КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Калашников автоматы мен пулеметі
Критерии оценки на зачете Материально-техническое или информационное обеспечение дисциплины
Материально-техническое и информационное обеспечение дисциплины включает: - аудитории оборудованные мультимедийными средствами; - специализированная аудитория «Зал судебных заседаний»; - специализированные лаборатории и полигоны; - оборудование видеоконференцсвязи «Policom - 600»; - библиотека с читальным залом, укомплектованная в соответствии с существующими нормами; - Информационно-справочные системы «Консультант плюс», «Гарант»; - компьютерные классы с возможностью работы в Интернет; - учебную и учебно-методическую литературу, разработанную с учетом увеличения доли самостоятельной работы студентов и иные методические материалы.
Оценка «незачтено» выставляется в случае, если результаты обучения студентов свидетельствуют об усвоении ими некоторых элементарных знаний по основным вопросам дисциплины. Допущенные ошибки и неточности показывают, что студенты не овладели необходимым объемом знаний по изучаемой дисциплине. Оценка «зачтено» выставляется если д остигнутый уровень оценки результатов обучения показывает, что студенты обладают необходимой системой знаний и владеют некоторыми умениями по дисциплине. Студенты способны понимать и интерпретировать освоенную информацию, что является основой успешного формирования умений и навыков для решения практико-ориентированных задач.
Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті 5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Олар қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Түнгі табиғи жарық жағдайларында ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74Н автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі (НСПУ). Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады. Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Автомат пен пулеметтің окжатарларын өзара алмастыруға болады. Атудың көздеу қашықтығы — 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы: автоматта — 500 метрге дейін, пулеметте — 600 метрге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы — 500 м-ге дейін. Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырлаңған атыс 1000 метрге дейінгі кашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға — 625 м; пулеметте кеуделік фигураға — 460 м, жүгірмелі фигураға — 640 м. Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы: автоматтан минутына кезекпен ату 100-ге дейін, пулеметтен 150-ге дейін, жекелей атқанда автоматтан 40-қа, пулеметтен 50-ге дейін. Автоматтың сүңгі-пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: АК74—3,6кг; АК74Н—5,9кг; АКС74—3,5кг; АКС74Н—5,8кг. Сүңгі-пышактың қынабымен қоса алғандағы массасы — 490г. Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: РПК74—5,46 кг; РПК74Н — 7,76 кг; РПКС74 — 5,61 кг; РПКС74Н-7,91кг.
Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік. Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады: — ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы; — ұңғы қорабының қақпағы; — газ поршені мен бекітпе жақтауы; — бекітпе; — қайтармалы механизм; — ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі; — соққы-ағытқыш механизм; — құндақ; — оқжатар. Сонымен қатар автоматта ұңғы аузындағы тежеуіш компенсаторы мен сүңгі-пышақ, ал пулеметте — жалын сөндіргіш пен сирағы болады. Автомат толымына керек-жарақ, бау және оқжатарды салуға арналған сөмке (оқжатарда екі сөмке) кіреді. Жиналмалы дүмі бар автомат (пулемет) толымына, сонымен қатар оқжатар салынатын қалтасы бар автоматқа (пулеметке) арналған қапшық, ал түнгі көздеуіші бар автомат толымына түнде атуға арналған көп салалы көздеуіш кіреді. Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінентін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген. Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде — бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты алып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындықа қояды). Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқжатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің деңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңестерінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кіруімен жүзеге асырылады. Егер ауыстырғыш автоматы атысқа қойса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады. Егер ауыстырғыш жекелей атуға қойылатын болса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек. § 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау Автоматты (пулеметті) бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу — автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу — жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек. Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек. Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі. Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек. Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі: 1) Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны "АВ" (автоматты ату) немесе "ОД" (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан (взводтан) босатылады. 2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Он қолдың сүк саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрт-кішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді. 3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады. 4) Автоматтан —ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен — жалын сөндіргішін бөліп алу. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады. 5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпақшаны алады. 6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жактауының арнасынан шығарады. 7)Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң колмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады. 8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады. 9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол колмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық, пеналын газ түтігі тұйықталғышынын шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті. 1) Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол колмен ұстап түрып, оң колмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды. 2) Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші деңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады. 3) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіл ұстап тұрып,газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады. 4) Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалысеріппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді 5) Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады. 6) Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары пеналының көмегімен көтереді. 7) Автоматқа ұңғылы тежеуіш - компенсаторды, пулеметке — жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орна-ласқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес). 8) Сүмбіні қосу. 9) Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады. 10) Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады. Түнгі көздеуіші бар автоматты (пулеметті) жинау кезінде пулеметті қосқаннан кейін НСПУ көздеуішін кояды.
§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау Автомат (пулемет) толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде және тазалау және майлау, дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі. Бөлімшедегі автоматты (пулеметті) тазалау: — атысқа дайындық кезінде; — ұрыстық және оқтық патрондармен атыс алаңында, атыс аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі: мұнда ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау мен бекітпе тазартылып, майланады; автоматты ақырғы тазалау атыстан оралған соң, одан кейінгі 3—4 күн бойы күн сайын; болмайтын сабақтардан және нарядтан кейін, яғни нарядтан немесе сабақтан қайтқан бойда; — ұрыстық жағдайда және ұзақ жаттығулар кезінде, ұрыс тыншыған кезде және жаттығудағы үзілістер кезінде күн сайын жүргізіледі; — егер автомат (пулемет) қолданылмаса, онда сирек дегенде, аптасына бір рет жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) тазалаған соң, майлау керек. Металл беті жақсы тазартылып, құрғатылған соң, тазалаған бойда металға ылғал әсер етпес үшін дереу май жағу керек. Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Белім командирі бөлшектеуге, тазалау мен майлау жұмыстары қандай дәрежеде жүргізілуі керектігін; керек-жарақтардың жарамдылығы мен тазалауға қажет құралдардың сапасының жақсылығын; сондай-ақ өткізілген тазалау жұмысы дұрыстығы мен сапасын анықтап, майлау мен жинауға рұқсат беруі; автоматқа (пулеметке) жүргізілген майлау және жинау жұмыстарының дұрыстығын тексеруі керек. Офицерлер автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оқтын-оқтын қатысуға және оның дұрыс жүргізілуін бақылауға міндетті. Казармада немесе далада орналасу кезінде автоматты (пулеметті) тазалау осы мақсатқа арнайы жабдықталған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайлар мен жаттығулар кезінде — таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс. Ату орындарында автоматты (пулеметті) атыс аяқталғаннан соң ҰТЕ немесе сұйық қару майымен арнаулы орындарда тазалау керек. Автоматты (пулеметті) ҰТЕ-мен тазалау тек офицер немесе бөлімше старшинасы жетекшілігімен жүргізіледі. Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат (пулемет) казармаға қайтарылғаннан кейін ҰТЕ-мен қайта тазалануы қажет. Далалық жағдайда автоматты (пулеметті) тазалау және майлау тек сұйық қару майымен жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) тазалау және майлау үшін: — сұйық қару майы: автоматты (пулеметті) тазалау және онын бөлшектері мен механизмдерін +5°С-тан +5О°С-қа дейінгі ауа температурасы кезінде майлау үшін; — қару майы: тазаланған соң, ұңғы арнасын автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін майлау үшін; бұл майлау жұмыстары ауаның +1 — +5°С және одан жоғары температурасында жүргізіледі; — ҰТЕ (ұңғы тазалау ерітіндісі) ерітіндісі: ұңғы арнасын тазалау және дәрілі газ әсеріне ұшыраған автоматтың басқа да бөліктерін тазалауға арналған; — шүберек немесе КВ-22 қағазы: автоматты (пулеметті) сүрту, тазалау және майлау үшін; — талшықтан тазартылған кендір (қысқа зығыр талшықты): тек дана ұңғы арнасын тазалау үшін ҰТЕ бөлімшелерде 1 тәулік бойы қару тазалауға жететіндей мөлшерде дайындалады. Ерітіндінің құрамы мынадай: • ішуге жарамды су — 1 л; • көмір қышқылының аммонийі — 200 г; • екіхром қышқылды калий — 3—5 г. (ҰТЕ-нің аз мөлшерін жеті тәуліктен артық емес уақыт қақпақпен жабылған шыны құтыда, қараңғы жерде және жылыту аспаптарынан қашықта сақтауға рұқсат етіледі. ҰТЕ-ні металл май құтысына құюға тыйым салынады). Саңылауларды, қуыстар мен тесіктерді тазалауға ыңғайлы болу үшін ағаш таяқшаларды қолдануға болады. Автоматты (пулеметті) тазалауға қырғыш материалдарды (зімпара қағазды, құмды және т.б.) колдануға болмайды. Автоматты (пулеметті) тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: 1) Тазалау мен майлау құралдарын дайындау; 2) Автоматты (пулеметті) бөлшектеу; 3) Керек-жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау; 4) Ұңғы арнасын тазалау. Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұқсатымен автоматты майлап, жинауды жүргізеді. Автоматты тазалағаннан кейін металға ылғалдың әсерін болдырмау үшін майлайды. Автоматты (пулеметті) қару тазалауға арналған ойыққа немесе қарапайым үстелде, ал үстел жоқ кезде оның дүмін жерге не еденге тіреп қояды. Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, мұнда кендір ұшы тазалағыш өзегінен қысқа, ал қабат қалыңдығы кендірлі тазалағыш ұңғы арнасына аз ғана қол күшін жұмсау арқылы енетіндей болуы керек; кендірге аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты және кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын қайтадан тазалайды. Осылай бірнеше рет қайталайды. Бұдан кейін сүмбіні, ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды. Егер онда күйенің ізі (қарайған), тот немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын өткізілетін шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ұңғыны қолмен баяу айналдырып тұрып, ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен октық ұңғы қорабы жағынан тазаланады. Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ-не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. ҰТЕ-мен тазалау күйені толық кетіргенше ерітіндімен ылғалданған сүрткіш не кендір ұңғы арнасынан күйесіз немесе көгермей шыққанша жалғастырады. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді. Келесі күні жүргізілген тазалау жұмысының сапасын тексеру керек; егер ұңғы арнасын таза шүберекпен сүрту кезінде одан күйе табылса, онда тазалауды да сол тәртіппен жүргізу керек. Ұңғы арнасының ойықты бөлігін тазалау аяқталған соң, осы тәртіппен оқтықты ұңғы қорабы жағынан тазалайды. Ескерту. Егер тазалау кезінде сүмбі мен тазалағыш үңғы арнасына қыстырылып қалса, арнаға аздап қыздырылған сүйық қару майын енгізіп, оны бірнеше минут өткен соң шығарып алуға тырысу керек. Егер сүмбі алынбаса, автоматты (пулеметті) жөндеу шеберханасына жібереді. 5) Газ каморасын, газ түтігін, ұңғылық тежеуіш-компенсаторды мылтық майымен немесе ҰТЕ-мен жуады, сүмбінің немесе ағаш таяқшаның көмегімен шүберекпен тазартады, одан соң құрғатып сүртеді. 6) Ұңғы қорабын, бекітпе жақтауын, бекітпені, газ поршенін сұйық қару майы не ҰТЕ сіңірілген шүберекпен тазалайды, одан соң оны құрғатып сүртеді. Егер атыстан кейін тазалауда сұйық қару майымен, ал газ поршенін, сондай-ақ бекітпенің цилиндр ойығына май жағып, оны майға батырылған шүберекпен 3—5 мин орап қою керек. Бұл ұңғының тежегіш-компенсаторының (жалын өшіргіш) ішкі бетіне де қатысты. 7) Қалған металл бөліктер шүберекпен құрғатылып сүртіледі. 8) Ағаш бәліктерін құрғақ шүберекпен сүртеді. 9) Жарқырауық саптамаларды суға не керосинге батырылған шүберекпен сүртіп, кірді кетірген соң, көздеуіш пен қарауылды құрғақ шүберекпен сүртеді. Автоматты (пулеметті) майлауды былайша жүргізеді: 1) ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш-компенсаторды және жалынсөндіргішті тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды; 2) автоматтың қалған металл беліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Қарауыл мен көздеуіштегі ағаш бөліктер мен жарқырауық нүктелер (жолақтар) майланбайды. 3) майлап болғаннан кейін автомат (пулемет) жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек-жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді. Жылдың суық мезгілінде -4°С-5°С одан да төмен температура кезінде автоматты (пулеметті) тек сұйық қару майымен майлау қажет. Бір майлаудан келесі майлауға кірісу кезінде автомат (пулемет) белшектеріндегі ескі майды мұқият тазалап тастау керек. Майды кетіру үшін автоматты толық бөлшектеу керек, сұйық қару майымен барлық металл бөлшектерін жуып, оларды таза шүберекпен сүрту қажет. Ескерту. Ауа температурасы +5°С-тан төмен болған кезде қару майын қолдануға тыйым салынады. Сұйық қару майын жаз мезгілінде температурасы төмен аудандарда жыл бойы қолдану рұқсат етіледі. Аяздан жылы жерге алып келінген автоматты 10—20 мин-тан соң тазалау керек (буланған соң ғана). Жылы жерге кіргеннен соң автоматтың сыртқы бетін сұйық қару майы сіңдірілген шүберекпен сүрту ұсынылады. Ұзақ уақыт бойы сақтауға тапсырылатын автоматты сұйық қару майымен майлап, ингибиттелген, ал сосын парафинделген бір қабат қағазға орау қажет. Автоматты газсыздандыру, дезактивизациялау және дезинфекциялау бөлімше командирінің нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Автоматтар (пулемет) мен патрондарды сақтау және күтіп ұстау. Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына бөлімше командирі жауапты болады. Автомат (пулемет) оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады, ауыстырғыш—тежегішке, автоматта көздеуіштің қамытшасы "П" бөлігіне, пулеметте "1" бөлінісіне қойылады, пулемет сирақтары жиналып, серігшелі ілгекпен бекітілген. Автомат (пулемет) оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі. Автоматшы (пулеметші) автоматты (пулеметті) таза және толық жөндемділікте күтіп ұстауы керек. Соққыш-ағытқыш механизм жұмысын тексеру кезінде шүрілпені артық баспау қажет. Автомат (пулемет) казарма немесе далалык жағдайларда пирамидаларда сақталынады; сол пирамиданың ерекше бір белімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сәмкелер, қынаптағы сүңгі-пышақтар, майлауыштар мен қапшықтар, сондай-ақ жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады. Оқжатарларға арналған сөмкелер, баулар мен қапшықтар таза және құрғақ түрде сақталуы тиіс. Қандай да бір ғимаратта уақытша орналасу жағдайында автоматты есіктен, пештен және жылытқыш аспаптардан қашық, құрғақ жерде, ал соғыс кезінде — өзінде (колда) ұстау керек. Автомат (пулемет) жаттығуға барар кезінде және жорықта "белдікке" немесе "арқаға" жағдайында белдікте алып жүріледі. Белдік автомат жабдықтың қатты заттарына соғылмайтындай етіп тартылып тұруы керек. Автомат (пулемет) қосылған оқжатарымен алып жүріледі. Қалған оқжатарлар сөмкеде жатады. Жиналмалы дүмді автомат, әдетте, жиналған дүмімен, ал жиналмалы дүмді пулемет — қайырылған дүмімен алып жүріледі. Пулеметтің дүмі тек десант түсіру кезінде ғана жиналады. Автомат (пулемет) сабақтар аралығындағы үзіліс кезінде, сондай-ақ аялдамада автоматшы белдігінде немесе қолында (пулемет сирағына койылуы мүмкін) болады. Автомат (пулемет) автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тік тұрады, ал жаяу әскердің ұрыс машинасында автомат төсеуде болуы мүмкін. Танкіде жылжу кезінде автоматты (пулеметті) сауытқа соғылудан сақтау үшін қолда ұстау қажет. Автоматтарды (пулеметтерді) темір жол немесе су арқылы тасымалдау кезінде арнайы пирамидаларда ұстау керек. Егер вагон немесе пароход пирамидалармен жабдықталмаса, онда автоматты құлап немесе зақымдалмауы үшін қолда немесе сөрелерде ұстау қажет. Ұңғының жарылуы немесе кеуіп кетуінің алдын алу үшін, оны қандай да бір затпен тығындауға тыйым салынады. Автоматтың (пулеметтің) ұңғы арнасына су тимеуінен сақтау керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, ұңғы жағын төмен қаратып, бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді. Патрондар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек. Патрондарды күтіп, зақымдалудан, ылғал және ластанудан сақтау керек. Патрондарды майлауға тыйым салынады. Патрондардың жоғалмауын қадағалау керек.
Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 10031; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |