Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Р Президентiн сайлау. 3 страница




. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасы бойынша, Палаталар Төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысы бойынша Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын шақыра алады. Бұл жағдайда Республика Президенті өз жарлығымен Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын шақырады, отырыс соның негізінде Президент белгілеген мерзім мен тәртіп бойынша өткізіледі.

Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырысын шақыру туралы өзара бастама көтерген кезде Палаталардың Төрағалары Президентке тиісінше жазбаша ұсыныс енгізеді.

Парламент депутаттары жалпы санының үштен бірінің бастамасы бойынша Президентке тиісінше жазбаша ұсыныс енгізіледі, онда Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырысын өткізу үшін себеп болған мәселе ашып көрсетіледі.

Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырыстарында оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.

Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын Республика Президенті, ал ол болмаған жағдайда Мәжіліс Төрағасы ашады.

 

60. Парламенттi тарату негiздерi, тәртiбi.

Парламенттi тарату негiздерi, тәртiбi. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттілігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.

Конституция Президенттің Парламентті тарата алатын мынадай жағдайларын қарастырған:

1)Егер Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірсе, бұл Парламенттің сенімсіздік білдіруінің кез келген жағдайында Президент Үкіметті таратып жібереді деген сөз емес. Екіншіден, Конституцияда Президент Парламентті таратуға міндетті деп емес, тарата алады деп жазылған. Конституция: Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Парламентті таратып жібере ме, жоқ па, бұл мәселені шешу құқығын тек Президенттің өзі ғана берген. Егер, Президент Үкіметке сенімсіздік білдіру үшін Парламенттің келтірген себептері бұлтартпайтындай болмай, Парламенттің әрекеті саяси жағдайды тұрақсыздандыруға әсер етеді деп шешсе, онда Президенттің Парламентті таратып та жіберуі мүмкін.

2)Парламент Премьер-министрді тағайындауға келісім беруден екі қайтара бас тартса Президент Парламентті тарата алады. Премьер-министр мемлекеттің жоғары атқарушы билігін басқарады, сондықтан бұл лауазымның жауапкершілігі айтарлықтай жоғары. Премьер – министрдің орны мен маңызын ескере келе, Президент мұндай лауазымға жоғары басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілетімен танылған, мемлекеттік деңгейде ойлай алатын, мемлекеттік басқару жүйесін іс жүзінде жақсы білетін қайраткерді іріктейді. Президент таңдауының дұрыстығына көз жеткізу үшін Парламентке келісім беру құқығын береді. Үкімет басшысы қызметіне кандидатура Парламенттің жұмыс органдарында мұқият қаралады. Премьер-министрлікке кандидаттың өмірбаянына Парламент Президентке белгісіз болған мән жағдайды анықтауы мүмкін. Президент ұсынған кандидатураның бірінші ретте қабылданбай қалуы кездесетін жайт. Президент нақ сол кандидатураны немесе басқасын ұсына алады. Егер Парламент екінші рет келісімін бермесе, Президент Парламентті таратуы да, таратпауы да мүмкін. Ол – Президенттің құқығы.

3)Парламент Палаталары арасында немесе Парламент пен басқа билік тармақтары арасында көзқарас қайшылығына байланысты саяси дағдарыс болған жағдайда Президент парламентті таратып жібере алады.

Бұрын айтылғандай Парламент Палаталары өзара тығыз байланысты болады. Палаталар арасындағы қайшылық,Кон-ң 57-бабында көзделген өкілеттіктен басқа өкілеттіктің барлығын жүзеге асыру кезінде тууы мүмкін. Алайда Палаталар арасында қайшылықтар тууы Парламентті тарату үшін негіз болып табылмайды, өйткені олар тұрақты туып тұруы мүмкін. Парламентті тарату үшін Палаталар арасындағы қайшылық еңсерілмейтіндей және саяси дағдарысқа әкеліп соқтыратындай болуы керек.

 

61. Парламент депутаттарының мәртебесi.

Парламент депутаттарының мәртебесi. 1. Парламент депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: “Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен атқаруға ант етемін”. Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі, Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.

2. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

3. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

4. Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының өкілеттігі оның шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

5. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі осы таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

1. Депутат Парламент сессиясында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

 

62. Парламент депутаттарының құқықтары мен мiндеттерi.

Парламент депутаттарының құқықтары мен мiндеттерi. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады. 1. Депутат Парламент сессиясында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

2. Парламент депутаты:

1) Парламент пен оның Палаталарының үйлестiрушi және жұмыс органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

2) сессияның күн тәртiбi,

және бөлек отырыстарында қарау үшiн ұсынылатын мәселелер бойынша Палаталар Бюросына ұсыныстар енгiзуге, ал оның ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Палаталардың пленарлық отырыстарының қарауына енгiзуге;

5) Парламент пен оның Палаталары органдарының отырыстарында қарау үшiн мәселелер ұсынуға;

6) Парламент Палаталарына есептi лауазымды тұлғалардың есебiн немесе хабарламасын Парламент сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;

7) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сұрау салуға;

8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырысқа төрағалық етушiге сауалдар беруге;

9) дауысқа салу себептерi бойынша өзiнiң ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтама беруге;

10) Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың, басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер енгiзуге;

11) Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар үндеулерiмен таныстыруға;

12) Парламент отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларындағы депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;

13) осы Конституциялық заңға, Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiне сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға хақылы

1. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленген әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерде өзге, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

2. Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға немесе сот тәртiбiмен белгiленген әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу үшiн Бас Прокурор Сенатқа не Мәжiлiске ұсыныс енгiзедi, оны Палаталар тиiстi Палатаның отырысында қарауға әзiрлеу үшiн Орталық сайлау комиссиясына жiбередi. Ұсыныс депутатқа айып тағудың, оны қамауға алуға санкция берудiң немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сотқа жiберудiң алдында енгiзiледi. Бас Прокурордың ұсынысы мен Орталық сайлау комиссиясының тұжырымы олар келiп түскен күннен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады және Палата тиiстi лауазымды тұлғалар мен органдардың қосымша ақпарат тапсыруын талап етуге хақылы. Палата дәлелдi шешiм қабылдап, оны Республиканың Бас Прокурорына және анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын Республика мемлекеттiк органының басшысына үш күн мерзiм iшiнде жiбередi. Депутат өзiне ешкiмнiң тиiспеу құқығы туралы мәселенi Палата қараған кезде қатысуға хақылы.

3. Депутатқа қатысты қылмыстық iстi анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын Республика мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғай алады және ол iс жүргiзу аяқталысымен қадағалауды жүзеге асыру үшiн Бас Прокурорға тапсырылуға тиiс.

4. Орталық сайлау комиссиясы iс бойынша шешiм қабылдаған тиiстi соттан iстi қарау нәтижелерi туралы ақпаратты сұратып алады және айыптау үкiмi шығарылған жағдайда тиiстi Палатаға депутаттық мандаттан айыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi.

 

63. Мәжiлiс депутаттарын сайлау.

Мәжiлiс депутаттарын сайлау.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау партиялық тізімдер бойынша жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Қазақстан Республикасы конституциясының 33-бабының 2- және 2-тармақтарына, 51-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – сайлау туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрған, жасы жиырма беске толған адам Парламент Мәжiлiсінің депутаты бола алады.
Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат бола алмайды (сайлау туралы заңның 4-б.).
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы - белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея кеңесіне тиесілі.
Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге Ортсайлаукомға ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

Кім Мәжіліс депутаты бола алады және кандидаттарды ұсыну қалай жүреді?

Республика аумағында соңғы 10 жыл тұрақты тұратын, жасы жиырма беске толған, Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы Парламент Мәжілісінің депутаты бола алады.

Сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгілеген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат бола алмайды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы – белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея Кеңесіне тиесілі.

Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгізу саяси партияның жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Саяси партияның жоғарғы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі азаматтың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан он бес күн бұрын басталып, оған он күн қалғанда аяқталады.

 

64. Партиялық тiзiмдер негiзiнде Мәжiлiс депутаттарын сайлау.

Партиялық тiзiмдер негiзiнде Мәжiлiс депутаттарын сайлау. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - 77 депутаттан тұрады. 67 депутат республиканың әкiмш.-аумақтық бөлiнiсiн ескерiп жасақталатын және сайлаушылар саны шамамен бiрдей болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. 10 депутат тең дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланады.

Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы 25-ке толған азаматы Мәжiлiс депутаты бола алады. Респ. және жергiлiктi бiрлестiктер арқылы, сондай-ақ, өзiн өзi ұсыну жолымен азаматтар Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы.

Мәжiлiстiң ерекше құзырына мыналар жатады: тиiстi заң жобаларын қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттiң қарсылығы бойынша ұсыныстар әзiрлеу; Орт. сайлау комиссиясы төрағасын, төраға орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерiн сайлау және босату; Президенттiң кезектi сайлауын жариялау және оның кезектен тыс сайлауын өткiзудi тағайындау; әдiлет бiлiктiлiк алқасының құрамына 2 депутат ұсыну; ҚР Президентiне қарсы мемл. опасыздық жасады деген айып тағу, т.б. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады. Бiр мандатты аумақтық сайлау округi бойынша тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың немесе таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi аталған дауыс санын ала алмаған жағдайда, қайтадан дауыс беру жүргiзiледi, оған неғұрлым көбiрек дауыс санын алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың немесе таңдаушылардың неғұрлым көбiрек дауыс санын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Мәжiлiске сайлаудың қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды партиялық тiзiмдер негiзiнде бөлуге дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде жетi процентiнiң даусын алған саяси партиялар жiберiледi. Егер дауыс беруге таңдаушылардың елу процентiнен астамы қатысса, Сенатқа сайлау өткiзiлдi деп есептеледi. Республика Парламентi депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңда айқындалады

 

65. Сенат депутаттарын сайлау. Жетi депутатты тағайындау.

Сенат депутаттарын сайлау. Жетi депутатты тағайындау. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Конституциялық заңдар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.Заңдар, Сенаттың қаулылары және өзге де актілері, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.Конституциялық заңның және заңның жобаларын тұтастай қабылдамауды Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады. Рәсімдік мәселелер бойынша Сенаттың шешімдері отырысқа қатысып отырған депутаттар көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады, жеке қаулы қабылданбай, хаттама арқылы отырыстардың стенограммасында жазылады. Рәсімдік мәселелер: үзіліс, отырысты кейінге қалдыру туралы, отырысты жүргізу тәртібі туралы, мәселелерді талқылаудың кезектілігі туралы, жарыссөзді тоқтату туралы, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту туралы, дауыс беру тәсілі туралы, кворумға көз жеткізу және дауыстарды қайта санау туралы, бұрын қабылданған шешімдерге қайта оралу және (немесе) қаралып отырған заң жобалары бойынша қайтадан дауыс беруді өткізу туралы мәселелер. Дауыс беру басталар алдында төрағалық етуші дауысқа қойылған ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың тұжырымдамаларын нақтылайды, депутаттардың қайсысы өз түзетуін алып тастайтынын анықтайды, қандай көпшілік дауыспен (депутаттардың жалпы санының, қатысып отырғандары санының жай көпшілік даусымен, басым көпшілік даусымен) шешім қабылдануы мүмкін екендігін еске салады.Депутат бір дауысқа ие болады және ұсынысты жақтап, оған қарсы дауыс береді не дауыс беруден қалыс қалады. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші дауыс беру нәтижелерін хабарлайды.Сенат өз шешімдерін дауыс беру арқылы қабылдайды. Оны өткізу үшін Сенатта дауыс берудің электрондық жүйесі пайдаланылады.Дауыс беруді өткізу үшін Палата дауыс берудің басқа тәсілдерін қолдануы мүмкін. Бұл орайда Сенат дауыстарды санау үшін Санақ комиссиясын құруға құқылы.Дауыс беру кезінде болмаған Сенат депутатының өз даусын дауыс беру аяқталғаннан кейін не белгілі бір мәселе бойынша дауыс беру үшін Сенат қабылдағаннан өзгеше тәсілмен беруге құқығы жоқ.Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған жағдайда төрағалық етуші кворумды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда төрағалық етуші дауыс беруді келесі отырысқа ауыстырады. Мәселелерді қарау кезінде, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданған Сенаттың шешімі бойынша жасырын дауыс беру қолданылуы мүмкін.Жасырын дауыс беру бюллетеньдер пайдалану арқылы өткізіледі. Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін анықтау үшін Сенат депутаттар арасынан Санақ комиссиясын сайлайды. Кандидатуралары сайланатын органдардың құрамына немесе лауазымды адамдардың қызметіне ұсынылған депутаттар Санақ коммиссиясына кіре алмайды. Санақ комиссиясын құру туралы Сенат қаулы қабылдайды.Санақ комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды. Санақ комиссиясының шешімдері комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің даусы тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші дауыс болады.Дауыс беру бюллетеньдері Санақ комиссиясының бақылауымен ол белгілеген нысанда және мөлшерде әзірленеді. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерде дауыс беру үшін қажетті ақпарат болуға тиіс.Дауыс берілетін уақыт пен орынды, оны өткізу тәртібін Санақ комиссиясы белгілейді және оны Санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды. Сенат қарап отырған мәселе бойынша дауыс беру үшін әрбір депутатқа бір бюллетень беріледі. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді депутаттарға Санақ комиссиясының мүшелері Сенат депутаттарының тізіміне сәйкес олар депутаттық куәліктерін көрсеткеннен кейін береді.Депутат бюллетеньдерді жасырын дауыс беруге арналған кабинада өзі қарсы дауыс беретін кандидаттың бюллетеньдегі тегін сызып тастау арқылы, ал шешім жобасы жөніндегі бюллетеньде «жақтап» не «қарсы» деген сөзді сызып тастау арқылы толтырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1223; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.