Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Форфейтинг 1 страница




Х 100

мұндағы:

І — сыйаңы мөлшері;

Р — қарыз қалдығы;

п — сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;

I — несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйаңыны есептеу фор­муласы мынадай:

мұндағы:

і ~ сыйақы мөлшерлемесі;

Р ~ несиенің бастапқы сомасы;

I — несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;

п — аймен берілген несиенің ұзақтығы.

Егер де несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен несиелер шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен несиелік қарызға сыйақыны есептеу мынадай формулаға байланысты жүргізіледі:

мұндағы:

Ig — мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы со­масы;

G — мерзімі өткен қарыз сомасы;

ig — мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл);

tl — несие бергеннен бастап мерзімі еткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі

t2 — несие бергеннен бастап мерзімі еткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.

Несиелеудің келесі бір принцип — берілетін несиелердің материалдык, жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.

80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине сол кезден экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге керінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді. Ал бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік саясат дегеніміз не?

2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?

3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?

4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

 

15-тақырып. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың формасы. Кепіл болушылық кепілдік.

1. Дәрісті ұсыну.

2.Несие қайтымдығын қамтамасыз етудің тусінігі және формалары,кепіл турлері,кепелдеме және кепілгерлік мен танысу.

Кепілге берілетін несие — бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса ал-ғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақта-рын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.

Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынадай сипатта болуын білу шарт:

Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.

Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.

Үшіншіден, кепілдің етімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсаң, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.

Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.

Кепілхат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.

Кепілхат — күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:

Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе к,амтамасыз етілмеген болып келеді.

Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме — бұл нақты бір қарыз алушының несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жөн.

Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір қорпорациялардың алған несиелерін қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.

Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы — несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиені қамтамасыз ету формалары?

2. Кепіл дегеніміз не?

3.Цессия дегеніміз не?

4.Кепілхатты қалай түсінесіндер?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

 

16-тақырып. Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері

1. Дәрісті ұсыну.

2. Нарықты экономика жағдайында банк тарапынан шаруашылық субъектілердің өндірістік бизнесті несиелеу әдісінің және тәртібінің несиелік операциялардың контрагентерінің өз ара келісімі бойынша қалыптасуы.

Нарықты экономика жағдайында банк тарапынан шаруашылық субъектілердің өндірістік бизнесті несиелеу әдісінің және тәртібінің несиелік операциялардың контрагентерінің өз ара келісімі бойынша қалыптасуы. Коммерциялық банктер үшін қарыз алушы клиенттердің өндірістік және сауда-саттық қызметтерінің ерекшеліктерін, экономиканың қай саласына жататынын, шығаратын өнімдерінің еңбек және материалдық сыйымдылығын, оларға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын және өндірістік процесстің сипатын (маусымды немесе маусымды емес) үнемі талдап, зерттеп отырудың маңыздылығы. Коммерциялық банктер мен клиенттердің арасында қалыптасатын несиелік қатынастардың және оларды құқықтық реттеу нормаларының жоғарыда көрсетілген факторлармен тығыз байланыстылығы. Коммерциялық банктердің әр түрлі несиелеу әдістерінің тәжірибеде орын алуы. Орта және шағын кәсіпкерлерді несиелеуді объектілері мен субъектілері, несие беруді өтіну арызы және несиелік шарттың мазмұны. Кәсіпкердің бизнесжоспары сауда-саттық кәсіпорындарын несиелеудің ерекшеліктерін, несиелеу объектілері, несие мөлшерін есептеу тәртібі. Несиелік жобаларға талдау. Шаруа қожалықтарын несиелеу тәртібі және несиелеу объектілері: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы шығындарын несиелеу, яғни жем-шөп дайындау, тыңайтқыштар сатып алу, жанар-жағар майлар сатып алу, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер сатып алу, негізгі табынды жасақтауға жұмсалынатын шығындарды несиелеу. Несиелік бюро және оның Қазақстанда құрылып қызмет етуі. Ауыл шаруашылық фермелерін несиелеудің шет елдік тәжірибелері және несиені қамтамасыз ету формалары, тікелей және жанама несиелеу, вексельдерді есептеу.

 

Заңды тұлғаларға

Несиелендіру. «Халық Банкі» АҚ рынокта ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес уәкілдерін несиелендіру бойынша өз қызметін ұсынады. Айналым капиталын толықтыру мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша бір қатар несиелендіру бағдарламалары бар.

Банк экономиканың нақтылы секторларының салаларын (сауда, өндіріс,

ауыл шаруашылығы, т.б.) несиелендіреді; инвестиялық жобаны қаржылан-дырады, сауда қаржыландыру және экспортты-импортты шарттарды қаржылан-дыруды ұсынады, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін мол таңдаудағы бағдарлама және өнімдерді ұсынады.

Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Жаңа бағдарлама шеңберінде несиелер беріледі:

-Негізгі қаражаттарды сатып алуға

-Айналым қаражатын толықтыруға

-Тұрғын үйдің құрылысына/жөндеуге

-Жылжымайтын мүлік сатып алуға

-Өткен инвестицияны қайта қаржыландыруға

-Несие қарызын қайта қаржыландыруға

-Тұтынушылық мақсатқа

Несие валютасы: теңге, АҚШ доллары, евро

Сыйақы мөлшерлемесі: пайыздық мөлшерлеменің икемді түрі

Қамтамасыз ету: Жылжымайтын мүлік, Автокөлік, Депозит, ТМҚ үшінші тұлғаның кепілдігі және кепілге алуы

Несиелер тек қана қолданыстағы бизнесі бар кәсіпкерлерге ғана беріл-мейді, сонымен қатар өз бизнесін ЖК/ЖШС ретінде және жеке тұлға да ретінде ресімдеу мүмкіндіктерімен ұйымдастырушыларға да ұсынылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламасы шеңберінде несиелендіру ұсынылады:

Несие валютасы: Теңге

Несие сомасы – 140 000 000 теңге

Қаржыландыру мерзімі: 7 жылға дейін

Несиелендірудің мерзімі – 60 айға дейін

30% мөлшерінде кепілдікте қолма–қол ақша болған жағдайда 84 айға дейін

Жеке тұлғаға несие беруді ресімдеу және басқа банктердегі қарызды қайта қаржыландыру, сондай–ақ 3–ші тұлғаға несие беруді ресімдеу мүмкіндігі.

Несие берудің мерзімі – 60 айға дейін

Несие желісін мерзімі 180 айға ресімдеу мүмкіндігі

Нақты табысын анықтамай–ақ қарызды ресімдеу мүмкіндігі.

Несие бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесі туралы толық мәлімет алу үшін дербес қызмет көрсету орталығына және «Халық Банкі» АҚ филиалдарының ШОБ бөлімдеріне хабарласуларыңызға болады.

«Халық Банкі» АҚ корпоративтік клиенттерді несиелендірудің тиімді қызметін ұсынады:

• Несие өтінімдерін жедел қарастыру;

• Әр клиентке жеке көзқарас;

• Несиелендіру жаңғыртылмалы несие желісі негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Несие берудің мақсаты - негізгі қаражатты, инвестицияны сатып алу, айналым-дағы капиталды толықтыру, экспорт–импорт операцияларын қаржыландыру және т.б.

Несие валютасы - Теңге, АҚШ доллары, евро

Сыйақы мөлшерлемесі - Пайыздық мөлшерлеменің икемді жүйесі

Несиелеудің мерзімі - Айналымдағы қаражатты толықтыру – 36 айға дейін

Негізгі қаражатты сатып алуға – 120 айға дейін.

 

Банктің проблемалы несиелеімен жұмысы

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекелқарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

несиелік қызметті ұйымдастыру;

лимиттер белгілеу;

несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рей­тинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті бе­лунесиелерді авторизациялау;

несиелік мониторинг;

несиелік портфельді басқару;

проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (ли­мит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне бай­ланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

• қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

• несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;

• маржа деңгейіне;

• несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

• банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялаунесиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жэне тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторингнесие бойынша мәселе туындай к,алған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадагалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқарубұл банк к,абылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айк,ындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып та­былады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар;

• нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

• несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

• әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

• төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды аныктау;

• жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

• несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу — несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалқ, несиелерге:

• несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

• сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен каздуамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

• несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несие­лер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

қарыз алушының қызметін қайта құру;

несиені қайтару кестесін өзгерту;

—- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйаңы (мүдделендіру) мелшерлемесі — несиенің багасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосын-дысынан құралады.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиелік саясат дегеніміз не?

2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?

3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?

4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?

5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.30.03.1995.

2. «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 30.03.1995.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-

Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

 

17-тақырып. Тұтыну несиесі және ипотекалық несие

1. Дәрісті ұсыну.

2.Тутынушылық несие түрлері және оларды беру ерекшеліктері,тутынушылық несие және оның экономикасындағы мәні мен танысу.

3.Ипотеканың маңызы, турлері, шетелдегі ипотекалық несие,ипотеканың несиелендіру принциптері мен танысу.

Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендірудің даму мүмкіндіктерін қарастыратын болсақ, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы үшін ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру тұрғындар саясатына тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Ол нарықта өзінің тиімді пәтері үшін шартты туғызады және тұрғындардың неғұрлым экономикалық активті бөлігіне бағытталады. Мұнда ипотекалық несиелендіру тұрғын үй проблемаларын шешудің басқа да құрылымдарымен тұрғындардың табыс есебімен де дамуы қажет.

Ипотекалық несиелеу жүйесі өзімен бірге ипотекалық несие институтының өзіндік құнының және ифрақұрылым элементтерін көрсетеді. Ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесінің мәнінде тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысын дамыту негізінде 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қол жетімді тұрғын үй алуға арнай ереже дайындап үкіметтің қарауына жібереді.Соңғы жылдары республикада өнеркәсіп миграциясының өзгеруі мен халықтың еңбекке жарамды топтарының көшіп-қонуы тұрғын үйге несие алу қажеттілігін тудыруда.

Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін Қазақстанда да ипотеканың негіздері қаланып, біздің елімізге қолайлы деген малайзиялық модель қалыптаса бастады. Қазақстанда ипотеканың дамуы Республика Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заң күші бар Жарлығынан бастау алады. Үкіметтің осы бағыттағы жұмысының бірінші кезеңі 2000 жылғы 21 тамызындағы қаулысымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй қаулысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту тұжырымдамасын бекіту болды. Ұсынылған тұжырымдаманың негізгі жаңадан салынған тұрғын үйді, сондай – ақ қайталама нарықтағы тұрғын үйді қоса алғанда еркін нарықта дайын тұрған үй сатып алу үшін азаматтарға ұзақ мерзімді ипотекалық несие берудің нарықтық жүйесін құруға келіп саяды.

Қазіргі уақытта бірқатар Қазақстандық банктер жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық несиелер беруде. Бірақ солардың қызметінде жұртты қаймықтыратын бір нәрсе несие мерзімінің қалағандай ұзақ болдыру және жоғары пайыздық ставкаға байланысты болып отыр. Мұның себебі түсінікті де: халық әзірге ақшасын қысқа мерзімді депозитке салады, соған сәйкес банктер де несиені ұзақ мерзімге бере алмайды. Қаржыгерлер тілімен айтқанда, елімізді «ұзын ақша» жетіспейді. Мұндай қиындықтан шығудың бір амалы жоғарыда аталған Үкімет тұжырымдамасында қарастырылған болатын. Онда халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық несие беретін кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын ипотекалық несиелердің қайталама нарығының операторы пайда болуы көзделген еді. Осындай алға қойылған міндетті іске асыру үшін Ұлттық банктің шешімімен 2000 жылғы 20 желтоқсанда ЖАҚ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» құрылды. Бүгінгі таңда оның бірден бір акционері Ұлттық банктің өзі болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының негізгі мақсаты ұзақ мерзімді тұрғын үй ипотекалық несиелерін халыққа көптеп ұсынумен қатар, қаржы айналымын жеделдетуді де мақсат етеді.

Қазіргі жағдайда ипотекалық несие алуға қалың жұртшылықтың қол жеткізуі мемлекеттің қолдауынсыз қиын. Бұл алдымен азаматтардың орташа табысының жоғары еместігіне байланысты. Мемлекеттің қолдауы әртүрлі ыңғайда болуы мүмкін.Тұрғын үйді қаржыландыру процесінің ең маңызды қатысушыларының бірі мемлекет болып табылады.

Ипотекалық несиелеу – жылжымалы мүлікті залогқа беру арқылы сатып алушыға ұзақ мерзімге несие беретін банктік қызмет.

Ипотекалық несиені беру техникасы мен жағдайлары көптеген факторларға байланысты, бірақ басымырақ келетін фактор несиелеу объектісі – жылжымайтын мүлік түрі болып келеді.

Ипотекалық несиелеу түсінігі үш жағдайдан тұрады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 935; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.099 сек.