Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Макроэкономика нені зерттейді?




A) жекелеген фирмаларды

B) дүниежүзілік экономиканы

C) мемлекет деңгейіндегі экономиканы

D) аралық жүйе экономикасын

E) әскери экономиканы

22. Кедейлік деңгейі қалай анықталады?

A) ең төменгі жалақы негізінде

B) ең төменгі зейнетақы негізінде

C) өмір сүру минимумы негізінде

D) төменгі жалақы негізінде

E) рыноктағы ең төменгі баға негізінде

23. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктері:

A) экономикалық құрылымның шикізаттық бағыты

B) қолөнерлік өндірістің кеңінен таралуы

C) жоғары технологиялық өндірістің болуы

D) еркін экономикалық аймақтардың құрылуы

E) сыртқы саудағы мемлекеттік монополия

24. Мемлекеттік қарыздың түрлері:

A) Ішкі, аралық мемлекеттік қарыз

B) Жалпы, сыртқы мемлекеттік қарыз

C) Сыртқы, ішкі мемлекеттік қарыз

D) Айқын, жасырын мемлекеттік қарыз

Е) Жанама, негізгі мемлекеттік қарыз

25. Халықаралық қатынастардың негізгі элементтеріне жатпайды:

A) Халықаралық сауда

B) Халықаралық еңбек бөлінісі

C) Халықаралық миграция

D) Капиталдың халықаралық рыногы

E) Мемлекеттің ішкі саясаты

26. Бағадан басқа сұраныстың өзгеруіне әсер етуші факторлар:

A) Тұтынушылардың талғамы және ақшалай табыстары

B) Рыноктағы тауарлардың саны

C) Сатушылардың тәжірибесіне талдау

D) жәрмеңке ұйымдастыру

E) технологиялық өзгеріс

27. Ұсыныс дегеніміз не:

A) Тұтынушылардың талғамын зерттеу арқылы сату

B) Рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны

C) тұтынушылардың жалпы сұранысын көтеретін ұғым

D) өнімдер сапасының өзгеруіне байланысты туындайтын жағдай

E) өндірушінің өндіріп, өнімдерін бөлуі

28. Таза бәсекенің кем дегенде бір шарты орындалмаған жағдайдағы бәсеке:

A) монополия

B) жетілмеген бәсеке

C) жетілген бәсеке

D) монопсония

E) Еркін бәсеке

29. Бәсеке түрлері:

A) жекелеген, жетілген, жалпы;

B) мемлекеттік, аймақтық бәсеке;

C) сала ішіндегі, салааралық, бағалық, бағалық емес

D) кәсіпорын аралық, кәсіпорын ішілік, бағалық;

E) тұтынушылар арасындағы бәсеке

30. Монополия дегеніміз:

A) рынокта екі фирманың үстемдігі;

B) рынокта бір фирманың үстемдік етуі;

C) рынокта бірнеше фирмалардың болуы;

D) мемлекеттік фирмалар;

E) жеке фирмалар.

31. Консалтингтік компания:

A) маманданған компаниялардың өндірушілерге, сатушыларға, сатып алушыларға сараптамалық, техникалық және экономикалық қызметте кеңес беруші фирма

B) фирманың мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен оның есеп шотына ревизия жасайтын ұйымдық кеңес

C) шаруашылық тәуелсіз фирмалардың уақытша ұйымы

D) несие беретін кәсіпорын

E) пайда табу мақсатында құрылған кәсіпорын

32. Келісімді жалақы байланысты:

A) дайындалған өнімнің өтімділігіне

B) мерзімге байланысты

C) жұмыс күнінің ұзақтығына

D) дайындалған өнім санына

E) жұмысшының мамандығына

33. Ұдайы өндірістің интенсивті түрінің сипаты:

A) жұмыс орнын көбейту арқылы даму

B) күрделі қаржыны көбейту және кәсіпорындар салу

C) техникалық прогресс негізінде еңбек өнімділігін арттыру

D) егіс алқаптарын көбейту

E) өндіріс көлемін ұлғайту

34. Төмендегі жағдайлардың қайсысын макроэкономика қарастырады:

A) Тұтынушы іс-қимылын;

B) Елдің сыртқы экономикалық қатынасын;

C) инфляция мен жұмысбастылықтың жалпы дәрежесін;

D) жеке тауарларға баға белгілеу;

E) кәсіпорынның экономикалық пайдасын.

35. ЖҰӨ дефляторы есептеледі:

A) нақты ЖҰӨ-нің номиналды ЖҰӨ-ге қатынасы ретінде

B) номиналды ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы

C) нақты ЖІӨ-нің номиналды ЖІӨ-ге қатынасы

D) номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы

E) ЖІӨ-ге байланыссыз

36. ЖҰӨӨ қай бағада есептеледі:

A) әлемдік бағада

B) экспорттық бағада

C) базалық бағада

D) рыноктық бағада

E) тепе-тең бағада

37. Жұмыссыздықтың формалары:

A) циклдік, құрылымдық

B) ашық, жабық

C) тұрақты, табиғи, циклдік, құрылымдық,

D) маусымдық, фрикциондық

E) циклдік, құрылымдық, маусымдық, фрикциондық

38. Жұмысбастылық дегеніміз.

A) барлық адамның жұмыспен қамтылуы

B) еңбекке жарамды адамдардың жұмыспен қамтылуы

C) жұмыссыздарды жұмысқа ішінара орналастыру

D) еңбекке қабілеттіліктің артуы

E) мерзімдік жұмысқа тарту

39. Фрикциондық жұмыссыздық бұл:

A) жыл мезгіліне байланысты жұмыссыздықтың болуы

B) жұмыс күшінің обьективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық

C) дағдарыс фазасында көрінетін жұмыссыздық

D) жұмыс орны құрылымына сәйкес емес жұмыссыздық

E) жұмыс күшінің обьективті қозғалысымен байланыссыз жұмыссыздық

40. Несиенің басты факторы болып не табылады:

A) қоғамның игіліктер

B) пайда нормасы

C) пайыз нормасы

D) капиталдың артықшылығы

E) ақшаның ұсынысы

41. ҚР-дағы өтпелі кезең экономикасын қалай сипаттаймыз?

A) социализмнен капитализмге өту

B) феодалдық-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға өту

C) жоспарлы-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға өту

D) жеке меншікке негізделген шаруашылық жүйесіне өту

E) меншік формаларының көбеюі

42. Мемлекеттік қарыздың түрлері:

А) Ішкі, аралық мемлекеттік қарыз

В) Жалпы, сыртқы мемлекеттік қарыз

С) Сыртқы, ішкі мемлекеттік қарыз

Д) Айқын, жасырын мемлекеттік қарыз

E) Жанама, негізгі мемлекеттік қарыз

43. Жалған капитал бұл:

A) бағалы қағаздар

B) жұмысшы күші

C) өндіріс құрал-жабдықтары

D) валюталар

Е) металдар

44. Ақша реформасын өткізгенде мемлекет қандай басты мақсатты көздейді

A) Ақша бірлігінің сатып алу қабілетін арттыру

B) Халықтың әл - ауқатын арттыру

C) Айналыс сферасындағы ақша санын азайту

D) Ақшаны шығаруда мемлекет шығындарын азайту

E) қаржы саласындағы бәсекені арттыру

45. Егер елде жеке табыс салығы өссе, онда:

A) жиынтық ұсыныста, жиынтық сұраныс та өседі

B) жиынтық ұсыныс кемиді, ал жиынтық сұраныс өзгермейді;

C) жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс кемиді;

D) жиынтық сұраныс кемиді, ал жиынтық ұсыныс өзгермейді.

E) Тек жиынтық сұраныс кемиді

46. Әлеуметтік қорғау жүйесі:

A) шаруашылықтың өндірістік тәртібін қадағалау

B) кәсіпкерлер табысын реттеу

C) бәсекеге жол ашу

D) халықтың өмір сүру деңгейін көтеру

E) баға, сұраныс. ұсынысты реттеу

47. Трансұлттық корпорациялар дегеніміз:

А) кәсіпкерлікпен айналысатын ұлттық компаниялар

В) бір ғана ел территориясында қызмет ететін корпорациялар

С) Бірнеше елде кәсіпкерлік қызмет атқаратын корпорациялар

Д) ірі кәсіпорынның сауда белгісін пайдаланушы фирма

Е) тек қызмет көрсетумен айналысушы кәсіпорындар

48. Протекционизм:

A) ашық экономика саясаты

B) демпингтік шаралар

C) артықшылықты шектеу шаралары

D) бәсекеден шетел тауарларын қорғау шаралары

E) шетелдік тауарлардың артуынан отандық кәсіпкерлерді қорғау саясаты

49. ҚР –да ақша айналымын реттейтін институттар:

A) рынок құрылымы

B) экономика министрлігі

C) Ұлттық банк

D) Дүниежүзілік банк

E) екінші дәрежелік банктер

50. Ұзақ мерзімді кезеңде:

A) барлық шығындар айнымалы болады;

B) барлық шығындар тұрақты болады;

C) айнымалы шығындар тұрақтыға қарағанда тез өседі;

D) тұрақты шығындар айнымалыға қарағанда тез өседі;

E) барлық шығындар айқын емес болып табылады.

51. Рыноктың негізгі элементтері:

A) сұраныс, ұсыныс, тиімді технология

B) баға, рынок инфрақұрылымы

C) бәсеке, өндірістік бағдарлама

D) сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке

E) сауда түрлері, сұраныс

52. Рынок дегеніміз:

A) жеке тауарлар және қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларды бірге кездестіретін механизм;

B) бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушыларды кездестіретін орын;

C) өнімді өткізуге байланысты өндірушілерге жағдай жасайтын орын;

D) Ұсыныс пен сұраныс әсерін байланысты баға құру механизмі;

E) Сатушылар мен сатып алушылар кездесетін мекеме;

53. Ұсыныс заңы нені білдіреді:

A) Ұсыныс пен сұраныс көлемінің төмендеуін

B) Ұсыныстың бағаға байланысты тұрақтылығын

C) баға мен ұсынылатын өнім саны арасындағы тура байланыс

D) Баға мен сұраныс көлемі арасындағы тура байланыс

E) Баға мен ұсыныс арасындағы кері байланыс

54. Ұсыныс қисығының өзгеруін тудырмайтын фактор:

A) Технологияның өзгерісі және күтудің өзгеруі

B) Ресурстық бағалардың өзгеруі

C) Салықтар мен дотациялардың өзгерісі

D) Жеткізушілердің санының өзгерісі

Е) айналыстағы ақша саны

55. Жетілмеген бәсеке дегеніміз:

A) рынокта бірнеше сатушылар мен бірнеше сатып алушылардың болуы;

B) рынокта бір-біріне тәуелсіз, тең мүмкіндікте болатын бәсеке түрі;

C) фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болатын бәсеке түрі;

D) барлық фирмалардың бағаға әсері бірдей.

E) жетілген бәсеке шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын рынокты айтамыз;

56. Олигополия - рыноктық құрылым, мұнда:

A) әр түрлі тауар өндіретін өзара бәсекелес көптеген фирмаларда болады

B) біртектес тауар өндіретін өзара бәсекелес көптеген фирмалар бар

C) өзара бәсекелес саны аз ірі фирмалар

D) бір ғана ірі фирма әрекет етеді

E) мың фирма болады

57. Аудиторлық компаниялар:

A) тауарларды тасымалдау қызметін атқарушы компания

B) фирманың қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді сараптама жүргізуші компания

C) аудитор мамандарды қайта даярлаушы ұйым

D) басқаруға кеңес беруде ревизияны іске асыратын компания

E) кәсіпорындардың қаржысын басқару қызметін көрсетуші өзарасенімді компания

58. Менеджменттің негізгі қызметтеріне кірмейді:

Жоспарлау

Ұйымдастыру

Мотивация

Бақылау

Бөлу

59. Рыноктық экономикада жалақының жоғарғы деңгейі қайсы факторға тәуелді:

A) заңды түрде бекітілген жалақының ең төмен деңгейіне;

B) үкімет бағдарламасына;

C) жоғарғы деңгейдегі еңбек өнімділігіне;

D) кәсіпорын басшыларының әлеуметтік жауапкершілігіне

E) ақшаның құндылығына

60. Капиталдық ресурстар факторынан алынатын табыс:

пайыз

рента

жалақы

пайда

премия

61. Ұдайы өндірістің экстенсивті түрі қалай сипатталады:

A) өндіріс пен өнімді жақсарту арқылы даму

B) кәсіпорынның ескі ғимаратын реконструкциялау

C) қосымша еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарын қатыстыру

D) жұмысшылардың саны мен біліктілігін көтеру

E) еңбек өнімділігін арттыру

62. Индустриалды дәуірден кейін экономиканың қай саласы басым болды?

A) көлік

B) қызмет көрсету

C) өнеркәсіп

D) ауыл шаруашылығы

E) сауда шаруашылығы

63. ЖҰӨ қандай әдіспен есептеледі:

A) Ағымдық тұтыну бойынша

B) Шығыс, табыс бойынша

C) Жинақтау көзі бойынша

D) Пайыздық ставка бойынша

E) Тек шығыс бойынша

64. Ұлттық есептеу жүйесі қандай қызмет атқарады:

A) экономикалық саясат үшін негіз ретінде қызмет етеді

B) Бағдарлама жасауға, экономикалық болжам жасау үшін пайдаланылады

C) теория мен практиканың байланысы үшін қызмет етеді, жобалауға пайдланады

D) экономикалық саясат және теория мен практиканың байланысы үшін қызмет етеді

E) экономикалық саясат үшін негіз ретінде қызмет етеді, экономикалық болжам, жоспар жасау үшін пайдаланылады

65. Жұмыссыздықтың себептері (Дж.Кейнс бойынша):

A) сұраныстың аздығы

B) жоғары деңгейдегі жалақы

C) еңбек пен капитал арасындағы қайшылық

D) еңбек рыногының икемсіздігі

E) жұмыспен қамтудың төмен дәрежесі

66. А.Оукен заңы қайсы байланысты көрсетеді?

A) жұмыссыздықтың нақты және табиғи деңгейлері арасындағы;

B) ЖІӨ-нің нақты және потенциалды көлемдері арасындағы;

C) инфляция және жұмыссыздық деңгейі арасындағы;

D) жұмыссыздың табиғи деңгейі және ЖІӨ нақты көлемі арасындағы;

E) конъюктуралы жұмыссыздық деңгейі және нақты ЖІӨ-нің іс-жүзіндегі көлемінің оның потенциалды мәнінен пайыздық ауытқуы;

67. Филипс қисығы нені білдіреді:

A) процент ставкасы мен баға арасындағы байланысты

B) табыс пен шығыс арасындағы тура байланысты

C) инфляция мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы кері байланысты

D) Салықтар мен елдегі процент ставкасы арасындағы кері байланысты

E) Баға мен өндіріс көлемі арасындағы байланысты

68. Өнеркәсіп циклының толық мәнін фазалардың келесідей бөлінуі айқындайды:

A) Экспансия, тығырық

B) Рецессия, және өрлеу

C) Дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу

D) Шыңына жету, жандану, төмендеу шегіне жету

E) Тауар шығаруды ұлғайту

69. Қаржы механизмінің негізгі элементтеріне жатпайды:

A) қаржылы-бюджеттік жоспарлау, жобалау

B) қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу, пайдалану

C) қаржы ресурстарын жедел басқару

D) қаржылық өрлеуге қол жеткізу

E) Өндіріске және халықтың өмір сүру дәрежесіне салықтың, бюджеттің, қаржының әсерін талдау

70. Бюджеттік жүйе қалай қалыптасады:

A) белгілі бір мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, басқа ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде

B) инвестиция көздерін қалыптастыру негізінде

C) халықтың өмір сүру дәрежесіне салықтың әсерін талдау арқылы

D) Өндіріске мемлекетік бюджет ресурстарын бөлу негізінде

E) салықтың, бюджеттің, қаржының әсерін талдау

71. Мемлекеттік қарыз:

A) импорттың экспорттан артуы

B) бюджет профицитінен туындайды

C) ірі өнеркәсіп шығындары тудырады

D) бюджет дефицитінен туындайды

E) соғыс шығындарының өсуі

72. Мемлекеттік қарыздың себептеріне жатпайды:

A) Өндірістің құлдырауы

B) шекті шығындардың өсуі

C) әскери-өнеркәсіптік шығындардың өсуі

D) қамтамасыз етілмеген ақша эмиссиясы

E) жеке тұлғалар шығынының өсуі

73. Бюджет профициті:

A) Ақша массасының қадағалаусыздығы орын алатын фискалды құбылыс

B) мемлекеттің салықтан түсетін кірістерінің шығыстардан аз болуы

C) бюджетке түсетін табыстың мемлекеттік шығыстардан артуы

D) мемлекеттің салықтан түсетін табыстан көп шығыс жасауы

E) мемлекетттің салықтан түсетін кірістерінің қадағалаусыз сипатта болуы

74. Банктің активті операциялары:

A) заемды қаржыландыру

B) банк алдындағы қаржылық міндеттемелер

C) несие беру

D) құнды қағаздар шығару

E) салық төлемдері

75. Төмендегілердің қайсысы салық салу қағидасына қайшы:

A) көп балалы отбасына көмектесу үшін

B) жағдайы төмен адамдарға көмектесу үшін

C) денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін

D) өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін қаржыландыру үшін

E) кәсіпкерлікті несиелеу үшін

76. Рыноктың оң жақтары:

A) бәсекенің, меншік институттарының, кәсіпкерліктің болуы;

B) эгоистік көзқарас;

C) банкрот институтының болуы.

D) экологиялық, әлеуметтік мәселелерді қарастырмауы;

Е) қоғамдық мүдде ескерілмейді;

77. Рыноктық теория (А.Смит бойынша):

A) рыноктық механизм тиімсіз;

B) рынокқа мемлекет араласуының қажеті жоқ;

C) рынокқа мемлекеттің араласуының қажеті бар;

D) рынок механизмі мемлекет үшін өте тиімді;

E) рынок элементтері арқылы өзін-өзі реттей алмайды.

78. Аталғандардың қайсысы рыноктың экономикаға тән емес:

A) сұраныс, ұсыныс, бәсеке;

B) жеке меншік;

C) еркін баға;

D) кәсіпкерліктің дамуы;

E) орталықтан жоспарлау.

79. Ұсыныс пен сұраныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға:

A) Рыноктық билік немесе теңсіздік бағасы

B) Рыноктық клиринг немесе тепе-тең баға

C) Тапшылық және молшылық баға

D) Жалпылама және жекелей баға

E) негізгі болмаса туынды баға

80. Сұраныстың баға икемділігі нені білдіреді:

A) Бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді

B) Бағаның өзгерісіне сатушылардың әсер беруін өлшеуді

C) Ұсыныстың өзгеруіне тұтынушылардың әсер етуін

D) Тепе-тең бағаның өзгеруін

E) Тепе-тең бағаның тұрақтылығын

81. Фирманың тұрақты шығындары - бұл:

A) Баға бойынша ресурстарға жұмсалатын шығындар.

B) Өндірістің ең көп шығындары.

C) Өнім өндірілмеген жағдайда да болатын шығындар.

D) Айқын емес шығындар.

E) Өндірістің ең аз шығындары

82. Дұрыс жауапты табыңыз:

A) жердің бағасы оны өндіруге кеткен шығындармен анықталады

B) жердің бағасы ренталық табыстың көлеміне тәуелді

C) жердің құны болады

D) жер бағасы пайыз қойылымына тура байланыста өзгереді

E) жер ұсынысы шексіз

83. Кемімелі өнімділік заңының мәні неде:

A) өндіріс факторлары өзгеше сипатталады;

B) материалдық өндіріс аясында заттық игіліктер өндіріледі;

C) басқа ресурстар және технологияның өзгеріссіз жағдайында бір ресурс шығынының ұлғаюы аз шекті өнім әкеледі;

D) бастапқы иелену түрімен өндірістік әдіс бірлігі;

E) өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас дамиды.

84. Жиынтық сұраныс (AD) қисығының оңға жылжуына төмендегілердің қайсысы әсер етеді?

A) пайыз ставкасының өзгеруі;

B) табыс салығы ставкасының өзгеруі;

C) ұсынылатын тауарлар көлемінің ұлғаюы;

D) мемлекеттік шығыстардың өсуі;

E) пайданың ұлғаюы;

85. Жиынтық ұсыныстың (AS) азаюына әкеледі.

A) бағаның өсуі;

B) технологиялық жаңалық;

C) пайыз қойылымының өсуі

D) салықтардың төмендеуі;

E) халық табыстарының өсуі

86. Мультипликатор түсінігі нені білдіреді:

A) шығындардың өндіріске байланысты артуын бейнелейді

B) ағымдық бағаның базистік бағаға қатынасын анықтайды

C) инвестиция өзгерісіне табыс өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент

D) табыстардың өндіріске байланысты артуын білдіретін көрсеткіш

E) Тұтыну өзгерісіне жинақ өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент

87. Халықтың еңбекке қатысуы қайсы көрсеткішпен өлшенеді?

A) халық санымен;

B) өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық;

C) Біліктілікпен;

D) экономикалық белсенді халық.

E) Білімділік

88. Жұмыссыздықтың (К. Маркс бойынша) себебі:

A) сұраныстың аздығы

B) жалақының ең жоғары деңгейі

C) еңбек пен капитал арасындағы қайшылық

D) еңбек рыногының икемсіздігі

E) жұмыспен қамтудың төмен дәрежесі

89. Қазіргі рыноктық экономикадағы дағдарыстың ерекшелігі неден көрінеді?

A) жұмыссыздықтың шамадан тыс өсуінен

B) монополистік баға белгілеуден

C) бағаның жалпы төмендеуінен

D) несиеге оңай қол жеткізуден

E) инвестициялық тауарға сұраныстың қысқаруынан

90. Жандану сатысына жатпайды:

A) жаңа тауарлар өндірісінің біртіндеп өсуі

B) өсу күтілген салаға инвестицияның ағылуы

C) инвестицияға сұраныстың қысқаруы

D) өндіріс факторларына сұраныстың өсуі

E) тұтынушы рыногына сұраныстың өсуі

91. Мемлекеттік реттеудің кейнстік үлгісі нені білдіреді:

A) тек мемлекеттік реттеу арқылы басқару қажеттігін

B) тек рыноктық механизм арқылы басқару қажеттігін

C) сұранысты ынталандыру негізінде қамтамасыз ету қажеттігін

D) рыноктық механизм мен мемлекеттік реттеуді біріктіру арқылы басқару қажеттігін

E) ұсынысты ынталандыру негізінде қамтамасыз ету қажеттігін

92. Трансферттік төлем түрлері:

A) нақты ақша төлемі

B) зейнетақы, жәрдемақы

C) пайыздық төлемдер

D) комиссиондық төлемдер

E) прогрессивті төлемдер




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1854; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.