Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Салыстырмалы диагностикасы. ҚД-1-мен сырқаттанған, қарқынды инсулинотерапияны қабылдайтын науқастарда жеңіл




Диагностикасы

Эпидемиологиясы

ҚД-1-мен сырқаттанған, қарқынды инсулинотерапияны қабылдайтын науқастарда жеңіл, тез тосқауылданатын гипогликемия аптасына бірнеше рет дамуы мүмкін және олар әдетте салыстырмалы түрде зиянсыз. Қарқынды инсулинотерапиядағы бір науқасқа жылына ауыр гипогликемияның бір жағдайы тиесілі. Көптеген жағдайларда гипогликемия түнгі кезде дамиды. ҚД-2-мен сырқаттанған инсулин қабылдайтын науқастардың 20 %-да және сульфонилмочевина дәрілерін қабылдайтын науқастардың 6 %-да 10 жылда аз дегенде бір рет ауыр гипогликемия эпизоды көрініс береді.

 

Клиникалық көрінісі

Басты екі симптомдар тобын ажыратады: адренергиялық - симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуі және бүйрек үсті безінен адреналин бөлінуімен байланысты; нейрогликопениялық- басты энергетикалық субстраттың тапшылығы көрінісінде орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен байланысты. Адренергиялық симптомдарға жатады: тахикардия, мидриаз; мазасыздық, ашушаңдық; қалтырау, суық тер, парестезия; лоқсу, қатты ашығу, гиперсаливация; диарея, жиі кіші дәретке бару. Нейрогликопениялық симптомдар: астения, концентрацияның бұзылуы, бастың ауруы, қорқыныш сезімі, естің бұзылуы, дезориентация, әрекеттің бұзылуы, естің ауытқуы, құрысулар, өтпелі салдану, кома. Симптомдардың даму реттілігі мен олардың көрініс беру айқындылығы гипогликемияның ауырлығына тәуелді болмауы да мүмкін. Тек адренергиялық немесе нейрогликопениялық симптомдар көрініс беруі мүмкін. Бірақ, бірқатар жағдайларда нормогликемияның қалпына келуіне және емнің жүргізіліп жатуына қарамастан, кейбір науқастар бірнеше сағаттар немесе тәуліктер бойы ступор және коматозды жағдайда болады. Ұзақ гипогликемия немесе оның жиі эпизодтары ОЖЖ-де қайтымсыз өзгерістердің дамуына жол ашады (улкен ми қытыстарында), ол тұрақты ақыл кемістігіне әкелетін делирий мен галлюцинаторлы-параноидты эпизодтардан эпилепсия ұстамалары секілді көрініс беруі мүмкін.

Гипергликемияны науқастар субъективті түрде жеңіл гипогликемияға қарағанда жақсы көтереді. Сондықтан көптеген науқастар қорқыныш сезімінен гликемияны жоғары деңгейде ұстағанды жөн көреді, бірақ бұл сырқаттың декомпенсация жағдайына сай келетінін естен шығармаған дұрыс. Осы стереотипті бұзу дәрігерлер мен оқытатындар үшін айтарлықтай қиындықтар тудырады.

 

ҚД-мен сырқаттанған науқаста гипогликемияның клиникалық көрінісі мен қан құрамында глюкозаның төмен деңгейін зертханалық әдіспен анықтау (әдетте, глюкометр көмегімен).

 

Естен тануға әкелетін басқа да себептермен. Егер ҚД-мен сырқаттанған науқастың естен тану себебі белгісіз болып, гликемия деңгейін экспресс-талдау арқылы анықтау мүмкін болмаса, науқасқа глюкоза енгізу тағайындалады. Кейде, ҚД-мен сырқаттанған науқастарда жиі гипогликемияның туындау себебін анықтау керек болады. Жиі бұл адекватты емес қант деңгейін түсіретін препараттарды қабылдаудан немесе өз сырқаты жөнінде науқас білімінің таяздығынан дамиды. Қант деңгейін түсіретін терапияға қажеттілікті төмендетуден, тіпті оны толығымен тоқтатуға әкелетін («жоғалған ҚД») бірқатар аурулардың бар екенін естен шығармаған дұрыс: бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер.

 

Емі

Жеңіл гипогликемияны емдеу үшін науқас өзі құрамында 1–2 нан бірлігі бар көмірсуды (10–20 г глюкоза) қабылдаса жеткілікті. Осындай глюкоза мөлшері 200 мл тәтті жеміс шырындарында да бар. Шырындар гипогликемияны тез басады, себебі сұйық күйде глюкоза тезірек сіңеді. Егер көмірсуларды қабылдауға қарамастан симптоматика өршей берсе, глюкозаны көктамырға, ал глюкагонды бұлшықетке енгізу қажет. Естен танумен сипатталатын ауыр гликемияда осылай емделеді. Бұл кезде науқасқа көктамыр ішіне шамамен 50 мл 40 % ерітіндісін салады. Глюкоза енгізуді ұстама басылып, гликемия деңгейі қалыптасқанға дейін жалғастырады, әдетте оның мөлшері көп жағдайда 100 мл-ден аспайды. Глюкагон (зауыттан шприцке толы дайын күйінде шығарылады) бұлшықетке немесе тері астына енгізіледі. Оны енгізгеннен бірнеше минуттан кейін, глюкагонның гликогенолизді қалыптастыруын индукциялау қасиетіне байланысты гликемия деңгейі қалпына келеді. Бірақ, инсулин деңгейі қанда өте жоғары болғанда, глюкагон әсерсіз. Глюкагонның ағзадан жартылай шығару уақыты инсулинмен салыстырғанда қысқа. Алкоголизм және бауыр аурулары кезінде гликоген синтезі бұзылады, сондықтан глюкагонды енгізу әсерсіз болуы мүмкін. Глюкагон енгізудің жанама әсері аспирация қаупін жоғарылататын құсу болуы мүмкін. Науқастардың жақындары да глюкагон енгізу техникасын меңгергені дұрыс.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 524; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.