Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.М: Юрист,1997. 3 страница




Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.

а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар.

Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.

Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.

Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

 

7.1.2.сурет. Ұсыныс қисығы.

 

График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған.

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:

Qs=a+b*Р

Ұсыныс дегеніміз-сатушылардың рыноққа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсыныс заңы- ұсыныс шамасының баға деңгеіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы улғаяды. Ұсынысқа 2 фактор әсер етеді. Баға әсері ұсыныс шамасын өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де,ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа, сол жаққа ығыстырылады. Бағадан тыс факторлар:

1. ресурстарға бағалардың өзгеруі.

2. Технологиялардың өзгеруі.

3. Субсидия және салықтардың өзгеруі.

4. басқа тауарларға бағалардың өзгеруі.

5. Ауа райы жағдайлары.

6. Өндірушілер санының өзгеруі.

3. Нарық тепе-теңдігі.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады (А – нүктесі). Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса. Артық сұраныс (артылып қалу) пайда болады, немесе, ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.

4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.

Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.

Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.

7.2.1.сурет. Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.

 

в- тауарлардың артықшылығы.

Е - сұраныс пен ұсыныстың теңесу нүктесі.

а – тауарлардың жетіспеушілігі.

РЕ – тепе-теңдік баға.

QЕ – тепе-теңдік тауар көлемі.

Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады.

Ed=% ∆Q / %∆P

Икемділік коэффициенті бағаның бір пайызға өзгерісінің нәтижесінде сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd=1).

Егер бағаның өсуіне қарғанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді (Еd>1).

Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз (Еd<1).

Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар:

1.Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар.

2. Тұтынушының табысы.

3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі.

4. Тауардың қажеттілігінің деңгейі.

5. Тұтынушының күтуі.

Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші.

Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Е d) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.

 

E d =∆Q/∆P

 

Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты.

Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу жылдамдығы экономикалық ресурстардың мобилділігіне тәуелді.

Тауардың бағасының өзгеруі, тұтынушылардың кіріс мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді. Икемділік дегеніміз-бір айнымалының екінші айнымалының өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.

Икемді сұраныс. Баға төмендегенде сату көлемі өседі де, жалпы түсім (P.Q) артады.

Икемсіз сұраныс. Баға төмендеген сату көлемі азғана өзгереді, жалпы түсім төмендейді.

Жеке-дара икемділік. Бағаның төмендеуі өсумен өтеледіжәне жалпы түсім өзгермейді.

5. Тұтынушылық мінез-құлқы.

Әр тұтынушы алдында 3 сұрақ тұрады: 1. Не сатып алу керек? 2. Қанша тұрады? 3. Сауда жасауға ақшам жете ме? Бірінші сұраққа жауап беру үшін, заттың тұтынушыға пайдалылығын анықтап алу керек. Екінші сұраққа жауап беру үшін бағаны зерттеп, үшінші сұраққа жауап беруден тұтынушы табысын анықтау қажет. Осы 3- пайдалылық, баға және табыс проблемалары тұтынушы мінез-құлқы теориясының мазмұнын құрайды. Осылардың өзара байланысын анықтауға тырысайық. Игілік пайдалылығы-бұл экономикалық игіліктің бір немесе бірнеше адам қажеттіліктерінің қанағаттандыру қабілеті. Зерттеу нәтижесінде ХІХғ. Мынадай заңдылық анықталады: біртіндеп тұтынатын қандай да бір игіліктің бөлігі тұтынушы үшін азаюшы пайдалылыққа ие болады. Бұл кезде тұтынушылар қалауы тұрақты, ал тұтыну қызметі үздіксіз, сондықтан әр нуктеде дифференцияланады деп есептеледі.

Жалпы пайдалылық игілік саны өсуіне қарай біртіндеп өссе де игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы тоқтамастан азая береді. Жалпы пайдалылық максимум қанағаттандыру шекті пайдалылық нольге тең болғанда А нүктесіне жетеді. Бұл игілік қажеттілікті толық қанағаттандырады дегенді білдіреді. Егер ары қарай тұтыну зиян әкелсе жалпы пайдалылық төмендейді (АВ сызығы). Саны көбірек болған сайын осы игіліктің қосымша әр бірлігінің біз үшін құндылығы азая береді. Сонымен игілік бағасы жалпы емес тұтынушы үшін оның шекті пайдалылығымен анықталады.

 

6 тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары

Дәріс мақсаты: Кәсіпкерліктің даму кезеңдері мен ұйымдық-құқықтық формаларын түсіндіру.

Жоспары:

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары

Негізгі сөздер: Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік тәуекел, кәсіпкер иесі, кәсіпкерлікті басқару, ТҰК, холдинг компаниялар, корпорация, акционерлік қоғам

Иллюстрациялық материал: слаид, кесте

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі-кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз-адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада,ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық процеске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген концультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады, Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-І95Ожж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: "Кәсіпкер болу — басқаның стегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер — алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (І767-І832жж.) былай деген: "Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шенбер ауқымында ұйымдастыратын адам". "Кәсіпкерлік" терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары

Қазақстан республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктесі, жайлы” және "Мемлекеттік кәсіпорын жайлы" жарлығына сай кәсіпкерлік – қызмет шаруашылық серіктестінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

- жай,ол бірлескен қызмет шартына негізделген;

- толық барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген,

- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің

- коммандиттік - аралас жауапкершілік (біреудін толық мүлікімен басқаның салынған салымымен);

- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойынына алынады;

- өндіріс және тұтыну кооперативтері;

-консорциумдар;

-акционерлік қоғамдар.

ҚР кәсіпкерлік қызметтің субъектісі мыналар:

1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметкері заң талабына сай болса ғана);

2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар;

3. Азаматтық бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің мәртебесі заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерліктің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР заңдарымен реттелетіндер:

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүлік сатып алу;

· барлық субъектілерінің рыноктағы материалдық еңбек, ақпарат және табыс ресурстарға қол жеткізудің құқығы;

· меншік түрлеріне және ұйымдастыру формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;

· кәсіпорынның мүліктерін заңсыз айырудан қорғау;

· нарықтық монополия жағдайында кәсіпорындар мен тауар өндірісінің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

2-сұрақ. Кәсіпкерлік қызмет:

- өндірістік;

- коммерциялық;

- қаржылық;

- кеңестер беру болып бөлінеді.

Бұлардың өздеріне тәне ерекшеліктері бар.

Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

*өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

*ақпараттарды өңдеу және жинау;

*рухани құндылықтарды игеру;

*тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылғы-мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлар мен қамтамасыз ету қажет болмайды. Мұндағы еңбасты мәселелер: «нені сатып алу керек», «нені сату керек», «қайда сату керек»-деген сұрақтарға жауап іздеу. Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес жоспар) жасайды.

Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады.

Кеңес беру қызметіне:

*жалпы басқару;

*әкімшіліктік басқару;

*қаржылық қолдау;

*маркетинг;

*ақпаратты технология;

*арнайы қызметтер жатады.

Кәсіпкерліктің құқықтары:

· келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;

· интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

· өндірістік бағдарламалар жасау;

· өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;

· ҚР-ның заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

· сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

· кәсіпорында басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

· кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсіну қажет.

Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамды табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін (франчайзинг) қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.

Қазіргі таңда өкілеттілік пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы әрі ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті- шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады.

Алдымен, инновация терминінің түсінігін айтатын болсақ, инновация (жаңартпалар) дегеніміз- тауар мен қызметтердегі технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер.

Ал, кәсіпкер дегеніміз- пайда табу мақсатпен жаңа технологиялар және қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жаңа әдістерін іздеумен байланысты экономикалық процестің белсенді мүшесі. Көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы зор.

Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады.

Кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Бізде оның ішінде шағын кәсіпкерліктің үлесі 90 пайызға дейін жетеді. 2000 жылғы 1-қаңтардағы мәлімет бойынша Республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның ішінде жұмыс істейтіндері 329 мыңы жұмыс істейді.

Шағын кәсіпкерлік кез-келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез-келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Еуропа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.

 

7 тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы

Дәріс мақсаты: Капитал туралы түрлі трактовкалар мен кәсіпорын қорларының айналымын түсіндіру.

Жоспары:

1. Негізгі және айналмалы капитал.

2. Негізгі капиталдың құнсыздануы. Амортизация.

3. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде.

Негізгі сөздер: негізгі капитал, айналмалы капитал, амортизация, инвестиция.

Иллюстрациялық материалдар: кесте, слаид, формулалар мен есептер

1. Негізгі және айналмалы капитал.

Капитал- бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.

Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

A - T... O... T1- A1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

A - Т...

Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңлегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалауы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартыла апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. 1-шіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салалары арналған.

Айналмалы капитал - өндірістік процеске тек бір рет қана қатысып қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:

... Ө...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A> - A

Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 810; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.