КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Салыстырмалы диагностикасы. Басты, бірақ абсолютті емес маңыздылыққа бірге дамитын ГА, сирек жағдайда аутоиммунды тиреоидит ие болады
Диагностикасы Басты, бірақ абсолютті емес маңыздылыққа бірге дамитын ГА, сирек жағдайда аутоиммунды тиреоидит ие болады. Бұл жағдайда науқаста екі жақты үрдістің дамуы диагнозды толығымен растайды. Сирек орындалатын орбиталар УДЗ-сі көзқозғалтқыш жүйкелерінің жуандағанын көрсетеді (3.17 сурет). Бұл зерттеу әдісі клиникалық айқын емес ЭОП-ны белсенді түрде диагностикалау мақсатында жүргізіледі, себебі ол тиреотоксикозбен дамитын бірқатар сырқаттардан ажырату барысында ГА диагнозын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатта аса қымбат, бірақ әлдекайда ақпаратты зерттеу МРТ жүгізуге болады. МРТ жүргізуге басты көрсеткіш болып науқаста біржақты экзофтальмді анықтау табылады (әсіресе, басқа көз симптомдары мен қабынулық өзгерістер дамымағанда). Сонымен қатар, МРТ ретробульбарлы ісікті жоққа шығару мақсатында орындалады. ЭОП диагностикасындағы емді тағайындау жөніндегі маңызды сұрақтардың бірін шешу үшін ЭОП белсенділігін анықтау қажет. Осы мақсатта клиникалық көріністер мен анамнез мәліметтері (динамикадағы қарау) маңызды. Оларды төменде көрсетілген 3.9 кестедегі ЭОП клиникалық белсенділігі шкаласында қосып, топтастырады.
3.9 кесте. ЭОП-ның клиникалық белсенділігінің шкаласы
ЭОП-ны ретробульбарлы ісіктерден (әсіресе, біржақты экзофтальм кезінде), көз шарасының инфильтративті ауруларынан, миастениядан, басқа генезді көз жүйкесінің нейропатиясынан ажырата білу қажет.
Емі Емдеу әдісін таңдау кезінде ЭОП-ның өздігінен дамитын ремиссияға ұшырауға бейім екенін естен шығармаған жөн, яғни басқаша айтқанда ертелі кеш ЭОП-ның белсенді сатысы аяқталады дегенді білдіреді. ЭОП-ны емдеу әдісі жоғарыда айтылғандай сырқаттың ауырлығы мен белсенділігіне байланысты (3.10 кесте).
3.10 кесте. Эндокринді офтальмопатияның емі
Басым жағдайларда ЭОП ешқандай белсенді терапияны жүргізусіз жазылады, себебі жиі жеңіл дәрежеде дамып, еш қалдық белгілерсіз өздігінен ремиссияға ұшырайды. Дегенмен, науқастарға темекі тартуды тоқтату, көз тамшыларын қолдану жөніндегі кеңестер берілуі қажет. ЭОП ремиссиясына қол жеткізудің басты шарты- эутиреозды үстемелеу. Орташа және ауыр дәрежедегі ЭОП кезінде қолданылатын, өзінің салыстырмалы қауіпсіздігі мен нәтижелілігін дәлелдеген әдіс- метилпреднизолонмен пульс-терапия (1 г көктамырға, күнделікті, 5 күн бойы, кейін қажет болғанда қайталамалы курсті 1–2 аптадан кейін жүргізеді). Альтернативасы жанама әсерлерінің даму қаупі жоғары пероральды преднизолонды қабылдау болып табылады. Глюкокортикоидтармен емдеудің басты мәселесі- онымен емді тоқтатқаннан кейін жиі дамитын ЭОП рецидиві. Сонымен қатар, глюкокортикоидты терапиямен жұптастырып орбиталар аймағына бағытталған рентгенотерапиямен емдеу әдісі де қолданылады. Ауыр дәрежедегі ЭОП кезінде, әсіресе көру жүйкесінің нейропатиясы дамығанда орбитаны декомпрессиялау мақсатында оперативті араласу көрсетіледі. ЭОП-ның белсенді емес сатысында айқын косметикалық және көрудің бұзылыстары дамыған кезде де оперативті араласу тағайындалуы мүмкін.
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 546; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |