Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тест тапсырмалары




1. Сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар:

А) Өндіріс шығындары, тауар саны, сапасы.

Б) Жарнама, ақпараттардың жеткіліктілігі.

В) Тұтынушылардың саны, талғамы, табысы, мода.

Г) Технология, салық, субсидия.

Д) Сұраныс пен ұсыныстың

2. Сұраныстың өсуі:

А) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді.

Б) Тепе-теңдік бағаны өсіреді, тепе-теңдік көлемді төмендетеді.

В) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді өсіреді.

Г) Тепе-теңдік бағаны төмендетеді, тепе-теңдік көлемді өсіреді.

Д) Тепе-теңдік бағаны өсіреді, тепе-теңдік көлем өзгермейді.

икемділігі.

3. Ұсыныстың төмендеуі:

А) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді.

Б) Тепе-теңдік бағаны өсіреді, тепе-теңдік көлемді төмендетеді.

В) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді өсіреді.

Г) Тепе-теңдік бағаны төмендетеді, тепе-теңдік көлемді өсіреді.

Д) Тепе-теңдік бағаны өсіреді, тепе-теңдік көлем өзгермейді.

икемділігі.

4. Баға мен ұсыныс арасындағы тура байланыстың себебі:

А) Бағаның төмендеуі өндірушілерді ынталандырады.

Б) Бағаның өсуі өндірушілерді ынталандырады.

В) Бағаның өзгерісінің өндірушілерге әсері жоқ.

Г) Рыноктағы бағаны өндірушілер белгілейді.

Д) Ұсыныс қисығының төмен қарай кері бағытталуы.

СӨЖ үлгі тақырыптары.

1. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс заңдары.

2. Сұраныс пен ұсыныс көлемдеріне әсер етудегі маркетингтің рөлі.

3. Өндірісті үнемді пайдалану мен ресурстарды тиімді бөлуде сұраныстың рөлі.

4. Қысқа және ұзақ мерзімдегі сұраныс пен ұсыныс.

5. А. Маршаллдың сұраныс пен ұсыныс теориясы.

6. Ұсынысты ынталандыруда ҒТП-ң рөлі.

7. Тұтынушылардың талғамын, артықшылық беруін және моданы ескеру объективті қажеттілік ретінде.

 

§ 2. РЫНОКТЫҚ БАҒА. РЫНОКТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

 

Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты.

Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.

Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.

7.2.1.сурет. Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.

 

в- тауарлардың артықшылығы.

Е - сұраныс пен ұсыныстың теңесу нүктесі.

а – тауарлардың жетіспеушілігі.

РЕ – тепе-теңдік баға.

QЕ – тепе-теңдік тауар көлемі.

1) Qd = Qs => E => PE

2) P↓=>Qd > Qs => а =>P ↑ => Qd = Qs =>E =>PE. Тауарлардың жетіспеушілігі бағаны жоғары өсіріп, оны тепе-теңдік нүктеге ығыстырады.

3) P ↑ => Qd < Qs => в=> P ↓ => Qd = Qs =>E =>PE. Тауарлардың артықшылығы бағаны төмен ығыстырып, сұраныс пен ұсынысты бір нүктеде теңестіреді.

Кез-келген ауытқуды (Qd > Qs немесе Qd < Qs) жаңа рыноктық тепе-теңдік жағдайға әкелетін қызметті баға атқарады.

Егер сұраныс өссе, онда жаңа жоғары тепе-теңдік баға мен жоғары ұсыныс көлемі қалыптасады және керісінше, сұраныс төмендесе, онда тепе-теңдік баға мен ұсыныс мөлшері төмендейді (7.2.2.сурет).

7.2.2.сурет. Сұраныстың өзгеруі мен ұсыныстың тұрақты жағдайындағы тепе-теңдіктің қалыптасуы.

 

Ұсыныс өзгермелі, сұраныс тұрақты жағдайды да график арқылы көрсетуге болады. Егер ұсыныс өссе, онда тепе-теңдік жаңа баға төмендейді, тауарлардың көлемі артады және керісінше, ұсыныс төмендесе, тепе-теңдік баға өседі, тауарлар көлемі азаяды.

7.2.3.сурет. Ұсыныс өзгермелі, сұраныс тұрақты жағдайдағы тепе-теңдіктің қалыптасуы

 

Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі әрбір бәсекелік рыноктың заңы. Ол барлық экономикалық жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тепе-теңдік бағаны есептеуге мысал. Рыноктағы мұздатқыштың ұсынысы Qs = 15000 + 2,4 Р; сұранысы Qd = 35000 - 2,9 Р болсын.

Qs = Qd => 15000 + 2,4 Р = 35000 - 2,9 Р.

5,3Р + 20000

1 мұздатқыштың тепе-теңдік бағасы 2,65 мың. теңге.

 

Ізденіс сұрақтары.

1. Рыноктық тепе-теңдіктің ауытқуының себептері қандай? Мысал келтіріңіз.

2. Рыноктық тепе-теңдіктің түрлері?

3. Ұсыныс тұрақты, сұраныс өскен немесе төмендеген кездегі рынокта қандай жағдайлар орын алады, оларға қандай факторлар әсер етеді?

4. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуының салдары қандай?

5. Өндіріс факторларының рыногы мен тауарлар рыногының тепе-теңдігі дегеніміз не?

6. Рыноктағы тауарлар артықшылығының салдары қандай?

7. Бәсекелік рынок заңдарының жетілмеген бәсеке рыногында орындалмауын қалай түсіндіруге болады?

8. Рыноктық тепе-теңдікті қалыптастыруда бағаның рөлі қандай?

 

Тест тапсырмалары.

1. Рыноктық тепе-теңдік қалыптасады:

А) Сұраныс пен ұсыныс тұрақты болғанда.

Б) Сұраныс пен ұсыныс көлемдері теңескенде.

В) Баға мен шығындар тең болғанда.

Г) Сұраныс пен ұсыныс көлемдері бағаға тең болғанда.

Д) Тұтынушы жалпы пайдалылықты максималдаған кезде.

2. Өндіріс шығындарының өсуі.....

А) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді.

Б) Тепе-теңдік бағаны өсіреді, тепе-теңдік көлемді төмендетеді.

В) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді өсіреді.

Г) Тепе-теңдік бағаны төмендетеді, тепе-теңдік көлемді өсіреді.

Д) Тепе-теңдік бағаны өсіреді, тепе-теңдік көлем өзгермейді.

икемділігі.

3. Сұраныстың ұсыныстан төмен болуы:

А) Баға мен ұсынысты өсіреді.

Б) Баға мен сұранысты төмендетеді.

В) Тауарлардың артықшылығы пайда болады.

Г) Тауарлардың тапшылығы пайда болады.

Д) Тек қана бағаны ғана төмендетеді.

4. Егер тепе-теңдік баға өссе, онда:

А) Сұраныста, ұсыныс та өседі.

Б) Ұсыныс өсіп, сұраныс өзгеріссіз қалады.

В) Сұраныс төмендейді, ұсыныс өседі.

Г) Сұраныс төмендеп, ұсыныс өзгеріссіз қалады.

Д) Рынокта жаңа тепе-теңдік қалыптасады.

 

СӨЖ үлгі тақырыптары.

1. Рыноктағы тауар артықшылығы және оның нәтижесі.

2. Тауар тапшылығының себептері және оны жою заңдылықтары.

3. Өндіріс факторлары мен тауарлар рыногындағы тепе-теңдік.

4. Макроэкономикалық жалпы тепе-теңдіктің факторлары.

5. Ашық және жабық экономикадағы рыноктық тепе-теңдік.

6. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық тепе-теңдік.

7. Қысқа және ұзақ мерзімдегі рыноктық тепе-теңдік.

 

 

§3. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ИКЕМДІЛІГІ

Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының көлбеулілік деңгейлерін, олардың бағаға тәуелділігін анықтау қажет. Өйткені әртүрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысына бағаның өзгерісі әртүрлі әсер етеді. Бұл тәуелділікті бағалау сатушылардың сатудан түсетін табысының мөлшерін анықтау үшін қажет болып табылады.

Сұраныс қисығын 3 түрлі нұсқада қарастырайық.

 

1). 2). 3).

7.3.1.сурет. Сұраныстың икемділігі.

 

1-ші жағдайда баға 3 есе төмендегенде сұраныс 3 есе өсіп, жалпы табыс өзгеріссіз қалады. 2-ші жағдайда бағаның 3 есе төмендеуі, сұранысты 2 есеге ғана өсіріп, жалпы табысты азайтады. 3-ші жағдайда бағаның төмендеуіне қарағанда, сұраныстың өсуі жоғары болғандықтан, жалпы табыс артады.

Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады.

 

Ed = % ∆Q / % ∆P

Икемділік коэффициенті бағаның бір пайызға өзгерісінің нәтижесінде сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd = 1).

Егер бағаның өсуіне қарғанда, сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді (Еd > 1).

Егер бағаның өсуіне қарағанда, сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз (Еd < 1).

Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар: 1. Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар. 2. Тұтынушының табысы. 3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі. 4. Тауардың қажеттілігінің деңгейі. 5. Тұтынушының күтуі.

Бір тауардың бағасына байланысты екінші тауардың сұранысының икемділігі қиылысқан икемділік деп аталады. Қиылысқан икемділік коэффициенті i-ші тауар сұранысына өзгерістің j-ші тауар бағасының өзгерісіне қатынасы арқылы анықталады:

 

Eij = % ∆Qi / % ∆Pj

 

1) Алмастырушы тауарлардың қиылысқан икемділік коэффициенті 0-ден жоғары болады (кофенің бағасы өссе, шайға сұраныс артады).

2) Толықтырушы тауарлардың қиылысқан икемділік коэффициенті 0-ден төмен болады (шайдың бағасының өсуі, қанттың сұранысын азайтады).

3) Тәуелсіз тауарлардың қиылысқан икемділік коэффициенті 0-ге тең болады (нан бағасының өсуі дәптердің сұранысын өзгертпейді).

Сұраныстың көлемі тұтынушының табыс деңгейіне тәуелді. Табыс өзгерісі сұранысқа әртүрлі әсер етеді. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі- табыстағы өзгерістің сұраныстың өзгерісіне әсері. Азық-түлік тауарларына қарағанда өнеркәсіп тауарларына сұраныстың табыс бойынша икемділігі жоғары болады.

Табыстың сұранысқа әсерін икемділік коэффициенті анықтайды.

 

Ed I = ∆Q / ∆I

 

Ed I – сұраныстың табыс бойынша икемділік коэффициенті.

∆Q – сұраныс көлемінің өзгерісі.

∆I – тұтынушылардың табысының өзгерісі.

Табыстың сұранысқа әсерін Энгель қисықтарының гарфигі арқылы қарастыруға болады. График бойынша, табыстың өзгеруіне байланысты қалыпты тауарлардың сұранысы тура, сапалы және сапасыз тауарлардың сұранысы кері бағытта өзгеретінін көруге болады.

7.3.2.сурет. Энгель қисықтары

 

C – тұтыну шығыстары.

I – тұтынушы табыстары.

E1 – қалыпты тауарлардың қисығы.

E2 – сән-салтанат тауарлардың қисығы.

E3 – сапасыз тауарлардың қисығы.

Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші.

Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.

 

Ed = ∆Q / ∆P

 

7.3.3.сурет. Ұсыныстың икемділігі

 

Графикте икемділігі әртүрлі ұсыныс қисықтары берілген. Ұсыныстың икемділігі тәуелді факторлар: шығындырдың құрылымы, өндірістік күштердің қарқыны, бос жұмыс күштерінің болуы, капиталдың қайта құйылу жылдамдығы.

Ұсыныстың икемділігіне уақыт факторы елеулі әсер етеді: бағаның өзгерісіне ұсыныс толық бейімделгенше белгілі бір уақыт өтеді. Мысалы: бір тауарға сұраныс өссін делік. Осы тауарға ұсыныс бірден өсе алмайтындықтан, бір сәттік тепе-теңдік бағаның өсу нәтижесінде қалыптасады. S1 ұсыныс қисығының икемділігі 0-ге тең, сондықтан тік сызық болады. Ал сұраныстың D1-ден D2–ге өсуі бағаны Р1-ден, Р2-ге көтереді (1).

1). 2). 3).

7.3.4.сурет. Уақыт факторының сұраныс пен ұсынысқа әсері.

 

Қысқа мерзімді тепе-теңдік кезінде өндірушілер сұраныстың өсуімен байланысты жауап ретінде ұсыныс көлемін арттырады. Нәтижеде ұсыныс көлемі Q3-ке дейін өсіп, баға Р3-ке дейін төмендейді (2).

Ұзақ мерзімді тепе-теңдік кезінде ұсыныс өзгерген сұранысқа толық бейімделеді. Бағаның өсуі осы салаға басқа өндірушілердің келуін ынталандырып, ұсыныс көлемі Q4-ке дейін өседі, ал тепе-теңдік баға Р4-ке азаяды (3).

Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу жылдамдығы экономикалық ресурстардың мобилділігіне тәуелді.

 

Ізденіс сұрақтары.

1. Икемділік коэффициенттерінің қандай түрлері бар, оларды талдаудың қажеттігі неде?

2. Алмастырушы және толықтырушы тауарлар деп қандай тауарларды айтамыз, олардың икемділік коэфициенттері қандай?

3. Сұраныстың табыс бойынша икемділік коэффициенті қандай факторларға тәуелді?

4. Гиффен тауарлары, Веблен әсерін түсіндіріңіз.

5. Энгель қисықтары қандай тауарларды сипаттайды?

6.Қиылысқан икемділік коэфициентінің 0-ге тең, 0-ден үлкен, 0-ден кіші болғандағы жағдайларын қалай түсіндіруге болады?

7. Сұраныс пен ұсынысты рыноктық және мемлекеттік координациялау дегеніміз не?

8. Қандай тауарлардың сұранысы икемді, икемсіз?

Тест тапсырмалары.

1. Сұраныстың баға бойынша икемділігі:

А) Табыстың өзгерісінің сұранысқа әсері.

Б) Әртүрлі сападағы тауарлар бағаларының сұранысқа әсері.

В) Инфляцияның сұранысқа әсері.

Г) Баға өзгерісінің ұсынысқа әсері.

Д) Баға өзгерісінің сұранысқа әсері.

2. Егер А тауарының бағасының өсуі, В тауарына сұранысты төмендетсе, онда бұл тауарлар:

А) Тәуелсіз тауарлар.

Б) Толықтырушы тауарлар.

В) Алмастырушы тауарлар.

Г) Сапалы тауарлар.

Д) Сапасыз тауарлар.

3. Егер А және В субститут тауарлар болса, онда А тауарының бағасының төмендеуі:

А) А тауарының сұраныс қисығын оңға жылжытады.

Б) В тауарының сұраныс қисығын оңға жылжытады.

В) В тауарына сұраныс көлемі өседі.

Г) Ешқандай өзгеріс болмайды.

Д) В тауарының сұраныс қисығын солға жылжытады.

4. Гиффен тауарына сұраныс:

А) Бағасы өскен сайын өседі.

Б) Баға өзгергенде, өзгеріссіз қалады.

В) Басқа тауарлардың бағасы төмендегенде, өседі.

Г) Тұтынушы табысы артқан сайын, өседі.

Д) Тұтынушы табысы артқан сайын, төмендейді.

5. Баға бойынша сұраныстың қиылысқан икемділігі нольден жоғары болса, онда тауарлар:

А) Өзара алмастырушы.

Б) Өзара толықтырушы.

В) Тәуелсіз.

Г) Қалыпты.

Д) Сапасыз.

СӨЖ үлгі тақырыптары.

1) Қысқа және ұзақ мерзімдегі сұраныс пен ұсыныс.

2) Сұраныстың икемділігіне әсер етуші факторлар.

3) Алмастыру және табыс әсері.

4) Икемділік коэффициенттерін талдау арқылы түсімді анықтау.

5) Сапалы және сапасыз тауарлардың сұранысының баға, табыс бойынша икемділігі.

6) Абсолютті икемділік және абсолютті икемсіздік.

7) Т. Вебленнің «Салтанатты тап теориясы»

 

 

§ 4. СҰРАНЫС ПЕН ПАЙДАЛЫЛЫҚ

Тұтынушы тауарды пайдалылығы үшін сатып алатыны белгілі. Бірақ бұл рыноктағы тұтынушылардың іс-әрекетін толық сипаттай алмайды. Сондықтан тұтыну процесінің жекелеген заңдылықтарын қарастырамыз. Өйткені:

1) Қажеттіліктердің елеулі бөлігі ерте ме, кеш пе қанағаттандырылады.

2) Қажеттіліктер толық қанағаттандырылғанға дейін белгілі бір сатылардан өтеді.

Тұтынылатын тауарлар саны өскен сайын әрбір игіліктің пайдалылығы төмендейді. Пайдалылқтың кему заңдылығын шекті пайдалылық арқылы түсіндіруге болады.

Шекті пайдалылық - әрбір соңғы тауардың пайдалылығы. Тұтынылатын тауарлардың саны өскен сайын, оның шекті пайдалылығы кемиді. Бұл заң Госсеннің 1-ші заңы деп аталады.

 

7.3.5.сурет. Жалпы және шекті пайдалылық

TU – жалпы пайдалылық.

MU – шекті пайдалылық.

Тауарлардың саны өскен сайын, жалпы пайдалылық сомасы артады, бірақ шекті пайдалылық кеми түседі. Сондықтан шекті пайдалылықтың мөлшері тауарлардың саны мен оған қажеттіліктің деңгейіне тәуелді.

Тұтынушы өзінің қажеттіліктерінің көптігіне қарамастан, оларды әртүрлі деңгейге бөледі. Ең алғашқы қажетті тауарларға бірінші, қалғандарына кейінгі орын беріледі, яғни қажеттіліктерді ранжирлейді.

Рационалды (аз шығыс жұмсап, көп пайдалылық алатын) тұтынушы ретінде адам алатын пайдалылықты максималдауға ұмтылады. Ол үшін тұтынылатын тауарлардың шекті пайдалылығы бірдей болуға тиіс. Бұл Госсеннің 2-ші заңы деп аталады. Яғни,Қажеттілігі өтелген тауарларды тұтынуды шектеу, ал қажеттілігі өтелмеген тауарларды тұтынудың мөлшерін арттыру арқылы олардың шекті пайдалылықтары теңестіріледі. Сол арқылы жалпы пайдалылық максималданады.

Рыноктағы тауарлардың бағасы әртүрлі болғандықтан, тұтынушы әртүрлі ақша сомасын жұмсайды. Бірақ, жұмсалынған әрбір теңгенің пайдалылықтары тең болуына ұмтылады. Мысалы: етке жұмсалынған соңғы теңгенің пайдалылығы алма немесе нанға жұмсалған соңғы теңгенің пайдалылығындай болуы тиіс.

Жоғарыдағы жасалынған талдау пайдалылықтың координалистік тұжырымдасы болып табылады. Сонымен қатар пайдалылықтың ординалистік бағыты бар. Бұл бағыт бойынша шекті пайдалылықты өлшеу үшін тұтынушылардың бір тауарлар тобына қарағанда басқа тауарлар тобына артықшылық беруін анықтау қажет. Бұл талдаудың құралы ретінде талғамсыздық қисығы арқылы тұтыну игіліктерінің оңтайлы бөлігі таңдап алынады.

7.3.6. Талғамсыздық қисығы.

А және В тауарлар тобын сатып алу үшін тұтынушы барлық табыстарын жұмсайды делік. Бұл тауарлардың кез-келген сандық комбинациялары тұтынушы үшін бірдей пайдалылық әкеледі. (2А тауары мен 3В тауарының пайдалылығы, 3А тауары мен 2В тауарының пайдалылығымен бірдей).

А тауарының бас тартқан мөлшері В тауарының қосымша мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан тұтынушы үшін А және В тауарларының кез-келген комбинациялары бірдей пайдалылық әкеледі.

Координатаның бас нүктесінен алыс орнасқан талғамсыздық қисығы қажеттіліктердің жоғары деңгейіне сәйкес келеді. Сондықтан мұндай талғамсыздық қисықтарымен берілген қомбинациялардағы тауарлардың бағасы жоғары.

Ізденіс сұрақтары.

1 «Адам өмірі үшін ең қажетті судың бағасы неге төмен, ал қажеттілігі төмен алмаздың бағасы неге жоғары» А.Смиттің осы сұрағына қалай жауап бересіз?

2. Шекті пайдалылық теориясының мәні неде?

3. Координалистер мен ординалистер зерттеулерінің әдістемелік ерекшеліктері қандай?

4.Бай мен кедей адамдар үшін нанның шекті пайдалылығы әртүрлі, бірақ рыноктағы нан бағасы бірдей. Шекті пайдалылық теориясындағы бұл сәйкессіздікті қалай түсіндіруге болады?

5. Тауарлардың саны өскен сайын, жалпы пайдалылық сомасы артады, бірақ шекті пайдалылық кеми түседі, неге?

6. Талғамсыздық қисығы мен бюджеттік шектеу қисықтары нені анықтайды?

7. Құнның еңбектік теориясы мен шекті пайдалылық теориясының басты айырмашылықтары қандай?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 2258; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.