КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Алматы, 2014ж. 5 страница
Клиенттің жасалынған таңдауға жауапкершілікті қабылдауына дайындалуға көмектесу үшін оның аталмыш таңдауға деген даярлығының өлшемін сезіну қажет. Әртүрлі адамдар ол мезетке әрқилы жолдарен келеді: · кейбіреулері проблеманың шешіміне жауапкершілікті мойындарына алмайды; · басқалары жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алады; · үшіншілері, жауапкершілікті мойындарына ала аламын деп ойласа да, шын мәнінде олай жасамайды; · төртіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алса да, оны маңызы жоқ жерлерде жасайды; · бесіншілері, жауапкершіліктің бір бөлігін ғана мойындарына алса да, ол маңызды болатындай жеткіліксіз болады; · тек кейбіреулері ғана мойындарына толықтай жауапкершілікті алса да, өздерін тыңдап, көмектесетін адамға мұқтаж болады. Тізімнің соңындағылар түсіністікке мұқтаж болады. Басына таяулары түсіністікке және проблемасының шешіміне жауапкершілікті өздерінің мойындарына алу қажет екендігіне біртіндеп сенімділікке жақындай бастайды. Клиенттің проблемаларының шешіміне деген жауапкершілікті өздерінің мойындарына алса оларды қайтара шешетіні кеңес берудің жетекші принципі болып табылады. Ол проблеманың шешілетініне сенуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997 2.Гулина М.А. Основы индивидуального психологического консультирования. СПб., 2000 3.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985 4.Кошчо Й. Служба психологической консультации. Вопросы психологии.1984 5.Меновщиков В.Ю. Введение в психологическое консультирование. М.,2000 6.Обозов Н.Н. Психологическое консультирование.СПб.,2000. № 8дәріс. Психокоррекция Дәрістің мақсаты: Психокоррекциялық жұмысты ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерін түсіндіру. Жоспары: 1.Психокоррекцияны ұйымдастыру үшін психологиялық ақпараттың алу ерекшеліктері. 2.Психокоррекцияны ұйымдастыруға психологиялық ақпаратты қолданудың ерекшеліктері. 3.Практик психологтың жұмысындағы психологиялық коррекцияны ұйымдастырудың тиімділігі және мәселелері. Психокоррекция бұл психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті. Психокорреция – бұл психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсібір жағымсыз ауытқуларды мінез –құлықтық, эмоциялы, танымдық не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа да көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету. Психологиялық түзету бұл психологтың психикалық денсаулығы сау адамның кемшіліктерін түзетуде қолданылатын психологиялық әдістің жиынтығы (Р.С. Немов). Жеке тұлғаның дамуында ауытқуыбар балалармен жеткіншектерге психотерапияны қолдануға болмайды. Мұндай психологиялық көмек көрсету түрі арнайы психологияның, психопатологияның және педагогикалық коррекцияның дамуымен күшейді. Сірә, қалыпты даму және ауытқушылығы бар түзетулерді бөліп қарастыру қажет. Біріншісін психолог,ал екіншісін паотпсихолог, дефектолог, психоневролог, психиатр жүзеге асырады. Біз психологиялық түзету баланың жас ерекшелігінің және жеке қабілеттерінің, оның оптимальді моделіне, психологиялық дамуына сәйкес келмейтін ерекшеліктерін түзететін психолог әрекеті деп түсінеміз. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық түзету жұмыстары бала дамуындағы кемшіліктермен ауытқуларды түзету немесе алдын алуды шамалайтын психологиялық педагогикалық ықпал жасау жиынтығы. Ол бір бірімен тығыз байланысты екі формада жүзеге асады: жеке ауытқуларға бағытталған (симптоматикалық), және осы ауытқулардың пайда болуымен себептерінен хабардар болу (этимологиялық). Түзету жұмысын жүргізуші психолог мынандай схемамен жұмыс жүргізуі керек:не бар?, не болуы керек?, керекті нәрсе болу үшін не істеу керек?. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, психологиялық даму нормасын анықтап алу керек. Оның үш деңгейін талдап, жүргізу керек. (Г.С. Абрамова). Нейрофизиологиялық деңгейде зерттелушінің функциональді ми құрылымының негізінде қорытындысын жасайды. Жалпы психологиялық талдау деңгейі. Психиканың заңдылықтарамен механизімдері негізінде жұмыс істеу. Жас ерекшелік деңгейі.Алынған нәтижелерді жас ерекшелігіне сәйкес келуін дәлелдеп, айқындауға көмек көрсетеді. Шетелде психокоррекциялық мәселені екі түрлі жолмен шешеді: психодинамикалық және жүріс тұрыстық. Психология пәнінің парадигмасына байланысты сана және мінез құлық. Көрсетілген тәсілдер балалармен және жеткіншектермен жүргізілген психикалық түзету жұмыстарының әдістері, тактикасы, стратегиясы, мақсатымен байланысты. Жүйелілік принціпі онтогенездегі күрделі жүйелі психикалық дамудағы қажеттіліктерді есепке алу. Психологиялық түзету ауытқуды түзетуге арналған болғандықтан бала бойындағы қиындықтардың пайда болуын түсіндіруші әр түрлі модельдер бар: Биологиялық модель ауытқулардың пайда болуын ағзаның жетілу типінің төмендеуімен байланыстырады. Медициналық модель дамуында ауытқуы бар мәселелерді қарастырады. Педагогикалық модель қиындық себептерін әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар. Әлеуметтік психологиялық модель қиындықтың пайда болу себептерін баланың қарым қатнас жасайтын ортасынан деп түсіндіреді. Психологиялық модель өз жасына лайықты іс әрекет түрлерін орындай алмауына қарап бағдар жасап, себептерін іздейді. Психокоррекциялық жұмыста да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары қолданылады. Алайда, психологиялық консультация психокоррекциямен және психотерапиямен сырттай біліміне қоймасшекарамен өзгешеленеді де, тек шартты түрде бөлінеді. Психокоррекциялық және психотерапиялық әсерлер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтарымен қақтығыстарына негіз болатын терең, жеке бастық мәселелердішешуге бағытталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997 2. Весник образования.-М.,1995.№7. 3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995. 4 Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000 № 9 дәріс. Психотерапия Дәрістің мақсаты: Студенттерге психотерапия жайлы мағлұмат беру. Жоспары: 1.Психотерапия ұғымы.
Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 1391; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |