Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.М: Юрист,1997. 4 страница




Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

2. Негізгі капиталдың құнсыздануы. Амортизация.

Негізгі капитал бірнеше жыл қызмет еткендіктен бір-бірте ол тозады. Тозу табиғи және сапалық болады. Табиғи тозу- жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғыру арқылы ішінара қалпына келеді.

Сапалық тозу- ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімінң сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.

Амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражатының қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.

Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі:

п = о/т,

мұнда /7 — айналым саны,

0капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:

К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.

Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз.

Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.

3. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде.

«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыда инвестиция күрделі қаржыға қарағанда кең мағынада берілген.

Күрделі қаржы -капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар.

Жалы және таза инвестиялар болады. Жалпы инвестициялар - капитал қорының жалпы өсуі.Жалпы инвестициялар шығынның орнын өтеумен салыстырады. Өтеу - тозған негізі капиталды ауыстыру процесі. Таза инвестциялар - жалпы инвестцииялар минус өтеуге кеткен қаражаттар.

Жалпы инвестиция - өтеу= таза инвестиция.

Егер жалпы инвестициялар өтеуден көп болса, онда таза инвестцииялар жағымды(+). Егер жалпы инвестициялар өтеуден аз болса, онда таза инвестициялар жағымсыз (-).Егер жалпы инвестциялар өтеуден тең болса, онда капитал қоры сол өзінің бірқалыпты деңгейінде қалады.

8 тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.

Дәріс мақсаты: өндірістің шығындары мен табысына сипаттама беру. Шығындардың түрлерін түсіндіру

Жоспары:

1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар.

3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы.

Негізгі сөздер:сыртқы шығындар, ішкі шығындар, тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар.

Иллюстрациялық материалдар: слаид, кесте

1. Егер сатып алушыны тауарды алғанда бәрінен бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы болса, онда сатушы үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруші рынок бағасының деңгейіне іс жүзінде әсер ете алмайды, сондықтан өндіріс шығындарының деңгейі пайдаға да, өндірісті ұлғайту мөлшеріне де әсерін тигізеді.

Кәсіпорынның ағымдағы өндірісінде туындайтын шығындары – басқарушылық есептің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Өндірістік шығындар туралы ақпараттар, сол шығындарды басқаруды ұйымдастыруы үшін өте маңызды. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды басқарудың басты мақсаты - тиімділікті, ұтымды немесе оңтайлы баға және шығын деңгейін орнату, алдын ала белгілеген, көздеген табысқа жету болып табылады. «Шығындар дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс алуына бағытталыған шығындарының бір бөлігі.

Өндірістік шығындардың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

1. материалдарға кеткен тікелей шығындар;

2. еңбек ақы шығындары.

Өндірістік жанама шығындар өндірістік қызметке жатады және үш түрге бөлінеді:

· Материалдарға кеткен жанама шығындар;

· Еңбек ақы төлеуге байланысты жанама шығындар;

· Басқа да жанама шығындар.

Тікелей шығындар, алғашқы құжаттар негізінде (тауар құжаттамасы, наряд), пайда болған уақытында оны дайын өнімге жатқызады (калькуляциялау объектісі). Ал өндірістік үстеме шығындарпайда болған кезінде дайын өнімге жатқызылмайды. Дайын өнімге жатқызу үшін олар алдын ала жиналып есептеу арқылы өнімнің (тауардың, қызметтің) өзіндік құнына бөлініп қосылуы керек. Сонымен қатар өндірістік шығындар сомасын өнімге кеткен шығындар деп те атайды.

Бір өнімді өндіруге кеткен өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің өндірістік бағасын өндірілген өнімнің санына бөлу арқылы есептейді.

Өндірістік шығындар және үстеме жалпы шаруашылық шығындар коммерциялық шығындармен бірге өнімнің (тауардың, қызметтің) толық өзіндік құнын құрайды.

Бақылау және реттеу функциясын жүзеге асыру – шығындарға анализ жасау және жоспарлы бюджеттік көрсеткіштердің және ресурстар шығыстарының көрсетіштерінің нормаға сәйкес болуына бақылау жасау, жоспардан ауытқушылықтарды айқындау және нақты шығындардың жоспарлы шығындардан көбеймеуіне шараларды әзірлеу.

Ынталандыру (мотивация) функциясы арқылы кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылдырады (жұмысшыны немесе бөлімшені), қазіргі жағдайдағы мақсаты – кәсіпорынның шығындарын төмендетуге қызмет ету.

Бағаның төмендеуі жоғары деңгейлі шығындары бар кәсіпорындарды зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап кетуге мәжбүр етеді. Егер орта шығындар бағадан төмен болса, онда фирма тепе-теңдік жағдайда бола тұра «қарапайым пайдадан» жоғары пайда алады, яғни үстеме пайда немесе квазирента алады.

Орта шығындар бағадан төмен болса, онда фирма жеке өнімге шаққанда ең жоғарғы пайда алады деп тұжырымдалады. Фирма тепе-теңдік шартын былайша түсіндіруге болады: МС=МР=Р. Фирма алатын жалпы пайда жалпы саудадан түсірген табыстары мен шығындарының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады: П = табыс – шығындар.

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жаңармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Өндіріс шығындары анық және анық емес болып бөлінеді. Анық шығындар (сыртқы шығындар) - сырттан алынған ресурстарға ақша төлемдері (жалданбалы жұмысшылар жалақысы, шикізат және материалдарға төлемдер,транспорт, қаржы, заң қызметтеріне төлем). Осы шығындар бухгалтериямен есептелініп, оларды бухгалтерлік шығындар деп атайды. Анық емес шығындар (ішкі шығындар) - өз ішік ресурстарын пайдаланумен байланысты шығындар. Бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есептеулерде көрсетілмейді. Олар көбінесе жасырын формада болады. Осындай жасырын формадағы шығындарды балама (альтернативті) шығындар деп атайды. Анық және анық емес шығындар сомасын экономистер экономикалық шығындар деп атайды.

2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Тұрақты шығындар (FC) - бұл фирманың өнім шығару көлеміне тәуелсіз шығындары. (сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар). Кәсіпорын өнім өндірмеседе төленеді. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер (бухгалтер) жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, зайым бойынша пайыз т.б. жатады. Өзгермелі шығындар (VC) - өнім шығару көлеміне сәйкес өзгеретін шығындар. Материал, шикізат үшін төлемдер, энергетикалық шығындар, өнімді өндіретін жұмысшылардың жалақысы. Жалпы шығындар (TC) - тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы. TC = FC+ VC. Шығындарды тағы 2 түрі бар -орташа және шекті. Өнімнің бірлігіне қарай шығындарды өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады. Ол жиынтық шығындарды өнімнің көлеміне бөлумен анықталады. Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттілігін тұдырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді.

3. Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Пайда дегеніміз - жиынтық табыс (TR) пен жиынтық шығындар (TC) арасындағы айырма. TР = TR-TC, ТР- пайда. Жиынтық табыс (TR) нарық бағасымен барлық өндірілген тауарларды сатуда түскен түсім. TR=P*Q, P – баға, Q – тауар саны. Орташа табыс (AR) – бір өнімнен орташа алынған табыс. AR=TR/Q. Шекті табыс (MR) – қосмыша өнім өндіргеннен түскен түсім. MR= TR/ Q. Қалыпты пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) өтеу керек.

Экономикалық пайда – қалпыт пайдаданың үстінен түскен табыс. Бухгалтерлік пайда – жалпы түсімнен сыртқы шығындарды алған сомаға тең. Бухгалтерлік пайда - Анық емес шығындарды (ішкі шығындар) = экономикалық пайда

9 тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы

Дәріс мақсаты: өндіріс факторларының нарығына түсіндірме беру.

Жоспары:

1.Өндіріс факторы рыногындағы тепе-теңдік.

2. Еңбек ақы еңбектің бағасы ретінде.

3. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде.

4. Жер рентасы – жер иелерінің факторлық табысы.

5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.

Негізгі сөздер: еңбек нарығы, капитал нарығы, жер нарығы, рента, жер кадастры, пайыз, пайда, кәсіпкерлік пайда.

Иллюстрациялық материал: кесте, слайд

1 Өндіріс, оның мәні және факторлары.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.

Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың – адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиіс, олардың барлығы өндіріс процесінде жасалатынын білесіздер.

Өндіріс дегеніміз- адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекетін айтамыз, немесе, қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі.

Қоғамда қандайда болмасын өндіріс-түбінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Мұндағы, қажеттіліктер дегеніміз-бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның іс-әрекеттерін қолдап, оларды жүзеге асыру болып табылады.

Өндірістің, материалдық және материалдық емес түрлері болады.

Материалдық өндіріс дегеніміз - заттай қажеттіліктерді қанағаттандыру, ал, материалдық емес өндіріс дегеніміз -адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мысалы, мәдениет орындары, оқу саласы, т.б.

Сонымен, қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, өндірісті өндіру үшін, табиғат ресурстары қажет. Табиғат ресурстары-ол адамдардың өмір сүруі үшін қажет, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның маңызды компоненті. Мысалы, пайдалы қазбалар, су ресурстары, күн қуаты және т.б.

Адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс қажет. Өндірістің өзі қоғамда бірнеше элемент пен факторды қамтитын белгілі өндіргіш күштерді қажет етеді. Адамзат дамуының барлық сатысында негізгі факторлары болып жұмыс күші(адам факторы) және өндіріс заттары (заттық немесе материалдық фактор), негізгі өндіргіш күштер болды.

Өндірістің негізгі факторлары болып қазір еңбек, капитал, жерді атауға болады. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында оған кәсіпкерлік қызметті қосты.

Бірақ осы өндіргіш күштер адам дамуымен қатар, өзгеріп отыр. Кәзіргі ғылыми –техникалық революция жағдайында факторлардың күрделенуі байқалып отыр. Негізгі факторлар- еңбек пен өндіріс заттарына жаңа рөлі зор факторлар қосылып отыр.

Ең алғаш қажет фактор бұл еңбек. Еңбек бұл адамның мақсатқа сай қызметі. Еңбектің көмегімен адам өз қажеттерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің шарттарының бірі де еңбек.

Жұмыс күші дегеніміз адамның еңбекке деген физикалық және ой қабілетін айтамыз. Мысалы айталық кішкентай баланы, егде қартты немесе мүгедекті біз жұмыс күші деп айталмаймыз, өйткені олардың физикалық және ой қабілеті жұмыс істеуге жеткіліксіз.Еңбектің бірнеше көрсеткіші бар, олар:

1) еңбек өнімділігі

2) еңбек қарқындылығы

еңбек қарқындылығы дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшерімен еңбек пәрменділігі.

Ал еңбек өнімділігі дегеніміз бұл белгілі бір уақыт мөлшерінде шығарылған өнім санымен және әр өнімге қанша мөлшерде уақыт кететіндігімен өлшенетін көрсеткіш.

Еңбек өнімділігінің жоғарлауынан еңбек ресурстары үнемделеді, қоғам байлығы өседі. Еңбек өнімділігіне мынандай факторлар әсер етеді:

1) жұмысшының білімділігі, квалификациясы, мамандануы.

2) өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығу деңгейі

3) ғылым және техниканың даму деңгейі

4) Өндіріс ресурстарының тиімді қолдану деңгеиі.

5) Еңбек қарқындылығы, интенсивтілігі немесе еңбек жылдамдылығы.

6) Табиғи жағдай

Адамзат дамуымен қоғамдағы еңбек өнімділігі өсуде. А дамдар өнім бірлігіне кететін еңбек үлесін азайта отырып, шығарылатын өнім көлемін көбейтуде.

ҒТР жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және автаматтандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой – ми энергиясын ж ұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтылығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады,керісінше жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін.

Жұмысшылар өз еңбектері үшін жалақы түріндегі табысты алады.Жалақыны төлеуді өлшеу бойынша ол екіге бөлінеді; 1) мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтылығымен анықталады, сондықтан ол күндік, апталық және айлықақы болып бөлінеді.бұл жердегі өлшем бірлігі- сағаттық ставка қолданылады- яғни жұмыс сағатының бағасы.

2) кесімді жалақыда жұмысшының еңбекақысы шығарған өнім санына тәуелді. Кесімді жалақының ерекшелігі, еңбектің саны мен сапасы өндіргіш өнім арқылы бақыланып, өлшенеді. Оны өлшеу мынандай элементтердің қолдануын қажет етеді:

1 ) шығарым нормасы белгілі период ішінде жұмысшының шығаруы қажет өнім көлемі (мысалы сағатына 5 детал)

2) уақыт нормасы шығарым нормасына керісінше көрсеткіш. Ол 1 бірлік өнім шығаруға кететін уақытты айқындайтын көрсеткіш (мысалы 1 деталға 12 минут)

3) сандық бағалау 1 бірлік өнімді шығаруы үшін төлемақыны көрсетеді

Көрсетілген жалқыны төлеу формалары әртүрлі нысандарға ие, оларды жалақы жүйелері деп атайды:

1) мерзімді жалақы

ü Жәй мерзімді

ü Мерзімді –сыйақылық

2) кесімді жалақы

ü Тікелей кесімді

ü Кесімді – сыйақылық

ü Кесімді- прогрессивтік

ü Аккордтық

Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады

Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.

- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.

- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.

Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.

Материалдық өндіріс үшін аса маңызды фактор бұл –капитал. Капиталға көбіне өндіріс заттарын (құралдарын) жатқызамыз. Олар екі топқа бөлінетін материалдық ресурстар. Олар еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.

Қаржы саласында капитал өз иесіне процент түрінде табыс алып келеді. Бұл процент немесе ссудалық процент. Ссудалық процент ставкасы ақшаны қолданғаны үшін баға болып табылады. Нақтырақ айтатын болсақ ставка бұл белгілі бір уақыт (ай, жыл) ішінде бір теңгені қолданғаны үшін төленетін ақы көлемі.

Ақша экономикалық ресурс болып табылмайды, өйткені олар өнімсіз. Бірақ кәсіпкерлер ақшаны қолдану мүмкіндігін сатып ала отырып, өндіріс заттарын сатып оны айналыста қолданады.

Еңбекке деген қабілеттілігін адам екі бағыт бойынша жүзеге асыра алады: өз бизнесін ұйымдастырушы кәсіпкер ретінде, немесе кәсіпкерге жалданушы ретінде. Өндірістегі ерекше ресурс бұл кәсіпкерлік қабілет болып табылады, яғни адамның өз бизнесін немесе жаңа істі ұйымдастыруға қабілеттілік пен сонымен байланысты шығындарды, тәуекел мен жауапкершілікті алып жүру қабілеті.

Пайда дегеніміз бұл- кәсіпкерге оның кәсіпкерлік қабілеті үшін төлем.өйткені ол:

ü Еңбектік, капиталдық, және табиғи фактордарды бірге жинақтап, төлегені үшін

ü Шаруашылық қызмет етуін ұйымдастырғаны үшін

ü Олардың тиімді қолануына жауапкершілік пен тәуекелге барғаны үшін

Экономикалық пайда дегеніміз бұл- фирманың жалпы түсімімен барлық шығындары арасындағы айырма.

2 Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.

Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі – шектеулі (мұнай, көмір т.б.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

 

өндіріс факторлары ресурстары табыстары
жер табиғи рента
еңбек еңбек/жұмыс күші жалақы
капитал материалдық, қаржылық пайыз
кәсіпкерлік қабілеттілік   пайда

10 тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

Дәріс мақсаты: Ұлттық экономика жүйесіне түсінік беру. Ұлттық есепшот жүйесін түсіндіру




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 878; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.069 сек.