Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 1 страница




1. «Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалау, салу, сумен жабдықтау, су бұру, жарықтандыру, желдету, үй-жайларын күтіп-ұстау және пайдалану, емдік-профилактикалық және қоғамдық тамақтануды, медициналық қамтамасыз етуді, персоналдың тұру және еңбек жағдайларын ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) аэрарий – ауа ванналарын қабылдау үшін жабдықталған алаң, қалқа;

2) сауықтыру объектілері – 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін оқу-тәрбиелеу, дене шынықтыру-сауықтыру, емдеу-сауықтыру қызметін және мәдени бос уақыттарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымдар балалар сауықтыру ұйымдары (бұдан әрі – БСҰ), оның ішінде жалпы, орта және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жыл бойы жұмыс істейтін БСҰ;

3) бракераж – тамақ өнімдері мен дайын тамақтардың сапасын органолептикалық көрсеткіштері бойынша бағалау;

4) Генча сынамасы – тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын бағалайтын көрсеткіш;

5) дезинфекциялық және дезинсекциялық құралдар – инфекциялық (паразиттік) аурулардың қоздырғыштарын және жәндіктерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар;

6) инсоляция – алаңды, үй-жайды, ғимаратты гигиеналық бағалауға арналған күн радиациясының нормаланатын көрсеткіші;

7) Кетле индексі – баланың дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші;

8) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;

9) санаториялық объектілер – табиғи емдік физикалық факторларды (климат, минералды сулар, балшықтар), физиотерапиялық әдістерді, емдік дене шынықтыру мен басқа да жағдайларды басым пайдалана отырып, белгіленген режимді сақтау кезіндегі, профилактикалық, медициналық оңалтуға және демалуға арналған туберкулезге қарсы мекемелер, оның ішінде алғанда емдеу-профилактикалық мекемелер (бұдан әрі – санаторийлер);

10) солярий – күн ванналарын қабылдауға арналған жабдықталған алаң, үй-жай.

3. Санаторийдің және БСҰ персоналының қызметтерді жүзеге асыру кезінде медициналық кітапшасы, гигиеналық оқытудан өткені туралы мәліметтері болуы қажет.

4. Балалардың туберкулезге қарсы санаторийіне емдеудің сүемелдеуші фазасындағы бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратын науқас балаларды қоса алғанда 1 жастан бастап 14 жасқа дейінгі балалар, виражбен және гиперергиялық реакциясы бар балалар, сондай-ақ туберкулез инфекциясы ошақтарының және туберкулезбен ауырып сауыққан балалар қабылданады. Санаторийлерде жататын және нашар қозғалатын балалар үшін 10%-ға дейін орын көзделуі тиіс.

 

 

2. Санаториялық және сауықтыру объектілерін жобалауға және салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

5. Салынған немесе қайта жаңартылған ғимараттарды пайдалануға беру ғимараттарды санаторий мен БСҰ ретінде уақытша пайдаланған кезде осы Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда жол беріледі.

6. БСҰ-ның және санитарийдің құрылтайшысы немесе меншік иесі қажетті ұйымдастыру және профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын оның ашылу мерзімдері туралы кемінде 90 күн бұрын хабардар етуі қажет.

7. Санаторийлер мен БСҰ қала сыртындағы, орман алқаптары мен су қоймаларына жақын, шу және атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында, су қоймасының ағысы бойынша ластау көздеріне қатысты жоғары жағында және санитариялық-қорғаныш аймағын сақтаған жағдайда орналастырылады.

8. Таулы аудандарда және курорттық аймақтарда БСҰ-ны және санаторийді орналастыру кезінде жасыл аймақ ретінде оларға іргелес бақтар мен орман саябақтары пайдаланылады.

9. БСҰ-ның жер учаскесінің шекарасынан тұрғын үй құрылысына дейінгі қашықтық кемінде 50 метр (бұдан әрі – м) болуына жол беріледі, санаторийге – кемінде 100 м.

БСҰ-ның және санаторийдің жер учаскесі шекарасының автомобиль жолына дейінгі қашықтығы кемінде 500 м және бау-бақша шаруашылығы учаскелеріне дейінгі қашықтық 300 м болуына жол беріледі.

10. Санитариялық-қорғаныш аймақтарының аумағында БСҰ-ны және санаторийді орналастыруға жол берілмейді. Өнеркәсіптік, коммуналдық және шаруашылық ұйымдардан сауықтыру мекемелеріне дейінгі қашықтық қалалық, кенттік және ауылдық елді мекендерді жоспарлауға және салуға қойылатын талаптарға сәйкес қабылданады.

Қалалық (ауылдық) мақсаттағы магистральдық инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) БСҰ-ның және санаторий аумағы арқылы өтпеуі тиіс.

11. Жаңа санаторийлерді және БСҰ-ны жобалау және салу кезінде оларды:

1) желдің бағытын есепке ала отырып;

2) шу және атмосфералық ауаның ластану көздерінен жел жақ бетіне;

3) ластану көздеріне қатысты су қоймаларының ағысы бойынша жоғары;

4) орман алқаптарына және су қоймаларына жақын орналастырылады.

Қала сыртындағы сауықтыру мекемелері қызметкерлерге арналған тұрғын үйлерден, сондай-ақ ересектердің демалыс мекемелерінен ені кемінде 100 м жасыл желек жолағымен бөлінеді.

12. Санаторийлерде және БСҰ-да:

1) бұрын қоқыс төгетін орын, мал өлексесін көметін орын, ассенизация алаңдары, бейіттер ретінде пайдаланылған, сондай-ақ химиялық, бактериялық немесе басқа да топырақтың ластануы бар учаскелерде орналастыруға;

2) аумағы бойынша қалалық (ауылдық) мақсаттағы магистральды инженерлік коммуникацияларды (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жүргізуге;

3) аумаққа санаторий мен БСҰ-ны күтіп-ұстауға және пайдалануға қатысы жоқ тұрғын үй, оның ішінде персоналға, ұйымдарға арналған құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға;

4) аумақта үй жануарлары мен құстарының болуына және оларды жаюға жол берілмейді.

13. Санаторий мен БСҰ-ның аумағы абаттандырылады, көгалдандырылады, биіктігі 1,6 м қоршаумен қоршалады, қорғалады, түнгі уақытта жарықтандырылады, кемінде екі кіретін орны (негізгі және шаруашылық) болады.

14. Аумақта тікенекті бұталарды, ұсақ, улы және балаларда аллергия тудыратын жемістер беретін жасыл желектерді (ағаштар, бұталар) отырғызуға жол берілмейді.

15. Санаторийді және БСҰ-ны ашу алдында аумақты айғақтары бойынша кенеге қарсы өңдеуді және кеміргіштерге қарсы күрес бойынша іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру және жүргізу қажет.

16. Жас көшеттері жоқ аумақта, кіретін жолдарда, жүк түсіретін алаңдарда, тротуарларда, көлік құралдарының тұрағына арналған орындарда қатты жабыны және жаңбыр мен еріген су ағатын еңістері болуы тиіс.

17. Санаторийдің және БСҰ-ның жер учаскесі негізгі және қосалқы құрылыс аумағына бөлінеді.

БСҰ негізгі құрылысының аумағы мынадай: тұрғын, мәдени-көпшілік, дене шынықтыру-сауықтыру, медициналық, әкімшілік, шаруашылық және техникалық мақсаттағы аймақтарға бөлінеді.

Қосалқы аумақта: отын сақтауға арналған қоймасы бар қазандық, сумен жабдықтау құрылысы, гараж, жөндеу шеберханалары, автотұрақ орналасады.

18. Санаторий мен БСҰ-ның дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарының құрамы, саны мен ауданы осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

19. Көкөністер қоймасы негізгі құрылыстардан 50 м қашықтықта, жанатын материалдар қоймалары 100 м қашықтықта орналасады.

20. Халықтың аз қозғалатын топтары үшін арнайы құрылғылар (пандустар, көтергіштер, тұтқалар) жабдықталады.

21. Қабылдау бөлімшесінің, медициналық қызмет көрсету үй-жайларының, ас блогының және санитариялық-тұрмыстық үй-жайдың (кір жуатын орын, дәретхана, қолжуғыш, себезгі бөлмесі) қабырғалары мен еденінің беттері жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан орындалады.

22. Жатын, емдік-диагностикалық, оқу үй-жайлары, ас блогы мен мәдени-көпшілік мақсаттағы үй-жайлар бір корпуста жерүсті қабаттарында немесе жылытылатын өтпе жолдармен қосылған жеке блоктарда орналасады. Ғимараттарға кіретін сыртқы есіктер климаттық жағдайларға қарай тамбурлармен жабдықталады.

23. Соқыр және нашар көретін адамдар үшін жоғарғы және төменгі баспалдақтар, бірінші және соңғы басқыштар тұтқаларының учаскелері бұдырмен және қарама-қарсы түстермен белгіленеді.

24. Ғимараттардың цокольды қабатында терезелер бар болғанда киім ілетін орынды, әкімшілік үй-жайларды, кір жуатын орындарды, қоймаларды және асханалардың өндірістік үй-жайларын, машина қондырғылары бар тоңазытқыш камераларын орналастыруға жол беріледі.

25. Жертөле үй-жайларында қойма және қосалқы үй-жайлар, желдету камералары, көтергіш-лифтілер және басқа да қосалқы қызметтер орналасады.

26. Шу-діріл жабдығы бар үй-жайларды жапсарлас, жатын үй-жайлар мен емдік-диагностикалық кабинеттердің астына және үстіне, рентген кабинеттерін жатын үй-жайлардың астына және үстіне орналастыруға жол берілмейді.

27. Биіктігі 3 қабат және одан жоғары санаторий ғимараттарында кемінде екі жолаушылар лифті көзделеді. Лифт шахтасын жатын және емдеу үй-жайларымен жапсарлас орналастыруға жол берілмейді.

28. Санаторийдегі тұрғын бөлмелердің ауданы бір орынға кемінде 6,0 м2 есебінен көзделеді. Ересектерге арналған санаторийдегі тұрғын бөлмелер бір-екі орынға есептеледі.

29. 8 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4,5 м2 есебінен 5-тен асырмай, 6-7 жастағы балалар үшін – 10-нан асырмай көзделеді.

Отрядқа арналған ойын бөлмесінің ауданы бір балаға 2 м2 есебінен көзделеді.

30. Ингаляторий, оттекпен емдеу кабинеті және дәрілік препараттар кабинеті жапсарлас орналасады және дәрілік шөптерді сақтауға арналған жалпы қосалқы үй-жайы болуы мүмкін.

31. БСҰ балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, отрядтар немесе топтар бойынша топтастырылады:

1) 6 жастан 9 жасқа дейін – 25 адамнан асырмай;

2) 10 жастан 14 жасқа дейін – 30 адамнан асырмай;

3) 15 жастан 18 жасқа дейін – 25 адамнан асырмай.

32. Жылытылмайтын ғимараттардағы БСҰ-ның жатын үй-жайларын орналастыру кезінде балалардың орналасуына сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн ішінде кемінде плюс 16ºС-та рұқсат етіледі.

33. Балаларды қабылдау осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама болғанда жүзеге асырылады.

34. Санаторийлердегі және БСҰ-дағы оқу жиһазы балалардың бойы-жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс. Екі қабатты кереуеттерді пайдалануға жол берілмейді.

35. Санаторийлердің және БСҰ-ның үй-жайларында терезе желдеткіштеріне және фрамугаларын москит торлар орнатылады.

 

3. Санаториялық және сауықтыру объектілерін сумен жабдықтауға, суды бұруға, желдетуге, жылытуға және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

36. Санаторий мен БСҰ орталықтандырылған суық және ыстық сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылады.

Санаторий мен БСҰ ғимараттары шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау, су бұру жүйелерімен жабдықталады. Барлық жүйелер қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ете отырып, жұмыс істейтін жағдайда болады.

37. Санаторийлер мен БСҰ сапалы ауыз сумен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіледі.

38. Ыстық сумен жабдықтаумен ас блогының өндірістік үй-жайлары, кір жуатын орын, монша, себезгі бөлмесі, қол жуатын орын, жеке гигиена кабиналары, медициналық мақсаттағы үй-жайлар қамтамасыз етіледі.

БСҰ-ның аумағында тұрғын үй ғимараттарынан, мәдени-көпшілік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардан кемінде 50 м қашықтықта 35 адамға 1 дәретхана орны есебімен кәрізделген дәретханаларды немесе биодәретханаларды орнатуға жол беріледі.

39. Санаторийде және БСҰ-да ауыз су сапасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ауыз су режимін ұйымдастыру керек.

40. Санаторийді және БСҰ-ны орталықтандырылған су бұруы жоқ аудандарда орналастырған кезде сарқынды суларды шығару мен тазалаудың жергілікті жүйелерін (жергілікті тазарту құрылыстары) орнатуға жол беріледі. Жергілікті су бұру жүйелерін таңдау және орнату тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

41. Туберкулезге қарсы санаторийлердің сарқынды сулары суды бұру жүйесіне жіберу алдында дезинфекциялауға жатады.

42. Санаторий мен БСҰ үй-жайлары жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталады.

43. Үй-жайлар фрамугалар немесе терезе желдеткіші арқылы желдетумен қамтамасыз етіледі.

44. Себезгі және санитариялық тораптар дербес сору желдеткішімен жабдықталады.

45. Температурасы минус 40°С-тан төмен климаттық аудандарда биіктігі үш қабат және одан жоғары тұрғын үй-жайлар сыртқы ауаны жылытатын тарату желдеткішімен жабдықталуы тиіс.

46. Санаторий мен БСҰ-ның үй-жайларында табиғи жарық болуы тиіс. Мына үй-жайларда: жатын үй-жайлар мен себезгі бөлмелерінің жанындағы дәретханаларда; емдеу кабинеттері жанындағы киім ілетін орындарда, емшара кабинеттерінің қосалқы үй-жайларында; жуынатын, жуатын бөлмелерде; жертөле үй-жайларында табиғи жарықсыз болуға жол беріледі.

47. Үй-жайларды жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

48. Жарамсыз люминисцентті шамдарды уақтылы ауыстырады. Артық және жарамсыз шамдар балалардың қолы жетпейтін үй-жайларда сақталады. Істен шыққан люминисцентті шамдарды сақтау және шығару жауапты адамға жүктеледі.

 

4. Санаториялық және сауықтыру объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

49. Барлық үй-жайларды жинау күн сайын жуу құралдарын қолдана, желдете отырып, ылғалды тәсілмен күн сайын жүргізіледі. Әйнектердің ішкі беті күн сайын сүртіледі, айына бір рет жуылады, сыртқы әйнектер – ластануына қарай жуылады. Едендер күніне екі рет жуылады. Жиһаз, радиаторлар, терезенің алды, киімге арналған шкафтар – күн сайын сүртіледі және аптасына бір рет жуылады.

50. Сауықтыру кампаниясы басталар алдында және әрбір ауысым аяқталған соң техникалық персонал күрделі жинау жүргізеді: рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып еденді, қабырғаны, есіктерді, терезелерді, жарықтандыру арматурасын, жылыту аспаптарын, желдеткіш торларды жуады және жиһаздарды сүртеді.

51. Сору желдеткіші жүйелерінің жалюз торлары шаңнан тазартылады, оларды үй-жайдың және сыртқы ауаның температурасы кенеттен өзгерген кезде жабу керек.

52. Санаторий және БСҰ жұмыс істеп тұрған кезде күрделі жөндеу және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерін жүргізуге жол берілмейді.

53. Тұрғын бөлмелерді жинау үй-жайларды күн сайын желдету, төсек-жабдықтарын жинау, жиһазды, кілемдерді немесе еденнің төсенішін шаңнан тазалау, еден мен санитариялық торапты жинау арқылы жүргізіледі.

54. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер және т.б.) таңбалануы және үй-жайларға бөлек бекітілуі тиіс. Пайдаланылғаннан кейін жинау мүкәммалын жуу және дезинфекциялау құралдарымен ыстық сумен жуады және сол үшін арнайы бөлінген шкафтарда немесе үй-жайларда сақтайды.

Санитариялық тораптарды жинауға арналған жинау мүкәммалының сигнальдық (қызыл, сарғылт) белгісі болуы және жеке сақталуы тиіс.

55. Төсек-жабдықтарын және сүлгілерді ауыстыру ластануына байланысты, бірақ жеті күнде бір реттен сиретпей және тұратын адамдар кеткеннен кейін жүргізіледі.

56. Киім-кешекті жуу өзінің кір жуатын орнында немесе шарт бойынша өзге кір жуатын орында жүргізіледі.

57. Дәретханалар жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, күн сайын жуылады.

58. Санаторийдің және БСҰ-ның аумағын жинау күн сайын жүргізіледі. Қоқыс қоқыссалғышқа жиналады және оның 3/2 көлемі толуына байланысты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған шартқа сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады. Контейнерлер (қоқыссалғыштар) босатылғаннан кейін тазартылуы және қолдануға белгіленген тәртіппен рұқсат етілген құралдармен өңделуі тиіс. Аумақта тұрмыстық қоқысты және жапырақтарды өртеуге тыйым салынады.

Учаскенің жабдығы (үстелдер, орындықтар, дене шынықтыру жабдығы мен шағын сәулет нысандары) жарамды жағдайда ұсталуы тиіс.

59. Тұрмыстық қоқыс пен қалдықтарды жинау үшін бетондалған немесе асфальтталған алаңда орнатылған, қақпақтары бар металл контейнерлер көзделеді. Алаң негізгі ғимараттардан кемінде 25 м қашықтықта орналасады.

60. Тұрғын бөлмелердегі ауаның температурасы 18ºС-тан, изолятор палаталарында 20 ºС-тан, вестибюльде 16ºС-тан төмен болмауы тиіс. Салыстырмалы ылғалдылық 40-60%-ды құрайды.

 

 

5. Санаториялық және сауықтыру объектілерінің жағажайларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

61. Жағажай оқшуаланған учаскеде, айлақтардан, шлюздерден, гидроэлектр станцияларынан, сарқынды суларды жіберу орындарынан, малдың қорасы мен суатынан және басқа да ластану көздерінен алыста орналасады немесе жоғарыда көрсетілген ластану көздерінен кемінде 500 м қашықтықта орналасады.

62. Су қоймасының түбі ұйық, балдырлары, бұжыр ағаштары, үшкір тастары жоқ, құмды болып таңдалады. Балалардың шомылатын орындарындағы су қоймасының тереңдігі 0,7-ден 1,3 м-ге дейін құрайды.

63. Жағажай күннен қорғайтын қалқалармен, жатақтармен және отырғыштармен жабдықталуы тиіс.

Жағажайдың аумағында себезгі кабиналары (40 адамға 1), киім ауыстыратын кабиналар (50 адамға 1), дәретхана (75 адамға 1) көзделуі тиіс.

64. Жағажайды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын құрылғыларымен, сондай-ақ емшараларды дозалап қабылдау үшін солярийлермен, аэрарийлермен жабдықтау керек. Солярийлер мен аэрарийлерде орын саны жалпы санының (ІІ және ІІІ климаттық аудандарында) 50 %-ынан асырмай құрауы тиіс. Аэрарийлер мен солярийлердің ауданы 1 орынға 2,5 және 3,0 м2 есебімен қабылданады.

65. Шомылу маусымы басталар алдында суды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуі тиіс санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.

66. Шомылуға арналған су бетінің шекарасы ашық түсті, жақсы көрінетін қалқитын белгілермен белгіленеді.

67. Жағажайдың аумағында бірі-бірінен 40 м аспайтын қашықтықта қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.

68. Ашық және жабық киім ауыстыратын орындар, киім ауыстыруға арналған павильондар, киім ілетін орындар дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жуылады.

69. Жыл сайын жағажайда таза құм, малта тас себіледі. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сиретпей жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатына механикалық қопсыту жүргізіледі.

70. Адамдардың шомылуына арналған орындарда киім-кешек жууға және жануарларды жуындыруға жол берілмейді.

 

6. Санаториялық және сауықтыру объектілерінде тұруды ұйымдастыруға және тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

71. Күн режимі балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрылуы тиіс. БСҰ-дағы балалардың күн режимі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.

Санаторийдегі балалардың күн режимі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаның 2 және 3-кестелерінде келтірілген.

72. Дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралараның жоспары дәрігермен келісіледі және мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) таңертеңгілік гимнастика;

2) шынықтыру емшаралары;

3) қозғалыс ойындары және дене дайындығының әр түрімен айналысу;

4) спорт, емдік дене шынықтыру, жүзуге үйрету;

5) серуендер, экскурсиялар, жорықтар;

6) спорттық жарыстар және мерекелер.

73. Дене шынықтырумен айналысу үшін медициналық топтарға бөлуді дәрігер жүргізеді. Негізгі медициналық топтың балалары шектеусіз барлық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұқаралық іс-шараларға қатысуға жіберіледі.

74. Медициналық дайындық тобының балаларымен дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары олардың денсаулық жағдайын және жеке төзегіштігін ескере отырып жүргізіледі. Бір күндік туристік жорықтарға қатысуға рұқсат етіледі.

75. Таңертеңгі жаттығу күн сайын 10–15 минут бойы ашық ауада, жаңбырлы ауарайында жақсы желдетілетін үй-жайда жүргізіледі.

76. Жорыққа қатысушылар медициналық тексеруден өтеді. Бағдарларды, шомылу орындарын туризм жөніндегі нұсқаушы алдын ала тексереді. Балаларды жорыққа жіберуден 1–2 күн бұрын дәрігер бағдар парағына қол қояды. Туристік жорықтар медицина қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.

77. Шынықтыру іс-шаралары БСҰ-ға баланың келген алғашқы күнінен басталады:

1) күн ванналары таңғы немесе кешкі сағаттарда жағажайда, желден қорғалған арнайы алаңдарда (солярийлерде), тамақтан соң бір-бір жарым сағаттан кейін тағайындалады;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 689; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.