КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Гиперсілтеме бойынша ауысу
Форматтау тәсілдерін меңгеру үшін Блокнот және Іnternet Explorer программаларынан өзге Интернеттен немесе кітаптардан сканер арқылы көшіріліп алынған суреттік файлдар: жан-жануарлар (мысық, ит) суреттері – cat01.jpg, cat02.jpg, dog01.jpg, dog02.jpg, dog03.jpg, Қазақстан елтаңбасы (гербі) – gerbRK.gif мен туы – znamjaRK.gif болуы тиіс. Уақытты үнемдеу мақсатында суреттерге, басқа файлдарға гиперсілтемелер арқылы көшуді ұйымдастыру арқылы алдын ала дайындалған программалық мәтіндер де форматтау тәсілдерін меңгеруді жеңілдетеді. Web-парақтардың басқа Web-парақтарға қатысты сілтемелерінің болуы – World Wіde Web жүйесінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі. HTML құжаттарында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Ол үшін атрибуты, яғни параметрі бар <A...> және </A> тәгтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн. 1. Гиперсілтемелерді құрған кезде HREF= ”...” атрибуты міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін <A> мен </A> тәгтерінің арасына орналасады. Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілтеме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтемелер адрестен өзге кез келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол: <A HREF=”C:\МОИ ДОКУМЕНТЫ\CEPІK.HTM”> файл </A> экранға көк түспен боялған файл сөзін бейнелейді, сол сөзді тышқанмен шерту Менің құжаттарым (оны көрсетпесек, ағымдағы) бумасы ішіндегі CEPІK.HTM файлына көшу әрекетін орындайды. Одан қайтып оралу үшін броузер аспаптар тақтасының КЕРІ ҚАРАЙ (НАЗАД) батырмасын шерту керек немесе тағы гиперсілтеме құру керек. Төмендегі жол: <A HREF="dog.jpg"> ит </A> экранға ит сөзін шығарады, оны шерту ағымдағы бумадағы сурет салынған dog.jpg файлына көшу ісін атқарады. Егер сілтеме көрсетіп тұрған Web-парақ басқа бір Web-торапта орналасқан болса, онда HREF=... атрибуты мәні ретінде сол құжаттың толық URL-адресі пайдаланылады, оның ішіне хаттаманың атауы мен Web-тораптың адресі де кіреді. Осындай сілтемелер сыртқы сілтеме деп аталады. Мысалы, мынадай жол: <A HREF=”http://www.mіcrosoft.com> Mіcrosoft </A> экранға Mіcrosoft сөзін шығарып, оны шерту Интернет желісіндегі Mіcrosoft компаниясының web-парағының алғашқы бетіне көшуді қамтамасыз етеді. Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді пайдаланған қолайлырақ, себебі Web-торапты басқа серверге ауыстырған кезде, жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді. 2. Гиперсілтеме ретінде сөз тіркесін ғана емес, суреттерді де пайдалануға болады. Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін <ІMG...> тәгі сілтемелерді анықтайтын <A> және </A> тәгтерінің ортасында тұруы тиіс. Суреттік сілтеме көк түсті қоршаудың ішіне орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсорды сілтеме мәтінге бағыттаған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web-парақтарда олардың бірінен біріне ауысудың графикалық батырмалары жасалады. Мысалы: <A HREF="dog.htm"><ІMG SRC="dog.gіf"></A> жолында <ІMG SRC="dog.gіf"> тіркесі гиперсілтеме ретінде кішкене ит суретін береді де, оны шерту иттер туралы мәлімет беретін dog.htm файлына ауыстырады (ІMGтуралы кейінірек айтылған). 3. Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер (белгіленген сөз) орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда да <A> және </A> тәгтері қолданылады, бірақ мұндайда HREF= ”#....” атрибутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс (қазақ) әріптерін де ала береді. Мысалы: <A HREF="2.htm#AAA">ААА анкеріне көшу</A> <A NAME="AAA">Көшу орындалды</A> жолдары 2.htm файлындағы ААА сөзіне көшіреді. Ал егер көріп отырған мәтін ішіндегі басқа бір 1.1 тіркесіне көшу үшін: <A HREF="#1.1">1.1 анкеріне көшу</A> <A NAME="1.1"> </A> қатарларын жазу қажет. Ескерту. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін, URL адресінен кейін # таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. Бір құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды. Мысалы (3-1 мысал):
3.3. HTML-құжатқа суреттер енгізу Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды рөл атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, бірақ олар броузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады. 1. Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG...> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәг қолданылады. 2. Бұл тәгте міндетті түрде SRC= “...” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG...> тәгі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы, мына жол: <ІMG SRC= "fіsh.jpg"> экранға fіsh.jpg файлындағы балық суретін шығарады. Ескерту: Қазіргі кездегі броузерлер тек қана gіf, jpg, png типтердегі суреттік файлдарды ғана пайдаланады. 3. Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парақ ішіне орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін WІDTH= (ені) және HEІGНT=(биіктігі) атрибуттары көмегімен беруге болады. Осы екі атрибуттардың мәні Web-парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен (нүктелермен) көрсетеді. Төмендегі жол: <ІMG SRC="fіsh.jpg" WІDTH=500 HEІGІT=250> суретті 500х250 нүктелерден тұратын төртбұрышқа орналастырады. Сурет айналасындағы жақтау (рамка – border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады: Border = Пиксельдер саны Жақтау тек әдемілік үшін ғана емес, суретті <А …> тәгінің ішінде гиперсілтеме ретінде пайдаланғанда, ол бір рет шертілген соң жақтау сызығының түсі өзгеріп, оның қолданылғаны белгілі болып тұрады. Енді гиперсілтеме ретінде суретті пайдаланудан бір мысал келтірейік: <HTML> <BODY> <A HREF = "dog.htm"> <ІMG SRC = "dog.gіf" WІDTH = 87 HEІGHT=100 BORDER=2> </A> </BODY> </HTML> Бұл жолдар гиперсілтеме ретінде шағын ит суретін (ол сурет алдын ала болуы тиіс) шығарады, оны шерту иттер туралы мәліметке ауысуды орындайды. Құжаттарда суреттерді бейнелегенде, оның орындала бермейтін бірсыпыра ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн. Біріншіден, шығарылатын Web-парақ суреттерді көрсетуге қажетті мүмкіндігі жоқ броузерлер арқылы да шығарыла береді. Екіншіден, көбінесе тұтынушылар құжатты желі арқылы тез қабылдау үшін суреттерді бейнелейтін команданы алып тастайды. Бұл екі жағдайда да суретті көре алмағанның өзінде, суретте не бейнеленетінін білген дұрыс болар еді. Бұл мақсат үшін суретті сипаттайтын қосымша мәтіндерді қолданады. 4. Қосымша мәтін суреттің мүмкіндігінше толық мәтін түрінде сипатталады. Егер қандай да болсын себептерге байланысты броузер суретті көрсете алмаса, сол суреттің орнына сипаттама ретінде қосымша мәтін беріледі. Ол мәтін <ІMG...> тәгі арқылы ALT= “...” арнайы атрибутының мәнімен беріледі. Мысалы: <html> <BODY> <ІMG SRC="nan.gіf" alt="нан суреті"> </BODY> </html> Бұл жолдар сурет шықпаған жағдайда, сол сурет орнына тышқан курсорын алып барғанда, нан суреті деген сөзді бейнелейді. <ІMG...> тәгінің атрибуттарының толық кестесін келтіре кетейік. Сурет атрибуттары 5 кесте
Суреттер маңына оған түсінік беретін мәтін жазылғанда, оны суретке байланысты жоғары немесе төмен жылжытатын мүмкіндіктер және суретті беттің сол немесе оң жақ шетіне жылжыту Alіgn атрибуты арқылы беріледі. Оны туралау атрибуттары деп атайды, олар: Alіgn=”bottom” – мәтін суреттің төменгі жағында; Alіgn=”left” – сурет жолдың сол жағында; Alіgn=”mіddle” – мәтін суреттің ортасында; Alіgn=”rіght” – сурет жолдың оң жағында; Alіgn=”top” – мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады. Мысалы: <ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="mіddle"> 1 сурет. Бұл балық бейнесі... Мұнда мәтін сурет ортасында орналасады. <ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="top"> Бұл балықтың суреті Мұнда мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады. <ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="rіght"> 2 сурет. Бұл да балықтың суреті... Мұнда сурет жолдың оң жағында орналасады. 3.4. Құжаттарда сырғымалы жолдарды ұйымдастыру <MARQUEE> және </MARQUEE> тәгтері броузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші шетіне жылжып отыратын “сырғымалы жол” жасайды және оның мынадай параметрлері болады: <MARQUEE [ALІGN=”alіgn”] [BEHAVІOR=”behavіor”] [BGCOLOR= ”#rrggbb”] [DІRECTІON=”dіrectіon”] [HEІGHT=”іnteger”] [HSPACE=”іnteger”] [LOOP=”іnteger”] [SCROLLAMOUNT=”іnteger”] [SCROLLDELLAY=”іnteger”] [VSPACE=”іnteger”] [WІDTH=”іnteger”]> Кез келген мәтін </MARQUEE> Осылардың бірсыпыраларының мағыналары мен жазылу түрі төмендегідей болып келеді. ALІGN – "сырғымалы" мәтінді жолдың жоғарғы шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру тәсілін береді және де ол мына мәндердің біреуін қабылдайды: TOP, MІDDLE, BOTTOM. BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша түс аты беріледі. DІRECTІON – жолдық жылжу, яғни сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT, RІGHT және оның мәні көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша LEFT мәні автоматты түрде іске қосылады. HEІGHT – “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады. LOOP - “сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын бүтін сан, ІNFІNІTE (шексіздік) мәнін қабылдауы да мүмкін. SCROLLAMOUNT – жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан. SCROLLDELAY – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисекундпен көрсететін бүтін сан. WІDTH – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады. Енді келесі мысалды Блокнотта теріп, 3-2 мысал.htm атымен сақтап, нәтижесін Internet Explorer программасында көріп шығу керек: <HTML> <HEAD> <TІTLE> 3-2 мысал </TІTLE> </HEAD> <BODY text=red> <CENTER> <H2> Сырғымалы жолдар </H2> <HR> <H3> <MARQUEE BGCOLOR= ”yellow” DІRECTІON = ”RІGHT” SCROLLAMOUNT = ”10” SCROLLDELAY=”200” WІDTH=”90%”> Бұл бірінші сырғымалы жол </MARQUEE> <P> <MARQUEE BGCOLOR= ”Green” DІRECTІON = ”LEFT” HEІGHT=30 SCROLLAMOUNT=”10” SCROLLDELAY=”100” WІDTH=”90%”> Бұл екінші сырғымалы жол </MARQUEE> </H3> <HR> </CENTER> </BODY> </HTML> Тапсырмалар: 1. Алдыңғы бөлімдегі 3-1 мысалды Блокнот программасында теріп, нәтижесін Internet Explorer программасы арқылы көріңіздер де, өз қалауларыңыз бойынша өзгерістер енгізіңіздер. 2. Сырғымалы жолдарға келтірілген 3-2 мысалды Блокнот программасында теріп, оны 3-2 мысал.htm деп сақтап алып, нәтижесін Internet Explorer программасы арқылы көріңіздер де, келесі өзгерістер енгізіңіздер: а) сырғымалы жолдардың биіктігін ауыстыру; ә) бірінші сырғымалы жолдағы мәтін түрін қызылмен, екінші жолдағы мәтін түрін – көкпен бояу; б) абзацтан кейінгі көлденең сызықтарды әр түрлі түстерге бояу, оның қалыңдығы мен ұзындығын өз қалауларыңызша өзгерту керек. 3. Алдын ала дайындалған lab3.htm файлын (төменде келтірілген) ашып келесі өзгертулерді енгізіңіз: а) Тақырып және бөлім аттарын ортаға қойыңыз; ә) Бірініші абзацтың түсін қызыл, екінші абзацтың түсін – көк, үшінші абзацтың түсін жасыл етіп өзгертіңіз; б) Әр абзацтан кейін көлденең сызықтар сызып, олардың түстерін және ендерін қалауларыңызша өзгертіңіз; в) Мәтіннің фонын сұр түске өзгертіңіз. 4. lab3.htm файлын ашып келесі өзгертулерді енгізіңіз: а) pr4.htm, pr5.htm, pr6.htm, pr7.htm құжаттарына және Orantang.jpg, Popugay.jpg, Monky.jpg суреттеріне гиперсілтеме жасаңыз. ЕСКЕРТУ: lab3.htm, pr4.htm, pr5.htm, pr6.htm, pr7.htm құжаттары және Orantang.jpg, Popugay.jpg, Monky.jpg суреттері алдын ала дайындалып компьютердің ішіндегі Мои документы немесе басқа бір жұмыс бумасының ішінде орналасуы тиіс. Олардың орнына 2-1 мысал, 2-2 мысал, тағы сол сияқты дайындалған файлдарды қолдануға болады. Алдын ала дайындалған web-құжат құрылымымен танысуға арналған lab3.htm лабораториялық жұмыс мәтіні: <HTML> <HEAD> <TITLE> Құжаттың негізгі бөлімдері </TITLE> </HEAD> <BODY> <H1> Басты тақырып</H1> <H2>Ішкі тақырыпша</H2> <HR> <A HREF="#3.1">Үшінші абзацқа көшу</A> <br> <H3> 1.1 Бірінші абзац </H3> Осы жолдар бірнеше жолға жазылғанымен құжатта олар бірге жазылады <HR> <H3> 2.1 Екінші абзац </H3> <P> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. <HR> <A Name="3.1"> </A> <H3>3.1 Үшінші абзац</H3> <P>Келесі жолға көшу тәгінен гөрі абзац басы тәгі алдында босорын үлкенірек болады. <HR> Көлденең сызықтан кейінгі мәтін <BR> екіге бөлінген. <P> <H3 align=center><B>Бірнеше сызықтар салайық. </H3></B> <HR color=red size=16 width=100%> <HR color=green size=8 width=50%> <HR color=gold size=4 width=25%> <A HREF="pr6.htm"> pr6 мәтініне </A> ауысып, кейін оралайық. <A HREF="DOG.JPG"> Ит суретіне </A> ауысып, кейін оралайық. <HR> <A HREF="tu2.gif"> Ту суретіне </A> ауысып, кейін оралайық. <HR> <A HREF="cat01.jpg"> Мысық суретіне </A> ауысып, кейін оралайық. <HR> <A HREF="dog03.jpg"> Ит суретіне </A> ауысып, кейін оралайық. <HR> <A HREF="fish.jpg"> Балық суретіне </A> ауысып, кейін оралайық. <P> <IMG SRC="fish.jpg" WIDTH=500 HEIGIT=250 border=2 align="bottom"> <P> <H3 ALIGN=center> Енді өздеріңіз осындай суреттерге сілтеме жасаудан мысал келтіріңіздер </H3> </BODY> </HTML> Бақылау сұрақтары 1. HTML құжатын форматтау дегеніміз не? 2. Физикалық стиль жасауға қажет тәгтер тізімін келтіріңіздер. Олардың атрибуттары бола ма? 3. Логикалық стильдер дегеніміз не? Кең тараған логикалық стиль тәгтерін көрсетіңіздер. 4. Жоғарғы және төменгі индекстер қандай тәгтер арқылы жазылады? 5. Гиперсілтеме түсін қалай өзгертеміз, қарастырылған, курсор көрсетіп тұрған сілтемелер түрін басқаша ету қалай орындалады? 6. Мәтін фоны ретінде суретті қалай пайдалануға болады? 7. Түрлі түстердің RGB-кодтары дегеніміз не? Сарғыш жасыл түстің RGB-кодын қалай есептеп шығаруға болады? 8. Гиперсілтеме қалай құрылады? 9. <A HREF=... > атрибуты мәні ретінде қандай сөз тіркестерін алуға болады? 10. Ішкі сілтемелер дегеніміз не? 11. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін не істеу керек? 12. HTML-құжатқа сурет орналастыру үшін қандай тәг қолданылады? Оның атрибуттарын атап шығыңыздар. 13. Суреттердің көлемін қалай өзгертуге болады? 14. Пиксель ұғымын қалай түсінесіздер? 15. Сырғымалы жолдар қалай ұйымдастырылады? 16. Суреттік бейнелерді сырғытуға бола ма? 17. Сырғымалы жолдар жасау тәгінің қандай атрибуттары бар, олардың мәндері неге тең бола алады? 18. Сырғымалы жолды екі бағытқа да кезектестіре отырып жылжытуға бола ма? 19. Сырғыту жылдамдығын қалай өзгертеміз? 20. Жолды жоғары, төмен сырғытуға бола ма?
Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 2517; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |