Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Рефлексия.Логотерапия.Гештальттерапия 4 страница




Ал психолог ше?

Практик- психолог бала- бақшада, мектепте, интернатта және т.с.с. білім беру мекемелерін де жұмыс істей отырып, әртүрлі жас кезеңіндегі балалармен жұмыс істеуіне тура келеді. Мектепке дейінгі кезең, бастауыш сыныптық кезең, жеткіншіктер және жоғарғы сынып оқушылары. Ол балалардың статистикалық жасына қарамйды, динамикасына қарайды оның көз алдында балалар өсіп, есейеді, яғни онтогенездің бір кезеңінен келесі күрделірек және мазмұнды кезеңіне өтеді. Сол себептен оның басты міндеті баланы оның өмірінде әрбір жаңа жас кезеңінде кездесетін өзгерістерге, психологиялық тұрғыда, яғни өзін- өзі анықтауға (самоанализ) дайындау.

Өзін- өзі анықтауға психологиялық дайындық (жеке тұлғалық, кәсіби, әлеуметтік) біртіндеп, өмірге келгенен бастап, үлкендермен және құрбыларымен қарым қатнас кезінде, ойын үстінде, еңбекте, және мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. Сосын бала мектепке келеді 6-10-11жас аралығында үлкендер өміріне дайындалады, жеткілікті білім алу үшін, оқуға, жазуға, ойнауға, жұмыс істеуге, дос болуға үйренеді. Мектеп біру кезеңіне дейін, қалыпты даму үрдісі болған жағдайда әрбір мектеп бітірушінің мектептен тыс жаңа өмірге психологиялық дайындығы қалыптасу керек.

Психолог Соңғы жылдары психологты қабылдаудағы белгілі бір дайындықты жалпы білім беретін мектептен көруге болады, дәл сонда оның қызметінің нәтижелеріне қатысты азды –көпті тепе–тең үміттер қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде–ақ мұғалімдер, оқушылар және ата – аналар көптеген қиындықтарын шешуде психологқа сүйенеді. Олар: оқудағы ерекше қиындықтарды және олардың себептерін анықтау; ақыл –ой мен тұлғалық дамудағы ауытқуларды жою және алдын алу; күрделі даулы жағдайларды шешу және т.б. Дегенмен, бұнда да психологиялық білімдердің танымал болуы ең алдымен мәдениеттің негізін қалыптастыруда өзекті.

Психолог маманның тәжірибесі психолог қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай –ақ ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез –құлқының, қарым –қатынастарының және іс –әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту мақсатында олардың себептерін анықтау қажеттігін сезінсе әрдайым бастамашылдық танытып, ол жөнінде алдына міндет қоя алады.

Мемлекет практикалық психологияның маңызды тапсырыс берушісі болып табылады. Дәл сол жағдай әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қызығушылықтары мен қатынастарын үйлестіруді, тұрғындардың нақты қатпарларындағы өмірдің сапасын жақсартуды, адамдардың психикалық денсаулығын нығайтудың жағымды жағдайларын қалыптастыруды көздеген әлеуметтік саясатты жүргізуі тиіс.

Практик- психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді.

Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі.

Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Мысалы: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, ән, тіл және т.б.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997

2. Весник образования.-М.,1995.№7.

3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995.

4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000

5. Леви Т.С.Психолог и педагогический коллектив. – М.,1995.

№6 дәріс. Практикалық психологияның негізгі әдістері

Дәрістің мақсаты: Студенттерге практикалық психологияның негізгі әдістерін түсіндіру.

Жоспары:

1. Психодиагностиканың қазіргі түсінігі

2. Психодиагностиканың әдістерімен оның орындалуы

Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет.

Психодиагностикалық зерттеу ұйымының қайсыбір бөлімшесіндегі психологиялық қиындықтардың; дау-дамайлардың, еңбектегі адамгершіліктің және еңбек өнімділігінің созылмалы төмендеуінің оқушылардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздігінің себептерін анықтауға бағытталады.

Персоналдық ұйымдастырушы мінез-құлқын, оқушылардың жеке даралық қабілеттерін жоспарлы зерттеу психологтың бірінші сыныпқа балаларды жинауға қатысуы, балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтауы да психодиагностикаға жатады.

Психодиагностика бөлімінде маманданған психолог нақты адамдардың (ұйымның, топтың) қасиеттері мен күйлерін анықтау үшін зерттеудің психологиялық әдістерін қолданудың құрылымымен мүмкіндігін талдауға арқау етеді. Психологиялық диагноздың маңызды терапия (түзету, кеңес беру) мен болжаудың тиімділігі үшін бастапқы пункт болып табылатынымен оның маңыздылығы анықталады. Болжау бұл диагноздың негізінде тұлғаның немесе топтың, ерлі зайыптылардың арасындағы өзара қатынастардың басщы мен оның қоластындағылардың дамуын жорамалдау.

Практикалық психологияның эскперимент (сараптама) қызметі де психодиагностикаға жатады. Барлық деңгейлерде, сондай-ақ шешімдердің салдарын болжау мақсатында саяси деңгейде де қабылданатын басқарушы шешімдер, құрастырылған заңдар, инновациялық жобалар және т.б. психологиялық сараптамадан өтеді.

Нақты міндеттерді шешуге бағынышты ақиқатты практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының бір текті амалдарының жиынтығы әдіс деп аталады. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар.

Оның біріншісі бойынша әдістердің: зерттеу (диагностикалық); ықпал ету әдістері (кеңес беру, терапевтік, түзету, оқу) және басқа мамандармен өзара әрекеттестік сияқты ұйымдастырушы мәселелерді шешу қолданылатын. Ұйымдастырушы сияқты үш түрі бар.

Топтастырудың екінші тәсілі психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, демек шешілетін міндет күрделілігінің негізінде құрылған. Кейде клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп және хал-жағдайы мен мінез-құлқын өзгертуге ішкі қорларын табуға мүмкіндік беретін жақсы диагностиканың өзі-ақ жеткілікті. Неғұрлым күрделі жағдайда кеңес берген тиімді.

Осыған сәйкес практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші және түзетуші терапевтік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика бұл психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын проблемаға тереңдеп енуі.

Практикалық психологиядағы психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, демек психолог кеңес беруге немесе психотепрапияға маманданған психологтардың тапсырыстары бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады.

Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмысы міндетті сатылардың бірін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа келетін өмірлік қиындықтардың диагнозын жасауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдер мен процедуралардың кешенін анықтайды.

Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде оны теориялық пән ретінде қарастырады. Шынымен, идеялардың академиялық психологиядан психологиялық тәжірибеге едәуір қарқынды жылжуына ықпал етіп психодиагностикамен теориялық тұрғыда айналысуға болады.

Диагностикалыққа келесі әдістер жатады:

Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген бірліктерді (көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні мақсатты жүйелі қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – бұл: клиенттің психологпен қарым-қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын мақсатты жүйені қабылдау.

Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктестік қарым-қатынасының барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны зерттеу әдісі. Жиі бұл әдіс психологиядағы көмек көрсетудегі терапевтік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы, оның тұлғасын және СӨЗ және басқа да құралдарымен хабарлағанның барлығын бағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау тыңдау әдісі қолданылады.

Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-құлқы), өзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы әңгімелесуі), тестер проективті әдістемелер, рөлдік және басқа да ойындар қолданылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолданылады.

Диагностикалық процедуралар практикалық психологияның әртүрлі мектептерінде және бағыттарында әртүрлі қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше көреді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі вариацияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал болып табылады

Психолог клиентпен оның мақсаттарын талқылайды, олардың тепе­теңдігінің дәрежесін бағалайды және ақиқатқа сай келмейтін үміттерін түзетудің шараларын қабылдайды. Мұндай әңгіме нақты да қол жетерлік нәтижеге саналы бадарлануға ықпал етеді.

Сұхбаттасуда психолог клиенттердің шынайы проблемаларынан алыс әртүрлі шағымдарына кездеседі. Шағымдардың неғұрлым жиі кездесетін түрлерін жалпылап, топтастыру әрекеттері жасалынған.

Психологтың диагностикалық жұмысындағы сұрақтар маңызды орынға ие. Ашық және жабық сұрақтар бар. Ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «егер» деген сөздерен басталады. Ондай сұрақтар клиенттің таңдауын аз дәрежеде шектеп, оның «иә» немесе «жоқ» түріндегі бір мағыналы жауаптарды қолдануына мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ әңгімелесуге шақырады. Әрине, кейбір жағдайлардағы ашық сұрақтар клиентті ыңғайсыз жағдайға душар етеді. Онда ол: «Сізді дәл не нәрсе қызықтыруда?» ­ деген қарсы сұрақты қоюы мүмкін. «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып, қорғану тілегін тудырады. Сұрақтар тым көбейгенде де қорғаныс белсендіріледі.

Жабық (тұйық) сұрақтар клиентке шектеулі таңдауды табыс етеді. Олар клиенттің ұсынылған варианттардың біреуін таңдайтынындай құүрастырылады. Мәселен: «Сізді мазаландырған бетбұрыстар бір немсе екі жыл бұрын пайда болды ма?. Мұндай сұрақтар талқылау бөлімін, назарды тарылту қажет болғанда жарамды. Жабық (тұйық) сұрақ бұл конвергентті ойлаудың белгісі; ол проблемді кеңістік белгілі болған жағдайда орынды да тиімді. Келтірілген сұрақ проблема ұзақтығының мерзімі екі жылдан аспайтыны алдын ала анықталғанда жағдайды натылауға көмектеседі.

Клиентпен қарым­қатынаста психолог арқау болу, қайта әңгімелеу, сезімдерді сипаттау, резюме немее рефлексивті емес және рефлексивті тыңдаудың басқа да амалдары қолданылады.

Арқау болу ­ адамға оны тыңдап отырғаныңды көрсету. Ондай жағдайда айтылғандар тікелей қайталанады, не болмаса қысқаша түсініктемелерді қамтиды («иә», «солай ма!», «сізді түсінемін», «тағы айтңызшы»). Мұндай амал клиенттің ішкі әлемне оны ас мезі қылмай енуді қамтамасыз етеді, әрі оның комуникативті белсенділігін мақұлдайды. Баспен изеу және басқа да арқау болатын белгілер, сондай­ақ дыбыстық белгілер (м­м,) ұқсас әсер етеді.

Қайталау ­ бұл тыңдаушының серігінің айтқандарынан қайсібір сөзді (сөздерді) қайталауға негізделген реакциясы. Қайталау үшін қандай сөзді тадау қажет екендігін психолог шешеді, әрі оның таңдауы диалогтың даму бағыттарының бірін алдын ала анықтайды.

Қайта әңгімелеу клиенттің негізгі ойларының қысқаша баяндалуы. Әңгімелеу диалогтың екі серігін де клиенттің не ойлап, сезінетінінің дұрыс баяндалып, түсіндірілгеніне сенімді етіп екеуіне де пайдалы. Әңгімелеу клиенттің хабарлағанын шатасудан және сөздегі, ойдағы қарама­қайшылықтардан тазартып, суреттелген көріністің тұтастай қабылдануына мүмкіндік береді.

Сезімердің сәулеленуі ­ бұл ең алдымен клиенттің сөздерінде немесе вербалды емес мінез­құлқында көрінген күйзелістері жалы сөзбен хабарлау: «Сіз қысым жайлы айтқанда мен оны сеземін...». Психологтың сезімдерді еске алғаны клиенттің өткен шақтағы күйзелістерін жаңғыртады. Психологтың серігінің шынайы эмоцияларын тану қабілеті аталмыш шағын техниканы қолданудың алғы шарты болып табылады.

Резюме ­ әңгіме бөлшектерінің тұтастай бірікірілуі, алныған нәтижелердің айшықталуы және бекітілуі. Резюме клиенттің ойлары мен сезімдерін жинақтап, оның айтқандарының деректері мен барлық мазмұнын реттейді. Резюме өзекті деректер мен идеяларды тіркейді, клиентке деген назарды көрсетеді және де мақсатты (қалаулы нәтижені) құрарастырудың негзн даярлайды.

Клиенттің вербалды емес мінез­құлқын зерттеуге мүмкіндік беретін, оның сөз арқылы жеткізілген мінез­құлқынан құндылығы төмен болмайтын ақпаратты қамтитын, практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі болып табылатын бақылау сұхбаттасудан ажырамайды. Тәжірибелене бастаған психологтар назарын клиентке шоғырландырудың орнына проблемаға бағыттайды.

Практикалық психологтың жұмыы көптеген вербалды емес интеракцияларды қамтиды. Ым­ишара тілі ­ бұл кеңес беру, психологиялық түзету және псиотерапия құралатын негіз. Альфред Адлер: «Мен пациентті біршама уақыт бойында пантомимада қабылдағанды, яғни оның сөздеріне назар адармай, оның өзін қалай ұстайтынынан, ситуацияларды қалай қозғалатынынан едәуір терең ниеттерді оқығанды өте құнды деп есептеймін» ­деп жазған.

Дене тілі жайлы берік білім және оны түсіну ­ практикалық психологтың қажетті кәсіби дағдылары. Вербалды емес тілге төрт түрлі ақпарат жатады.

4. Өзара әрекеттестік жағдайы: әңгімелесу уақыты мен орны, кабинетің безендірілуі, киім және клиенттің психологқа деген қатынасына ықпал ететін басқа да бөлшектер.

5. Психолог серігі денесінің белгілері (отырысы, ым­ишаралары, сөздегі интонациялары) сөз турасындағы ақтаңдақтарды өзгертетін маңызды ақпаратқа ие.

6. Вербалды емес қатынастуды интерпретациялаудың жеке­дара тәсілі: бір ған белгілер өзге мәдениетке жататын аамдар үшін әрқилы маңызға ие. Вербалды емес хабардан біреудің түсінгені басқаның түсінгенінен түбегейлі өгеше болуы мүмкн. Сәйкес зерттеулер визуалды қатынастың орта стандарттарының, дене қозғалысының дауыс тембрінң кейбір клиенттермен жұмыста мүлде жарамайтынын көрсетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Абрамова Г.С. Практическая психология –М.,1997

2. Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе. – М.,1989

3. Гуревич Г.М. Что такое психологическая диагностика. –М.,1985

4. Общая психодиагностика; под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина – М., 1987.

5. Психологическая диагностика: Проблемы исследования под ред. К.М. Гуревича. –М.,1981.

№7дәріс. Психологиялық кеңес беру

Дәрістің мақсаты: Студенттерге жалпы психологиялық кеңес туралы теориялық түсінік беру.

Жоспары:

1.Психологиялық кеңес беру жайлы жалпы түсінік

2.Психологиялық кеңес берудің негізгі теориялық тұрғылары

Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі бір түрі психологиялық кеңес беру болып табылады. Психологиялық кеңес беру ресми емес формада достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда емшінің, мұғалімнің т.б. ақылы, кеңесесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауыжетекшілік жасауы сияқты әрекеттер арқылы адам өмірінде ежелден ақ беделді орын алады.

Психологиялық кеңес беру ­ клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс ­әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын шеше алуы үшін мінез ­ құлықтың бейімсіз тәсілдерін, психологиялық қиыншылықтарды түсіндіретін психологиялық көмектің түрі. Кеңес беру ­ бұл адмның проблемаларын зерттеуге, кикілжіңдерін түсінуге, жағдайды меңгерудің жаңа тәсілдерін іздестіруге көмектесі. Психолог жағдайды өзгерту процесін тікелей басқара алмайтын, бірақ өзгертуге әрекеттенгенде кеңес беріледі. Кеңес беру психологиясы псхологиялық кеңес берудің теориялық негізін құрайды. Кеңес беру психологиясы ­ практикалық психологияныңпсихотерапияға мұқтаж емес клиентке психологиялық көмек көрсетудің тәілдерін жасайтын саласы. Ол психолог­кеңсші мен клиенттің арасындағы арнайы құрылған қарым­қатынастың барысында психологиялық проблемаларды тудыратын себептер түсініктемесінің, сондай­ақ клиенттің ішкі және тұлғааралық проблемаларды неғұрлым епті шешуіне мүмкіндік беретін әдістердің табылуынан бастау алады.

Психологиялық кеңес берудің: клиникалық, басқарушы, ұйымдастырушы, педагогикалық сынды адамдардың тәжірибенің қандай саласында психологтың кеңесіне мұқтаж болуларына байланысты т.с.с. көптеген түрлері бар. Ағылшын психологы М.Херберт «сіз кеңесшілерді мектептерде, өнеркәсіп кәсіпорындарында, ауруханаларда, әлеметтік қызметтерде кездестіре аласыз; неке, ажырасу мәселелері жөнінен кеңесшілер болады; ата­аналарға, студенттерге, зейнеткерлерге кеңес беріледі».

Клиент бастапқы диагностика үрдісінің өзінде­ақ нақты кеңес беруші көмекті алады. Сұхбаттасудың барлық кезеңдері клиентке түсініксіз мәселеледің жауабын алуға мүмкіндік береді. Алайда проблеманың шешілуіне жауап беретін және психологтың мақсатты ықпалын қамтитын кеңес беру процесінің орталық бөлімі алынып қойған диагностикалық мәлімтеттерге арқау етуді болжайды. Сұхбаттасудың аталмыш кезеңі қалауллы нәтижнің, яғни мақсаттың сезілуі ретінде белгіленеді. Психолог клиентпен бірге оның идеалын ­ оның қандай болғысы келетінін, өірінде қандай жағдайлардың болатынын, проблемаларының қашан шешілетінін анықтайды. Клиент үшін кеңес беруші ықпал кезеңі ерекше көрінбейді. Сұхбаттасудың бүкіл барысы оны «инсайтқа» итермелейді. Оның бойында орын ала бастаған өзгерістер: «Барлығын мен өзім түсіндім» ­ деген оймен дербес қуатының нәтижесі ретінде сезіледі.

Психологтар кеңес беру процесінде ықпал етудің әйкес әдістерін қолданады.

Кері ақпараттың ұсынылуы ­ клиентке тән әрекеттері, сезімдері мен ойлары нәтижелерін қабылдау және бағалау дағдыларын арттыруға негізделген әдіс. Ол клиентте мінез­құлқына деген әлеуметтік реакцияларына сезімталдығы төмендегенде немесе зақымданғанда не болмаса ол әлеуметтік ортаның әлеметтік үйреншікті ортасында тіршілік етсе ерекше пайдалы. Психологтың кері байланыс каналдары бойынша берілген жауаптары кеңес беру процесінде аса маңызды рөл ойнайды, олардың көмегімен клиенттің ақпаратты беру процсіне ықпал етіледі.

Кеңес – бұл шешімге әкелетін шешімдерді немесе әрекеттерді ұсну. Оған неғұрлым мұқтаж болса, ол соғұрлым жақсы қабылданады. Клиент кеңес сұраса, кеңес беру қажет. Жоқ болса үндемеу керек. Деген ереже бар. «Егер клиент сізден проблеманың шешімін талап етсе, сіз өзіңіздің оың орнында емес екендігіңізді әрі тек оның өзі ғана жалғыз дұрыс шешімді қабылдай алатынын түсіндіріңіз. Егер клиент табандап тұрып алса, өз ойыңызды жасырмай айтып, сіздің ол емес екендігіңізді ерекеш айтып өтіңіз. Егер де сіздің кеңесіңіз клиентке көмектесіп, рұхтандырса, оған кеңес беріңіз».

Клиенттердің еш қарсылықсыз және бөлшектенген ойсыз кеңесшінің көзқарасын қабылдауға бұлтартпастан дайын болатына сенген аңғырртық болар еді. Олар проблеманың өздеріне қажет шешімін және түсіністікті іздейді. Психологтың пікірі клиенттерге рационалды шешімді өз бетінше іздеудің бастапқы нүктесі ретінде қажет.

Алайда барлық шешімдер қолайлы бола бермейді. Шешімнің әрекетшіл болуы үшін ол клиенттің өмір филосойиясының кеңеске алып келгенімен салыстырғанда жақсысын ұсынуы тиіс.

Психологтар кеңес беру процесінде әрдайым клиенттің проблеманы өз бетінше шеше алатынына сенімділікті қалыптастыру үшін «оған таңдауы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға көмектесу» деп аталатын әдісті қоладанады. Психолог –кеңесшінің негізгі сызығы клиенттің проблеманы өз бетінше шешуіне көмектесунде. Әриен психолог проблеманың ықтималды шешімдерін көрсете алады, алайда шешімнің өзі оған тиесілі болуы қажет – оны оның өзі жасауы, оған өз бетінше келіп, оған сенуі тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 1254; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.