КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Гинекомастия
Болжамы Салыстырмалы диагностикасы Диагностикасы Эпидемиологиясы Ер адамдардың 10 %-да және 70 жастан асқан ер адамдардың 50%-да дамиды. 40 жастағы ер адамдардың 5 %-ы толық эректильды дисфункцияға және 15 %-ы жартылай эректильді дисфункцияға шағымданады. Эректильды дисфункция жиілігі ЖИА-ның жиілігімен салыстырғанда екі есе жоғары.
Клиникалық көрінісі Эрекцияның бұзылуы гипогонадизм симптомдарымен немесе эректильды дисфункцияның дамуына әкелетін сырқаттардың симптомдарымен ұштасады (6.3 бөлімді қараңыз).
1. Анамнез. Эректильды дисфункцияның басталу уақытын, ұзақтығын және үдемелі дамуын (кенеттен басталуы психогенді дисфункцияға тән), түнгі және таңғы эрекцияның болуын (аталған симптомдардың көрініс бермеуі дисфункцияның органикалық табиғатты екенін көрсетеді), гипогонадизм симптомдарын (либидо төмендейді) анықтайды. Қабылданатын алкоголь көлемі, психобелсенді заттар мен дәрілік препараттар саны сұрастырылады. 2. Физикалық зерттеу: аталық без пальпациясы, еркек жыныс мүшесі ақауын жоққа шығару. 3. Зертханалық зерттеу: тестостерон, ЛГ, ФСГ, пролактин мөлшері, аш қарынға гликемия, ТТГ, бауыр трансаминазаларын, креатинин және т.б. анықтау. 4. Аспаптық зерттеулер (көрсеткіштер бойынша): еркек жыныс мүшесінің доплерлік УДЗ-сі (артериялық және венозды қанайналымды бағалау); вазодилятаторлардың интракавернозды инъекциясы (папаверин, простагландин Е1)— эрекцияның дамуы дисфункцияның қантамырлық генезін жоққа шығарады.
Эректильды дисфункцияны шақырған себептер арасында салыстырмалы диагностика жүргізіледі.
Емі 1. Этиотропты ем: гипогонадизм кезінде андрогендермен орынбасушы терапия, гиперпролактинемия кезінде дофаминомиметиктермен терапия, психотерапия және т.б. 2. Симптоматикалық ем: — фосфодиэстераза ингибиторлары (силденафил, тадалафил, варденафил); — простагландин Е1-мен интракавернозды инъекция; — хирургиялық ем (реваскуляризация, протездеу).
Эректильды дисфункцияның дамуына әкелген себептермен анықталады.
Гинекомастия - ер адамдарда көкірек безінің диаметрі 2 см-ден артық қатерсіз ұлғаюы. Гинекомастия жеке сырқат болып дамымайды, ол басқа сырқаттардың симптомы ретінде көрініс береді. Шынайы гинекомастияны жалған гинекомастиядан немесе липомастиядан ажырата білу қажет. Соңғысы май тінің ұлғаюы есебінен дамиды. Шынайы гинекомастия кезінде көкірек безі бөліктік түтіктердің гиперплазиясы, бездің дәнекер тінінің гипертрофиясы есебінен ұлғайып, макроскопиялық тіннің бездік және стромалық құрылымдарының артуымен көрінеді. Шынайы гинекомастия физиологиялық (жаңа туылған нәрестелерде, пубертатты және қарттық) және патологиялық болып жіктеледі (6.9 кесте).
6.9 кесте. Гинекомастия
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 666; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |