Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Аутоиммунды тиреоидит




Аутоиммунды тиреоидит- аутоагрессивті ауру, қалқанша безінің лимфоидті, плазмацитарлы инфильтрациясымен және қалқанша безінің құрылысы бұзылып, дәнекер тінге айналуын айтамыз. Ол организмде түзілетін аутоиммунизация яғни тиреоидті антигендерге байланысты.

Әйелдер ерлерге қарағанда 15-20 есе жиі ауырады, ол X-хромосоманың бұзылуымен және эстрогендердің лимфоидты жүйеге әсерімен түсіндіріледі. Ауру 40 жастан асқан әйелдерде дамиды. Аутоиммунды тиреоидит жиілігі қалқанша без ауруларын 20-30% құрайды.Әдетте ауру жәй дамиды, шағымдары болмайды немесе тек жалпы әлсіздік пен шаршағыштыққа шағынданады. Кейде тиреотоксикозбен шақырылады. Гипертрофиялық формасы кезінде қалқанша безі үлкейген, ал атрофиялық түрінде қалыпты немесе кішірейген болады.

Қалқанша безінің қатты үлкейген кезінде мойынның алдыңғы бөлігінде қысып тұрғандай болады. Кейде жұтынудың қиындауы болады. Қалқанша безінің пальпациясы кезінде ауыру сезімсіз немесе аздап ауыру сезімімен, қозғалмалы (айналасындағы тіндермен бірікпеген), тегіс, кейде бұдыр болып келеді. Ұзаққа созылған ағымында гипотиреоз симптомдары пайда болады.

Лабораторлы көрсеткіштер қанда тиреоглобулинге антигендер анықталады, эутиреоидты кезінде ТТГ, ТЗ және Т4 қалыпты болады, тиреотоксикоз кезінде ТТГ төмендеген, ал ТЗ және Т4 жоғарылаған, гипотиреоз кезінде ТТГ жоғары, ал ТЗ және Т4 төмендеген болады.

Диагностикалау үшін қалқанша безінің УДЗ қолданылады.

Аутоиммунды тиреоидитті созылмалы фиброзды тиреоидиттан (Ридель зобы), түйінді және аралас жәй токсикалық емес жемсаудан және қалқанша безінің қатерлі ісігінен ажырату керек.

Емі.

Дәрі-дәрмектік және оперативті. Аутоиммунды тиреоидитке тән спецификалық емі жоқ. Гипотиреоз анықталған жағдайда тироксин беріледі. Емді иммунологиялық көрсеткіштерді бақылай жүргізеді. ТТГ, ТЗ, Т4 деңгейлерін және УДЗ бен қалқанша безінің цитограммасын тексеру арқылы. Тиреоидті препараттардың мөлшерін индивидуальді таңдайды.

Комплексті емдеу кезінде эфферентті терапия жақсы әсер етеді, әсіресе интенсивті плазмаферез иммуномодуляторлармен бірге.

Бұл терапияны қолдану ұзақ иммунологиялық ремиссияны қамтамасыз етеді.

Қатерлі түріне ауысқанда және өңешті немесе кеңірдекті қысқанда оперативті ем - тиреоидэктомия жасалады.

Болжамы.

Уақытысында басталған ем және қалқанша безінің кішкене ұлғайған кезінде немесе жергілікті Хашимото тиреоидиті кезінде басталған ем аурудың толық жазылуына әкелуі мүмкін.

 

Йодтапшылық аурулар

Йод — адам және жануарлардың дұрыс өсіп, жетілуіне қажетті элемент.

Йод жетіспеушілігінен туатын аурулардың ең жиісі — зоб (жемсау). Бұл аурулар тобы көп болғандықтан 1983 ж "зоб" термині "йодтапшылық аурулар" (ЙТА) деген ұғымға өзгертілді.

Йод организмге аз түссе, қалқанша без керекті мелшерде тиреоидтық гормондар түзей алмайды, сондықтан без үлкейеді, зоб пайда болады.

Эндемиялық жемсау

Эндемиялық жемсау - негізгі симптомы қалқанша безінің үлкеюі болып табылатын, йод тапшылығы бар географиялык аудандардағы халықта кездесетін ауру. Эндемиялық жемсаумен негізінен әйелдер ауырады.

Емі йод дефицитін құртудан басталады.

4. Иллюстрациялы материал (ұсынылған)

 

5. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

1. Дедов И.И., Мельниченко Г.А., Фадеев В.В. Эндокринология: учебник.- М., 2008.- 432 с.

Қосымша әдебиеттер

1. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушения обмена веществ. Рук.для практикующих врачей. / Под общ. ред. И.И.Дедова, Г.А.Мельниченко. -М.: «Литтерра», 2006, 1980с.

2. Валдина Е.А. Заболевания щитовидной железы: Руководство. 3-е изд. - СПб.:Питер, 2006.-368с.-(Серия «Спутник врача»).

3. Генри М. Кроненберг, Шломо Мелмед, Кеннет С. Полонски, П. Рид Ларсен, пер. с англ. Под ред. И.И.Дедова, Г.А.Мельниченко. Заболевания щитовидной железы. М.: ООО «Рид Элсивер», 2010-392с.

4. Бун Н., Колледж Н., Уокер Е. Эндокринология по Дэвидсону: учебное пособие/пер. с англ. под ред. Г.А.Мельниченко.- М., 2008.-300 с.

5. Мкртумян А.М., Нелаева А.А. Неотложная эндокринология: руководство/ пер. с англ. под ред.-2-е изд.М., 2008.-128 с.

6. Эндокринология. Клинические рекомендации/ под ред. И.И.Дедова, Г.А. Мельниченко.-М., 2008.-300с.

7. Эндокринология. Консультант врача. Электронная информационно-образовательная система на CD.-М., 2008

 

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс)

1. Қалқанша безінің қызметі қандай бездермен реттеледі

2. Тиреоидты гормондарының биосинтезінің кезеңдерін атаңыз

3. Жайылмалы уытты жемсаудын негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 2448; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.