Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ол гранаттары 3 страница




Жинамалы дүмді автомат "белдікке" күйінен "кеудеге" күйіне дәл сол пәрмен бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл — оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолымен сығағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оны өзінің алдына оқжатарын төмен, ауыз жағын солға қаратып ұстау керек;

екінші тәсіл — белдікті бастан асыра оң колмен сол иыққа лақтырып, онымен автоматты баудағы ұңғы қорабынан ұстап алу керек сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.

Қажет болған жағдайда белдікті босату (тарту) үшін: "Белдікті — босат (тарт)!" пәрмені беріледі.

"Белдікке!" пәрмені бойынша автоматтарды және қол гранататқыштарды қолға, карабиндерді және пулеметтерді аяққа ұстау керек, ол үшін автоматты оң қолмен бау бойымен біршама жоғары ұстап, оны сол қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алып иықтан түсіру керек, өзінің алдына оқжатарын төмен қаратып, иектің деңгейінде ұстап тұру керек. Автоматты сол қолмен ұстай тұрып, оң қолмен ілмегін босатып, дүмін ашып тастау керек. Автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алу керек. "Босат (тарт)!" пәрмені бойынша оңға қарай жарты айналым жасап, бір мезгілде сол аяқты алға еңкейтіп, солға қарай бір адым қою керек, қаруды дүмімен сол аяқтың өкшесіне тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың бүгілмесіне қою керек; аяқтың тізелері бүгілмеу керек; оң қолмен белдіктің айылбасынан ұстай тұрып, сол қолмен бауды тарту (босату) керек және өздігінен саптық тұрысты қабылдау керек.

"Қаруды—арқаға!", "Белдікке!", "Қаруды түзет!" пәрмендерін орындау.

"Арқаға!", "Белдікке!" және "Кеудеге!" пәрмендерін бермес бұрын: "Тежегішке — қой!" пәрмені бойынша қару тежегішке қойылады.

Егер сүңгі-пышақты алып тастау (сүңгіні қайырып тастап) немесе оны салу қажет болса, онда "Сүңгі-пышақты— ал!" ("Сүңгіні — қайырып таста!") және "Сүңгі-пышақты (сүңгі) — сал!" пәрмендері беріледі.

Қару "белдікке" күйінен "арқаға" күйіне: "Қаруды — арқа-ға!" пәрмені бойынша екі тәсілменалынады:

бірінші тпәсіл — бауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмнен алу керек;

екінші тәсіл — оң қолмен қаруды көтеру керек, ал сол қолмен бауды бастан асыра сол иыққа лақтырып тастау керек; қаруды және қолды жылдам түсіру керек.

Автомат "арқаға" күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин қайырылып тасталған сүңгісіз алынады.

Қару "арқаға" күйінен "бауға" күйіне "Қаруды белдікке!" пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл — сол қолмен белдікті сол иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмнен ұстау керек;

екінші тәсіл — оң қолмен қаруды көтеріңкіреу керек, ал сол қолмен белдікті бастан асыра оң иыққа тастау керек, белдікті оң қолмен және сол қолды жылдам түсіру керек.

Автоматты "кеудеге" күйінен "арқаға" күйіне және "арқаға" күйінен "кеудеге" күйіне, сондай-ақ карабинді "арқаға" күйінен "аяққа" күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала пәрмен бойынша "белдікке" күйіне алынады.

Жиналмалы дүмді автоматты "кеудеге" күйінен "арқаға" күйіне ауыстыру үшін автоматты ұңғысының ауыз жағынан оң қолмен алу керек және оны "арқаға" күйіне ауыстыру керек.

Автоматты "арқаға" күйінен "кеудеге" күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғысының ауыз жағынан сол иыққа тарта "кеудеге" күйіне ауыстыру керек.

Қарудың дұрыс емес жағдайын жөндеу үшін: "Қаруды түзет!" деген пәрмені беріледі.

Қол пулеметі "арқаға" күйіне ыңғайына қарай алынады.

"Аяққа" күйіне өз орнында тұрып қарумен бұрылыс жасау кезінде алдын ала пәрмен бойынша қаруды біршама көтеріңкіреу керек және бір мезгілде сүңгіні (ауыз жағын) өзіне қарату керек, ал оң қолды оң жамбасқа жеңіл қысу керек. Бұрылыс жасап, бір мезгілде аяқты қоя отырып, қаруды жайлап жерге қою керек.

"Аяққа" күйінде: "Адым — бас!" пәрмені бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеріңкіреу керек, ал: "Жүгір!" алдын ала пәрмені бойынша одан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек.

Жүгіру қозғалысы кезінде қаруды жеңіл бүгілген оң қолмен қарудың ауыз жағы біршама алға қарай болатындай етіп ұстау керек. Сығылысқан саптағы жүгіріс кезінде сүңгіш өзіне қарай алу керек.

"Аяққа", "белдікке" және "кеудеге" күйлеріндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде қаруды ұстамаған бос қолмен, ал "арқаға" күйіндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дененің айналасында адымның ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.

 

§ 2. Азимут бойынша қозғалыс

Азимут туралы түсінік.

Азимут дегеніміз — берілген нүкте арқылы өтетін, меридианның солтүстік бағытынан сағат меңзері жүрісімен зат бағытына дейін өлшенетін көлденең бұрыш. Егерде өлшеу ақиқат меридиан қатынасында жүргізілсе, онда ақиқат азимуты (А), ал магниттік меридиан қатынасында жүргізілсе, онда магниттік азимут А) болып табылады. Жергілікті жерді мейілінше оңай анықталатын магниттік меридианды бос ілінген магнит меңзері еркін көрсетеді. Магниттік және ақиқат меридиандары бірдей болмайды. Солтүстік бағыттағы ақиқат және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (б) деп аталады. Егер де магнит меңзерінің солтүстік ұшы ақиқат меридианнан шығысқа ауытқыса, онда бұрылу шығыстық және оң деп есептелінеді, батысқа ауытқыса, бұрылу батыстың алу белгісімен. А, МА және 8арасындағы байланыстылық формуламен керсетіледі: А = МА + (±8).

Магниттік азимутты анықтау үшін бетпен затқа қарсы тұрып, меңзерді тежеуіштен босатып, құлабызды бағыттау керек. Құлабызды бағытталған қалпында ұстап, қақпақты бұрып, ойықты-қарауылды берілген бағытта нысана бойынша кезейді. Осылай түзу азимут анықталады, яғни жергілікті жерде өзінің тұрған нүктесінен, қандай болмасын, басқа нүктеге азимуттың бағытталуы.

Кері азимут —ол жергілікті заттар тұрған нүктеге беттелуі: түзу азимуттан ол 180° айырмашылығы бар. Бұл шама түзу азимутқа қосылады, егерде түзу азимут 180°-тан кіші болса немесе алынады, егерде ол 180°-тан үлкен болса.

Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып, оның солтүстік ұшына лимбтағы нөлді әкелу қажет, жергілікті жердегі берілген бағытқа бетпен қарап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәл әкеледі; ондағы меңзердің қалпы — ойықты-қарауылды бағыт сызығы болып табылады.

Құлабызбен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10 см төмен сол қолға ұстайды, шынтақ тұрақты тұру үшін бүйірге қысу керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 901; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.