КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 1 страница. Өлшеулер табиғатты танудың маңызды жолдарының біреуі болып табылады
Дебиеттер тізімі 65
Өлшеулер табиғатты танудың маңызды жолдарының біреуі болып табылады. Олар бізді қызықтыратын объекттер және құбылыстар туралы сандық ақпаратты береді, тағы да табиғатта әрекет ететін заңдылықтарды тағайындау мүмкін болады. Өлшеусіз ғылым мен техниканың барлық салалары бар болуы мүмкін емес. Метрология жаратылыс ғылымдардың барлық облыстарының дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар кері жағдайды да белгілеуге болады: жаратылыс ғылымдардағы, техникадағы, технологиялар дамуындағы табыстар метрология прогресіне жағдай жасайды. Ғылым мен техниканың дамуымен өлшеу құралдары жетілдіруленеді, ал мұның мағынасы - өлшеулер дәлдігі көтеріленеді, олардың диапазоны кеңейеді, енді бұл, өз кезегі бойынша, технологиялар дамуына жағдай жасайды, өндіріс құралдарын жетілдіру, жаңа, өте дәл ғылыми білімдерін алу және т.б. Сонымен, метрология және басқа жаратылыс ғылымдар мен техника бір-бірімен байланысқан. «Метрология және өлшеу» пәнін оқытудың мақсаты жас маманға келешекте толығымен жетілуге, халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейде техникалық шешімдерді өз бетінше қабылдауға, сондай-ақ өлшеу каналдардың қосынды қателіктерін, өлшеу құралдарының қателіктерін есептеген кезде курстың практикалық негіздерін және әдістерін пайдалануды дағдылануға мүмкіндік беретін метрология және өлшеу саласында студенттерге аздаған білім беруге құрылған. «Метрология және өлшеу» пәнін базалық пәндер пакетінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2 курс студенттері оқиды. Біздің ойымызша, өлшеу техникасының құралдарын немесе түрлі жабдықтарын әзірлеу әрі қызмет көрсетумен байланысты техникалық кәсіптің болашақ мамандары (бакалаврлар, магистрлер) үшін осы пән материалдарын оқу міндетті болып табылады. «Метрология және өлшеу» пәнінің жұмыс бағдарламасына үлкен көлемді теориялық және практикалық материалдар кіреді. Бірақ аудиторлық сағаттардың шектеулігі қажетті ақпаратты толығымен баяндауға мүмкіндік бермейді, сондықтан материалдың көп бөлігін студенттер өзіндік жұмыс шеңберінде (СРСП) оқиды. Ұсынылатын дәрістер жинағы пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған және он екі тақырыпты құрайды. Ұсынылатын басылым тек қысқаша дәрістер жинағы болып табылатынына және мұнда барлық қажетті мәліметтер жоқтығына назар аударған жөн. Мәтіндегі негізгі анықтамалар жартылай майлы әріппен және курсивпен белгіленген. Дәрістер жинағының электрондық нұсқасын АЭжБУ электрондық кітаханасында (aipet.kz) табуға болады. Материалды ойдағыдай және жан-жақты меңгеру үшін басқа басылымдарды да пайдалануға болады. 1 дәріс. Метрология – өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі (МӨЖ) Дәрістің мазмұны: автоматтандыру бойынша бакалаврларды дайындаудағы «Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнінің рөлі және оның басқа пәндермен байланысы; өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету; заңнамалық, фундаменталдық және практикалық метрология; физикалық шамалар бірліктерінің халықаралық жүйесі.
Дәрістің мақсаты: өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, қазіргі метрология анықтамалары мен ұғымдарын, «Өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның негізгі баптарын оқып білу. Қазақстан нарық экономикасына енді. Әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқықты қатысушысы болу үшін әлемдік жетістіктер мен беталыстарын ескере отырып, ұлттық экономиканы жетілдіру керек. Өркениетті экономикалық өндірісте Қазақстанның бірігуіне не кедергі жасайды? Ол: 1) Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйесінің артта қалуы; 2) тек өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету; 3) КСРО жоспарлық шаруашылығының қалдығы; 4) тек сыртқы нарықта ғана емес, ішкі нарықта да қазіргі бәсекелестік жағдайының отандық кәсіпорындардың қиыншылығы. Отандық өндірісін шет елдік тәжірибеге механикалық ауыстыру мүмкін еместігіне байланысты біздің мамандар оны білу керек және қажетті деңгейде елімізде немесе шет елде өнімін, қызметін іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа прогрессивті шешімдерді өндіріп, қабылдауға шығармашылық жағынан келу үшін ой өрісі кең болу керек. Ол үшін тек өндірістік саладағы мамандар ғана емес, менеджерлер, маркетологтар, өнімді іске асыратын мамандардың да метрология, стандарттау және серификаттау саласында білімдері өте маңызды болады. Сол білімдері бәсекелеске қабілетті өнімдерді құрған кезде стандарттау және сертификаттау мүмкіндіктері мен артықшылықтарын пайдалану үшін, өндірісте ғылым мен техника жетістіктерін енгізу үшін маңызды болады. Қазіргі мамандарға метрология, стандарттау және сертификаттау бойынша білімінің қажеттілігі мамандықтың оқу жоспарына осы пәнді енгізу арқылы дәлелденеді. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері оқитын басқа пәндердің арасында осы пәннің орнын анықтау үшін А қосымшасында келтірілген технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (ТП БАЖ) құрылымдық сұлбасын, олардың жеке блоктарын түрлі пәндермен оқыту жағынан қарастырайық. Технологиялық процестің әр учаскесі бола алатын автоматтандыру объектісіне (АО) шикі зат, реагенттер жіберіледі, сондай-ақ түрлі сыртқы әсерлер (СӘ) әсер етеді, мысалы, қоршаған ортаның температурасы, діріл, қысым, тағы басқалар. АО шығысында өндірістің түрлі өнімдерін алады. Автоматтандыру процесін құру үшін өлшеу құралдары – бергіштер (Б) және екінші реттік аспап (ЕА) арқылы АО туралы өлшеу ақпаратын алады. Қазіргі өндірістер технологиялық аппараттардың күрделігімен және қуатымен, өлшеуге қажетті түрлі параметрлердің көптеген санымен сипатталады. Күрделілігі және түрлі әрекет ету қағидалары бойынша өлшеуіш құрылғылар, қондырғылар, жүйелер деп аталатын арнайы техникалық құралдар арқылы өлшемдер жүзеге асырылады және өлшеу техникасына жатады. Осы өлшеу техникасын, олардың жіктелуін, метрологиялық сипаттамалар мен түрлі қасиеттерін оқытуға метрология тарауы арналды. Технологиялық процестер мен объектілердің, АЦТ, ЦАТ, орындаушы механизмдердің (ОМ) автоматты реттеуіштерінің (АР) математикалық модельдерін әзірлеу үшін ЭЕМ программалауды оқу студенттерге информатика, математикалық модельдеу (ММ), автоматика элементтері мен құралдары, микропроцессорлар мен микропроцессорлық жүйелер, технологиялық процестерді автоматтандыру және басқа пәндерде кездеседі. Метрология – МӨЖ ғылыми негізі. Метрология – өлшеулер, олардың бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. «Метро» - өлшем (греч.), «логос» - үйрету (греч.). Қазіргі метрологияның үш түрі болады: а) заңнамалық метрология; б) фундаменталдық (ғылыми) метрология; в) тәжірибелік (қолданбалы) метрология. Заңнамалық метрология – өзара байланысқан және өзара шартталған жалпы ережелердің жиынтықтары, сондай-ақ мемлекет жағынан өлшеулер бірлігі мен өлшеу құралдарының бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған, тәртіпке келтіруді, бақылауды қажетсінетін және басқа да мәселелері кіретін метрология тарауы. Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрология қызметі (ММҚ) және мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдармен, заңнамалық ережелермен метрологиялық әрекетті мемлекеттік реттейтін тәсіл ретінде қызмет атқарады. Заңнамалық метрология саласына өлшеу құралдарының (ӨҚ) түрін сынау және бекіту, МӨЖ метрологиялық бақылау және қадағалау, сондай-ақ өлшеу бірлігін нақты қамтамасыз ету бойынша шаралар жатады. Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Бұл мәселе негіз болатын екі шарттарды сақтаған кезде шешіледі: - заңдандырылған бірегей бірліктерде өлшеу нәтижелерін көрсету; - өлшеулер мен шектеулер нәтижелерінің жіберілетін қателерін берілген ықтималдықтан аспайтындай бекіту. Өлшеу бірлігі – өлшеу жағдайы, сондай-ақ олардың нәтижелері заңдандырылған бірліктердегі көрінісі, ал қателері берілген ықтималдықпен белгілі және бекітілген шектерден аспайды. Өлшеу бірлігі әртүрлі орында және түрлі уақытта әртүрлі өлшеу құрылғыларымен орындалатын өлшемдердің нәтижелерін салыстыруға қажет және де өлшеу бірлігін сақтау қалай еліміздің ішінде қарым-қатынаста маңызды болса, солай елдер арасында өзара қарым-қатынаста маңызды болып табылады. 1993 жылы «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды. 1993 жылға дейін метрология саласындағы құқықтық нормалар өкімет қаулысымен бекітілген. «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы – метрологиялық әрекеттің терминологиясынан лицензиялауға дейін талай жаңа енгізулерді бекітті. Заңның негізгі баптары белгілейді: а) мемлекеттік басқармасын өлшеу бірлігімен қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық құрылымын; б) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды; в) шамалар бірлігі мен шамалар бірлігінің мемлекеттік үлгілерін; г) өлшеу құралдары мен әдістерін. Фундаменталдық және тәжірибелік метрология көне дәуірде пайда болған. Ежелгі Ресейде өлшем жүйесінің негізі Көне Греция мен Римде өзара байланысқан көне египеттік өлшеулер бірліктері болған. Бірліктер атауы мен олардың мөлшері арнайы құрылғыға келмей тұрып, «қолмен» өлшеу тәсілімен сәйкесті жүзеге асырылған. Сөйтіп, әртүрлі уақытта Ресейде ұзындық бірлігі: - шынтақ (қол шынтағы қайырылғаннан бастап ортаңғы саусағы аяқталғанға дейін); - қарыс (үлкен адамның үлкен сұқ саусағы арасындағы ара қашықтық); - аршын, кез (оның пайда болуы қарыстың жойылуын еліктірді – ¼ кез); - сажын (орыс өлшемі = 3 шынтақтан = 152 см); - кере құлаш = 248 см. Петр 1 Жарғысымен ұзындық өлшемін орыстар ағылшындармен келісімге келді: - дюйм («саусақ» = 2,54 см); - ағылшын футы = 12 дюйм = 30,48 см. Алғашқы метрлік өлшем жүйесі 1840 жылы Францияда енгізілді. Оның маңыздылығын Д.И. Менделеев «халықтың келешекте үміт еткен жақындасуы» ретінде көңіл аударған. Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшемдер бірлігі талап етілді, ол фундаменталдық және қолданбалы метрологияның дамуына себеп болды. Алғашқы өлшем бірлігінің прототипін макрообъектілерді және олардың қозғалысын зерттей отырып, табиғаттан іздеген. Сөйтіп, секунда – Жердің өз осін айналатын кезеңінің бір бөлігі. Ізденістер атомдық және атом ішілік деңгейге біртіндеп ауысты. Енді секунд – сыртқы өрістер жағынан ауытқу жоқ болған кезде Цезий-133 атомының негізгі күйінің аса жұқа құрылымының екі деңгейі арасында өтетін сәйкесті сәуле шығару 9192631770 периодтар ұзақтығы. Сөйтіп, метрология ғылым ретінде динамикалық дамып отыр. Фундаменталдық метрологияның келешектік дамуын ФШ қабылданған бірлігі табиғи пайда болғаны туралы ұғымды беретін физикалық шамалар бірліктерінің халықаралық жүйесінде (СИ жүйесінде) қабылданған физикалық бірлігін анықтағанын растайды. Физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі – бұл физикалық шамалардың негізгі және туынды бірліктер жиынтығы. 1954 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша Генералдық конференция (ӨСГК) халықаралық қатынастарда қолдану үшін алты ФШ анықтады: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы, шам. 1960 жылы ХI ӨСГК физикалық шамалар бірліктерінің халықаралық жүйесін (СИ жүйесін) бекітті. Оны барлық ірі метрология бойынша халықаралық ұйымдар қабылдады. КСРО бұл жүйені 1963 жылы қабылдады. СИ жүйесіндегі негізгі физикалық шамалар: а) ұзындық бірлігі – метр – жарық вакуумда 1/299792458 секунд бөлшегінде өтетін жол ұзындығы; б) салмақ бірлігі – килограмм – килограммның халықаралық прототипінің массасына тең масса; в) уақыт бірлігі – секунд – (анықтамасы №1 дәрісте жоғарырақ келтірілген); г) электрлік ток күші бірлігі – ампер – айнымас тоқтың күші, ол бір - бірінен 1 м аралығында вакуумда орналасқан және сымның айналмалы қимасы соншалық кіші болса, екі параллель шексіз ұзындығы бар өткізгіштіктерден өткен кезде, сол өткізгіштіктердің әрбір метр ұзындықта Н күші пайда болуы керек; д) термодинамикалық температура бірлігі – Кельвин градусы – судың үштік нүкте термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі (Цельсий шкаласын пайдалануы мүмкін); е) зат мөлшері бірлігі – моль – жүйенің зат мөлшері, ол жүйенің құрылымдық элементтері болғаны сонша, қанша атомдар массасы 0,012 кг көміртегі 12 нуклидинде; ж) жарық күші бірлігі – кандела – көздің берілген бағытта жарық күші, ол көздің монохроматикалық сәуле шығару жиілігі Гц, осы бағыттағы энергетикалық күші 1/683 Вт/ . Стерадиан - - денелік бұрышын өлшеу бірлігі. Бұл тақырып бойынша қосымша ақпаратты келесі әдебиеттен алуға болады [1-6].
№2 дәріс. Өлшеудің негізгі түрлері және әдістері Дәрістің мазмұны: өлшеулер туралы негізгі мәліметтер; өлшеулердің негізгі теңдеуі; өлшеулер классификациясы; өлшеу әдістерінің классификациясы.
Дәрістің мақсаты: өлшеулердің анықтамаларын және түсініктерін оқу, өлшеулердің әртүрлі түрлері және әдістері.
Өлшеу -өлшенетін шаманың және оның салыстыру бірлігі болып алынған кейбір мәні арасындағы тәжірибелік жолымен табылатын сандық арақатынасын алу процесі. Өлшенетін шаманың өлшеу бірлігіне қатынасын мәнерлейтін сан өлшенетін шаманың сандық мәні деп аталады. Ол бүтін немесе бөлшек болуы мүмкін, бірақ дерексіз сан болады. Өлшеу бірлігі болып алынатын шаманың мәні сол бірліктің өлшемі деп аталады. Онда өлшеудің негізгі теңдеуін келесі түрде жазуға болады
, (2.1) мұндағы өлшенетін шама; өлшенетін шаманың сандық мәні; өлшеу бірлігі. мәні таңдалған өлшеу бірлігінің өлшеміне байланысты. Мысалы, Х=1 м = 100 см = 10 дм. Әртүрлі өлшеудің нәтижесі аталған сан болып табылады. Өлшеулер әдетте өлшеу объектінде жасалынады. Өлшеу объекті (ӨО) – бұл физикалық шама. Физикалық шама (ФШ) - физикалық объектінің (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі, ол сапа жағынан көптеген физикалық объекттеріне ортақ, ал мөлшер жағынан әрқайсысына (физикалық шамалардың, мысалы, температура, меншікті салмақ, тығыздық, ұзындық және т.б.) жекеленген болып табылады. Физикалық шама өлшемі – «физикалық шама» ұғымына сәйкес келетін қасиеттің осы объектіндегі мөлшерлік мағынасы. Физикалық шама бірлігінің өлшемі, жалпы айтқанда,әрбіреу болуы мүмкін. Бірақ өлшеулер жалпы қабылданған бірліктерде жасалу керек (1 дәріс Халықаралық жүйе СИ). Өлшеу үшін таңдалған физикалық шаманы өлшенетін шама деп атайды. Өлшеу құралы (ӨҚ) – өлшеу кезінде қолданатын және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал (2.1 суретті қара).
2.1 сурет - Өлшеу процесінің сұлбасы
Әсер етуші физикалық шама (ӘФШ) – берілген ӨҚ-мен өлшенбейтін, бірақ осы құралдың өлшеу нәтижесіне әсер етуші физикалық шама (қоршаған орта температурасы, ауа ылғалдылығы, электромагниттік өріс, вибрациялар және т. б.) Өлшеу нәтижесі – бұл өлшеу арқылы табылған физикалық шаманың мәні. ФШ бөлінеді: а) физикалық шаманың шындық мәні – сапалық және мөлшерлік жағынан объекттің сәйкес қасиетін шынайы бейнелейтін физикалық шаманың мәні. Философия тұрғысында шындық мәні әрдайым белгісіз. Өлшеулерді жетілдіру физикалық шаманың шындық мәніне жақындауға мүмкіндік береді; б) физикалық шаманың нағыз мәні – эксперименталды жолымен табылған және нағыз мәніне сонша жақын болғанынан – берілген мақсат үшін оның орнына қолдануға болады, тәжиребелік жолымен және үлгілі өлшеу құралымен анықталады. Жасалған немесе жасайтын өлшеу жөнінде елес құрастыру үшін оның негізгі сипаттамаларын (өлшеу принципін, өлшеу әдісін және өлшеу қателігін, кейде дәлдігін) білу қажет. Өлшеу принципі – өлшеудің негізі болатын физикалық құбылыстардың жинағы. Өлшеу әдісі – өлшеу құралдарын және принциптерін қолдану тәсілдерінің жинағы. ӨҚ жасалу кемелсіздігі, олардың дәл бөліктенген шкаласының дәлсіздігі, ӨФШ әсері, адамның субъектівтік қателігі және бірқатар басқа факторлар өлшеу қателігінің себептері болып табылады. Өлшеу қателігі – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың нағыз (шындық) мәнінен ауытқуы
. (2.2)
Өлшеу дәлдігі өлшеу қателігінің нөлге жақындаған деңгейін немесе өлшеу кезіндегі алынған мәннің өлшенетін шаманың шындық мәніне жақындығын сипаттайды.
Дәлдік мөлшерін былай жазуға болады
. (2.3)
Қателікті және дәлдікті анықтаған кезде физикалық шаманың шындық мәнінің орнына оның нағыз мәнін қолдануға болады. Өлшеу классификациясы Б қосымшасында келтірілген (Б.1 суретті қара). Бесінші классификациялық белгісі бойынша, өлшеу нәтижесін алу тәсілі бойынша келесі өлшеу түрлерін ажыратады. Тура өлшеулер - өлшеу кезінде шаманың ізделген мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден табылады У = Х, мұндағы: У – ізделген мәні, Х – тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынған мәні. Бұл өлшеулер орнатылған бірліктерде дәл бөліктенген аспаптар көмегімен жасалынады. Мысалы: токты амперметрмен, температураны термометрмен өлшеу. Жанама өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде шаманың ізделген мәнін табу сол шаманың және тура өлшеулерге жататын шамалар арасындағы белгілі тәуелділікке негізделген
У = f (х1, х2,.., хm),
мұнда хm – тура өлшеулер барысында анықталады. Мысалы: тығыздық – дененің массасы және көлемі арқылы, кедергі – кернеу және ток арқылы анықталады. Біріккен (бірлесе) өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде әртүрлі аталған шамалардың ізделген мәндері сол шамалардың ізделген мәндерінің тікелей өлшенген шамаларымен байланысатын теңдеулер жүйесін шешу жолымен анықталады. Келесі теңдеулер жүйесін шешу жолымен
F1 (Y1, Y2,..,X11, X21,.., Xm1) = 0; F2 (Y1, Y2,..,X12, X22,.., Xm2) = 0; - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - Fm (Y1, Y2,..,X1m, X2m,.., Xmm) = 0.
Y1, Y2, Y3 – ізделген шамалар, Х1, Х2, Х3 – тікелей өлшеулер.
Өлшеулер тағайындалуына және оларға қойылатын дәлдікке байланысты екі түрге бөлінеді – зертханалық (дәлдік) және техникалық. Зертханалық (дәлдік) өлшеулер – дәлдігі жоғарылатылған өлшеу құралдар көмегімен және бірнеше рет қайта жасалынатын өлшеулер. Техникалық өлшеулер – сәйкес келетін бірліктерде дәл бөліктенген жұмыстық (техникалық) өлшеу құралдар көмегімен бір реттік жасалынатын өлшеулер. Жылутехникалық өлшеулер жасалған кезде Б қосымшасында (Б.2 суретті қара) келтірілген классификациядағы өлшеу әдістері жиі қолданылады.
Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1477; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |