КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Этиологиясы. ҚД-1 тұқым қуалауға бейімділігі бар ауру, бірақ оның аурудың дамуына тигізетін үлесі үлкен емес
ҚД-1 тұқым қуалауға бейімділігі бар ауру, бірақ оның аурудың дамуына тигізетін үлесі үлкен емес (шамамен 1/3). Біржұмыртқалы егіздерде ҚД-1 конкорданттылығы 36%-ды құрайды. Нәрестеде ҚД-1-мен анасы ауырғанда көрініс беру жиілігі 1–2%, әкесі ауырса — 3–6%, ал бауырларында болса— 6%. Ұйқыбездің β-жасушаларының аутоиммунды зақымдалуын көрсететін бір немесе бірнеше гуморальды маркерлер науқастардың 85–90%-да анықталады. Оларға ұйқыбез аралшықтарына қарсыденелер, глутамат-декарбоксилазаға (GAD65) қарсы денелер, тирозин-фосфотазаға (IA-2 и IA-2.) қарсы денелер жатады. Дегенмен, β-жасушалардың бүлінуіне әкелетін басты себептер жасушалық иммунитет факторлары болып есептеледі. ҚД-1 HLA, DQA және DQB секілді гаплотиптермен байланысты болады, бұл кезде бір аллелдер HLA-DR/DQ сырқаттың дамуына ықпал ететін болса, ал кейбіреулері протективті қасиетке ие. Жоғары жиілікте ҚД-1 басқа аутоиммунды эндокринді (аутоиммунды тиреоидит, Аддисон ауруы) және алопеция, витилиго, Крон ауруы, ревматикалық аурулар секілді эндокринді емес аурулармен тіркесіп көрініс береді (7.5 кесте).
Патогенезі ҚД-1 β-жасушалардың 80–90%-ы аутоиммунды үрдіспен зақымданғанда басталады. Аталған үрдістің жылдамдығы мен интенсивтілігі ауытқып отырады. Балалар мен жастарда сырқаттың типті ағымында бұл үрдіс жоғары жылдамдықпен дамып, тез манифестацияға ауысады, нәтижесінде қант диабетінің алғашқы клиникалық көріністерінен кетоацидоздың дамуының арасында бірнеше апта ғана өтуі мүмкін (тіпті кетоацидозды комаға дейін).
Кесте 7.5. Қантты диабеттің 1 типі
Басқа сирек жағдайларда ҚД-1-мен сырқаттанған 40 жастан асқан ересектерде ауру лантентті өтеді (ересектердегі латентті аутоиммунды диабет— LADA), бұл кезде сырқаттың дебютінде жиі мұндай науқастарға ҚД-2 диагнозы қойылады және ҚД-нің компенсациясына бірнеше жылдар бойы сульфонилмочевина дәрілерін тағайындау арқылы қол жеткізуге болады. Шамамен 3 жылдан кейін абсолютті инсулин тапшылығының белгілері дамиды (таблеткалы қант деңгейін төмендететін дәрілерді қабылдауға қарамастан арықтау, кетонурия, айқын гипергликемия дамуы). ҚД-1 патогенезі негізінде инсулиннің абсолютті тапшылығы жатыр. Инсулин тәуелді тіндерге (май тіні және бұлшықет) глюкозаның ене алмауы энергия тапшылығына әкеліп, липолиз бен протеолизді күшейтеді, нәтижесінде дене массасы төмендейді. Гликемия деңгейінің жоғарылауы гиперосмолярлыққа әкеледі, ол өз кезегінде осмостық диурезбен және айқын сусызданумен ұштасады. Инсулин тапшылығы мен энергетикалық жеткіліксіздік жағдайында контринсулярлы гормондардың өндірілуі тежелістен шығып (глюкагон, кортизол, өсу гормоны), нәтижесінде гликемияның жоғары болуына қарамастан, глюконеогенезді белсендіреді. Май тіндерінде липолиздің күшеюі бос май қышқылдарының артуына әкеледі. Инсулин тапшылығы кезінде бауырдың липосинтездік қызметі тежеліп, бос май қышқылдары кетогенезге қатыса бастайды. Кетон денелерінің жиналуы алдымен диабеттік кетозға, кейін кетоацидоздың дамуына әкеледі. Сусызданудың әрі қарай өршуі мен ацидоз әсерінен коматозды жағдайдың дамуына әкеледі, егер дер кезінде инсулиндік терапия және регидратация жүргізілмесе өліммен аяқталады (7.7.1 бөлімді қараңыз).
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 582; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |