-ге дейін шектелген, қара-қоңыр, айналасында бұдырлы сары көпіршіктермен қоршалған қабығы болады (сібір жарасының інжу алқасы), айналасындағы жұмсақ тіндер ісініп, домбығады, қабыршақ астында кейде білінбейтін тығыздалған жұмсақ тін байқалады, барлық уақытта ірің және ауыру сезімі болмайды. Күдікті жағдайда қабыршақ астынан алынған тінді немесе көпіршіктің ішіндегі сарысуды бактериологиялық зерттеуге жіберу керек.

Жақ-бет аймағының актиномикозына инфекция түскенде шиқанға немесе көршиқанға ұқсайды. Көршиқанға қарағанда актиномикоздың ағымы ұзақ уақытқа созылып, қабыну ұйыспа-инфильтраты тақтай секілді қатты болады, тері көк түсті, көптеген жыланкөз пайда болады, осыған баяланысты ұйыспа-инфильтрат «көктелген көрпеге» ұқсайды. Шиқан мен көршиқандардың қабыну кезеңі беттің ортаңғы және жоғарғы аймағында орналасқанда (жоғарғы ерінде, мұрын, көзасты аумағында т.б.) өте қауіпті және бет веналарының флебитімен, тромбофлебитімен жиі асқынады. Әсіресе көз венасы арқылы, үңгірлі қуыспен анастомоз құратын бұрышты венаны тромбофлебиті өте қауіпті. Бет веналарының жедел тромбофлебиті ауыр өтеді, науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырап, басы ауырып, терлеп әлсірейді. Тексергенде қабынған веналардың бойында тартпа тәріздес өте ауыратын тығыз ұйыспа-инфильтрат, ал негізгі қабыну ошағының шегінде жұмсақ тіндердің бүйір тармақтар-коллатеральды ісінуі, веналардың кернеуі мен соғуы және терінің қызаруы байқалады. Қабыну кезеңінің бастапқы кезеңінде-ақ организмнің улануының, қан айналым және жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы салдарынан еріннің, қабақтың, маңдай, мұрын, құлақ терісінің көгергені байқалады. Бұрыштық венаның тромбофлебиті көз веналарын қамтып ретробульбарлы клетчатканың флегмонасының дамуына, ал әрі қарай үңгірлі синустық тромбоз және іріңді менингитке соқтырады. Бұл бет шиқаны мен көршиқанының өлімге әкелетін ең қауіпті асқынулары. Жоғарыда аталып өткен жақ-бет аймағының анатомиялық ерекшеліктерімен бірге аурулардың өздері шиқан мен көршиқанның алғашқы құрамдық




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1935; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.