Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Болжамы. Салыстырмалы диагностикасы




Салыстырмалы диагностикасы

ҚД анықталған науқастарда протеинурия мен бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін басқадай себептер. Басым жағдайда ДНФ артериялық гипертензиямен, диабеттік ретинопатиямен немесе нейропатиямен ұштасып келеді, егер олар қатар дамымаған жағдайда салыстырмалы диагностиканы мұқият жүргізу қажет. ҚД-1 кезінде 10% жағдайда және ҚД-2 кезінде 30% жағдайда протеинурия ДНФ-мен байланыссыз дамиды.

 

Емі

ДНФ-нің біріншілік және екіншілік профилактикасының басты шарттары ҚД-нің компенсациясы мен жүйелік артериялық қысымды қалыпты жағдайда ұстау болып табылады. Сонымен қатар, ДНФ-нің біріншілік профилактикасы тағамда ақуызды шектеуді білдіреді — тәуліктік калораждың 35%-ы.

Микральбуминурия және протеинурия сатысында науқастарға ААФ ингибиторлары немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары міндетті түрде тағайындалады. Қосымша дамыған артериялық гипертензия кезінде науқастарға аталған дәрілік заттар гипотензивті мөлшерде тағайындалады, қажет болған жағдайда басқа гипотензивті дәрілермен бірге беріледі. Қалыпты артериялық қысым кезінде аталған дәрілер гипотонияға әкелмейтін мөлшерде тағайындалады. ААФ ингибиторлары да (ҚД-1 және ҚД-2 кезінде), ангиотензин рецепторларының блокаторлары да (ҚД-2 кезінде) микроальбуминурияның протеинурияға айналуына жол бермейді. Бірқатар жағдайда көрсетілген терапия барысында, басқа көрсеткіштер бойынша да диабет компенсациясына қол жеткізілсе микроальбуминурия жойылады. Сонымен қатар, микроальбуминурия сатысында ақуыздарды төмендету қажет, яғни тәуліктік калораждың 10% дейін және тұзды тәулігіне тек 3 граммнан артық қабылдамау керек.

СБЖ сатысында қант деңгейін төмендететін терапияны коррекциялау қажет. ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарды инсулинді терапияға көшіру қажет, себебі ҚДТД-дің кумуляциясы ауыр гипогликемияның даму қаупін тудыруы мүмкін. ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың басым көпшілігінде инсулинге деген қажеттілік төмендейді, себебі бүйрек инсулиннің метаболизмі жүретін басты ағзалардың бірі болып табылады. Қан сарысуында креатинин мөлшері 500 мкмоль/л –дан асқанда науқасты экстракорпоральды (гемодиализ, перитонеальды диализ) немесе хирургиялық (бүйрек трансплантациясы) секілді емдеу жолдары жөнінде сұрақ қою қажет. Бүйрек трансплантациясы креатинин деңгейі 600–700 мкмоль/л және шумақтық фильтрация жылдамдығы 25 мл/мин болғанда, гемодиализ — 1000–1200 мкмоль/л және 10 мл/мин кем болғанда тағайындалады.

 

Протеинурия көрініс берген ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 50%-да, ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 10%-да 10 жыл ішінде СБЖ дамиды. ҚД-1-мен ауырған жасы 50-ден жас науқастардың өлім көрсеткішінің 15%-ы ДНФ әсерінен дамыған созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен болады.

 

7.8.4. Диабеттік нейропатия

Диабеттік нейропатия (ДНЕ) дегеніміз жүйке жүйесінің зақымдануы нәтижесінде дамитын синдромдардың ұштасуы. ДНЕ жүйке жүйесінің бөлімдерінің зақымдануына (сенсомоторлы, автономды) мен таралуына және ауырлық дәрежесіне қарай жіктеледі (7.20 кесте).

 

I. Сенсомоторлы нейропатия:

— симметриялық;

— фокальды (мононейропатия) немесе полифокальді (краниальді, проксимальды моторлы, кеуде және аяқ-қол мононейропатиясы).

II. Автономды (вегетативті) нейропатия:

— кардиоваскулярлы (ортостатикалық гипотензия, жүрек денервациясы синдромы);

— гастроинтестинальды (асқазан атониясы, өт жолдарының дискинезиясы, диабеттік энтеропатия);

— урогенитальды (бүйрек және жыныс жүйесі қызметтерінің бұзылуы);

— науқаста гипогликемияны түсініп білу қабілетінің бұзылуы;

— көз қарашығы қызметінің бұзылуы;

— тер бездері қызметінің бұзылуы (дистальды ангидроз, тағам қабылдау барысында дамитын гипергидроз).

 

7.20 кесте. Диабеттік нейропатия

Этиологиясы мен патогенезі Глюкоза метаболизмінің полиолды жолының белсенуі, жүйке жүйесі жасушаларының мембраналық және цитоплазмалық ақуыздарының гликолизденуі; микроангиопатия vasa nervorum
Эпидемиологиясы ҚД-нің екі түрінде де таралу жиілігі шамамен 30%.
Басты клиникалық көріністері Сенсомоторлы нейропатия: парестезия, сезімталдылықтың төмендеуі, аяқтың ауруы, «мазасыз аяқ синдромы». Вегетативті нейропатия: тыныштық тахикардиясы, ортостатикалық гипотония, гастропарез, нейрогенді қуық, эректильды дисфункция
Диагностикасы Сезімталдықтың әр түрлерін бағалау (ең алдымен, табанның), вегетативті нейропатияның диагностикалау мақсатында функциональды сынақтар (ортостатикалық, Вальсальва)
Салыстырмалы диагностикасы Басқа генезді нейропатия. Автономды нейропатияның басқа генезді органды патологиямен салыстырмалы диагностикалау қажет
Емі Қант деңгейін төмендететін терапияны оңтайландыру, аяқ күтімі, нейротропты дәрілер, симптоматикалық терапия
Болжамы Ерте сатысында тұрақты ҚД-тің эугликемиялық компенсациясы сақталғанда үрдіс қайтымды

 

Этиологиясы мен патогенезі

Диабеттік нейропатия (ДНЕ) басты себебі- гипергликемия. Оның патогенезінің бірнеше механизмдерін қарастыруға болады:

• глюкоза метаболизмінің полиолдық жол арқылы белсенуі нәтижесінде жүйке жасушаларында сорбитол, фруктоза жиналып, миоинозитол мен глутатион мөлшері төмендейді. Бұл өз кезегінде, бос радикалдар үрдісін белсендіріп, азот тотығы деңгейін азайтады;

• жүйке жүйесінің мембраналық және цитоплазмалық ақуыздарының энзимдік емес гликолизденуі;

• микроангиопатия vasa nеrvorum капиллярлы қанайналымның төмендеуіне және жүйке гипоксиясына әкеледі.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 567; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.