КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Рефлексия.Логотерапия.Гештальттерапия 1 страница
3. Әлеуметтік- психологиялық тренинг.
Пихотерапия – іс шаралардың, адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай –ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапияны психологиялық құралдармен жүйке –психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екге бөледі. Терапевтер психотарпия дамуының үшінші сатысында науқастың мінез –құлқына едәуір үлкен мән береді. Науқас тұлғасына өте қатты ықпал етеді - өзінің келбетін жақсартып, оған айналадағылардың жауап беру – бермеулеріне қарамастан мінез –құлқы өзінеықпал ете бастайды. Олар тұлғаның бүкіл өмір барысында үздіксіз дамитынын айтады. Терапия адамның өмір және өзі жайлы түсініктерін қалайша өңдеп, мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, яғни нақты мағынада өз бетінше сауығу тәсілдерін қалайша ашатынын көруге көмектесуі қажет. Терапияның ендігі мақсаты – науқастың өздігінен сауығуына көмектесу. Бұл тұрғының науқастарға барлығынан да жақсы көмектесетінін тұжырымдайды. Психотерапевт науқастың сезімдер мен өмірді қабылдаудың ерекшеліктерін түсінуге көмектесіп ғана қоймай, науқастың өзі жүзеге асыратын сипаттамалардың жаңаруын қабылдауға да көмектеседі. Әдебиетте «психотерапия» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бұл көптеген психотерапевтік бағыттар мен іәдстердің бар болуымен байланысты. Чех ғалымы Станислав Кратохвилуға тиеілі ең ортақ анықтама психотерапияның – психологиялық әдістердің көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу екендігіне нұсқайды. Ол аурулар психикалық процестер мен тұлғаға, сондай –ақ дене қызметтеріне де қатысты болуы мүмкін. Психологиялық әдістерге ең алдымен сөйлеу – тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әрқилы түрлері, қоршаған ортамен манипуляциялау жатады. Осындай міндеттердің шешілуінде терапевт негізгі үш әдісті қолданады. Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен науқасты көңіл қоя тыңдап, оған сын жағдайда есептелінген кеңес беруді білдіреді. Қолдау науқастың күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға көмектесуде анықталады. Екіншіден, бейімсіз мінез –құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру. Үшіншіден, өзін өзі ашу мен инсайтқа, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау –дамайлары мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал ету. Феноменологиялық бағыт гуманистік деп те аталады. Эмоциялы бұзылыстар қабылдаудың бұрмалануынан немесе сезімдердің жеткілікті сезінілмеуінен тежелген қажеттіліктірдің өсуінің нәтижесі ретінде қарастырылуы бағыттың солайша бағалауының маңызды негіздемесі болып табылады. Гуманистік психотерапия терапия – дәрігердің жазып берген дәрі–дәрмегі емес әртүрлі адамдардың кездесуі деп тұжырымдайды. Ол науқастың табиғи өсуін қалпына келтіруге, өзінің шын мәніндегі келбетіне сәйкес және басқалардың ойынша қандай болуы тиіс екендігінен тәуелсіз қалай бола алатынын сезініп әрекет етуіне көмектеседі. Феноменологиялық терапия да инсайттың туындауына ықпайл етеді, алайда мұндағы инсайт – бұл бейсаналы шиеліністердің емес дербес сезімдері мен түсіністіктердің сезілуі. Роджерстің: шартсыз жағымды қатынас, эмпатия, конгруэнттілік атты таныма «триадасы» терапияның ең жақсы тәсілі болып табылады. Карл Роджерс психодинамикалық терапияда тәжірибеленуде биресми тұрғының едәуір тиімді екендігіне көзін жеткізіп, «бұйрықшыл емес терапияны» қолдана бастайды. Ол өзінің тарапынан бағыттамай, бағаламай, интерпретацияламай науқастарының не жайында және қашан айтатынын шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғы қазіргі кезде «клиентке орталықтанған терапия» деп аталады. Оның негізінде маңызды үш принцип жатыр. «Шартсыз жағымды қатынас». Терапевт өзінің клиентті шын көңілмен қамқорға алатынын, оны адам ретінде қабылдап, өзгеру қабілетіне сенетінін көрсетеді. Бұл клиенттің айтқандары қандай «жаман», «оғаш» немесе «ер жүректі» көрінсе де, оны үзбей тыңдау даярлығын білдіреді. Терапевтің клиенттің барлық айтқандарын мақұлдауы міндетті емес, бірақ ол оны бағаланушы адамның шынайы бөлігі ретінде мойындауы тиіс. Сонымен бірге, терапевт клиенттердің проблемаларын өз беттерінше шешулеріне сенім артуы тиіс, яғни ол кеңес бермейді. Кеңес, дейді Роджерс клиенттің біліксіздігі немеме тепе –тең еместігі жайлы жасырын хабарламаны береді, –бұл оны өз өзіне аса сенімді емес және едәуір тәуелді етеді. Эмпатия. Терапияның көптеген түрлері клиентке сырт келбетінен көзқарасты ұсынады. Эмпатия ішкі көзқарасты, оның нені ойлай және сезіне алатынына шоғырлануды талап етеді. Терапевт клиентке диагностикалық жарлықты ілуге ұмтылған сырттай бақылаушы ретінде емес, әлемнің оның ойынша қалай көрінетінін түсінгісі келетін адам ретінде әрекет етеді. Эмпатия жайлы: «Мен түсінемін», «Мен сіздің қазір қандай сезімде екендігіңізді білемін» деген сөздермен хабалауға болмайды. Терапевт клиентті белсенді тыңдап отырғанын көрсетіп, эмпатия вербалды емес түрде жеткізеді. Терапевтер шебер сұхбаттасушылар ретінде клиентпен көз арқылы түйісуді қолданып, оның сөйлеуге даярлығын ыммен қолдап отырады, кері ақпаратты жеткізудің вербалды емес құралдарының барлық арсеналын қолданады. Кейде бұл амал рефлексия (сәулелендіру) деп аталады. Клиенттердің көпшілігі эмпатиялық сәулелендіруге өз сезімдеріне мұқият назар аударумен жауап береді. Рефлексия – адамның дербес әрекеттері мен күйлерін ойластыруға, өзінің рухани әлемін тануына бағытталған ішкі психикалық іс –әрекеті. Конгруэнттілік – бұл терапевттің сезінгені мен оның клиентке қатысты өзін қалай ұстайтынының арасындағы үйлесімдік. Бұл терапевттің шартсыз жағымды қатынасының және эмпатиясының шынайы екендігінің белгісі. Терапевттің конгруэнттілігі клиенттің ашық–жарқындылық пен шыншылдықтың адам қатынастарының негізі болуы мүмкін екендігіне көзін жеткізуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997 2.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985 3.Бурлучак Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999. №10 дәріс. Психологиялық ағарту. Дәрістің мақсаты: Студенттерге психопрофилактика жайлы мағлұмат беру. Жоспары: 1. Психологиялық ағарту жұмыстарының міндеттері. 2. Психологиялық ағарту жұмыстарының маңыздылығы.
Мекемедегі психологиялық ағарту жұмыстарын практикалық психологтың бір өзі ғана атқаруы шарт емес. Ол психологиялық ағарту жұмыстарын басқа мамандармен мектеп басшысымен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен) бірлесе жоспар құрып, ұйымдастырып, жүргізе алады. Психологиялық ағарту жұмыстары абстрактілі –теориялық сипатта болмауы керек. Психологиялық ағарту жұмыстары нақты жағдайларға қатысты мәселелердің шешіміне қатысты болғаны жөн. Психологиялық ағарту жұмыстарын көрнекілікпен барынша оптимальды әрлеп, аудио- видеоаппаратуралар мен басқа да құралдарды пайдаланған тиімді болады. 2. Психопрофилактиканы индивид психикасының дамуына және психологиялық денсаулықты арттыруға бағытталған тәжірибелік психолог пен психология пәні оқытушыларының іс-әрекетінің ерекше түрі деп қарастырамыз. Олай болса психологиялық қызмет көрсетуде психопрофилактикалық жұмыстардың маңызы өте зор. Алайда психопрофилактикалық жұмыстар тәжірибелік психологтар мен психология пәні оқытушыларының іс- әрекеттерінің бір түрі ретінде ғылым мен тәжірибеде көп қарастырылмаған. Дегенмен болашақ практикалық психолог жұмыс барысында психопрофилактикалық жұмыстардың әр түрлі формаларын іс жүзінде көріп, өзі де бірқатар психологиялық тапсырмаларды жүзеге асырады. Психопрофилактикалық жұмыстардың міндеттері: А) ұжымда, топ ішінде әрбір адамның толыққанды психикалық дамуына және тұлға ретінде жетілуіне психологиялық жағдайды сақтау. Б) ұжымда, топ ішінде әрбір адамға қатысты интеллектік және тұлғалық дамудағы қиыншылықтар мен бұзуларға әкеліп соқтыратын психологиялық ерекшеліктерді анықтау, олардың алдын-алу. В) ұжымдағы топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық кезеңдері бойынша өзгерістердің теріс жағдайда асқынып кетпеуіне жағдай жасау. Г) ұжымдағы, топ ішіндегі психологиялық климаттың оңтайлы болуына жағдай жасау. Д) ұжымдағы адамдардың психологиялық білімді жетілдіру мотивациясын арттыру. Сонда психологиялық қызмет аясындағы психопрофилактикалық жұмыстардың мазмұны төмендегідей болмақ: 1. Ұжымда, топ ішінде әрбір адамды толыққанды психикалық дамыту және тұлға ретінде жетілдіру бағдарламасы жасалады. 2. Ұжымдағы, топтағы әрбір адамның кейіннен интеллектік және тұлғалық дамуындағы қиыншылықтары мен патологияға әкеліп соқтыратын психологиялық ерекшеліктері анықталады. 3. Ұжымдағы, топ ішіндегі адамдардың дағдарыстық кезеңдері бойынша өзгерістердің теріс жағдайда асқынып кетуіне мүмкіндік бермейді. 4. Ұжымдағы, топтағы оқу, еңбек іс-әрекеттеріне шамадан тыс талаптар қоюдан немесе моральдік қысым жасалудан адамдарға психологиялық, физикалық жағынан артық күш түспеуі қадағаланады. 5. Ұжымда, топта кәсіби бағдар беру, кәсіби компетенттілікті арттыру жұмыстары жүргізіледі. 6. Ұжымдағы, топ ішіндегі қарым-қатынаста жетілдіру арқылы моральдік- психологиялық климаттың жақсы болуына жағдай жасалады. 7. Ұжымдағы адамдардың психологиялық білімді жетілдіруге, оны жеке өмірлерінде қолдануға деген мотивацияның артуына қатысты шаралар ұйымдастырылады. 8. Мектепке дейінгі және орта білім беретін ағарту мекемелерінде педагогикалық –психологиялық консилиум ұйымдастырылып тұрады.
Сонымен, психологиялық профилактика адамның психикалық және тұлғалық дамуында жайсыздықтың алдын-алуға бағытталған үздіксіз психологиялық жұмыс болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997 2.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985 3.Бурлучак Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999. №11 дәріс. Баланың мектепке даярлығын анықтау. Дәрістің мақсаты: Студенттерге баланың мектепке психологиялық және педагогикалық даярлығын анықтауды үйрету. 1.Баланың мектепке психологиялық және педагогикалық даярлығының теориялық негіздері 2. Баланың мектепке бейімделу ерекшеліктерін диагностикалау
Мектептегі оқу – бала өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан мектепте оқуға кіріспес бұрын, ертерек баланың психикалық мүмкіндіктерінің мектеп талаптарына қаншалықты сәйкес екендігін анықтап алған жөн. Егер мұндай сәйкестік бар болса, онда бала мектепте оқуға дайын, яғни, ол оқу барысында пайда болатын қиындықтарды жеңуге дайын деген сөз. Мектептегі оқуға психологиялық дайындық дегеніміз – баланың мектептегі оқу бағдарламасын құрдастарының арасында, ұжымда меңгеруі үшін психикалық дамуының қажетті және жеткілікті деңгейі. Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтаудың негізгі мақсаты мектепке бейімделе алмаудың алдын-алу болып табылады. Ресейде мектепке психологиялық дайындық мәселелерінің теориялық талдауы Л.С. Выготскийдің еңбектеріне негізделген. Сонымен қатар, Л.И. Божович баланың мектепте оқу табыстылығына айтарлықтай елеулі ықпалын тигізетін психикалық дамуының бірнеше параметрлерін бөліп көрсетті:оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтерінен тұратын баланың мотивациялық дамуының белгілі бір деңгейі, ырықты мінез-құлық пен интеллектуалдық сфераның жеткілікті дамуы. Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтаудың басқа да бағыттары бар, мысалы, басты тірек бала дамуындағы қарым-қатынастың рөліне беріледі. Үш сфера бөлініп көрсетіледі: ересектерге, құрдастарына және өзіне қатынас, осылардың даму деңгейі мектепке дайындық дәрежесін анықтайды және белгілі бір тұрғыда оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымдық компоненттерімен байланысады. Мектепке психологиялық дайындықты құрайтын параметрлердің келтірілген түрлерінен басқа біз тағы бір қосымша параметрді келтіреміз, ол – сөйлеудің дамуы. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, сондай-ақ, оның логикалық ойлау деңгейін де көрсетеді. Қазіргі психологияда мектепке дайындық компоненттерін бөліп көрсету әр түрлі негізде әр түрлі критерийлер бойынша жүреді. Кейбір авторлар (Л.А. Венгер, А.Л. Венгер, Я.Л. Коломинский, Е.А. Панько және т.б.) баланың жалпы психикалық дамуын эмоционалдық, интеллектуалдық және басқа сфераларға жіктеу жолымен жүреді, демек, интеллектуалдық, эмоционалдық және т.с.с. дайындықты бөліп көрсетеді. Басқа авторлвр (Г.Г. Кравцова, Е.Е. Кравцова) баланың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесін қарастырады және мектепке психологиялық дайындықтың баланың қоршаған әлеммен әр түрлі қатынасының дамуымен байланысты көрсеткіштерді бөліп көрсетеді. Бұл жағдайда балалардың мектепке психологиялық дайындығының негізгі жақтары ересектермен қарым-қатынастағы еріктілік; құрдастарымен қарым-қатынастағы еріктілік; өзіне деген адекватты қалыптасқан қарым-қатынас болып табылады. Жоғарыда келтірілген мектепке дайындық компоненттерін жіктеу принциптерін мүмкіндігінше біріктіре отырып оның төмендегідей компоненттерін бөліп көрсетуге болады. Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы. Баланың мектептегі оқуға интеллектуалдық дайындығының ең маңызды көрсеткіштері оның ойлауы мен сөйлеуінің даму ерекшеліктері болып табылады. Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай балалардың ақыл-ой дамуының басты көрсеткіші олардың бейнелік және сөздік-логикалық ойлауының негіздерінің қалыптасуы болып табылады. Мектепке дейінгі шақтың барысында балаларда көрнекі-бейнелі ойлауға негізделген және оның табиғи жалғасы болып табылатын сөздік-логикалық ойлаудың негіздері қалыптаса бастайды. Алты жасар бала қоршаған әлемді қарапайым талдауға: негізгі мен болмашыны ажыратуға, қарапайым ой талқысына, дұрыс қорытынды жасауға қабілетті. Сондай-ақ, бұл жастағы балалар қоғамдық қалыптасқан сенсорлық эталондар жүйесін пайдалана отырып, заттардың сыртқы қасиеттерін зерттеудің біршама рационалды тәсілдерін меңгереді. Оларды пайдалану балаға дифференциалды қабылдауға, күрделі обьектілерді талдауға мүмкіндік береді. Алайда бұл қабілеттер балалар білімінің шеңберімен шектеледі. Білетіндерінің шеңберінде бала себеп-салдарлық байланыстарды табысты түрде орнатады, ол оның сөйлеуінен көрініс табады. Бала «егер..., онда», «өйткені», «сол себепті» және т.б. сияқты сөздерді қолданады, оның тұрмыстық ойлауы толығымен ойға сыйымды болады. Логикалық ойлаудың нышандары заттар мен құбылыстарды жалпы қабыданған ұғымдарға сәйкес топтастыра білу қабілетінен көрініс табады.
2. Баланың мектепке бейімделу ерекшеліктерін диагностикалау
«Мектепке бейімделу» ұғымы соңғы жылдары әр түрлі жастағы балаларда мектептегі оқумен байланысты туындайтын әр түрлі мәселелер мен қиындықтарды сипаттау үшін қолданыла бастады. Мектепке бейімделу – жүйелі түрде ұйымдастырылған мектеп оқуына көшу кезінде баланың танымдық, мотивациялық және эмоциялық-еріктік сфераларының қайта құрылуы. «Әлеуметтік сыртқы жағдайлардың жағымды үйлесуі бейімделуге, жағымсыз болуы – бейімделе алмаушылыққа, дезадаптацияға әкеледі». Жүйелі мектеп оқуының басты ерекшеліктері болып келесілер табылады. Біріншіден, мектепке келген бала қоғамдық мәні бар және қоғамдық тұрғыда бағаланатын іс-әрекетке – оқу іс-әрекетіне кірісе бастайды. Екіншіден, жүйелі мектеп оқуының ерекшелігі оның мектепте болу кезінде оқушының барлық мінез-құлқы бағынатын, бәріне бірдей ережелерді міндетті түрде орындауды талап ететіндігі болып табылады. Мектепке келу белгілі бір деңгейде ойлаудың, мінез-құлықты ырықты түрде басқарудың, қарым-қатынас дағдыларының дамуын талап етеді. Мектепке бейімделу деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады:
Г.М. Чуткинаның зерттеу нәтижелері әрбір келтірілген көрсеткіштердің даму деңгейлеріне сүйене отырып, мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделудің үш деңгейін бөліп көрсетуге болады: бейімделудің жоғарғы деңгейі, бейімделудің орташа деңгейі,бейімделудің төмен деңгейі. Бейімделудің жоғарғы деңгейі. Бірінші сынып оқушысының мектепке қатынасы жағымды, қойылатын талаптарды адекватты қабылдайды; бағдарлама материалын терең және толық меңгереді; күрделі тапсырмаларды шешеді, нұсқауды, мұғалімнің түсіндіргендерін мұқият тыңдайды, берілген тапсырманы сырттай қадағалаусыз орындайды; өз бетінше оқу жұмысына үлкен қызығушылық танытады (үнемі барлық сабаққа дайындалады), қоғамдық тапсырыстарды өз ниетімен және шын көңілмен орындайды; сыныпта жағымды статустық орын алады.
Әдебиеттер тізімі:
№12 дәріс. Психологиялық қызмет стратегиясы Дәрістің мақсаты: Психологиялық қызмет стратегиясын және психологиялық қызметтің тиімділігін түсіндіру. Жоспары: 1.Практикалық психологтың қызметі тиімділігі 2. Психолог жұмысының жоспарлануы Психолог қызметінің тиімілігі – бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әркеттестігін ұйымдастыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі психологтың тұлғасы: кәсібилігі, психологтың біліктілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беру, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке –дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығарм –ашылық қатынас қызметі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады. Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізіміні клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілеті бастайды. Психологтарда жиі ұсақ –түек оқиғаларды үдету даярлығына сынайды. Алайда психотерапия жекедегі мааңыздының анықталуын, ұсақ–түйектерді қалай қолдануға болатынын түсінуді болжайды.Психолог үш–төрт бөлшектерді бөліп алып қана көп нәрсені біле алады. Ал оның диалогқа– дербес реакциясын елемеуі құнды мәліметтерді алып тастаумн бірдей. Клиенттің әңгіме барысында хабарлаған мәліметтерден гөрі, сеанстың кезінде орын алған тірі материалмен жұмыс жасаған анағұрлым маңызды. Психолог ұсақ–түйектерді анықтап, түсініп, қолдану үшін оларды езіну қабілетіне ие болуы тиіс. Оның өз–өзіне бұл тек мазасы кеткен әйел деп оларды елемеуі психотерапиядағы ең маңыздыны елемеу болып табылады. Психолог техниканы жақсы меңгерсе де, клиенттің толқығандығын, үн жұрқасының түскендігін, қауқарсыздығын сезінк қабілетін тұншықтыратын болса, оның маман ретінде жоққа шығаруға болады. Ол сол қабілетке ие болуға, сондай–ақ мінез–құлқын қадағалуға міндетті. Көптеген психологтар адам қатынастарының өзегін оңай елеуге, олардың барлық реңктеріне күйзелуге қабілетті. Олар үшін өмірдің әрбір мезеті мағынаға толы. Олардың сеанстары онда айтылғандар мен істелгендер терең мағынаға толастайтын шешуші кездеулерге ұласады. Басқа психологтар клиенттерге «техникалық» жағынан келеді. Олар үшін қорытынды, яғни проблеманың негізі әрі клиентке көмектесу үшін істелінуі қажет нәрселер маңызды. Олар осының барлығын оған тұрақты «кірігусіз» жасауға үміттенеді. Олар өздерінің сезімдеріне енбейді. Оларға жеке дара ерекшеліктерін оңай сезінетін, қысқа мерзімде қорытынды жасайтын қызметтестерінің экстрасенстер ретінде қарайды. Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық өсуі проективті және басқа да әдістердің көмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының үйреншікті принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың психологиялық көрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа көрсеткіштер салыстырылады.
Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 1387; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |