Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 2 страница. 2) су рәсімдері таңертеңгі жаттығудан кейін ылғалды сүлгімен алдымен плюс 30-35°С температурада




2) су рәсімдері таңертеңгі жаттығудан кейін ылғалды сүлгімен алдымен плюс 30-35°С температурада, содан соң салқын сумен плюс 10–15 °С температурада сүртінуден басталады.

78. Шомылу күніне бір рет, ыстық күндері екі рет судың температурасы плюс 20°С төмен емес, ауаның температурасы плюс 23°С төмен емес кезде жүргізіледі.

7. Санаториялық және сауықтыру объектілерінде емдік-профилактикалық және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

79. Түстену залының ауданы өзіне өзі қызмет көрсету кезінде бір орынға (тарату желісін қоспағанда) 1,8 м2 (тарату желісін қоса алғанда), даяшы қызмет көрсеткен кезде 1,4 м2 есебімен қабылданады. Түстену залының ауданы балаларды бір мезетте қызмет көрсету кезінде (бір ауысымда) бір орынға 1,0 м2 есебімен көзделеді.

80. Ас блогын күтіп-ұстау және пайдалану, тамақты дайындаудың технологиялық регламенттері Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен қоғамдық тамақтану саласындағы санитариялық талаптарға (бұдан әрі – қоғамдық тамақтану саласындағы санитариялық талаптар) сәйкес болуы тиіс.

81. Санаторийде емдік-профилактикалық тамақтанудың топтық жүйесі ұйымдастырылады.

82. Дайын тамақты беруді медицина қызметкері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес дайын тамақтың сапасын бақылау жөніндегі журналға (бракераж) жазғаннан кейін дайын тамақтың сапасын органилептикалық бағалау жүргізуден кейін жүзеге асырады.

83. Санаторийде және БСҰ-да күн сайын аспаз дайын тағамның тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамалар қақпағы бар таза (қайнаған сумен өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алынады және тоңазытқыштың арнайы бөлінген орнында +2 ºС-тан +6 ºС-қа дейін температурада сақталады.

84. Санаторийдің және БСҰ-ның медицина қызметкерлері ас блогына келіп түскен өнімдердің сапасын, өнімдерді сақтау және өткізу мерзімдерінің сақталу шарттарын, тәуліктік сынаманы алу мен сақтаудың дұрыстығын, персоналдың және асхана кезекшісінің жеке гигиена қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

85. Ас блогының үй-жайларының құрылғысына, күтіп-ұстауға, жабдыққа, мүкәммалға ыдыс-аяққа және ыдысқа қойылатын талаптар қоғамдық тамақтану саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

86. Тамақ өнімдерін тасымалдау санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар автокөлікпен жүргізіледі. Тамақ өнімдері сақтау шарттарына қойылатын талаптар сақтала отырып тасымалданады, басқа мақсаттар үшін арнайы автокөлікті пайдалануға жол берілмейді.

Экспедитор, арнайы киіммен және жұмысқа рұқсат етілген жеке медициналық кітапшасымен қамтамасыз етіледі.

Азық-түлікке арналған ыдыс таңбаланады және мақсатына байланысты пайдаланылады.

87. БСҰ үшін бір балаға күніне азық-түліктер жиыны осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

88. Жас ерекшелігіне (жасы) байланысты балаларға арналған порцияның массасы (граммға шаққанда) осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген.

89. Балалар санаторийлеріндегі науқастар үшін тамақ өнімінің нормалары (бір балаға күніне граммға шаққанда) осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес қабылдануы қажет.

90. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау және өткізу мерзімдері осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес қабылданады.

91. Балалар мен жасөспірімдер үшін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың құнарлылығы мен қолдану нормаларының ұсынылатын шамалары осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 5-кестесіне сәйкес айқындалады.

92. Санаторийлерде және БСҰ-да тамақ қабылдау арасында 3,5 сағаттан артық емес аралықпен балаларды бес рет тамақтандыруға жол беріледі.

Тамақ арасындағы аралыққа ас мәзіріне қымыз немесе сүт қышқылы өнімі енгізіледі. Тәуліктік рационның құнарлылығын: таңертеңгілік ас – 25%; түскі ас – 35 %, бесін ас 15 %, кешкі ас – 20 %, 5-ші тамақтандыру – 5% етіп бөледі.

93. Санаторийде және БСҰ-да 10 күндік ас мәзірі негізінде басшы бекітетін тарату-ас мәзірі жасалады.

Қажетті өнімдер болмаған жағдайда оларды химиялық құрамы бойынша тепе-тең өнімдерге ауыстыру осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 6-кестесіне сәйкес негізгі тағамдық заттар бойынша өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

94. Өнімдерді салқын және жылылай өңдеу кезінде қалдықтардың нормалары осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 7-кестесіне сәйкес қабылданады.

95. Гиповитаминоздардың алдын алу және балаларды тиімді сауықтыру мақсатында салқындатылған сусындарды (компот) аскорбин қышқылымен (бір порцияға 0,06 – 0,07 г) жасанды витаминдеу жүргізеді. Поливитамин препараттарын (тамақ кезінде немесе тамақтан кейін күніне 1 драже), витаминделген және минералды заттармен байытылған тамақ өнімдерін пайдалануға жол беріледі.

96. Балалар мен жасөспірімдер үшін (күніне) пайдаланудың ұсынылатын шамалары осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаның 8-кестесіне сәйкес қабылданады.

97. Туберкулезге қарсы және сауықтыру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер үшін (күніне/граммға шаққанда) пайдаланудың ұсынылатын энергиялар, белоктар және көмірсулардың шамалары осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаның 9-кестесіне сәйкес қабылданады.

98. Ас блогында қақпағы бар қайнатылған таза шыны ыдысқа бір порция көлемінде дайын тамақтың тәуліктік сынамасы күн сайын алынады. Тәуліктік сынама тоңазытқышта кемінде 48 сағат плюс 2°С-тен 6°С-қа дейінгі температурада сақталады.

99. Инфекциялық және жаппай уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында мыналарды:

1) банкаларының тұншалануы бұзылған консервілерді, қақпағы көтерілген консервілерді, тот басқан, пішіні өзгерген, заттаңбасы жоқ банкаларды;

2) жұмсақ ыдыста су тиген өнімдерді (ұн, жарма, қант және басқа да өнімдер);

3) қамба зиянкестерін жұқтырған, сондай-ақ механикалық қоспалармен ластанған жарманы, ұнды, құрғақ жемістерді және басқа да өнімдерді;

4) зең және шіру белгілері бар көкөністерді, жемістерді, жидектерді;

5) саңырауқұлақтарды;

6) жеңіл асқа арналған консервілерді, маринадталған көкөністер мен жемістерді;

7) үйде дайындалған өнімдерді (консервіленген саңырауқұлақтар, ет, сүт, балық және басқа да пайдалануға дайын өнімдерді) пайдалануға жол берілмейді.

100. Тамаққа:

1) алдыңғы тамақтың қалдықтарын;

2) кремі бар кондитерлік өнімдерді, кремді, суындарды, өздері дайындаған морстарды, квасты, іркілдекті, паштеттерді, құйылған тағамдарды (еттен және балықтан), майшабақтан жасалған фаршмакты;

3) фритюрдегі бұйымдарды, қуырылған жұмыртқаны;

4) ащы тұздықтарды, қышаны, ақжелкекті, бұрышты, сірке суын, табиғи кофені, шырындар мен құрғақ концентраттар түріндегі сусындарды, майонезді;

5) пастерленбеген сүттен дайындалған сүтті және сүт қышқылы өнімдерін;

6) қан және өкпе-бауыр шұжықтарын;

7) қатықты және басқа да сүт қышқылы өнімдерін;

8) тартылған ет салынған құймақтарды және флотша дайындалған макаронды;

9) суда жүзетін құстардың жұмыртқаларымен етін;

10) үйде дайындалған, консервіленген өнімдерді;

11) газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды (минералды және ауыз суды қоспағанда);

12) чипсилерді, кириешкилерді, гамбургерлерді, хот-догтарды, құрғақ концентраттарды гарнир ретінде пайдалануға жол берілмейді.

101. Құрамы тағамдық қоспаларды, гендік-түрлендірілген организмдерді және табиғиға сәйкестендірілген кез-келген өнімдерді (хош иістендіргіштер, шығу тегі жасанды бояғыштар, сағыз) қамтитын өнімдерді тұтынуға жол берілмейді.

102. Туберкулезге қарсы санаторийлерде мектепке дейінгі жастағы балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін 1 балаға кемінде 2 м есебімен асхана-ойын бөлімесі; 3 ұялы жуу ваннасымен, ыдысты кептіруге арналған сөрелермен және оларды сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған буфет бөлмесі көзделеді.

103. Жататын және нашар қозғалатын балаларға арналған санаторийде тамақтандыру тарату орны бар буфет бөлмесі, 3 ұялы жуу ваннасымен, ыдысты кептіруге арналған сөрелермен және сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған ыдыс жууға арналған үй-жай қарастырылған секцияда жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, ас блогынан тамақты беруге арналған көтергіш жабдықталады.

104. Мектеп жасындағы жүретін науқастар үшін бір отыратын орынға 1,5 м2 есебімен тамақтану залы көзделеді. Түстену залдарының сыйымдылығы 60 орыннан артық емес болып көзделеді.

Түстену залының жанында 25 балаға 1 қолжуғыш, 40 балаға 1 унитаз есебімен санитариялық торап, изоляторда тарату орны мен ыдысты жууға және сақтауға арналған үй-жай көзделеді.

105. Санаторийлердің палаталы секцияларында тамақ өнімдерін, сусындарды сақтауға арналған тоңазытқыштарды орнатуға жол беріледі.

106. Персоналдың тамақтануы үшін жеке есігі, себезгі бөлмесі және дәретханасы бар арнайы зал бөлінеді.

107. Үшінші тағамдарды С-витаминдеу балаларға: 1 жастан 3 жасқа дейін 35 мг, 3 жастан 12 жасқа дейін 50 мг, 12 жастан 14 жасқа дейін 70 мг аскорбин қышқылы есебімен күн сайын жүргізіледі.

 

 

8. Санаториялық және сауықтыру объектілерінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

108. Санаторийлер мен БСҰ-да медициналық қамтамасыз ету мынадай:

1) үй-жайлардың, аумақтың, шомылу және спортпен айналысу орнының дайындығын тексеруді;

2) балаларды сауықтыру ұйымын комиссиялық қабылдауға қатысуды;

3) медициналық кабинетті және изоляторды осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес болуы тиіс қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруды;

4) балаларды сауықтыру ұйымының әр қызметкерінің медициналық құжаттарын тексеруді;

5) балаларды қабылдау кезінде медициналық тексеруді;

6) балалардың денсаулық жағдайларын жүйелі бақылауды;

7) балаларды дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарға бөлуді, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушыларға балалардың денсаулық жағдайлары, спорт сабақтарының ұсынылатын режимі туралы ақпарат беруді;

8) күн сайын амбулаториялық қабылдау жүргізуді, ауырған балаларға медициналық көмек көрсетуді;

9) жазатайым оқиғалар туындаған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді, жақын жердегі стационарға тасымалдауды;

10) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізу арқылы инфекциялық аурулар жағдайлары туралы шұғыл хабарлама беруді;

11) балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуын бақылауды;

12) барлық үй-жайлар мен аумақтың, сумен жабдықтау көздерінің санитариялық жағдайын және оларды күтіп-ұстауды бақылауды;

13) балалар мен персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауын, санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді бақылауды;

14) осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес болуы тиіс балаларды сауықтырудың тиімділігін бағалауды жүргізу іс-шараларын қамтиды.

 

 

9. Санаториялық объектілерде балшықпен емдеуге және физиотерапияға арналған үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

109. Санаторийде табиғи және жасанды емдік балшықтар (бұдан әрі – емдік балшықтар) қолданылады. Емдік балшықтар оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда пайдаланылады.

110. Санаторийде балшық кені орнынан тасымалдағаннан кейін және пайдаланғаннан соң өңделмеген балшықты өңдеу жүргізуге жол беріледі. Қайта қалпына келтірілген балшық қалпына келтіру бассейндерінде тиісті микроклиматтық жағдайларда 3-4 айдан асырмай сақталады.

111. Емшараларға дайын емдік балшықтар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) диаметрі 0,25 миллиметр (бұдан әрі – мм) минералды бөліктермен ластану шоқы және шөгінді сульфидті балшықтарда 3%-дан, шымтезек және тұнба балшықтарда 2 %-дан аспайды;

2) шымтезек балшықтарындағы ыдырау дәрежесі кемінде 40 % болады;

3) тұнба және шоқы балшықтарының ығысуға кедергісі 1000-2000, шөгінді сульфидті және шымтезек балшықтарында 1500-4000 дин/см2;

4) балшықты ерітіндінің ылғалдылығы, жылу сыйымдылығы, қышқылдығы, минералдануы және сульфидтердің болуы балшықтың әр типіне арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес шектерге сәйкес болуы тиіс;

5) табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын физикалық-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес болуы тиіс;

6) табиғи және емшараларға дайындалған емдік балшықтардың нормаланатын микробиологиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес келеді.

112. Балшықтарда коккты микрофлораның (стафилококктар, стпертококктар, диплококктар), сіреспе және көк іріңді таяқшалардың және перфрингенс бациллалары вирулентті түрлерінің болуына жол берілмейді.

Пайдаланылған емдік балшық көп жылдық ұзақ қалпына келуі үшін табиғи ортаға тасталады.

113. Физиотерапия кабинеттерін орналастыру, жабдықтау, күтіп-ұстау және пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар саласындағы санитариялық қағидаларға сәйкес болуы тиіс.

114. Сумен, балшықпен емдеуге арналған емдеу корпустарының ғимараттары жеке тұрған ғимаратта орналастырылады. Жобалық оқшаулаған кезде жапсарлас ғимаратта орналастыруға болады. Үй-жайлар киім ауыстыратын орын, санитариялық торап және себезгі бөлмесі арқылы жеке кіретін есіктері бар жеке блоктарға топтастырылады.

Балшықтарды сақтау үшін тек таза балшықты пайдалануға есептелген бірнеше бассейндерді көздеу керек.

115. Табиғи көздердің (минералды балшықтар, саз) балшығымен емдеуге арналған құралдар бір рет қолданылады. Олардың негізінде заттар (балшық маскалары және басқалары) дайындаушының қаптамасында сақталуы және заттаңбасындағы, қаптамасындағы деректерге сәйкес пайдаланылуы тиіс.

116. Фито-барлар өнімді сақтауға, ыдысты жууға, өңдеуге және сақтауға арналған тиісті жағдайлар, сапасы мен қауіпсіздігі туралы құжаттар бар болғанда ұйымдастырылады. Ыдысты жуу және өңдеу ыстық және суық су жүргізілген 2 секциялық жуатын орында жүргізіледі.

117. Бальнеологиялық емшараларды жүргізу үшін бөлек бальнеологиялық құрылғысы бар жеке үй-жайлар жабдықталуы тиіс. Асқазанды жуу емшараларын қызыл иекті шаюмен, ішек себезгісін ішекке минералды су мен емдік балшықтың қоспасын енгізе отырып, ішекті сифонмен жуумен біріктіруге жол берілмейді. Емшара кабинеттерінде әр кушетка (кресло) жеке кабиналарда орнатылады. Кабиналардың қабырғалары қалың мөлдір емес шыныдан немесе белгіленген тәртіппен келісілген синтетикалық материалдардан жасалады.

118. Алмалы-салмалы және адаммен жанасатын құралдарды (резеңке түтікшелер, ұштықтар, үштіктер және басқалар) жуу, қайнату, дезинфекциялау қоса берілетін нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады және жеке үй-жайларда жүргізіледі.

Әрбір дәретхана бөлмесінде жуатын раковина, электрлі сүлгі немесе бір рет қолданылатын сүлгі, сабын көзделеді.

119. Медициналық жабдықтың оларды қолдану саласын және белгіленген тәртіппен тағайындалуын растайтын техникалық паспорты болуы тиіс.

120. Емдік массажды жүргізуге арналған үй-жайлар: массажға және себезгіге арналған кабинеттерді қамтиды. Массажға арналған кабинеттің ең аз ауданы бір кушеткаға кемінде 6 м2 болуы тиіс. Кабинет қол жууға арналған раковинамен, қол жууға арналған құралдармен және жеке пайдаланылатын сүлгімен жабдықталады.

121. Емдік балшықты, суды пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға арналған бактардың, сыйымдылықтардың, құбырлардың конструкциясы көрсеткіштердің қауіпсіздігін және тазалау, жуу және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

10. Туберкулезге қарсы санаторийлерді күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

122. Туберкулезге қарсы санаторий құрылысына арналған жер учаскесі елді мекеннің табиғи аймағында, орман алқаптары мен су қоймаларына жақын тұрғын үй құрылысына дейін кемінде 1000 м, автомобиль жолдарына дейін 500 м және бау-бақша учаскелеріне дейін 300 м қашықтықта таңдап алынады.

123. Жатын бөлмелер мен оқу корпустары және тұру аймағы учаскесінің шекарасы арасындағы санитариялық ажыраулар кемінде 50 м, санаторийдің негізгі ғимараттарынан шаруашылық аймағына дейін кемінде 100 м құрайды.

124. Санаторий саябағының аймағында балалар үшін мектепке дейінгі жастағы барлық балалар және мектеп жасындағы балалардың 40-50%-ы бір уақытта болғанда бір балаға ауданы 7,5 м2 есебімен ойын алаңдары орналастырылады. Алаңдар құм салғышпен, әткеншектермен, төбелермен, басқыштармен және басқа да ойын түрлерімен, күркелермен, отырғыштармен, үстел ойындарымен және оқуға арналған үстелдермен жабдықталады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары үй-жайдан шығатын жерге тікелей жақын орналастырылады.

125. Туберкулезге қарсы санаторийдің құрылымында клиникалық-диагностикалық және бактериологиялық зертханалар және мынадай: рентгенологиялық, функционалдық диагностика, физиотерапиялық, массаж, емдік дене шынықтыру, стоматологиялық, фитотерапия кабинеттері көзделеді.

126. Туберкулезге қарсы санаторийде балалар үшін оқу үй-жайлары мен емдік дене шынықтыру сабақтарына арналған спорт залдары көзделеді.

127. Жатын үй-жайлар әрқайсысы сыйымдылығы 30 төсектен аспайтын оқшауланған палаталы секциялардан тұрады. Бір қабатта екі секциядан артық орналастырылмайды. Әр секцияның құрамында ауданы кемінде 15 м2 ойын алаңы; бір орынға 0,6 м2 есебімен кептіру шкафтары бар киім ілетін орын жобаланады. Екі секцияға бір орынға кемінде 0,1 м2 есебімен киім үтіктеуге және тазалауға арналған бөлме; 1 орынға 0,2 м2 есебімен балалардың заттарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді. Жатын үй-жайлар мен изолятор қатты төсегі бар кереуетпен жабдықталуы тиіс.

128. Мектепке дейінгі балалар үшін палаталы секциялардың құрамына мыналар кіреді: бір балаға ауданы 4,0 м2 жатын бөлме, асхана-ойын бөлмесі, дәретхана, киім ауыстыратын орын және буфет. Киім ауыстыратын орындарда киім мен аяқ киімге арналған кептіру шкафтары көзделеді. Мектеп оқушылары палаталарының ауданы 1 орынға 6 м2 есебімен және сыйымдылығы 5 орыннан артық емес болып қабылданады. Әр секцияда 3 орыннан 2-3 палата көзделеді.

129. Мектепке дейінгі балаларға арналған бөлімшелерде санитариялық тораптар әр секция үшін жеке орнатылады. Санитариялық тораптар: ваннамен, себезгімен, екі қолжуғышпен және аяқ жууға арналған екі жуғышпен, унитаздармен, тостағандарға арналған жуғыштармен және сөре-стеллаждармен, сүлгілер мен жуынатын құралдарды сақтауға арналған ашық шкафтармен жабдықталады. 5 жастан үлкен балалар үшін ұл балалар мен қыз балаларға арналған үшін бөлек дәретханалар көзделеді.

130. Мектеп оқушыларына арналған санитариялық тораптар бір секцияға жабдықталады және ол мыналарды қамтиды: 5 адамға 1 қолжуғыш есебімен қолжуғыштар, 15 адамға аяқ жууға арналған 2 жуғыш, 15 адамға арналған 2 унитазы бар дәретхана, 15 ұл балаға 1 унитаз және 1 писсуар; 15 адамға 1 себезгі есебімен себезгі кабиналары; иілгіш шлангісі бар табандықпен, 15 қыз балаға 2 раковина есебімен қолжуғышпен жабдықталған қыздардың гигиенасы кабиналары.

131. Әр палаталы секцияда шлюзде қолжуғышы бар, персоналға арналған санитариялық торап және ауданы кемінде 6 м2 санитариялық бөлме көзделеді. Санитариялық бөлме құйылыс тесігі мен қолжуғышпен, жататын балалар бар санаторийде дәрет ыдысын өңдеуге арналған қондырғы жабдықталады.

132. Бактериологиялық зертхананы, зиянды заттарды бөлуге байланысты емшараларды өткізуге арналған үй-жайларды бір корпуста жатын үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.

133. Барлық үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және апта сайын күрделі жинау кейіннен жатын бөлмелердегі ауаны ультракүлгін шамдармен сәулелендіру арқылы жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

Дезинфекциялау құралдары балалардың қолы жетпейтін жерде күңгірт ыдыста сақталады.

Жылына бір рет төсек жабдығын камералық зарарсыздандыру жүргізіледі.

134. Жаңадан сатып алынған ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.

Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын жұмыс күнінің соңында 2% сабынды-содалы ерітіндіні пайдалана отырып жуады, ағып тұрған судың астында шаяды және кептіреді. Қуыршақтың киімдерін ластануына байланысты жуады және үтіктейді. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс пен щетка таңбаланады.

Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан 25 см қашықтықта бактерицидті сәулелендіргіштермен 30 минут бойы дезинфекциялайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 730; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.