КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Салыстырмалы диагностикасы
Диагностикасы Эпидемиологиясы Ер адамдарда дамитын туа біткен гипогонадизмнің себептерінің бірі Клайнфелтер синдромы болып табылады. Клайнфельтер синдромының таралу жиілігі тірі туылған ер балаларға 1:500 қатынасындай. Жүре пайда болған гипогонадизм жиі кездеседі, ол ер адамдардың 20%-да дамиды. Бұл көрсеткіш алынған диагностика қағидаларына тікелей тәуелді.
6.6 кесте. Даму кезеңіне тәуелді гипогонадизм симптоматикасы
Клиникалық көріністері Гипогонадизмнің клиникалық көрінісі ең алдымен сырқаттың дамыған жас уақытына тәуелді (6.6 кесте).
1. Гипогонадизмнің клиникалық көрінісі (6.6кесте) гипогонадизмнің дамуына әкелген сырқаттардың спецификалық көріністерімен бірге ұштасады (туа біткен синдромдар, соматикалық аурулар және т.б. 6.4–6.5 кесте). 2. Тестостерон мөлшерінің төмендеуі (6.2.2 бөлімді қараңыз). 3. Біріншілік гипогонадизмде ЛГ және ФСГ деңгейінің жоғары болуы, ал екіншілік гипогонадизмде керісінше төмен болуы.
· Гипогонадизмнің дамуына әкелген сырқаттар арасында жүргізіледі. · Аталық без патологиясына және гонадотропиндер өндірілуінің бұзылыстарымен байланыссыз дамитын гипогонадизм: гиперпролактинемия, эстрадиол гиперпродукциясы (аталық без, бүйрек үсті безі, бауырдың ісіктері) және т.б.
Емі Андрогендермен орынбасушы терапия. Орынбасушы терапияға абсолютті қарсы көрсеткіш болып көкірек безі мен қуық асты безінің қатерлі ісігі, ал салыстырмалы қарсы көрсеткіші қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, полицитемия, ұйқы кезіндегі апноэ синдромы болып табылады. Андрогендермен орынбасушы терапияны бастамас бұрын мынадай шараларды орындау міндетті: қуық асты безін ректальды зерттеу, көкірек бездерін пальпациялау, простат-спецификалық антигендерді, гемоглобин, гемотокрит, липидті спектрді анықтау. Тестостеронның көптеген дәрілік түрлері белгілі. Тестостерон эфирлерінің қоспасы (сустанон, омнадрен) 2–4 аптада 1 рет бұлшықетке 250 мг мөлшерде енгізеді. Таблетка түрінде тестостерон андеканоаты тағайындалады (40 мг тәулігіне 3 рет). Сонымен қатар, трансдермальды жүйелер, теріастылық имплантатттар, гельдер секілді дәрілік зат түрлері белгілі. Тестостеронмен орынбасушы терапияның мониторингі мынаған негізделеді: қуық асты безін ректальды зерттеу, 45 жастан асқан ер адамдарда простат-спецификалық антиген мөлшерін, гемоглобин, гемотокрит, липидті спектрді анықтау. Аталған бұл зерттеулер ем басталғаннан 3 айдан кейін жасалынып, кейін 6–12 ай интервалмен қайталанып отырады.
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 639; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |