КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Алматы, 2014ж. 2 страница
ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ
ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ
2.Пән мазмұны 2.1.Дәрістік курс
2.2. Семинарлық сабақтар
2.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары
2.4. Студенттердің өзіндік жұмысы
3. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
3.1.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер 5. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. – Брест, 1993. 6. Айви А., Айви М.Б., Сайсег-Даунинг Л. Консультирование и психотерапия. Сочетание методов, теории и практики. М., 2000. 7. Алешина Ю.Б. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. М., МГУ, 1994. 8. Качунвс Р. Основы психологического консультирования. М., 1999. 9. Малкина-Пых И.Г. Справочник практического психолога, М.-2005. 10. Романенко-Бавокова Н.А. Основные напавления работы практического психолога. Учебное пособие, Алматы, 2006. 11. Хрестоматия по психологическому консультированию. Сосиавитель Сапарова И.А. Алматы, 2004.
Қосымша әдебиеттер 1. Айви А, Айви М.Б Саймек-Даунинг Л. Консультирования и психотерапия. Сочетания методов, теории и практики. М., 2000 2. Алешина Ю.Б. Индивидуальное и семейное психолгияческое консультирование. М. МГУ, 1994 3. Адлер а. Наука жить.Киев, 1997 4. Василюк Ф.Е. Психология переживания. М.,МГУ, 1991 5. Василюк Ф.Е. Уровни построения переживаний и методы психологическай помощи. //Вопросы психологии, 1988, № 57 6. Выготский Л.С. Исторический смысл психолгического кризиса. 7. Гринсон Р.Р Техника и практика психоанализа. Воронеж, 1994 8. Зейгарник Б.В. Теория личности Курта Левина. МГУ,1984 9. Качунас Р.Основы психологического консультирования. М,1999 10. Киппер Д. Психодрама. М.,1994 11. Никитин В.Н. Психология телесного сознания. М.,2000 12. Вачков И. Основы технолгии группового тренинга. Психотехники. М.,2000
3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
№1 дәріс. Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері. Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттеріне практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері туралы теориялық білім беру. Жоспары:. 1. Практикалық психология жөнінде қазіргі түсініктер 2. Практикалық психологияның мақсат-міндеттері даму тарихы. Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы практикалық психология деп аталады. Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы. Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық психологияны құрайды. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі. Сондай-ақ өмірмен шынайы қатынасу академиялық психологияда шешілмегендіктен практикалық психология көшіп, оның теориялық бөліміне құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша адамдардың қызметтегі және өмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті психологиялық көмек көрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы проблемалардың кешені практикалық психологияның пәнін құрайды. Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді. Қазргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді: Клиникалық психология (ең көне бағыт); Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру; Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,; Сот психологиялық эксперитиза; Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар. Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады. Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді. «Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді. Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді. Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады. Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір өнімдірек жұмыс істеп, оқуына көмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар өндірістегі, көліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесіндегі, әскери бөлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, еңбектенетін қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын практикалық психологиянық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты. Тәжірибелеуші психологтар кәсіби тұрғыда қоғамға арнайы қызметтерін ұсынады: балалардың мектепке даярлығын анықтау, бизнесті, соның ішінде маркетинг пен жарнаманы психологиялық қамтамасыз ету, адамдардың топтық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінде үйлесуін болжау. Олар саясаткерлер мен шаруа бастықтарына, дәрігерлер мен мұғалімдерге, милиция қызметкерлері мен архитекторларға, жол қозғалысын ұйымдастырушыларға және де шешім психологиялық факторлардың ескерілуін болжайтын әскери мәселелер бойынша ұсыныстар береді. Практикалық психология теориялық психологиядан да ерекшелінеді. Теориялық (академиялық) психология психика бөліміндегі заңдылықтармен ғылыми деректерді анықтаумен, адамның ішкі әлемі мен адамдардың өзара қатынастардағы «картаның» ақтаңдақтарды анықтап, оның орнын толтырумен айналсысады. Оның мақсаты – адам жайында заңды сенімді білім алу. Психология саласындағы теориялық білімдер ұзақ уақыт бойы ешкімге керексіз болып, мамандардың тек шектеулі шеңберін ғана қызықтыруы мүмкін. Олардың қатарына практикалық психолог жатады: ол теориялық психологиялық білімдерге ие болып, оларды нақты өмірлік ситуацияны зерттеуде сәйкес ықпалдардың жоспары мен процедурасын құрастыруда қолдануы тиіс. Жалпыланған ғылыми теория бұл психлогияға қарағанда сенімділігі тексерілетін практикалық психологтың ойлау тәсілі. Теорияда психологиялық көмек көрсетудің идеялары, ұйымдастырушы, өзекті ұстанымдары қамтылған. Сіз теорияны, әдістемелерді алып оларды тікелей клиентпен жұмыс барысында қолдансаңыз тәжірибені сөз етуге болады. Егер де сіздің әдістемелердің ауқымды қорыңыз әрі теория жайлы түсінігіңіз бар болса, сізді терапия мен кеңес берудің тәжірибесіне дайындығыңыз бар деп айтуға болады. Сондай-ақ практикалық психология тек тәжірибелі емес, оны теориялық-тәжірибелі деп атауға болар еді, себебі оның өзіне тән әдістемелік негізі бар, әрі ол дербес теориялық зерттеулерді жүргізуді қамтиды. Психологиялық қызмет бұл практиканың құралдарымен және әдістерімен адамдарға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің жүйесі. Бұл әрқилы әлеуметтік институттардың (өндіріс, медицина, білім беру, мәдениет, спорт, құқық қорғау органдары) іс-әрекетін психологиялық қамтамасыздандыру жүйесі. Дифференцияланудың екінші ішкі факторы негізінен қолданылатын әдістер мен міндеттермен байланысты. Осының негізінде психодиагностика, психотерапия, психологиялық түзету және кеңес беру ерекшеленеді. Кейде жас ерекшелік факторлардың қолданылуынан балалар (дұрысы мектептег) практикалық психология және геронтопсихология ерекшеленеді. Мектептегі психологияның басты міндеті бала тұлғасының дамуына ықпал етуде, оқыту және тәрбие процестерін психологиялық қамтамасыз етуде. Герантох егде тартқан адамның арнайы қиыншылықтарымен айналысады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. –М.,1997 2. Весник образования.-М.,1995.№7. 3. Немов Р.С. Психология.-М., 1995. 4. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования.-М.,2000
№2 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік. Дәрістің мақсаты: Студенттерге практик психологтың кәсіби іс- әрекетінің міндеттері мен түрлерін, әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуын түсіндіру. Жоспары: 1. Практик психологтардың кәсіби іс- әрекеттерінің міндеттері мен түрлері 2. Практик психологтардың іс-әрекеттеріне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы
Практикалық психологтың қызмет ететін аумағы бүкіл әлемді құрайды. Өйткені адамдар тіршілік ететін барлық жерлерде психологиялық қиындықтар туындайды. Бұл сфеараның шекарасы тұтастай адамдар қоғамын қамтығанда жеке дара алынған тұлғадан түрлі типтегі және көлемдегі топтарға дейін ұласады.
Дата добавления: 2014-12-17; Просмотров: 4028; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |