КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Алматы 2014 ж 2 страница
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын береді. Кітапша белгілі бір мерзімге және талаппен алуға да беріледі. Банктің ресурсында халықтың жинақ салымдары маңызды рөл атқарады. Жинаққа толық сомма немесе бөлек-бөлек сомма салынады, кейін жинақтың толық соммасы, ия біртіндеп бөлек-бөлек соммасы алынуы мүмкін. Салушыға жинақты куәландыратын жинақ кітапшасы беріледі. Бұл салым түрі өнеркәсібі дамыған елдерде кең тараған. Әдетте жинақ шотынан қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің тапсырысы бойынша банк оның жинақ шотынан электроэнергияны, телефонды және газды пайдаланғаны, газетке жазылғаны үшін, оқушылардың мектептегі тамақтануына және т.б. қызметтерге төлем аударады. Сондай-ақ бұл салымдар белгілі бір мақсатты уақытта алу үшін, мысалы, демалысқа, туған күнге, жаңа жылдық мерекеге арнап салынады. Сонымен депозиттер – коммерциялық банктер ресурстарының маңызды көзі. Банктегі оның құрылымы ақша нарығындағы коньюнктураға қарай әрдайым өзгеріп тұрады. Дегенмен банк ресурстарын құрудың бұл көзіне біраз кемшіліктер де тән. Банк клиенттерден қаражат тартқанда бірсыпыра материалдық және ақша шығындарына тап болады. Одан басқа салымға қаражат тарту көп жағдайда банкке емес клиентке байланысты. Сондықтан несие ресурстары нарығындағы банктер арасындағы бәсекелестік оларды депозит тартуға мүмкіндік беретін қызмет түрлерін дамытатын шараларды жүргізуге мәжбүр етеді. Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу үшін корреспонденттік шот ашады. Банкаралық несиені тарту тікелей сөйлесу арқылы, ия болмаса қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады. Егер банктер өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол келісім арнаулы шартпен рәсімделеді. Бұл келісімдердің көбісі белгілі бір мерзімге жасалады. Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған несие ресурстарынан несие алу жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге несиені жарыс негізінде қайта қаржылындыру ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді. 3. Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушыларымен жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да, кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні қайтаруы мүмкін, онда алатын пайыз мөлшері депозиттік сертификаттан әлдеқайда төмен болады. Мұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір жолы. Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі еуровалюталық несие кең өрістеуде. Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта болып доллар есептеледі. [1] Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1 Салым қаражаттарына анықтама беріңіз. 2. Кәзіргі кезде банктік салымның қандай түрі бар 3. Қарыз қаражаттарының негізгі көздерін ата. 4. Банкаралық несемен евровальталық несие деген нені білдіреді 5 Банктің суббординирленген қарызы деген нені білдіреді
Ұсынылған негізгі әдебиеттер 14. Основы банковского менеджмента. Под ред. О.И.Лаврушина, М 1995 15. Бор З., Пятенко В.В., Менеджмент банков: организация, стратегия, планирование., М. 1997. 16. Куницина Н.Н., Ушвицкий Л.И., Бизнес-планирование в коммерческом банке, М., 2002. 17. Брэддик У., Менеджмент в организации, М., 1997. 18. Банк ісі. Н.Н.Хамитов. А.2006 Стр. 19. Кох Р. Менеджмент и финансы. – СПб: Питер, 1999 Тақырып № 5 Банктің активті және пассивті операцияларын басқару және өтімділікті басқару Дәрістің мақсаты: Банктің активті және пассивті операцияларын басқару және өтімділікті басқарудың мақсатын айқындау Негізгі сұрақтар:
1. Банктің өтемпаздығы оның сенімділігін білдіретін маңызды мінездеменің бірі. Өтемпаздықты басқарумен банк клиенттерінің қаржылық ресурстарына сұранысына қанағаттандыру қабілеттілігі түсіндіріледі. Өтемпаздықты қамтамасыз етудің маңызды міндеттері пайдалылық пен өтемпаздық арасындағы оптимумды ұстап тұру, сонымен бірге актив пен пассив бойынша салымдардың мерзімдері арасындағы баланстандырылғанын қамтамасыз ету болып табылады. Банк ағымдағы өтемпаздықты ұстап тұру үшін оның жеткілікті өтемпазды активтер қоры болуы керек. Өтемпаздықты басқару актив пен пассивті басқару жолымен іске асырылуы мүмкін. Өтемпаздықты нарықта сатып алуға және жиналған өтемпаз активтерді сату арқылы алуға болады. Өтемпаздықты басқару құралдарының бастысының бірі – халықтың жинақ ақшалары есебінен құралған «ұзақ» салымдарды тарту. Халықтың банкке деген сенімділігінің төмендеуі банк жүйесіндегі несиелік потенциалды, өтемпаздықты төмендетеді. Өтемпаздықты жедел және стратегиялық басқаруға болады.[2] 3. Актив пен пассивті басқарудың 3 стратегиясы жасалынған, олардың әрқайсысы активтер мен пассивтер арасындағы айырмашылық түсінігімен байланысты. Бұл 3 стратегиялар – активтер мен пассивтер арасындағы нөлдік, оң және теріс айырмашылықтар. Активтер мен пассивтер арасындағы нөлдік айырмашылық стратегиясы. Мұнда банк басқарушылары банктің жалпы активтер үлесін банктің жалпы пассивтер үлесімен теңдестіруге тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл стратегия банктің 40% активі қалқымалы мөлшерлемелі активке жатса, банктің 40% пассиві қалқымалы мөлшерлемелі міндеттемелерге жатады. Егер қалқымалы мөлшерлемелі активтер мен міндеттемелер арасындағы айырмашылық 0-ге тең болса, банктің барлық активтерінің тіркелген мөлшерлемелі активтерге қатынасы банктің барлық пассивінің тіркелген мөлшерлемелі міндеттемелердің қатынасына тең. Банктер алатын табыс пен пайыздар бойынша төлемдер арасындағы тұрақты айырмашылықты ұстап отырғысы келсе, осы стратегияны қолданады. Активтер мен пассивтер арасындағы оң айырмашылық стратегиясы. Банкирлер бұл стратегия бойынша қалқымалы мөлшерлемелі активтің құны жалпы активтерге қатынасына үлкен мән береді, міндеттемелерге қарағанда. Мысалы, егер жалпы активтің пайыз әкелетін 40% қалқымалы мөлшерлемелі активке жатса, жалпы пассивтің тек 20% ғана қалқымалы мөлшерлемелі міндеттемелер түрінде сақталынады. Бұл стратегияны қолданған банктер нарықта пайыздық мөлшерлемер төмендегенде мынадай жағдайға ұшырайды: банктің жиынтық табысы оның шығыстары сияқты төмендейді. Актив пен пассив арасында оң айырмашылық болғаннан, табыс деңгейі шығыстарға қарағанда көбірек төмендейді. Актив пен пассиы арасындағы теріс айырмашылық стратегиясы. Мұнда қалқымалы мөлшерлемелі активтердің жалпы активтердегі үлесі жалпы пассивтегі қалқымалы мөлшерлемелі міндеттемелерден төмен. Бұл стратегия егер банкир пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуін күтсе тиімді болады. Егер осы күтілімдер дұрыс болса, банктің таза пайыздық табысы оның таза құнымен бірге өседі. Осы тәсілдерді банкир қолдана отырып, өз қолына банктің пайдалылығы мен өмірін бақылауын алады. Бірақ бір айтып кететін жай бақылау болған жерде шығыстар да болады.[3] Өтімділікті басқару әдістері. Дүниежүзі банктерінің іс-тәжірибесінде өтімділік әдістер, оның ішінде, жалпы қор қаражатының әдісі және активтерді бөлу арқылы басқарылады. Жалпы қор қаражаты әдісінің мәні барлық ресурс түрінің активтерін басқару процесіне жатады, атап айтқанда, салым ақшалары мен талап етілмелі шотындағы қаражат қалдығы, мерзімді салым ақшалар мен депозиттер жарғылық қор мен резевтер коммерциялық банктердегі ресурстардың жиынтық қорында бірігеді. Бұл жиынтық қордың қаражаты банк тұрғысынан алғанда пайда әкелуі мүмкін актив түрлеріне бөлінеді. Бұл арада тиісті активке салынған қаражат өтімділігінің баламалы деңгейін сақтау-міндетті шарт. Осылайша, «пайдалылық-өтімділік» арасындағы байланыстың тепе-теңдігі ұдайы сақталуы керек. Бұл әдісті пайдалану барысында алдымен бірінше кезектегі резерв, яғни клиенттің несие алу, салым ақшаны өндіріп алу туралы алғашқы өтінішін қанағаттандыруда пайдаланылуы мүмкін қаражатты білдіретін, активтерге орналастырылуы ықтимал қаражат үлесі анықталады. Банктерінің іс-тәжірибесінде резервтерге шамамен бірінші кезекте Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы қаражатты, коммерциялық корреспондент-банктердің корреспонденттік шотындағы қаражатты, кассадағы қаражатты, Ұлттық банктегі міндетті резервті жатқызуға болады. Содан кейін тиісті табысты әкелетін, өтімді активтерді қамтитын екінші кезектегі резервтерге орналастырылуы мүмкін қаражаттың үлесі анықталады. Екінші кезектегі резервтерге қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздарды, оның ішінде, облигацияларды, аз ғана мерзімге берілетін банкаралық несиені, өтеу мерзімі көпке созылмайтын өтімділігі жоғары ссудаларды жатқызуға болады. Екінші кезектегі резервтертің шамасы салым ақшалардың ауытқу диапазонына және несие сұранысына тәуелді болады. Егер несиеге сұраныс неғұрлым жоғары болса, резерв соғұрлым қажет болады. Активтердің үшінші тобы. Бұл топ қаражаттың үлкен үлесін қамтиды. Активтердің үшінші тобына клиенттерге арналған ссуда жатады. Бұл активке салынған қаражат банкке азғантай табыс әкеледі, алайда, басқаларға қарағанда қатер деңгейі жоғары қаражат. Экономиканың дамуын болжаудың негізінде үлесі мен құрамы анықталатын активтердің бұл тобына өтеу мерзімі салыстырмалы түрде ұзаққа созылатын бірінші класты құнды қағаздар кіреді. Бұл құнды қағаздардағы инвестиция банкке белгілі бір процентті табыс әкеледі және өтеудің мерзімі жақындаған сайын борыш міндеттемесі екінші кезектегі резервтерді толықтырушы ретінде алға шығады. Активтерді бөлудің әдісін пайдалану барысында банк тартқан қаражатқа өтімді қаражаттың қаншалықты тәуелді болатындығы анықталып, ескеріледі және активтер мен пассивтердің тиісті түрлері арасындағы арақатынас белгіленеді. Бұл арада әрбір көзден алынатын қаражатты олардың айналысын қоса ескере отырып, әр түрлі жолмен қамтамасыз етуді және осыған орай міндетті резервтердің нормаларын қажет етеді. Ішінара мерзімді салым ақшаға қарағанда талап етілмелі салым ақша бойынша міндетті резервтердің ең жоғары нормаларын белгілеу қажет. Осыған орай, талап етілмелі салым ақша түрінде тартылған қаражаттың қомақты үлесі бірінші және екінші кезектегі резервтерге орналастырылуы қажет. Осы әдіске сәйкес «банк ішіндегі банк» деп те өзге атаумен аталатын бірнеше өтімділік орталықтары анықталады. Ішінара алғанда, мұндай орталықтарға мыналар жатады: талап етілмелі салым ақша, мерзімді салым ақша мен депозиттер, жарғылық капитал мен резервтер. Қаражат әрбір орталықтан оның тиісті өтімділігі мен пайдалылығын қамтамасыз ететін есеппен активтің белгілі бір түрлеріне орналастырылады. Мәселен, талап етілмелі салым ақша ең жоғары деңгейдегі қамтамасыз етуді қажет ететіндіктен оның көп бөлігі бірінші кезектегі резервке бағытталады. Басқасы – салым ақшаның елеулі бөлігі қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу жолымен екінше кезектегі резервтерге бағытталады және талап етілмелі салым ақшаның салыстырмалы түрдегі аздаған үлесі қайтарылатын мерзімі азғантай уақытқа белгіленіп, банк ссудасына орналастырылуы қажет. Жарғылық капитал мен резерв орталықтарына қатысты қаражат белгілі бір деңгейде үй-ғимаратқа, құрал-жабдыққа, техникаға жұмсалады, сондай-ақ ішінара - өтімділігі аз құнды қағаздарға, пайға кетеді. Жалпы қор әдісімен салыстырып қарағанда активтерді бөлу әдісінің негізгі артықшылықтары – ол есеп айырысудың негізінде өтімділігі жоғары активтердің үлесін нақты анықтауға және оларды кемітудің есебінен қосымша ресурстарды табыстылығы жоғары активтерге – кәсіпорындар мен ұйымдардың ссудаларына салуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1 Банктегі активтік операцияға сипатама беріңіз. 2. Банктегі пассивтер деген не 3. Кәзіргі кезде өтімділікті қалай анықтайды. 4. Өтімділігі жоғары активтерге нені жатқызамыз 5 Өтімділікті басқарудың қанша түрлі тәсілі бар Ұсынылған негізгі әдебиеттер 1. Рид Э., Коттер Р., и др., Коммерческие банки, М. 1983. 2. Масленченков Ю.С., Финансовый менеджмент в коммерческом банке: Фундаментальный анализ, М.,1996. 3. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы категорияларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. /Алматы, ҚазМБА, 1999. 4. Ақша, несие, банктер. // Оқу қүралы. Сейткасымов Г.С.–Алматы.: Экономика,2005 5. Руководство по кредитному менеджменту. Под ред. Б.Эдвардса. М. 1996 6. ҚР Қаржы Министрлігінің «Қаржы» журналы. Нормативтік актілер мен заңдық нұсқаулар
Тақырып № 6 Банктің несиелік саясатын басқару және инвестициялық портфелін басқару Дәрістің мақсаты: Банктің несиелік саясаты мен несиқабілетілік тәуекелін талдау Негізгі сұрақтар: 1. Несиеленетін обьектілер және несие қатынасының субьектілері. 2. Несие комитетінің атқаратын қызметі. Несиелеу принциптері. 3. Несеқабілетілікті талдау нысаны 4. Несиелеудің әдістері және ссудалық шоттардың формалары. 5. Банктің инвестициялық портфелін басқару негіздері. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субьектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субьектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады. Несие берушіге өзінің уақытша бос қаражатын белгілі бір мерзімге қарыз алушының иелігіне беретін тұлға жатады. Қарыз алушы – қаражатты пайдалану үшін алатын және оны белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті несиелік қатынастағы тарап. Банк несиесіне келсек, бұл арада несие мәмілесінің субьектілері ретінде екі тұлға, яғни несие беруші мен қарыз алушы алға шығады. Коммерциялық банк өз клиенттеріне әр қилы белгілері бойынша жіктеуге болатын несиенің әр түрін ұсынады. Несие бағыты бойынша несиені былайша жіктеуге болады: тұтыну несиесі, өнеркәсіп несиесі, сауда несиесі, ауылшаруашылығы несиесі, инвестициялық несие, бюджеттік несие. Пайдалану мерзімі бойынша талап етілмелі, мерзімді (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді). Мөлшері бойынша несиелер - ірі, орташа және ұсақ, ал қамтамасыз етілуі бойынша - қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген несиелер. Қамтамасыз етілу сипаты бойынша кепілзаттық, кепілдікті және сақтандырылған несиелер. Кәсіпорындардың және өзге де ұйымдық-құқықтық құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін банк несиелеудің принциптерін қатаң сақтай отырып несиелейді. Несие принциптері несиелеу жүйесінің негізгі элементтері болып табылатындықтан несиенің мәні мен мағынасын, оның ішінде, несие қатынасы саласындағы заңдылықтардың талаптарын бейнелейді. Несие принциптері – несиенің қайтарылу мерзімділігі, саралануы, қамтамасыз етілуі, ақылылығы. Коммерциялық банктердің ссудалық операцияларды басқару бөлімі мынадай екі бағытты қамтиды: · несие операцияларының технологиясын басқару; · несие қатерін басқару. Консорциум несиесі, егер несие мөлшері немесе несие қатері бір банк үшін өте жоғары болатын болса, қысқа мерзімді несиелеуде пайдалануы мүмкін.Консорциум несиесі қатысушы банктердің ресурстарын біріктіру есебінен беріледі, қарыз алушы төлемей кеткен жағдайда осылайша әрбір банк үшін олардың өз ресурстарынан айырылып қалудың қатері шектеледі. Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушының несиеленуін мақұлдауда немесе несиелеу режимін катайтуда көрінеді. Тұтыну несиесі тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Ипотека кепілдік берушінің сатуына болатын немесе басқаша жолмен шеттете алатын кез келген мүлікке қойылуы мүмкін. Ипотека жер учаскесіне, кәсіпорын, үй, ғимарат, кез келген жылжымайтын мүлікке, тұрғын үйлер мен пәтерлерге, саяжай, бақша үйлеріне қойылуы ықтимал. 3. Инвестиция Банк инвестициясы екі мақсатты қатар қылады-табыс және өтімділік. Осы екі мақсатты тепе-тең ұстау банк басшылығы мен саясатынан үлкен күшті талап етеді. Салым операцияларының үлкен көлемі мен несиелік салымдардың аз көлемінде “банк өтімділігінің асуы” проблемасы туындайды. Мұндай кезде, банктер екінші кезектегі резервтің бір бөлігін пайда бөлігіне ауыстыруға міндетті. Сондықтан да, банктің инвестиция саясаты өтімді активтер мен инвестиция табысы арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруы қажет. Банк басшылығы инвестициялаудың негізгі міндеттемелерін жасауы қажет. Ол өз басшылығында мына жағдайларды басшылыққа алуы қажет: · директорлар кеңесі қойған шектеуі бар қолда бар ресурстарды · сатып алынатын құнды қағаздардың бекітілген сапа деңгейімен · сатып алынатын құнды қағаздардың шектеуімен · директорлар кеңесінің алып-сатарлық пайда табуға деген ниетімен
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1 Банктегі несиелік операцияға сипатама беріңіз. 2. Банктегі несие формалары деген не 3. Кәзіргі кездегі несиенің жіктелімін анықта. 4. Қарыз беруші мен қарыз алушының несилік міндетемесіне сипаттама бер 5 Банк клиенттерінің несие қабілеттілігін қалай талдайды 6. Инвестициялық операцияның мазмұнына сипаттама бер Ұсынылған негізгі әдебиеттер 7. Рид Э., Коттер Р., и др., Коммерческие банки, М. 1983. 8. Масленченков Ю.С., Финансовый менеджмент в коммерческом банке: Фундаментальный анализ, М.,1996. 9. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы категорияларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. /Алматы, ҚазМБА, 1999. 10. Ақша, несие, банктер. // Оқу қүралы. Сейткасымов Г.С.–Алматы.: Экономика,2005 11. Руководство по кредитному менеджменту. Под ред. Б.Эдвардса. М. 1996 12. ҚР Қаржы Министрлігінің «Қаржы» журналы. Нормативтік актілер мен заңдық нұсқаулар
Тақырып № 7 Коммерциялық банктегі пайда мен шығынын басқару негіздері 1. Коммерциялық банктегі пайда ұғымы мен басқарудың құрамдық элементтері. 2. Шығындардың реттемесі. Банктердің табыстары деңгейін талдау. 3. пайда мен шығынды басқарудың қажеттілігі мен басқару әдістемелері.
1. Банк жұмысының пайдалылығын басқару оның кірістері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, қаржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз етілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаятық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады. Кез-келген коммерциялық банктің қызмет етуіндегі негізгі мақсат пайда табуға ұмтылу. Пайда, дегеніміз, әдетте коммерциялық банктің табысы мен шығысы арасындағы айырмашылық, ал пайданың түсуі коммерциялық банктің есеп жүргізу жүйесіне тікелей байланысты. Пайда деңгейіне банк активтерінің құрылымы әсер етеді. Пайда көлемінің өсуі банк үлкен сыйақы алатын қатерлі операциялармен тікелей байланысты. Сондықтан да, пайда көлемін бағалау банкті мүмкін қатерлерден сақтау анализімен байланысты болып келеді.
Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 599; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |