Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарии




Практикалық психология- психологияның пәні психологиялық көмек, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.с.с бағытталған пратикалық іс әрекеті болып табылатын саласы.

Психологиялық проблема- Тұлғаныңтұлғаның психологиялық қиыншылықтарының жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама қайшылықтардан туындаған үйлесімсіз күйі

Тұлғалық проблемалар- адамдардың тұлғаылық дамуына кедергі келтіретін, олардың адамгершілікті және психикалық денсаулығын, ахуалын және жалпы өнімділігін нашарлататын қиындықтар

Ұжымдық топтық проблемалар- Топтағы қатынас процестерінің бұзылуы, ұжымның әлеуметтік психикалық ахуалының нашарлауы және топ дамуының баяулауы

Іс әрекеттегі проблемалар- Адамдардың қасиеттері мен күйлерінің мамандықтарының талаптарына сәйкес келмеуінен кәсіби іс әрекетінде пайда болатын қиындықтар

Дау дамай- әртүрлі адамдардың қарама қарсы әрекеттерінің, көзқарастарының, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының, жопарларының немесе бір адам пікірлерінің, мотивтерінің, қажеттіліктерінің қақтығысындағы психикалық құбылыс

Әлеуметтеік психология- Ғылымның тұлға психикасының, топтар психологиясы мен адамдардың басқа да қоғамдастықтарының дамуындағы әлеуметтік себептелген құбылыстарын зерттейтін саласы

Дифференциялды психология- Психологияның индивидтер мен топтардың арасындағы психикалық айырмашылықтарды, олардың даралық ерекшеліктерін зерттейтін саласы

Клиент- Психологтан психологиялық көмекті алатын адам

Психологиялық қызмет- Практикалық психологияның құралдарымен және әдістерімен адамдарға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің жүйесі

Психологиялық ақиқат- Шынымен орын алған психикалық, субьективті бейнелеу; психика, сана құбылыстары

Психодиагностика- Психологияның адамның даралық психологиялық ерекшеліктерін экспериментті анықтау, сандық сипаттау және интерпретациялау проблемарын зерттейтін, сондай ақ клиенттің проблемасын түсініп, шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинаумен айналысатын саласы

Психотерапия- адамның психикасына тигізетін ықпалдар мен іс шаралар жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай ақ медициналық және практикалық психологияның сәйкес проблемаларын зерттейтін саласы

Психокорекция- Психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі нормадан қайсібір жағымсыз ауытқуды не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын мінез құлықтық, эмоциялы, когнитивті көріністерді әлсіретуді немесе жоюды мақсат ететін адамның психикасына белсенді ықпал ету

Психопрофилактика- а) жүйке психикалық және психологиялық соматикалық денсаулық бұзылыстары, әлеусметтік психологиялық дау дамайларды, тұлғаның үйлесімсіз дамуы, оқудағы, қарым қатынастағы, тәрбиедегі психологиялық алғышарттары бар қиындықтар сияқты әртекті проблемалардың алдын алуға ықпал ететін іс шаралардың жүйесі. ә)дәрігерлік және практикалық психологияның нұсқалған проблемалар мен заңдылықтарды зерттейтін саласы

Психогигиена- Адамдардың жүйке –психикалық және психосоматикалық денсаулығын сақтауға, еңбектің (әсіре интеллектілі) дені сау жағдайларын, оқытуды, сондай–ақ тәрбиені қалыптастыруға бағытталған іс шаралардың жүйесі

Психологиялық тапсырыс- Клиенттің кеңсшіге психологиялық көмектің нақты түрін ұсынудың қайсібір үліде ынталандырылған сұранысы

Норма- а) обьекті едәуір тұрақты, әрі қызмет етудің нақты жағдайлары мен міндеттеріне жоғары дәрежеде сәйкес келетін тіршілігін болжайтын оптималды күйі; ә)мәліметтердің салыстырудың (бағлаудың) бастақы басы; б)ауытқуларды болмауы (кері қиысынды криетий); в) норма баяндаушы сипаттама (жағымды қисынды криетий) ретінде

Психологиялық басқару- Кәсіби мамандардың обектінің (индивидттің, топтың) психологиялық сипаттамаларын практикалық психологияның құралдарымен және әдістерімен өзгерту мақсатында оған ықпал ету

Психикалық денсаулық- психофизикалық күйдің, ахуалдың, бағдардың және мінез –құлықтың ағзаның даму деңгейіне, психофизиологиялық әрекеттеріне және шығындарына, адамның қажеттіліктеріне және тұлғалық даму мақсаттарына, ондай –ақ психикасының бар бейімдеуші –компенсаторлвқ мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтайтын тіршілік әрекеттің кешенді көп деңгейл спасы

Психикалық норма- Қоғамның тарихи дамуының нақты кезеңінде қаьылданған адамның психикалық белсенділігі көріністерінің әрқилы өлшемдеріне орай қабылданған нақты ережелер ен талаптар

Психологиялық көмек- Психологиялық қиындықтарды жеңілдетуге немесе жеңуге бағытталған іс щаралардың жүйесі, практикалық психологияның құралдарымен адамда немесе адамдар тобында пайда болған психологиялық проблемаларды шешу

Анамнез- Тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы

Психодиагностикалқ міндет- іс –әрекеттің немесе психикалық күйдің нақты өлшемдерін міндеттейтін психологиялықсебептерді анықтауда практикалық пихологтың алдында туындайтын міндет, сондай –ақ сыналушының басқа адамдардың арасында бағаланатын күйі бойынша орнын анықтау

Психологиялық қорытынды- Клиенттің психологиялық проблемаларының сипаттамасы, олардың туындауына себепші болған жағдайларды, әрі олады шешудің ықтималды бағыттарын анықтау

Әдіс- Нақты мінедтті шешуге бағынышты, ақиқатты тәжірибеде немесе теориялық меңгеру операцияларының, салыстырмалы түрде бір текті тәсілдердің жиынтығы

Бақылау- Зерттелінген құбылыстыЗерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын таңдамалы бірліктердің (көрсеткіштердің, белгілердің) тіркеудің негізінде зерттелінген обьектіні мақсатты, жүйелі қабылдау

Әңгімелесу- Сыналушымен серіктескен қарым –қатынастың негізінде психологтың сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны психологиялық зерттеу әдісі

Клиникалық сұхбаттасу- Психологиялық көмек көрсету барысында терапевттік әңгімелесу әдісі

Эмпатиялық тыңдау әдісі- Практикалық писхологияның психологтың әңгімелесуші серігін бойлаған эмоциялы күйлерге ену, оның сөз және одан басқа құралдармен хабарлағандарының барлығын бағасыз қабылдау жолымен бірге күйзелу қабілетіне негізделгенәдісі

Психологиялық кеңес беру- Клиенттің жеке өміріндеғ кәсіби іс –әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын түсіндірудегі психологиялық көмектің бір түрі

Кеңес беруші психология- Практикалық психологияның психотерапияға мұқтаж емес клиентке психологиялық көмектесу тәсілдерін құрастыратын саласы

Рефлексия- Адамның дербес әрекеттері мен күйлерін ойластыруға, рухани дүниесін өзіндік тануға бағытталған ішкі психикалық іс –әрекеті

Рационалды терапия- Психотерапияның клиентке көзқарастарындағы қисынды ойлауын көрсету арқылы ойлауын түзетуге бағытталған әдісі

Логотерапия- Психотерапияның клиент тұлғасының құндылығын, оның қадыптасқан жағдайда жаңа мағынаны іздеу қабілетін мойындау, қарым –қатынастағы ерекше эмоциялы ахуал есебінен адамның ішкі әлемін өңдеуге бағытталған әдісі

Гештальттерапия- Психотерапияның клиенттің қажеттіліктерін неғұрлым анық сезінуіне бағытталған, оларды біртүтас бейнеге жеткізу және аяқау әдісі

Ребефинг -әуеннің арнайы ықпалымен үйлесімдікте холотропты дем алу арқылы сананың өзгерген күйні жету, нәтижесінде адам қайғы қасіретін жеңіп, қоршаған әлеммен қатынастарының тұтастылығына ие болады

Музыкатерапия -психологиялық көмектің арнайы таңдалған әуеннің көмегімен клиенттің психикасына ықпал етуді болжайтын әдісі

Арттерапия -Психотерапияның өнер туындыларымен және дербес шығармашылықтың негізінде ықпал етуді болжайтын әдісі

Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) - Адамның сөз арқылы өзін бағдарламалауға және кейіннен сол бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін әдістемелік әдістердің жүйесі

Әлеуметтік–психологиялық тренинг- қарым–қатынастағы біліктілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық қызметтің белсенді тәсілдерін пайдалануға бағдарланған практикалық психология әдісі

Психолог қызметінің тиімділігі - Психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әрекеттестігін ұйымдстыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі

Өзара әрекеттестік - Адамдардың қарым–қатынас процесінде бір–біріне өзара ықпал ету үрдісі; әртүрлі субьектілердің іс–әрекеттернің обьектісіне өзара ықпал ету процесі

Кәсіби–әдептік нормалар -бұл психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс –әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммне, ондай –ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар

Кәсіби құпия -нақты ақпарат мамандардың тек аздаған шеңберіне ғана жарияланатын ережені ұстану

Зиян келтірмеу ұстанымы -психологтың клиентпен өзара әрекеттестікте алған нәтижелері қандай жағдайда да оған зиян келтірмеуі тиіс екендігн болжайтын практикалық психологтардың негізгі принциптерінің бірі

Мінез –құлыққа ағдарланған терапия -Психотерапияның релаксациялық процедураларымен үйлесімдікте топтық жұмыстың модельденген жағдайларында мінез –құлықың қажет компонентін өңдеуге бағытталған әдісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ    
  «БЕКІТЕМІН» «Білім беру психологиясы және әлеуметтік коммуникация» кафедрасының меңгерушісі психол.ғ. кандидаты, доцент Нургалиева У.С._________ «___»__________ 2014 ж.    

 

 
     

 

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Практикалық психология»

 

 

«5В050300 –психология» мамандығы

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 2158; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.