Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Р Президентiн сайлау. 2 страница




Сенат депутаттарының тектерін көрсете отырып, заң жобасы бастамашысының ұсынуы;

енгізу қажеттігі, соның ішінде заң жобасы қабылданған жағдайда болуы ықтимал болжамдар негізделген түсіндірме жазба хат;

қаржылық-экономикалық негіздеме, кірістердің қысқартылуын немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғайтылуын талап ететін заң жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізіледі;

 

53. Палаталар дербес шешетiн мәселелер.

Палаталар дербес шешетiн мәселелер. Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi;
3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi;
5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;
8) өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.

 

54. Заң шығару процесiнiң кезеңдерi.

Заң шығару процесiнiң кезеңдерi. Республика Парламентiнiң заң актiлерi жобаларын қарауының кезектiлiгi мен мерзiмiн белгiлеу

1. Заңдар мен Парламенттiң өзге актiлерiнiң жобаларын қараудың кезегiн Парламент, оның Палаталары, сондай-ақ Конституцияда белгiленген реттерде Республика Президентi белгiлейдi.

2. Республика Президентi Парламентке арнаулы жолдауы арқылы:

1) заң жобаларының қаралу басымдығын белгiлеуге;

2) Заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламенттiң осы жобаны енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауы қажет екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаған ретте Республика Президентi Парламент Конституция мен заңдарда белгiленген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылатын Заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы.

Парламенттiң заңдар қабылдау жөнiндегi құзыретi

1. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтық субъектiлiгiне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне;

2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;

3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне;

4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;

5) республикалық бюджетке;

6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiнде;

7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға;

8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге;

9) айналадағы ортаны қорғауға;

10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына;

11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.

2. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi.

17-бап. Республика Парламентiнiң заң актiлерi жобаларын қарауының кезектiлiгi мен мерзiмiн белгiлеу

1. Заңдар мен Парламенттiң өзге актiлерiнiң жобаларын қараудың кезегiн Парламент, оның Палаталары, сондай-ақ Конституцияда белгiленген реттерде Республика Президентi белгiлейдi.

2. Республика Президентi Парламентке арнаулы жолдауы арқылы:

1) заң жобаларының қаралу басымдығын белгiлеуге;

2) Заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламенттiң осы жобаны енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауы қажет екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаған ретте Республика Президентi Парламент Конституция мен заңдарда белгiленген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылатын Заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы.

18-бап. Заңдарды қабылдау

1. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылау және дауысқа салу үшiн берiледi. Сенат қайта қабылдамаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.

2. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданады деп саналады. Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.

2-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады. Қабылданбаған Конституциялық заң жобасы оның бастамашысына қайтарылады.

Сенат депутаттарының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.

 

55. Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы.

Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
2. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады Заң шығару бастамашысы болуға құқылы субъектінің Парламент міндетті түрде қарайтын заңның немесе Парламенттің өзге де заңнамалық актісінің жобасы мәтінін ресми түрде енгізуі заң шығару бастамасы болып табылады.Заң шығару бастамасы құқығын Сенат депутаттары Мәжіліске заң жобалары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін өзгерту, толықтыру немесе олардың күшін жою туралы жобаларды енгізу нысанында жүзеге асырады.Заң шығару бастамасы құқығы жоқ адамдар ұсынатын заң жобаларын Мәжіліске заң шығару бастамасы құқығы бар субъект, Сенат депутаты енгізуі мүмкін. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектiнiң Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi заң шығару бастамашылығы болып табылады.

2. Заң шығару бастамашылығы құқығы тек Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылады және ол:

1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін арнайы жолдаумен ресімдейтін Республика Президентіне;

1-1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін тиісті ұсынумен ресімдейтін Парламент депутаттарына;

2) заң құжатының жобасын Мәжiлiске енгiзу туралы шешiмiн Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылдайтын Республика Үкiметiне берiледi.

3. Республика Президенті, депутаттар және Үкiмет енгiзген заң актiлерiнiң жобалары Мәжiлiс қаулысымен Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитеттерiне қарауға жiберiледi әрi бұлар жөнiнде Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң тұжырымдары болған ретте ғана оның пленарлық отырысында қаралуы мүмкiн.

4. Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты арттыруды көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң тұжырымы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

5. Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртiбiне байланысты өзге мәселелердi Мәжiлiс Регламентi шешедi.

56. Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi.

Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi.. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылау және дауысқа салу үшiн берiледi. Сенат қайта қабылдамаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.

2. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданады деп саналады. Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.

2-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады. Қабылданбаған Конституциялық заң жобасы оның бастамашысына қайтарылады.Сенат депутаттарының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі. Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты П ремьер-министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағат өтпейiнше өткiзiлмейдi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Алайды Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.

 

57. Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.

Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.
Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Конституциялық заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

33-тармақ. Конституциялық заңның, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобасы түскен кезде Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда Парламенттің Қаулысымен заң жобасын қарау мерзімдері белгіленеді, содан кейін ол жұмыс істеу үшін Парламенттің Сенаты мен Мәжілісіне жіберіледі.

34-тармақ. Конституциялық заңдардың, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.

35-тармақ. Заң жобасымен жұмыс істеудің Парламент белгілеген мерзімі біткеннен кейін Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда заң жобасының бастамашысына немесе оның өкіліне сөз береді. Сонан соң әрбір Палатадан бір-бірден қосымша баяндамашыларға және белгіленген кезек ретімен депутаттарға сөз беріледі.

Бірінші оқылымында конституциялық заңның жобасы, сондай-ақ конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұжырымдамалық жағынан талқыланады.

Талқылау нәтижелері бойынша Парламент заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдау және оны екінші оқылымына дайындау немесе оны қабылдамай тастау туралы қаулы қабылдайды. Бұл орайда дауыс беру әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен өткізіледі.

Парламент енгізілген заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдаған жағдайда оны кейінгі және түпкілікті оқылымдарына дайындау үшін Палата депутаттары арасынан тең негізде бірлескен комиссия құрылады. Бірлескен комиссия құру мен оның қызметін ұйымдастыру тәртібі осы Регламентпен белгіленеді.

36-тармақ. Заң жобасының екінші оқылымы кезінде бірлескен комиссияның төрағасы оның жұмыс қорытындылары жөніндегі ұсыныстарын айтып сөз сөйлейді.

Депутаттардың бірлескен комиссияға жазбаша түрде енгізген ескертпелері мен толықтырулары ғана талқылануға тиіс. Ұсынысын комиссия қабылдамай тастаған депутат Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Парламентке өз ұсынысын дауысқа қоюды өтініп жолдануға құқылы.

37-тармақ. Түпкілікті оқылымда дауыс беру қорытындылары бойынша Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен конституциялық заңды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайды. Дауыс бергенде белгіленген дауыс саны алынбаған жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және оны нақ сол сессия ішінде Парламенттің қарауына енгізуге болмайды.

38-тармақ. Парламенттің конституциялық заңды және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысы Парламенттің әрбір Палатасы депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

 

58. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу.

ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды.
2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
5. Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс.
8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi. 4-тарау. Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау

29-тармақ. Президенттің Конституцияға өзгерістер немесе толықтырулар жобасын енгізу жөнінде ұсыныстары түскен кезде Мәжіліс Төрағасы оларды бірінші оқылымында қарау үшін Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырады.

Президент ұсыныстарының Парламентте қаралу тәртібін Республика Президенті белгілейді.

30-тармақ. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.

31-тармақ. Бірінші оқылымды өткізген кезде төрағалық етуші Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын енгізу бастамашысына немесе оның өкіліне, содан соң белгіленген кезек ретімен депутаттарға сөз береді.

Бірінші оқылымында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасы тұжырымдамалық жағынан талқыланады.

Талқылау нәтижелері бойынша Парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын бірінші оқылымында мақұлдау және оларды екінші оқылымына дайындау немесе оларды қабылдамай тастау туралы қаулы қабылдайды. Бұл орайда дауыс беру әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен өткізіледі.

32-тармақ. Түпкілікті оқылымда дауыс беру қорытындылары бойынша Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының төрттен үш көпшілік даусымен Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды. Дауыс бергенде белгіленген дауыстар саны алынбаған жағдайда Президенттің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары қабылданбады деп есептеледі.

 

59. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.

Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.

1. Парламенттiң сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.

2. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.

3. Парламенттiң бiрiншi сессиясында, Сенат Төрағасы мен Мәжiлiс Төрағасы сайланғанға дейiн, Сенат пен Мәжiлiс отырыстарында тиiсiнше Республика Президентi және Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы төрағалық етедi.

4. Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап, маусымның соңғы жұмыс күнi бiткенше өткiзiледi.

5. Парламенттiң сессиясы Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырыстарында ашылып, жабылады. Парламенттiң сессиясын, әдетте, Республика Президентi ашады, ал ол болмаған кезде Мәжiлiстiң Төрағасы ашады.

6. Парламенттiң сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президентi өз бастамасымен, Палаталар Төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн.

Республика Парламентi сессияларының жариялылығы

1. Палаталардың бiрлескен және бөлiк отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.

2. Республиканың Президентi, Премьер-Министрi мен Үкiмет мүшелерi, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокуроры, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, сондай-ақ Мемлекеттiк Хатшысы мен Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы кез келген, ашық, сондай-ақ жабық отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге хақылы.

3. Мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғалары, олардың сессияға қатысу қажеттiгi туралы Парламенттiң немесе оның Палаталарының шешiмi қабылданса, Парламентке келiп өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi түсiнiктер беруге мiндеттi. Парламент пен оның Палаталарының Республика Президентiне қатысты осындай шешiмдер қабылдауға хақы жоқ.

Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 646; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.047 сек.