Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тест тапсырмалары. А) Қоршаған ортаны сауықтырады




1. Бәсекенің артықшылығы:

А) Қоршаған ортаны сауықтырады.

Б) Ресурстарды тиімді бөледі.

В) Жарнаманың рөлін өсіреді.

Г) Қаржылық Өнеркәсіптік Топтарды қалыптастырады.

Д) Әлеуметтік теңсіздікті төмендетеді.

2. Монополизмнің белгілері:

А) Еркін баға негізінде максималды пайда алу.

Б) Өндіріс шығындары мен бағасының төмендеуі.

В) Тауар жарнамасына артықшылық беру.

Г) Монополдық баға мен пайда.

Д) Өндіріс көлемінің үлкендігі мен фирманың рыноктағы танымалдылығы.

3. Монополистік бәсекенің белгісі:

А) Масштаб әсерін пайдалану.

Б) Саладағы фирманың өзара тәуелділігі.

В) Дифференциацияланған өнім шығару.

Г) Сирек кездесетін ресурстарды иемдену.

Д) Рыноктағы фирманың саны бірнешеу.

4. Монополия кезінде.

А) MR=P

Б) MR< P

В) MC=P

Г) MR=P=MC

Д) MR=MC

СӨЖ үлгі тақырыптары.

1) ҚР табиғи монополия және олардың іс-әрекеттерін мемлекеттік реттеу.

4) Кластер теориясы және оны Қазақстанда жүзеге асыру бағыттары.

3) Капиталдың орталықтану, шоғырлану, топтасу процестері.

4) Қазақстандағы адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары.

5) ҚР табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттіктің құрылымы, қызметтері, өкілеттігі.

6) Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.

7) Монополияның артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

§ 3. РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ

Рыноктық бәсекенің әртүрлі сипатта болуы рыноктың құрылымына байланысты. Ал рынок құрылымдарының бір-бірінен өзгешелігі өзіне тән белгілерімен анықталады.

Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке.

Жетілген бәсекенің белгілері:

- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз.

- рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ.

- өндіріс факторларының мобилділігі жоғары.

- рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ.

- ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.

Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады.

Жетілмеген бәсекенің түрлері:

1) Таза монополия - тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда.

2) Монопсония- белгілі бір тауарлардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымның типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольдық пайда алады.

3) Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті.

3) Монополистік бәсеке- дифференциалданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды.

Жетілмеген бәсекені туындататын және фирмалардың рынокқа енуіне тосқауыл болатын кедергілер:

1) Мемлекеттің жекелеген фирмаларды ғана ерекше құқықтармен қамтамасыз етуі (белгілі бір қызмет түрлеріне лицензия беру).

2) Ұдайы өндірілмейтін және сирек кездесетін ресурстарға меншік.

3) Авторлық құқық және патенттер. Патенті бар фирмалар ғана сол қызметті жүзеге асырумен байланысты артықшылыққа, лицензия сату құқығына ие.

4) Масштаб әсері. Ірі фирмалар өндіріс көлемін ұлғайту арқылы шығындарды төмендете отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізе алады.

5) Заңсыз бәсекелік әдістерді қолдану.

Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі, дербестігі, тәуелсіздігі.

Ізденіс сұрақтары.

1. Трансұлттық компаниялар дегеніміз не, олардың әлемдік экономикадағы алатын орыны қандай?

2. ҚР экономикасының аса монополияланған сфералары қандай, олардың қайшылықтары мен себептері неде?

3. Санаткерлік меншік дегеніміз не, ол қалай қорғалады?

4. Монополия теориясының негізін қалаушылар кімдер және олардың идеялары қандай?

5. Мемлекттік реттеуге жиі ұшырайтын рыноктық құрылымның қандай типі? Түсіндіріңіз.

6. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға қалай қалыптасады?

7. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 916; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.