![]() КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сайлау органдары. 5 страница
б) саяси құқығы мен бостандығы. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі – саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана ҚР азаматына берілген. Олар бірлесу бостандығы, құқығы, тікелей, не өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу, референдумға қатысу, сайлауға қатысу не сайлану, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру, мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтары. в) әлеуметтік, экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Оларға меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына ие болу. Білім алу, тұрғын үйге ие боу, шығар еркіндігіне кепілдік, дем алу, денсаулықты сақтау, денсаулық, ұясына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы. г) мәдени құқықтар мен бостандықтар. Білім алу, шығармашылық еркіндік құқығы. 31. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары.. Сайлау құқығының түрлері қағидалары: Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. D. Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. E. Жасырын дауыс беру. Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мумкiндiгiне жол берiлмейдi.
32. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi. Сайлау жүйесі түсінігі түрлері Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.
Республикадағы сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
Ортсайлауком Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
39. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесi. ҚР шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі Шетел азаматтарының әкімшілік - құқықтық мәртебесі ҚР Конститцмясының 12 бабында және 1995 жылғы 19 маусымдағы "Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік - құқықтық жағдайы туралы" заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығында бекітілген. Соған сәйкес шетел азаматы - бұл ҚР азаматы болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматтығына тиістілігі жөніндегі дәлелі боатын тұлғалар. Азаматтығы жоқ тұлғалар (апатридтер) - бұл ҚР азаматы болып табылмайтын және өзінің шет мемлекетке иістілігі жөніндегі дәлелі болмайтын тұлғалар. Азаматтылықтан шығудың ең көп тараған түрі - азаматтықтан шығу немесе одан шығару. Осы аталған тұлғалардың құқық субъектіліктері шектеулі және барған елдің заңдарына бағынады. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік – құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері: - мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында жұмыс істей алмайды; - мемлекеттік құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді; - әскери міндетті емес; - құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін; - тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа шығару сияқты әкімшілік жаза қолданылады; - ҚР аумағына рұқсаттары болғанда ғана кіре алады; - шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар арнайы құжаттары болғанда ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге асырады; - шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң олар өзінің уақытша келгенін тіркеу қажет. - Шетел азаматтарының қозғалыстарына және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады. Дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлерінің, сонымен қатар шет мемлекеттердің ресми өкілдері болып табылатын басқа да тұлғалардың құқықтық жағдайы ерекше болады. Осы шетел азаматтары ҚР заңнамасына және тиісті шет мемлекетпен жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтарды пайдаланады, және де мемлекеттің юрисдикциясына ұшырамайды. 40. Азаматтардың бiрлесу бостандығына құқығы. Бірлесу бостандығы құқығы (23бап). Азаматтар өздерінің алдына қой ған мақсаттарын, мүдде лерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқылы. Бұл құқықты пайдалану демократиялық қоғамның мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мүдделерін, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етілетін, заңмен көзделген, шектеулерден аспауы тиіс. Осы бап бұл құқықты пайдалануда қарулы күштер құрамындағы және полицияда істейтін адамдар үшін заңды шектеулер енгізуге кедергі жасамайды. Бірлесу бостандығы адамдарға өздерінің ортақ мүдделерін жеке тұлға қалай білдіріп, қорғаса, дәл солай ұжымдық түрде білдіруіне, қорғауына құқық береді. Бірлесу құқығының кепілдігі адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттарда мазмұндалған. Яғни ол Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы (20-бап), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактіде (22‑бап) Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйымға кіретін мемлекеттердің өздеріне алған міндеттемелеріне сай бекітілген. 41. ҚР Президентi – мемлекеттiң басшысы және ең жоғары лауазымды тұлғасы. ҚР президенті –мемлекет басшысы,,,,, Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. 2. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. 3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. 42,ҚР президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. 2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi. 3. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады. 4. алып тасталды 5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
42. ҚР Президентiнiң өкiлеттiгi. ҚР президентін сайлау Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. 2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. 3. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. 4. алып тасталды 5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 1947; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |