Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 8 страница




477. Машиналарды сыпыру және жинау үшін арнайы жәшіктерде сақталатын арнайы түкті щеткалар мен таза сүрткіш материал қолданылады.

478. Байқау үстелдері, суға шомылдыру барабандары мен бункерге автотаразылар үстінде пайда болатын шай шаңын тазарту үшін шаң сорғылармен жабдықталады.

479. Автотаразылар үстіндегі коронкалардың байқау саңылаулары мен автотаразылардың есіктері сынбайтын органикалық мөлдір шынымен немесе басқа материалмен жабылады.

480. Бастапқы қайта өңдеу фабрикаларындағы шайдың жартылай фабрикаты мен сорттау бөліміндегі шайдың шикізаты магнитті сепараторлар арқылы ферроқоспалардан тазартылады.

481. Шайдың ұсақ бөлшектерін таза шаймен ұсақ бөлшектерді алдын ала мұқият тазалаусыз араластыруға жол берілмейді.

482. Майланған шай мен санитариялық жарамсыз шай (еденге түскен шай) қайта өңдеуге жіберілмейді.

483. Роллерлі және ферментациялық бөлімдер ауаның температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған психрометрлермен қамтамасыз етіледі. Ауаның рұқсат етілген температурасы +22 – +24ºC, ауаның ылғалдылығы 95-98%.

484. Сұрыптау цехында шайдың жартылай фабрикаты арнайы жабық қамбаларда сақталады. Шайдың жартылай фабрикатын ашық, еденде, жұқа тақтай табақтарда немесе брезенттерде сақтауға және жәшіктерге қапталмаған дайын шай өнімімен жұмыс жүргізуге жол берілмейді.

485. Табақтарды тасымалдауды қабырғаларында желдетуге арналған саңылаулары бар арнайы жәшіктерде жүргізіледі.

 

16. Нан, нан-тоқаш, макарон өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар

 

486. Шикізатты өндіріске дайындауды жеке даярлау бөлімшесінде жүргізеді.

487. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және қосалқы материалдарды ыдыстарға салу ыдысты алдын ала бетіндегі ластануларын тазалағаннан кейін жүргізіледі.

488. Шикізат қоймасында сауда желісінен қайтарылған өнімді қабылдауға арналған үй-жай көзделеді.

489. Шикізат партиясында немесе дайын өнімде бөтен заттар, ұн зиянкестері анықталған жағдайда партия өндіріске жіберілмейді, жарамсыз өнімді одан әрі пайдалану туралы тиісті құжат жасалады.

490. Айналым ыдысындағы шикізатты өндірістік үй-жайларда сақтауға жол берілмейді. Өндірістік цехтарда зауыт қаптамасындағы қойылтылған сүтті сақтауға жол беріледі.

491. Ұнның қаптары қаптарды қағуға арналған машина орнатылған үй-жайда сақталады. Ұн қалдықтары, қаптардың қағындылары «санитариялық жарамсыз» деген белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады және жеке үй-жайда сақталады.

492. Ұнды елеуге арналған жабдық магниттермен жабдықталады. Магниттер әрбір ауысымда тазаланады.

493. Қайта өңделетін барлық сусымалы шикізат пен дайын өнім пайдалану алдында магнит аулағыштар арқылы өткізіледі және елеуіш арқылы еленеді. Магниттер өнімді төгу нүктелерінде, қайта өңдеу үшін өнімді үстелде іріктеу, циклон-ұстағыштардан жиналған ұнды елеуге арналған қондырғыда орнатылады.

494. Құбырлар, бураттар, ұн елеу жүйесі шнектерінің қораптары саңылаусыз пайдаланылады, он күнде кемінде бір рет бөлшектеледі, тазаланады және ұн зиянкестеріне қарсы өңдеуден өтеді.

495. Бункерлер (силостар) мен конусты жылына бір реттен сиретпей толықтай тазартады. Бункерлердің (силостардың) жоғарғы бөліктерін және конусты айына бір рет тазартады.

496. Ұнды ыдыссыз қабылдаған және сақтаған кезде:

1) қабылдау құрылғылары жабық, иілмелі қабылдау құбыры үй-жайда ілінген күйінде ұсталады; ұн тасымалдағышты қабылдау құрылғыларына қосу алдында ұн тасымалдағыштың шығаратын патрубкасының ішіндегісіне, ұн тасымалдағыштың тиеу люктарындағы пломбаның сақталуына тексеру жүргізеді;

2) силостағы және бункерлердегі ауа сүзгілері жарамды күйінде ұсталады және тәулігіне кемінде бір рет тазаланады;

3) барлық соқпақтар мен люктер жабылады. Ұнды елеуге арналған жабдықтан және магнит ұстағыштан өткізбей өндіріске жіберуге жол берілмейді;

4) ұн өткізгіштерге, айырып-қосқыштарға, қуаттандырғыштарға, бункерлер мен силостарға жөндеу және тазалау жүргізгеннен кейін жабдыққа қайта тексеру жүргізіледі.

497. Ұнды + 10ºС төмен емес температурада және 75% аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта шикізаттың барлық басқа түрлерінен бөлек сақталады. Ұн ыдыссыз сақталған кезде сапалық көрсеткіштеріне сәйкес жеке сыйымдылықтарға салынады.

498. Тұз қақпағы бар жеке сыйымдылықтарда, сондай-ақ еріген күйінде сүзгілермен жабдықталған сыйымдылықтарда сақталады және өндіріске тек еріген және сүзілген күйінде ғана беріледі.

499. Ашытқы объектіге престелген, кептірілген немесе ашытқы сүт түрінде келіп түседі. Престелген ашытқылар мен ашытқы сүті 0ºС-тан +4ºС-қа дейінгі температурада сақталады. Престелген ашытқылардың ауысымдық немесе тәуліктік қорын цехта сақтауға жол беріледі.

500. Майлар, жұмыртқалар, сүт пен сүт өнімдері тоңазыту камераларында 0ºС-тан +4ºС-қа дейінгі температурада сақталады.

501. Шикі және дайын тамақ өнімдерін бөлу үшін тесіктері жоқ, беті тегіс бөлу тақтайшалары пайдаланылады.

502. Бөлу тақтайшаларын, пышақтар мен шикі және дайын өнімдерге арналған басқа да мүкәммалды таңбалайды, тиісті цехтардың белгіленген жерлерінде бір-бірінен оқшаулап сақтайды.

503. Қамыр бұлғауыш деждердің, вакуум-аппараттардың, қайнату қазандарының және басқа жабдықтардың ішкі және сыртқы беттері жұмыс аяқталған соң тазаланады және ыстық сумен жуылады, вакуум-аппараттар мен қазандар буланады. Қамыр бұлғауыш деждердің ішкі беттерінің жоғары бөліктері әрбір рет қамыр бұлғағаннан кейін тазаланады және өсімдік майымен майланады.

504. Салындылар мен өңделетін жартылай фабрикаттарды таңбаланған жабық ыдыста +6ºС аспайтын температурада сақтайды.

505. Сүтке арналған жабдықтар мен аппаратураны, сироп қайнататын қазандарды, сиропты сақтайтын бактарды, өлшем бактарын, құбырларды күнделікті жұмыс күні аяқталған соң жуады және осы Санитариялық қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес дезинфекциялайды.

506. Ұн өнімдерін пісіруге арналған жаңа металл қалыптар мен табақтар пайдаланғанға дейін пештерде қыздырылады. Жиектері тегіс емес, қабыршақтары, майысқан жерлері бар табақтар мен қалыптар пайдаланылмайды. Табақтар мен қалыптар кезең-кезеңмен түзетіледі, тазартылады, күйігін алу үшін күйдіреді.

507. Цехішілік ыдыс пен мүкәммалды осы Санитариялық қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес арнайы жуу бөлімшелерінде өңдейді, өнімдерден босағаннан кейін механикалық жолмен тазалайды және жуу машиналарында немесе үш секциялы ваннада жуады.

508. Айналым ыдысын жууды бөлек үй-жайда цех ішілік ыдыс пен мүкәммалдан бөлек жүргізеді, жуу және дезинфекциялау құралдарымен жуады, ыстық сумен шаяды және кептіреді.

509. Жұмыртқа массасына арналған жабдық, мүкәммал мен ыдыс жұмыс аяқталған соң осы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес өңделеді, ал ұсақ мүкәммал жуылғаннан кейін 30 мин бойы қайнатылады.

510. Жұмыртқаны өңдеуге арналған ванналар мен жұмыртқа жаруға арналған үй-жайдың едені жұмыс аяқталған соң ыстық сумен (+50ºС төмен емес) жуылады және дезинфекцияланады.

511. Жаңа піскен жемістер мен жидектер пайдалану алдында жуылады және кептіріледі.

512. Мейіз, цукаттар мен құрғақ жемістер іріктеледі, содан соң торларда немесе арнайы машинада ағынды сумен жуылады және термиялық өңделетін өнімдерде пайдаланады.

513. Жеміс-жидек езбесін, қойыртпағын өндірісте пайдалану алдында ұсақтау машинасы арқылы немесе ұяшықтары 1,5 миллиметрден (бұдан әрі – мм) аспайтын елек арқылы, жеміс-жидек повидлосын, джемді, салындыларды және қайнатпаны ұяшықтары 3 мм аспайтын елек арқылы өткізеді. Оларды сумен араластыруға жол берілмейді.

514. Жаңғақтар, бадам және май дақылдарының тұқымдары бөтен қоспалардан сорттау машиналарында тазаланады немесе қолмен сортталады.

515. Шәрбаттар, бал, сұйық шоколадтың жартылай фабрикаттары, ерітілген майлар, қаймағы айырылмаған сүт арнайы елек арқылы сүзіледі, сүт сүзілгеннен кейін қайнатылады. Қант шәрбаттары ұяшықтары 1,5 мм артық емес металл елек арқылы сүзіледі.

516. Инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардың жұмыртқасын пайдалануға жол берілмейді.

517. Суда жүзетін құстардың жұмыртқаларын тек аз мөлшердегі нан-тоқаш өнімдерін пісіру үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

518. Жұмыртқа қабығы суға жүзетін құстың жұмыртқасын жарғаннан кейін жеке бактарға жиналады және тез арада өртеледі. Бактар босағаннан кейін тазаланады, жылы сумен жуылады және дезинфекцияланады.

519. Суда жүзетін құстардың жұмыртқаларынан жұмыртқа массасын дайындаумен айналысатын жұмысшылар үдеріс аяқталған соң қолдарын сабынмен жууға, дезинфекциялауға міндетті.

520. Пайдалану алдында жұмыртқаларды сорттайды, таңдап овоскоптан өткізеді және өңдеуге арналған торлы ыдыстарға салады.

521. Жұмыртқаны осы Санитариялық қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес үш секциялы ваннада өңдеуден өткізеді. Жуу ванналарындағы ерітінділер бір ауысымда екі реттен жиі емес ауыстырылады.

522. Еденге құлаған өнімдер (санитариялық ақау) «санитариялық ақау» деген белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады.

523. Өңделген жұмыртқаларды металл пышақтармен жарады және сыйымдылығы бес жұмыртқадан артпайтын арнайы ыдыстарға салады. Жұмыртқа массасын сыртқы түріне және иісіне қарай тексерген соң оны үлкен ыдысқа құяды, торкөздерінің көлемі 3-5 мм артпайтын металл елеуіш арқылы сүзеді. Жартылай фабрикаттарды пісіруге арналған жұмыртқа массасын сақтау мерзімі сол жағдайларда 24 сағ аспайды. Жұмыртқа массасын салқынсыз сақтауға жол берілмейді.

524. Жұмыртқа меланжын -6 ºС-тан +5ºС-қа дейінгі температурада сақтайды, дефростацияланған меланжды сақтау мерзімі 4 сағ аспайды. Меланжды қайта мұздатуға жол берілмейді.

525. Сары май қаптамасын шешкеннен кейін тексеріледі және бетін тазартады. Майды сақтау ұзақтығы үй-жайда тазаланғанға дейін 4 сағ аспайды.

526. Сауда желісінен механикалық бүлінген немесе сыртқы түрі мен қалпында өзгерістері бар, өткізу мерзімі асып кеткен, бірақ өткізу мерзімі аяқталған сәттен 24 сағ кешіктірілмей, тек таза, құрғақ, бөтен исі жоқ ыдыстағы нан-тоқаш және макарон өнімдерін қайта өңдеуге қайтаруға жол беріледі.

527. Сауда желісінен қайта өңдеу үшін қайтарылатын нан және нан-тоқаш өнімдеріне мына белгілер бар құжаттар қоса жүреді:

1) өнімнің атауы;

2) өнімнің салмағы немесе данасының саны;

3) шығарылған күні;

4) өнімді қайтарған сауда объектісінің атауы;

5) қайтарылған күні;

6) қайтару себептері.

528. Қайта өңдеу үшін қайтарылған өнімдер сауда желісінде өткізуге арналған өнімдерден бөлек сақталады.

529. Сауда желісінен қайтарылатын өнімдерді тек тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы көліктермен ғана тасымалдауға жол беріледі.

530. «Созылмалы» (картоп) аурумен зақымданған нан, нан-тоқаш өнімдері тағамдық мақсат үшін жіберілмейді, қайта өңдеуге жатпайды және тез арада нан пісіру объектісінен шығарылады, оларды сақтауға арналған сөрелер шұғыл түрде картоп ауруымен күресуге арналған арнайы құралдармен жуылады.

531. Қайта өңдеуге жатпайтын нан, нан-тоқаш, макарон өнімдері арнайы ыдысқа жиналады және жойылады.

532. Қайта өңдеуге арналған жібітілген нан мен нан-тоқаш өнімдері сол сорттың немесе сорты төмен ұннан нан өндіру кезінде пайдаланылады. Жібітілген макарон өнімдерін сақтау мерзімі 5-6 сағ аспайды.

533. Өндірісте жібітуге жататын нан өнімдерінің қалдықтары мен қайтарылғандарын 4 тәуліктен артық сақтауға жол берілмейді.

534. Қайтарылған өнімдерден дайындалған нан-тоқаш және макарон өнімдері тамақ өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қауіпсіз шығарылады.

535. Пештен алынған нандар тартпаларға салынады, вагонеткалар немесе контейнерлер арқылы суыту үшін экспедицияға жіберіледі.

536. Нан және нан-тоқаш өнімдерін таза, құрғақ, жақсы желдетілетін үй-жайларда, еденнен кемінде 35 см биіктікте, нан-тоқаш өнімдерінің ғимарат қабырғасына жанастырмай сақтайды. Нан және нан-тоқаш өнімдерін үйіп, сондай-ақ картоп ауруы белгілерімен сақтауға және өткізуге жол берілмейді.

537. Өнімдерді тартпаларға салу сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

538. Нан және нан-тоқаш өнімдері сөрелермен жабдықталған арнайы көлікпен науаларда тасымалданады. Нанды үйіп тасымалдауға жол берілмейді.

539. Макарон өнімдері тұтынушылар ыдысына өлшеніп-оралып және өлшенетін болып шығарылады. Өлшенетін және өлшеніп-оралған макарон өнімдері жаңа картон қораптарға жиналады.

540. Макарон өнімдерін өндірген кезде күнделікті қамырды илеу астауы ішінде қатпарлануын болдырмайды, престеуші шнектің жұмыс беттері тазартылады. Бастундарды оған өнімнің жабысуына қарай жуады.

541. Матрицаларды жуу, тазалау және сақтау үшін престеу бөлімінде арнайы жабдықталған орын бөлінеді.

542. Елеуіштердің жиналғандарын ауысымына кемінде бір рет бөтен түсулердің болуына тексереді және жеке үй-жайға шығарады. Магнитті сепараторларда 10 күнде 2 рет магнит күшіне тексеру жүргізеді, оның рұқсат етілген деңгейі магниттің өз салмағының 1 кг-на кемінде 8 кг болады. Магниттерді тазалау ауысымына кемінде бір рет жүргізіледі. Ұнды елеу жүйесін тексеру және тазалау нәтижелерін объектінің есепке алу құжаттамасына тіркейді.

543. Объектілерде картоп ауруының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

544. Нан, нан-тоқаш, макарон өнімдерінің өндірісі кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін мөлшерде амин қышқылдарымен, витаминдермен, микроэлементтермен байытылған шикізатты қолдануға жол беріледі.

17. Тағамдық концентраттар және тағамдық қышқылдар

өндірісіне қойылатын талаптар

 

545. Тамақ концентраттарын шығаруға арналған негізгі өндірістік үй-жайларды жертөледе орналастыруға жол берілмейді.

546. Шикізаттар мен қосымша материалдар өндіріске тек зертханалық зерттеуден кейін жіберіледі.

547. Шикізатты өндіріске дайындау жеке үй-жайда жүзеге асырылады.

548. Шикізаттарды, жартылай фабрикаттар мен қосымша материалдарды ыдысқа салу тек мұқият тексерілгеннен кейін және ыдыстың бетін ластанудан тазартқаннан кейін ашылады.

549. Майлардан босаған бөшкелер мен бидондар жедел тазартылады, жуылады және буландырылады.

550. Қызанақ пастасы, ақуыз пастасы және басқа да пасталар салынған ыдыстар ашылу алдында жуылады. Ыдысты ашқаннан кейін ішіндегінің беткі қабаты тазартыла отырып, мұқият тексеріледі.

551. Қайта өңдеуге түсетін барлық шикізаттар бөгде, механикалық қоспаларды алып тастау арқылы мұқият тексеріледі, тазартылады, ұнтақ тәрізді шикізаттар (ұн, құрғақ сүт, құрғақ кілегей, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, тамақ қышқылдары, көкөніс ұнтақтары, дәмдеуіштер, қоспалар және басқалары) – еленеді, магнит аулағыштардан өткізіледі, дән шикізаты ферроқоспалардан тазарту үшін магнитті қоршаулар арқылы өткізіледі, қос аспирациялы сепараторда тазартылады. Әсіресе бөгде заттардан мұқият тазартылады және жууға жарамайтын ет фаршы және жармалар, ет фаршы магнит аулағыштар арқылы өткізіледі.

552. Қайта өңдеуге түсетін майлар температуралық режимді қатаң сақтай отырып, +55ºС аспайтын температурада ерітіледі. Майды қатты қыздыруға жол берілмейді.

553. Әрбір технологиялық желі шикізатты елеуге арналған жабдықтармен және металл қоспаларды аулауға арналған магнит аулағыштармен қамтамасыз етіледі.

554. Технологиялық желілер бойынша елек жүйесі толығымен тиісті нөмірлердегі жарамды електермен жабдықталады. Әрбір ауысым жұмысының алдында електердің жағдайы тексеріледі.

555. Магниттерді тазарту бір ауысымда 1 реттен сирек емес жүргізіледі. Магниттен түскен жиынтықтар зертханаға тапсырылады. Магнит аулағыштардың жүк көтергіштігі кемінде 12 кг және есептік құжаттамада тіркей отырып, кемінде 10 күнде 1 рет тексеріледі.

556. Технологиялық жабдықтан алынатын өнім қалдықтары «қайтару» деген жазбасы бар арнайы бакқа жиналады және мұқият тазартылған соң және технологиялық нұсқауларда белгіленген мөлшерде еленгеннен кейін өндірісте пайдалануға болады.

557. Еденге құлаған өнім, жабдықтардың сыпырындысы «санитариялық ақау» деген белгісі бар арнайы ыдысқа жиналады және өндірістік үй-жайлардан шығарылады. Санитариялық ақауды тағамдық мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

558. Объектіде айына 2 реттен сирек емес технологиялық үдерісті толығымен тоқтата отырып, аппаратура мен жабдықтарға санитариялық өңдеу жүргізу арқылы санитариялық күндер белгіленеді.

559. Жұмыс барысында беті май қабатымен жабылатын жабдықты, аппаратура мен мүкәммалды тез арада ыстық сумен жуады, дезинфекциялайды.

560. Мүкәммал мен жабдықтарда пайда болған қақтар және күюден қалған дақтар, сондай-ақ жуғаннан кейін қалған май және ақуыз бөлшектері +50ºС температурада 0,5% кальцийленген сода ертіндісімен суланады.

561. Экстрактыларды тот баспайтын болаттан жасалған арнайы пломбаланған цистерналарда, таза ағаш бөшкелерде, зауыт қаптамасындағы қаңылтыр және шыны ыдыста тасымалдауға жол беріледі.

562. Меласса мен сірнені тек таза металл резервуарларда, цистерналарда сақтауға, тасымалдауға жол беріледі.

563. Меласса мен сірнені төгу үшін су өткізбейтін қатты жабыны бар, шаруашылық ауласының аумағында, топырақ пен ауаны ластайтын жерлерден алыста және жел жағында орналасқан алаңдар жабдықталады.

564. Меласса мен сірнені ағызатын науалар металдан жасалған, жабық пайдаланылады, таза күйінде ұсталады. Қабылдағыштардағы люктерді тығыз қақпақтармен жабдықтайды, ал қабылдағыштардың өздерін металлдан жасайды. Меласса мен сірне беретін құбырлар механикалық қоспаларды аулауға арналған торлармен жарақталады, кезең-кезеңмен ыстық сумен жуылады және кейіннен сумен мұқият шаю арқылы дезинфекцияланады.

565. Тамақ қышқылдарын өндірген кезде спора бөлімшесінің үй-жайлары құрғақ және жақсы желдетілетін үй-жайын пайдаланады. Үй-жайға күнделікті ылғалды жинау жүргізіледі. Тұқымдалу жүргізілетін үй-жайлардың едені мен қабырғалары кейіннен осы Санитариялық қағидаларға сәйкес бактерицидті шамдармен сәулелендіру арқылы дезинфекцияланады.

566. Ашыту бөлімшесіндегі дәліздер мен қосалқы үй-жайлардың едені мен қабырғалары күнделікті рұқсат етілген құралдармен дезинфекцияланады. Аптасына 1 реттен сиретпей аппаратура мен құбырлар антисептик ерітіндісімен жуылады. Камераға кіру үшін стерильденген халаттар мен үшкіл орамалдар қоры көзделеді.

567. Ашыту камерасына кіру алдында қолға және кіргізілетін заттарға спиртпен, арнайы аяқ киімге дезинфекциялық ерітіндімен дезинфекциялау жүргізіледі, ауаны камераға кіру алдында форсунканың суымен тазалайды.

568. Терең ашыту камерасы учаскесіндегі еденге, қабырғаларға, аппаратураның беттеріне, сыйымдылықтарға, құбырларға күнделікті дезинфекциялау жүргізіледі.

569. Сүт қышқылын өндіру кезінде ашыту кеспектері әрбір ашыту алдында өңделеді.

570. Шыны және полиэтилен ыдысты зауытқа қабылдау алдында және жуу бөлімінен қышқылды құю учаскесіне берген кезде бракераж жүргізіледі. Сүт қышқылын құюға арналған ыдыс пайдалану алдында жуылады.

571. Сүт қышқылы бар шыны ыдыс бөтен қоспалардың жоқтығына тексеріледі.

572. Шарап қышқылын өндіру кезінде аппаратураны айына 2 реттен сирек емес шөгінділерден щеткамен тазалайды және сумен жуады. Көгеру белгілері пайда болған жағдайда, жабдық 2-3 сағ бойы қайнаған сумен өңделеді. Жабдықтың сыртқы беті ауысымына 1 реттен сиретпей 4% кальцийленген сода ерітіндісімен сүртіледі және сумен жуылады.

573. Лимон және шарап қышқылдарының дайын кристаллдары өлшеп-орағанға дейін таза, қақпақтары бар жарамды бункерлерде сақталады. Сүт қышқылы қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалған сыйымдылықтарда сақталады.

574. Лимон және шарап қышқылдарын тасымалдаған кезде оларды ылғалдан сақтау үшін шаралар қолданылады.

 

 

18. Ашытқылар, желатин өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын талаптар

575. Ашытқы өсіретін аппараттар ашытқылардың көбею үдерісінің негізгі параметрлерін автоматты өлшеуге арналған құралдармен, оған су және дезинфекциялық ерітінділер беретін жуу қалпақшаларымен жабдықталады.

576. Дезинфекциялау ерітіндісін дайындау станциясы жұмысшы ерітіндінің бактарынан, ерітіндіні қайтару багынан, су және жуу қалпақшаларына ерітінді беруге арналған және қолданылған ерітіндіні қайтаруға арналған сорғылардан тұрады.

577. Өнім өткізгіштерді жуу және булау үшін су мен бу жүргізіледі.

578. Ашытқының таза өсірінділерін өсіруге арналған цех басқа цехтардан оқшауланады, тазалықта ұсталады.

579. Ашытқылардың таза өсірінділерін әрбір рет дайындау алдында өсіруге арналған жабдықты, шыны ыдысты, сүзгіні және басқа да пайдаланатын мүкәммалды стерилдеу жүргізіледі.

580. Кептіргіштер мен басқа да жабдықтар вакуумдық қондырғылармен тазартылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 618; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.