КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Журналы 1 страница
Журналы Ойылатын талаптар
644. Тағамға биологиялық активті қоспаларды даярлау кезінде биологиялық активті қоспалардың тиімділігін қамтамасыз ететін және адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін биологиялық активті заттар, тамақ компоненттері және олардың көзі болып табылатын өнімдер пайдаланылады. 645. Тағамға биологиялық активті қоспаларды өндіру кезінде қазіргі заманғы ғылыми зерттеу деректері бойынша адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және қолдануға тыйым салынған, мемлекеттік тіркеуден өтпеген биологиялық активті заттарды, тамақ компоненттерін және өнімдерді пайдалануға жол берілмейді. 646. Тағамға биологиялық активті қоспалар, тамақ компоненттері мен өнімдер құрамына қатты әсер ететін, есірткі немесе улы заттардан тұратын өсімдіктерді, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспалар құрамына пайдалануға заңнамамен тыйым салынған басқа да биологиялық активті заттарды, тамақ компоненттері мен өнімдерді қосуға жол берілмейді. 647. Тағамға биологиялық активті қоспалар өндірісін тамақ өнімінің гигиеналық қауіпсіздік нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етеді.
________________________ «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша
Су құбырлары мен кәріздегі аварияларды анықтау және оларды жою мен жөндеу жұмыстарын есепке алу
_________________________
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Өндірісте йодталмаған тұз пайдаланылатын жекелеген тамақ өнімдерінің тізбесі 1. Қатты сұрыпты ірімшік. 2. Маргарин. 3. Майонез. 4. Кетчуп. 5. Балық және балық өнімдері. 6. Консервіленген өнім. _________________________
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 3-қосымша
Цех қызметкерлерін медициналық тексеріп-қарау нәтижелері
Цех (бригада)_______________________________________________ Бастық (бригадир)________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
Ескертпе * дені сау, науқас, демалыс, демалыс күндері, жұмыстан шеттетілген. _________________________
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 4-қосымша
Сүт өніміне арналған ыдыс тазалығының микробиологиялық көрсеткіштері
Ескертпе. Кесслер ортасында газ пайда болған жағдайда микрофлораның мөлшеріне қарамастан, «нашар» деген баға қойылды. _________________________
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 5-қосымша
Балмұздақ шығаратын объектілердің үй-жайларының жинағы
Ескертпе. 1. Қуаты аз объектілерде салқындатпайтын қойманы ыдыс сақтайтын және қаптамасын шешу бөлімшесімен біріктіруге жол беріледі, олар үшін жеке учаскелер бөлінеді. Дайындау және аппарат бөлімшелерін біріктіруге жол беріледі. 2. Өндірістік химиялық және микробиологиялық зертханалардың жиынтығы мен ауданы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес зерттеулердің көлемі мен түрлеріне байланысты айқындалады. _________________________
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымша
Тамақ өнімін қайта өңдеу және өндіру жөніндегі объектілерде бактерицидті шамдарды қолдану
Бактерицидті шамдар УК-сәулелерін тарата отырып, патогендік микрофлораға да, сапрофиттік микрофлораға да жою әсерін тигізеді. Сондықтан оларды өндірістік үй-жайлардың, қоймалардың, бактериологиялық зертханалардың және бокстардың ауасын зарарсыздандыру үшін қолданады. Бұдан басқа, бактерицидті шамдарды қаптамалау материалдарының, ыдыстардың бетін зарарсыздандыру үшін қолданады. Өнеркәсіпте бірнеше типті бактерицидті шамдар - 127 Вольт және 220 Вольт кернеулігіне арналған бактерицидті шамдар шығарылады. Төменде 220 Вольт кернеулігіне арналған шамдардың сипаттамалары келтірілген.
Бактерицидті шамдарды тиісті қуатты жарық беретін люминесценттік шамдар үшін қолданылатын қосу аспаптарының көмегімен қосуға болады. Қосу аспабынсыз желіге қосылған шамдар лезде күйіп кетеді. Шамдар радиокедергілерден конденсаторлармен қорғалуы тиіс. Шамдар ішкі жағынан алюминий бояуымен боялған күнқағарлармен немесе шағылыстырғыштармен жабдықталады. УК-сәулелендіруді шағылыстырғышы бар және шағылыстырғышсыз бактерицидті шамдарды пайдалану арқылы ауаны зарарсыздандыру үшін қолдану ұсынылады. Шамдарды белгілі бір учаскеге (қабырға, төбе, есік және басқалар) немесе жылжымалы қондырғыға тұрақты бекітіп қояды. Қондырғы доңғалақты аяғы бар 1,5-2 метрлік тік темір осьтан тұруы мүмкін, оған бір және одан көп шам бекітіледі. Сәулелі бүркеніш жасайтын саңылауы бар софит-шамдар да пайдаланылады. Бактерицидті шамдардың әсері кестеде көрсетілген белгілі температурасы бар үй-жайларда ғана тиімді. Температурасы аса жоғары үй-жайларда шамдар күйіп кетеді, ал, температурасы аса төмен үй-жайларда шам жанбайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65-75 % артса, УК-сәулелерінің бактерицидтік әсері төмендейді. Ауаны УК-сәулелендіруге арналған қондырғылар үй-жайдың 1 м2 - 2-2,5 Вольт есебінен жасақталады. Шамның қуатын үй-жайдың 1 м2 сәулелендіру үшін қажетті болатын ватт санына бөледі. Мысалы, БУВ-60 шамы болса, 60 Вольт шамның қуатын 2-ге немесе 2,5 бөледі. Нәтижесі көрсеткендей, бір БУВ-60 шамы көлемі 24 -30 м2 болатын үй-жайдың сәулеленуін қамтамасыз ете алады. Сәулелендіру тәртібі. Ауаны зарарсыздандыруға 2-3 сағ бойы үздіксіз сәулелендіру жүргізгеннен кейін бір сағат үзіліс жасап, одан әрі 2-3 сағат бойы сәулелендіру жасау арқылы қол жетізіледі. Тәулігіне барлығы 6-8 сағат құрайтын сәулелендіру уақыты қажет. Сәулелендірілетін үй-жайда жұмыскерлер болған жағдайда, шамдардың төменгі шағылыстырғыштары болуы және олар еденнен кемінде 2-2,5 м деңгейде ілінуі тиіс. Экрандалмаған шамдарды да қолдануға болады, оларды түнгі уақытта, ауысым арасында, арнайы үзілістерде қосады. Бұл ретте сәулелендірудің осы алаңындағы шамдар санын арттырып отыруға (1 см2 – 4 Вольт есебінен) және сол арқылы сәулелендіру уақытын екі есеге қысқартуға болады. _________________________
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 7-қосымша
Сүт және сүт өнімін өндіру жөніндегі қуаты аз объектілердің жинағы және ең аз ауданы
Ескертпе. Өндірістік химиялық және микробиологиялық зертхананың жиынтығы мен ауданы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес зерттеулердің көлемі мен түрлеріне қарай айқындалады. _________________________
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 8-қосымша
Сүт және сүт өнімін өндіру жөніндегі объектілерде микробиологиялық бақылауды ұйымдастыру сызбасы
Ескертпе.
Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 543; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |