КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Болжамы. Барлық орындалған аяқ ампутацияларының 50-70%-ы ҚД-не тиесілі
Барлық орындалған аяқ ампутацияларының 50-70%-ы ҚД-не тиесілі. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда аяқ ампутациясы диабетпен ауырмайтындармен салыстырғанда 20–40 есе жиі орындалады.
7.9. ҚАНТТЫ ДИАБЕТ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК Гестацилық қант диабеті (ГҚД) — алғаш рет жүктілік кезінде анықталған глюкозаға деген толеранттылықтың өзгерісі (7.23кесте). Бұл анықтама жүктілікке дейін де көмірсу алмасуының патологиясының болу мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. ГҚД-ін бұрын диабетпен ауыратын әйелде (жасына қарай, жиі ҚД-1) жүктіліктің даму жағдайынан ажырата білу қажет.
Этиологиясы мен патогенезі ГҚД ҚД-2 ұқсас. Овариальды және плацентарлы стероидтардың деңгейінің жоғары болуы, бүйрек үсті безі мен кортизол өндірілуінің артуы жүктілік кезінде физиологиялық инсулинрезистенттіліктің дамуына әкеледі. ГҚД кезінде дамитын инсулинрезистенттілік және инсулинге деген жоғары сұраныс бейім әйелдерде ұйқыбездің β-жасушаларының функционалдық мүмкіндігінен асып кетеді. Босанғаннан кейін гормональды және метаболикалық арақатынастардың бастапқы күйіне қайта оралуынан, әдетте бұл жағдай өтеді.
7.23 кесте. Гестациялы қант диабеті
ГҚД әдетте жүктіліктің 2 үшайының ортасында, 4 және 8 ай аралығында дамиды. Науқастардың басым көпшілігінің анамнезінде туыстарында ҚД-2 және артық дене салмағы тән. ГҚД дамуына әсер ететін қауіп факторлары мен ГҚД даму қаупі төмен әйелдер тобы төмендегі кестеде келтірілген (7.24 кесте).
7.24 кесте. Гестациялық қант диабетінің дамуына әсер ететін қауіп факторлары
Анасында дамыған гипергликемия нәресте қанайналымындағы гипергликемияның дамуына әкеледі. Глюкоза плацента арқылы оңай өтіп, ана қанынан ұрыққа үзіліссіз өтіп отырады. Сонымен қатар, амин қышқылдары мен кетон денелері де ұрыққа белсенді түрде тасымалданады. Ананың қан құрамындағы инсулин, глюкагон және бос май қышқылдары ұрық қанына өтпейді. Жүктіліктің 9–12 аптасында ұрық ұйқыбезі әлі өз инсулинін өндірмейді. Осы кезеңдегі ана қанындағы тұрақты гипрегликемия ұрықтың осы кезеңде қалыптасып жатқан ағзаларының түрлі ақауларының (жүрек, омыртқа, жұлын, АІЖ) дамуына әкеледі. Жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап ұрықтың ұйқыбезі инсулин өндіре бастайды, сондықтан гипергликемияға жауап ретінде фетальды ұйқыбездің β-жасушаларының реактивті гипертрофиясы мен гиперплазиясы дамиды. Гиперинсулинемия нәтижесінде ұрық макросомиясы дамып, лецитин синтезі тежеледі, бұл жаңа туылған нәрестелерде респираторлы дистресс синдромның жиілігінің жоғары болуын түсіндіреді. Β-жасушалардың гиперплазиясы және гиперинсулинемиясы нәтижесінде ауыр және ұзаққа созылған гипогликемияларға бейімділік орнайды.
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 587; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |