КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы ережелер 2 страница
2) шу мен дірілден қорғауды: үй-жайларды дыбысты өткізбейтін құрылыс материалдарымен әрлеу; электр қозғалтқыштарды амортизаторларға дыбыс сіңіретін жұтқыш қаптаманы қолдану арқылы орнату; жабдықтарды діріл сіңіретін іргетастарға орнатуды қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. 7. Мыналарға: 1) объектіні тұрғын үй ғимараттарына, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған, жапсарлас салынған және ішіне салынған-жапсарластырылған үй-жайларға және азаматтық мақсаттағы ғимараттарға; 2) балалар сүт ас үйін (бұдан әрі – БСАҮ) ғимараттардың жартылай жертөле және жертөле қабаттарына; 3) объектінің өндірістік үй-жайларын ғимараттардың жертөле және цокольдық қабаттарына; 4) ғимараттардың, құрылыстардың аумағында және объектінің үй-жайларында объект персоналының тұруына арналған тұрғын ғимараттарды немесе тұрғын үй-жайларды, объектімен байланысы жоқ жұмыс пен қызметті көрсетуге арналған үй-жайларды, үй жануарлары мен құстарын жемдейтін пункттерді; 5) өндірістік үй-жайларда персоналға арналған киім ауыстыру орнын орналастыруға жол берілмейді. 8. Мыналарға: 1) БСАҮ жеке тұрған және жапсарлас ғимараттарға, кіру есігі бөлек балаларға арналған амбулаторлық-емханалық және стационарлық медицина ұйымдарына; 2) әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабатына өндірістік қуаты тәулігіне 5 мың порцияға дейін болатын БСАҮ. БСАҮ құрамында үлестіру пункті болған жағдайда, олар екі бөлек есікпен жабдықталады; 3) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда, тамақ өнімдерін өндіру объектілерін көп бейінді өндірістік ғимараттармен бір аумақта; 4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша қуаты аз объектілерді жеке тұрған ғимараттарға, адам тұрмайтын ғимараттарға жапсарлас, ішіне салынған-жапсарлас үй-жайларға, негізгі ғимараттың персоналға зиянды әсерін болдырмайтын, технологиялық үдерістерді оқшаулау қағидатын сақтаған жағдайда объектілердің көпбейінді өндірістік ғимараттарына (әкімшілік, өндірістік, сауда) орналастыруға жол беріледі. 9. Қуаты аз объектілерді қоспағанда, объектілердің аумағында көліктің кіруіне және шығуына арналған екі бөлек жол көзделеді. Жүк түсіру-тиеу алаңдарын, теміржол және автомобиль платформаларынан өтпелерді, құрылыс материалдарын, отынды, ыдыстарды сақтауға арналған алаңдарды, автокөлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын су өткізбейтін тегіс жабынмен жабады. 10. Сүт дайындаумен, құстарды, етті, балықтарды қайта өңдеумен айналысатын объектілердің аумағына кіргенде және одан шыққанда қақпа алдында эпизоотиялық ахуалға байланысты дезинфекциялау ерітіндісі бар дезинфекциялау кедергілері орналастырылады. Дезинфекциялау кедергілерінің кюветтері жылдың қыс мезгілінде дезинфекциялау ерітінділерін қыздыруға арналған құрылғымен жабдықталады. 11. Тамақ өнімдерін қабылдау (жөнелту) үшін шикізат пен дайын өнімді тасымалдауға арналған бөлек жүк көтергіштермен жарақталған жүкті тиеу-түсіру механизмдері көзделеді. Тамақ өнімдерін тиеу-түсіру орындарына қалқалар орнатылады. 12. Объект аумағында: 1) әкімшілік үй-жайлар ғимараты, бақылау-өткізу пункті және жеңіл көліктің тұрағына арналған алаң орналасқан әкімшілік; 2) негізгі өндіріс ғимараттары, сондай-ақ өндірістік зертхана, медициналық пункт немесе медициналық пункт, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, асхана, қалқасы бар мамандандырылған көлікке арналған автотұрақ орналасқан өндіріс; 3) қосалқы мақсаттағы ғимараттары, қойма үй-жайлары, жөндеу-механикалық шеберханалары, резервтегі құрылыс материалдарын, ыдыстар мен отынды сақтауға арналған құрылыстары, қоқыс жинауға арналған контейнерлер орналасқан алаңдар мен аулалық дәретханалары бар шаруашылық аймақтар бөлінеді. 13. Үй-жайлардың жиыны мен аудандары типіне, қуатына, шығарылатын өнімдердің ассортиментіне, бейінді объектілерді технологиялық жобалау нормаларына сәйкес белгіленеді. 14. Тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша ұйымдастырылады, олардың құрамына сыртқы, жеке және арнайы киімдерге және аяқ киімдерге арналған бөлек киім ілетін орын, таза киімдерді сақтауға арналған киім-кешек қоятын орын, кір арнайы киімді қабылдауға арналған үй-жай, себезгі бөлмесі және қол жууға арналған раковиналар, киімдер мен аяқ киімдерді кептіретін орын, кір жуатын бөлме (кір жуу орталықтандырылған болмаса) кіреді. 15. Ет (оның ішінде құс еті), балық және сүт өнімдерін өндіру объектілерінде жұмыс істейтін әйелдер саны 15 және одан көп болған жағдайда әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме және гигиеналық себезгісі бар арнайы кабина көзделеді. 16. Тұрмыстық үй-жайлар жеке ғимаратта орналасқан жағдайда, өндірістік үй-жайларға ғимарат ішімен өту жолы көзделеді. 17. Өндірістік үй-жайлар мен ғимараттарда: 1) тамақ өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мүкәммал мен айналым ыдыстарын сақтауға, жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жайлар және жинау мүкәммалдары мен жабдықтарын сақтауға, оларды жууға және дезинфекциялауға арналған үй-жайлар; 2) жұмыс істеп тұрған санитариялық-тұрмыстық суларға арналған су бұрумен қосылған жуғышпен жабдықталған, есіктері өндірістік үй-жайға тікелей шықпайтын, тамақ өнімдерінің барлық өндірістік цехтарынан бөлек үй-жайда орналасқан санитариялық торап; 3) цехтарда 500 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) шаққанда бір краннан, бірақ бір үй-жайға кемінде біреу есебінен жинауға арналған жуғыш крандар. Шлангілерді сақтау үшін ұштық клапандармен жабдықталған кронштейндер көзделеді; 4) ыстық және суық ағын су келтірілген, кіреберісте және жұмыс орнынан 15 метрден (бұдан әрі – м) аспайтын арақашықтықта орналастырылған, араластырғыштармен, қол жууға арналған құралдармен және бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе электр сүлгілермен (кемінде біреу) жарақталған, әрбір өндірістік үй-жайда, санитариялық торапта, тұрмыстық үй-жайда қол жууға арналған қолжуғыштар көзделеді. 18. Объект персоналы үшін асхана (бір ауысымда 30 адамнан астам жұмысшы болғанда, жұмыскерлер саны ең көп ауысымды есепке ала отырып, отыру орындарын қамтамасыз ету арқылы) немесе буфет көзделеді. Асхана (буфет) болмаған жағдайда тамақ ішуге арналған үй-жай бөлінеді (бір ауысымда 30 адамға дейін жұмыскер болғанда). 19. Объект аумағы қоршалады, көркейтіледі, қатты жабынмен қамтамасыз етіледі, атмосфералық, еріген суды және аумақты шайған су ағындарын жинауға арналған жауын-шашын кәрізімен жабдықталады, тазалықта ұсталады. 20. Объектілер орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтаумен, су бұру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Объектіге сумен жабдықтау жүйесін енгізген жағдайда су сынамасын алуға арналған құрылғы және сарқынды суға арналған трап көзделеді. Объекілердің өндірістік үй-жайлары ағынды суық және ыстық сумен қамтамасыз етіледі. 21. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, объектіде су құбырының ішкі жүйесін орната отырып, жергілікті су көздерінің суын пайдалануға жол беріледі. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және бу жүйесі болмаған жағдайда, жылудың жеке меншік көздері, су ысытқыштар орнатылады. Тамақ өнімдерімен немесе тамақ өнімдерімен жанасатын беттермен тікелей жанасатын бу зиянды заттарды қоспастан ауыз судан өндіріледі. 22. Су беру тоқтатылған кезеңде объектілерде талдауға су сынамасын алу үшін құрылғымен жабдықталған суды өндірістік және ауыз су мақсатына сақтауға арналған жинау резервуарлары көзделеді. 23. Су қорына арналған резервуардың конструкциясы су қауіпсіздігін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуі тиіс. 24. Объектілерде ауыз су емес суды техникалық мақсат үшін пайдаланған жағдайда, ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтаудың бөлек жүйелері көзделеді. Ауыз су мен ауыз су емес судың айналым жүйесіне айыратын таңба қойылады. 25. Техникалық суды компрессорларды суыту, аумақты суару, санитариялық тораптағы жуғыш бөшкелерге және писсуарларға келтіру, автомашиналардың сыртын жуу үшін пайдалануға жол беріледі. 26. Мыналарға: 1) әкелінетін суды пайдаланатын объектілердің жұмысына; 2) технологиялық үдерістер, жабдықтарды және үй-жайларды санитариялық өңдеу үшін сумен жылыту жүйесінің ыстық суын пайдалануға; 3) жұмыс орындарының және технологиялық жабдықтың үстінен технологиялық және тұрмыстық су ағатын аспалы кәріз құбырларын орнатуға; 4) өндірістік үй-жайлар арқылы тұрмыстық ағындарды бұруға арналған бағандар өткізуге; 5) объектілердің қойма үй-жайларының, өндірістік цехтарының және салқындататын камераларының үстінен санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, кір жуу бөлмесін және қолжуғышты орналастыруға; 6) тоңазыту камераларының қоршау конструкцияларында, сондай-ақ осындай камералар мен тамбурлар арқылы су құбыры мен кәрізді орнатуға; 7) сарқынды суды еденге ағызуға, сондай-ақ ашық науаны орнатуға; 8) өндірістік және тұрмыстық суды ашық су қоймаларына тиісінше тазартпай ағызуға, сондай-ақ сіңіретін құдықты орнатуға; 9) ашық технологиялық үдерістер жүретін технологиялық жабдық үстіне шамшырақтарды орнатуға; 10) сору-сыртқа тарату желдеткіші жүйесі сөніп тұрған уақытта жұмыс жүргізуге және ашық технологиялық сыйымдылықтары мен үдерістері бар өндірістік үй-жайларда ауа рециркуляциясына; 11) кәдеге жаратылуы тиіс, істен шыққан газразрядты шамдар мен сынап толтырылған өлшеу аспаптарын сақтауға; 12) технологиялық операцияларға кәсіптік дайындығы (біліктілігі, мамандығы) жоқ, гигиеналық оқытылмаған персоналды тартуға жол берілмейді. 27. Су құбырындағы және кәріздегі апаттар мен жөндеу жұмыстары, судың, будың және суықтың болмауы осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су құбырындағы және кәріздегі апатты және жөндеу жұмыстарын анықтауды және жоюды есепке алу журналына тіркеледі. 28. Апаттық жағдайларды жойғаннан, жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін су құбыры мен резервуар суды кейіннен зертханалық зерттеу арқылы жуылады және дезинфекцияланады. 29. Объектінің шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік кәрізі жалпы қалалық (ауылдық) су бұруға қосылған бөлек болуы тиіс, ол болмаған жағдайда дербес кәріз жүйесі жабдықталады. 30. Объектіні кәріз жүргізілмеген және жартылай кәріз жүргізілген елді мекендерге орналастырған жағдайда, жергілікті кәріз жүйесі және шығаратын тазарту жүйесі көзделеді. Сарқынды суды қабылдауға арналған су өтпейтін сыйымдылық (шұңқыр) қақпақпен жабылады, шаруашылық аймағына орналастырылады және оның көлемі 2/3 мөлшеріне дейін толған жағдайда тазартылады. 31. Сарқынды су кәрізге немесе жергілікті тазарту құрылыстарына шығарылар алдында механикалық жолмен тазаланады, құрамында майы бар су май ұстағыштар арқылы өткізіледі. Объектінің карантиндік бөлімшесінен шыққан сарқынды су зарарсыздандырылады. 32. Өндірістік үй-жайлар шайынды суды жинауға арналған диаметрі кемінде 10 сантиметр (бұдан әрі – см) траптармен және торлармен жабдықталады. Технологиялық жабдықтың және машиналардың өңделген суын ағызуға арналған құбырлар гидравликалық қақпақ (сифон) құрылғысы бар су бұруға қосылады. Жабдықтан аққан сарқынды суды кәрізге ағызу жабық әдіспен жүргізіледі. 33. Санитариялық тораптардағы, себезгі бөлмелері мен кәріз және су құбыры бағаналары өтетін орындардағы еден объекті үй-жайларының үстіндегі гидрооқшаулау төсемі бар жабындар арқылы орнатылады. 34. Өндірістік және қойма үй-жайларындағы кәріз бағандарын сыланған қораптарда тексерусіз, объектінің тек тұрмыстық үй-жайлары арқылы өткізеді. 35. Объектінің үй-жайларында өндірістің технологиялық талаптарына сәйкес табиғи және/немесе жасанды жарық көзделеді. 36. Адамдар үнемі болатын өндірістік үй-жайларда табиғи жарық көзделеді. Жұмыс күні бойы жұмысшылар 50%-дан көп емес уақыт болатын үй-жайларға табиғи жарықсыз немесе жеткіліксіз табиғи жарықсыз жол беріледі. 37. Орналастыруға өндірісті жобалаудың технологиялық талаптарына сәйкес жол берілгенде, арнайы жабдық болған жағдайда, табиғи жарықсыз немесе биологиялық әсері бойынша жеткіліксіз табиғи жарықсыз (табиғи жарық коэффициенті кемінде 0,5 %) өндірістік үй-жайлар (жұмыскерлер үнемі болатын): 1) жасанды жарықпен; 2) эритемді сәулеленуге арналған құрылғымен; 3) жұмыс орындарынан кемінде 100 м арақашықтықта жұмыскерлердің қысқа мерзімді демалуына арналған табиғи жарығы бар үй-жайлармен; 4) үнемі жұмыс істейтін ықтиярсыз желдеткішпен жабдықталады. 38. Жарықтандыру көздері арнайы жарық беретін арматурамен, шаң, ылғал бөлумен байланысты өндірістерде ылғал-шаңнан қорғайтын арматурамен жабдықталады. Жұмыс орындарында шағылысуды болдырмайтын қосымша жарықтандыру көздерін орнатады. 39. Аппараттар мен сыйымдылықтардың ішкі бетін тексеру үшін қорғаныш торларының ішіне салынған, тасымалды кернеулілігі 12 Вольттан жоғары емес шамдарды қолдануға жол беріледі. 40. Ашылатын барлық ойықтар (терезелер, фрамугалар, есіктер) жәндіктер кірмес үшін алмалы-салмалы қорғаныш торлармен жабдықталады. 41. Жарықтандыру аспаптары, арматура, терезе мен ойықтардың шыныланған беті таза ұсталады және ластануына қарай тазартылады. 42. Өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлар табиғи және жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесімен жабдықталады. 43. Желдеткіш жүйелерінің конструкциясы мен орындалуын үй-жайға ластанған ауаның түсу мүмкіндігін болдырмау және тазалауды немесе ауыстыруды қажет ететін сүзгілерге және басқа бөліктерге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы жасайды. 44. Егер технологиялық үдеріспен жол берілген болса, өндірістік үй-жайларда жасанды желдету көзделеді. 45. Жылу, ылғал және зиянды заттарды қарқынды бөлетін көз болып табылатын жабдық барынша герметикаланады және жергілікті сорғы құрылғысы бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен, ұн шаңын бөлу көздері (үйінді шұңқырлар, қап қағушы машиналар, ұн елеуіштері, қысқа кесілген өнімдерді төгуге арналған іріктеу үстелдері) аспирациялық қондырғылармен жабдықталады. 46. Өндірістік үй-жайларға арналған сырттан келетін ауаны жинау жердің деңгейінен 2 м төмен емес аймақтан жүзеге асырылады. Ашық технологиялық үдерістері бар цехтарда жеңіл тазарту сүзгілерінде сырттан берілетін ауаны тазалау көзделеді. 47. Машина және аппараттық бөлімшелердегі аммиакты компрессорлық құрылғылардың сору желдеткішінің ауа жинау құрылғыларын үй-жайдың жоғарғы және төменгі аймақтарында орнатуға жол беріледі. 48. Уытты және тітіркендіретін заттарды қолдануға байланысты технологиялық үдерістерді сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған бөлек үй-жайларда немесе оқшауланған арнайы учаскелерде жүргізеді. 49. Жұмыс орындарында шығатын ыстық будан және газдан қорғау үшін тыныс алу аймағы деңгейінде ауа себезгісі ұйымдастырылады. Қысқы уақытта ауа қозғалысының жылдамдығы сек 0,5-1,0 метр (бұдан әрі - м/с) болған жағдайда, душтау ауасының температурасы +180С шегінде, ал жазғы кезеңде ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 1-2 м/с болған жағдайда, +220С қамтамасыз етіледі. Ауа рециркуляциясына жол берілмейді. 50. Бөтелкені үрлеу бойынша қондырғыны негізгі өндірістен оқшаулайды және жергілікті желдеткіш қондырғымен жабдықтайды. 51. Тұрмыстық үй-жайларда, санитариялық тораптарда, себезгі бөлмелерінде және зертханаларда жалпы алмасу және жергілікті желдеткіштің автономды (тәуелсіз) жүйелері, тұрмыстық үй-жайларда көбіне табиғи іске қосылатын желдеткіш орнатылады. 52. Жергілікті сору жүйесінің шығарындыларын ғимараттың ең жоғары бөлігінің жабынынан кемінде 2 м биіктікте шығарады, бұндай жағдайда оның дөңесіне дейінгі арақашықтық кемінде 10 м болуы тиіс. 53. Желдету жүйесімен шығарылатын, құрамында уытты заттар бар ауа атмосфераға шығару алдында тазартылады. 54. Технологиялық жабдықтың орнын ауыстыру немесе алмастыру кезінде желдеткіш жүйелері қайта жаңартылады. 55. Өндіріс технологиясын есепке ала отырып, қолданылатын технологиялық ауа баптау құрылғысы көзделеді. 56. Жұмыс орындарында жылулық сәулеленумен, ұнды, қант ұнтағын және басқа да сусымалы өнімдерді елеумен байланысты барлық жұмыстар сору-сыртқа тарату желдеткіші немесе жергілікті сыртқа тарату желдеткіші қосылған күйде жүргізіледі. 57. Өндірістік үй-жай ауасындағы зиянды заттардың РЕШШ, өндірістік үй-жайлардағы шу, діріл және жарықтандыру деңгейлері «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, тұрғын және қоғамдық үй-жайлардағы атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын ұстауға, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің жарықтандырылуына, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс. 58. Өндірістік және қойма үй-жайларына кіреберісінде тамбурлар болмаған жағдайда, ауаны жылытатын «ауа» шымылдығы құрылғысы көзделеді. 59. Желдету жүйесін профилактикалық тексеру жылына кемінде екі рет жүргізіледі. Айына кемінде бір рет сүзгілерді тексеру, оларды тазарту және ауыстыру жүргізіледі. 60. Ауа өткізгіштер, торлар, желдету камералары және басқа да құрылғылар таза ұсталады, оларда механикалық бұзылу, тоттану ізі, герметикалығының бұзылуы болмауы тиіс. 61. Объектіні орталықтандырылған жылыту жүйесімен жабдықтайды, ол болмаған жағдайда, жергілікті жүйеге жол беріледі. Жинау, тексеру және жөндеу үшін жылытудың барлық түрлері жағдайында жылытқыш аспаптардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 62. Температуралық–ылғалдылық режимдері бойынша ерекшеленетін және өзара қатынасатын үй-жайлар осы параметрлердің шұғыл өзгеруіне жол бермейтін жабдықпен және/немесе құралмен бөлінеді. 63. Үй-жайдың ішкі өңделуі пайдаланылып отырған өндіріс технологиясына конструктивті сәйкес келетін, қолдануға рұқсат етілген уытты емес өңдеу материалдарын пайдалану арқылы өндіріс технологиясын ескере отырып, орындалады. БСАҮ-ның өндірістік цехтарының, сүт өңдейтін, ет өңдейтін, тез мұздатылған жартылай фабрикаттарды, тұзды, тамақ концентраттарын, тамақ қышқылдарын өндіру объектілерінің, себезгі бөлмелерінің қабырғалары барлық биіктігі бойына қапталады; басқа өндірістердің өндірістік цехтарының, зертханалардың, тұрмыстық үй-жайлардың қабырғаларын жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдармен кемінде 2 м биіктікке дейін қапталады, одан жоғары боялады. 64. Төбенің (немесе төбе болмаған жағдайда, шатырдың ішкі беті), өндірістік үй-жайлардағы технологиялық жабдықтардың үстінде орналасқан жерүсті конструкцияларының беті тамақ өнімдеріне бөгде бөлшектердің түсуіне, конденсаттың, зеңнің пайда болуы мен түсуіне жол бермейтіндей жасалуы тиіс. 65. Төбелердің, қабырғалар мен жабдықтардың беті конденсат пен зеңнің пайда болуын болдырмауы тиіс. Зең пайда болған жағдайда, қабырғалар, төбелер, бұрыштар ақтау алдында тамақ өнеркәсібі объектілерінде қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы орган рұқсат берген арнайы препараттармен өңделеді. Төбелердің, қабырғалар мен еденнің беті тегіс, ақаусыз болуы, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жеңіл санитариялық өңделуі тиіс. 66. Өндірістік үй-жайлардың, себезгі бөлмелерінің едені су өтпейтін, сіңірмейтін және уытты емес, тайғанамайтын, оларды санитариялық өңдеуге мүмкіндік беретін, беті тегіс, шұңқырсыз, жарықшақсыз материалдардан, жұмыс орындары мен жолдардан алыс орналасқан траптарға ылди, сорғытуды қамтамасыз ете отырып, жасалады. Агрессивті ағыны бар үй-жайларда едендерді өңдеу үшін қышқылға, сілтіге және майға төзімді жабындарды пайдаланады. Цехішілік көлікке арналған жолдағы еден учаскелері соққыға төзімді плиталармен әрленеді. Сулы үдерістермен, маймен молынан ластанумен байланысты өндірістік үй-жайлардың едені учаскелері тормен жабдықталады.
3. Үй-жайларды және жабдықты күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптар
67. Жұмыс істеп тұрған объектілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысымен бекітілген Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес тамақ өнімдері өндірісінің есептік нөмірін беруге жатады.
Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 565; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |