Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ойылатын талаптар. 210. Ыдысқа құйылған ауыз суды өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9




210. Ыдысқа құйылған ауыз суды өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 551 қаулысымен бекітілген «Ыдысқа құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

211. Ыдысқа құйылған судың бетінде әртүрлі қоспалардың, үлдірдің және тұнбалардың болуына жол берілмейді.

212. Құю агрегаттары суды ыдыстарға құйғанға дейін және құйғаннан кейін таза сумен жуылады

213. Ыдысқа құйылған ауыз суының сапасы мен зиянсыздығы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген талаптарға және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша – өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді.

214. Ыдыстарға құйылатын ауыз судың макро және микроэлементтік құрамының физиологиялық толыққандылығының нормативтері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

215. Ыдыстарға құйылатын ауыз судың микробиологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

216. Аралас бейіндегі объектілерде алкогольсіз өнімдерді (сусындарды) және шарапты құюға арналған желілерде өлшеп құйылатын суларды құюға жол берілмейді.

217. Сүзгілерді тазарту немесе алмастыру дайындаушының техникалық құжаттамасының технологиялық нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады. Сүзгілердің жұмысының тиімділігін өндірістік зертханалық бақылау айына бір реттен жиі емес жүргізіледі

218. Егер жерасты суларының көздерін пайдалану процесінде табиғи минералды және бұлақ суларының ластанғаны және олардың белгіленген химиялық, микробиологиялық қасиеттерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, өндіруші ластану жойылғанша дейін суды алу операцияларын, сондай-ақ оны ыдыстарға құю процесін тез арада тоқтатады.

219. Минералды табиғи немесе ауыз суды тасымалдау (су алынатын орыннан объектіге дейін, объектіде) үшін пайдаланылатын көлік сыйымдылықтары (цистерналар, танкерлер) таңбаланады, бұл ретте оларды басқа өнім түрлерін тасымалдау үшін пайдалануға жол берілмейді.

220. Көлік сыйымдылықтарын толтыру, сондай-ақ олардан суды құйып алу үшін тек стационарлық құбырлар пайдаланылады.

221. Резинадан немесе басқа материалдардан жасалған шлангілерді автомобиль және темір жол цистерналарын стационарлық құбырлармен икемдей қосу үшін пайдаланады. Шлангілер олардың ластануын болдырмайтын жағдайларда, арнайы ілмектерге ілінген күйінде, ұштары еденге тигізілмей сақталады. Шлангілер пистолеттермен жабдықталады.

222. Байланыстырғыш шлангілер суды әрбір қабылдағаннан кейін ыстық сумен (температурасы кемінде +600С) жуылады және таңбаланған ыдыстарда дезинфекцияланады, содан кейін ағынды салқын сумен жуылады.

223. Құбырлар мен коллекторлардың техникалық жай-күйін тексеру тоқсанына бір реттен жиі емес жүргізіледі.

224. Ыдысқа құйылған және тұтыну қаптамасымен (ыдыспен) қапталған ауыз су температурасы +2ºС-тан +20 ºС-қа дейінгі, салыстырмалы ылғалдылығы 85% жоғары емес қараңғы қоймаларда сақталады, күн сәулесінің тікелей әсерінен қорғалады.

 

________________________


«Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз

өнімдерді және ыдыстарға құйылған

ауыз суды өндіру жөніндегі

объектілерге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар» санитариялық қағидаларына

1-қосымша

Су құбырындағы және кәріздегі аварияларды анықтау,

жою және оларды жөндеу жұмыстарын есепке алу




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 526; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.