Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 4 страница




Осыған сәйкес кәсіпорынның запастарды қалыптастыру және шығындар көздерінің қаражаттарымен қамсыздандырылуының қаржылық жағдайын бағалайтын абсолютті көрсеткіштердің маңыздылығын анықтайтын рольге сәйкес қаржылық жағдайдың тұрақтылығының басты қатысты көрсеткіштері болып меншікті айналым қаражаттарының көлемінің кәсіпорын запастары мен шығындарының құнына қатынасына тең меншікті қаражаттармен қамсыздандырылғандық көрсеткіштері табылады.”ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорыны үшін бұл коэфицент нормативтік мәні 0,6 – 0,8 болғанда, сондай – ақ теріс болып табылады.

Кәсіпорын қаражаттары құрылымның маңызды сипатын негізгі қаражаттардың, капиталдық салымдардың, құрал-жабдықтардың, өндірістік запастар мен аяқталмаған өндірістің құндық сомаларының баланс қорытындысына қатынасына тең өндірістік арналымдағы мүлік коэфиценті береді. Шаруашылық тәжірибенің мәліметтері негізінде нормалы болып 0,5 көрсеткіштерінің төменгі шегі табылады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш кезең басында 0,53 құраған, ал кезең соңында 0,2 дейін төмендеді. Бұл коэфицент мәні норма шегінде болды, ал оның төмендеуі кәсіпорынның өндірістік арналымдағы мүлкінің азаюын білдіреді.

Кәсіпорын қаражаттарының көлемін сипаттау үшін автономия,қарыз және меншікті қаражаттардың қатынасы, маневрлік коэфиценттерімен қатар, көздердің шектелген топтарының құрылымының өзгеруіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштер де қолданылады. Мұндай көрсеткіштерге, бірінші кезекте, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары мөлшерінің кәсіпорынның меншікті қаражаттары және ұзақ мерзімді несиелері мен зайымдарының көздерінің сомасына қатынасына тең қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэфицеттері жатады. “ASTANA MOTORS” АҚ бүкіл талдау жүргігуден кезеңде ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын шартты, бұл коэфицент кезең басында 0,95 тең және кезең соңында 1,68 дейін өсті.

Қысқа мерзімді қарыз коэфиценті кәсіпорынның жалпы міндеттер сомасында қысқа мерзімді міндеттемелердің үлесін көрсетеді. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш 2004 жылы 0,17 құраған және 2005 жылы 0,35 дейін өсті. Осы коэфиценттің өсуі қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорынның міндеттемелерінің жалпы сомасында үлесінің артуын білдіреді.

Осылайша, қаржылық тұрақтылық коэфиценті абсолютті көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың қорытындыларын растайды.

Баланс өтімділгін талдау қажеттігі қаржылық шектеулердің күшеюімен және кәсіпорынның несие қабілеттігін бағалау қажеттігіне байланысты туындайды. Баланс өтімділігі кәсіпорын міндеттемелерін оның активтерімен жабу дәрежесі ретінде анықталады. Олардың ақшалай нысанына айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкес келеді.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесі топтарға бөлінеді:

А1 – айтарлықтай өтімді активтер – кәсіпорынның ақша қаражаттарын және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.

А2 – тез өткізілетін активтер – дебиторлық қарыздар және де активтер.

А3 – жай өткізілетін активтер – запастар (алдағы кезең шығындарын алып тастағанда) және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

А4 – қиын өткзілетін активтер – алдынғы топтарға енгізілген баптарды қоспағандағы негізгі құралдар.

Баланс пассивтері оларды төлеудің мерзімділік дәрежесі бойынша топталады:

П1 – айтарлықтай мерзімді міндеттемелер – кредиторлық қарыздар.

П2 –қысқа мерзімді пассивтер – қысқа мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.

П3 – ұзақ мерзімді пассивтер – ұзақ мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.

П4 – тұрақты пассивтер – капитал және резервтер.

Активтер мен пассивтер балансының сақталуы үшін П4 тобының қорытындысы болашақ кезең шығындары мен кәсіпорын зияндарының сомасына азаяды.

“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның баласының өтімділігі 1.4. –кестеде талданған.

1.4.кесте. “ASTANA MOTORS”АҚ баласының өтімдігін талдау

АКТИВ 2004 ж. 2005 ж. ПАССИВ 2004 ж. 2005 ж.
А1 4141,62 18182,52 П1 16155,06 29655,7
А2 4330,35 83335,53 П2 16273,59 218085,47
А3 489,82 183,18 П3 160859,06 468177,49
А4 192694,97 424511,23 П4 8369,05 -189706,2
Баланс 201656,76 526212,46 Баланс 201656,76 526212,46

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

Егер баланс 1.5 кестенің 1 – ші бағасында келтірілген қатынасқа сәйкес келсе, онда баланс өтімді деп есептеледі. Қалған бағаналарды талдау кезеңінде “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның баланс топтарының қатынасы келтірілген.

1.5. кесте “ASTANA MOTORS” АҚ баласының өтімдігін бағалау.

Баланс топтарының нормативті қатысы 2004 жылғы 2005 жылғы
А1>=П1 4141,62 < = 16155.06 18182,52 < = 29655,7
А2> =П2 4330,35 < = 16273,59 83335,53 < = 218085,47
А3>=П3 489,82 < = 160859,06 183,18 < = 468177,49
А4>=П4 192694,97 >= 8369,05 424511,23 >= -189706,2
Баланс сипаттамасы өтімді емес өтімді емес

 

Перспективалық өтімділік болаақтағы түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілікті болжауды көрсетеді. “ASTANA MOTORS” АҚ бұл көрсеткіш зерттеу кезеңінде нормативті көрсеткішке сәйкес келеді.

Алғашқы 3 теңсіздіктің орындалуы 4 – ші теңсіздікті орындау қажеттігін тудырады. Төртінші теңсіздік теңестіруші сипатқа ие және оның терең қаржылық мәні бар: Оның орындалуы қаржылық тұрақтылық минималды шартының орындалуын кәсіпорында меншікті айналым қаражаттарының болуын көрсетеді. 2005 жылы бұл теңсіздік меншікті капитал есебінен жабылатын баланс активінде зияндардың үлесінің көп болуынан нормативке сай келмейді. Сәйкесінше, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының минималды шарты орындалмаған.

Кәсіпорынның төлем қабілеттігін одан да терең бағалау қатысты шама болып табылатын өтімділік коэфиценті көмегімен жүргізіледі. Өтімділік коэфицентінің есебі 1.6 – кестеде келтірілген.

Абсолютті өтімділік коэфиценті айтарлықтай өтмді активтер шамасының айтарлықтай мерзімді міндеттемелер мен қысқа мерзімді пассвтер сомасына қатынасына тең. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның баласты құру күніндегі төлем қабілеттігін сипаттайды. Кестеден көрініп тұрғандай “ASTANA MOTORS” АҚ үшін абсолютті өтімділік коэфицентті 2004 жылы 0,128 құраған, ал 2005 жылы 0,073 дейін азайды.

Өтімді қаражаттар құрамындағы тез өтімді активтерді анықтау үшін қатысты көрсеткіштің бөлгішіне дебиторлық қарыздар мен өзге де активтер жатқызылады. Бұл көрсеткіш дебиторлық қарыздың 1 айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттігін анықтайды.”ASTANSA MOTORS” АҚ кәсіпорында кезең ішінде аталған көрсеткіш нормадан төмен болды.

1.6.кесте “ASTANA MOTORS” АҚ – ң өтімділк коэфиценттері.

Көрсеткіштер Нормативті мәндері 2004жыл 2005жыл
Абсолютті өтімділік коэффициенті Кал >=0.2-0.5 0.128 0.073
Тез өтімділік коэффициенті Ккл >=1 0,261 0,410
Ағымдағы өтімділік коэффициенті Ктл >=2 0,276 0,411

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражаттарының айналысының орташа ұзақтығына тең кезеңде кредиттің күтілетін төлем қабілеттігін көрсетеді. Ол тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорында 2 – ге тең немесе одан көп болуы тиіс. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш те нормадан төмен.

Сонымен, “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорындағы барлық өтімділік көрсеткіштері нормативті мәндерден төмен, сәйкесінше кәсіпорын төлем қабілетсіз және қаржылық тұрақсыз.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымын белгілеу бойынша әдістемелік ережелер құрамындағы төлем қабілеттілік критерийлерін қарастырайық. Осы құжатқа сәйкес баланс құрылымы 2 көрсеткіш негізінде бағаланады және қолданады: ағымдағы өтімділік коэфициенті және меншікті қаржылармен қамсыздандырылу коэфициенті. Осы құжатқа сәйкес баланс құрылымын қанағаттанарлықсыз,ал кәсіпорындарды-төлемқабілетсіз деп мойындау үшін негіз болып келесі шарттардың бірінің бар болуы табылады:

- Ағымдағы өтімділік коэффициенті есепті кезең соңында 2 ден аз мәнге ие;

- Меншікті қаржылармен қаисыздандыру коэффициенті есепті кезеңнің аяғында 0,1-ден аз мәнге ие.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізу және мерзімді міндеттемелерін өз уақытында өтеу үшін айналым қаражаттарымен қамсыздандырылғандығын сипаттайды. Ол кәсіпорынның айналым активтерінің нақты құнының банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар және кредиторлық қарыздар түріндегі кәсіпорынның айтарлықтай мерзімді міндеттемелеріне қатынасы ретінде анықталады.

Меншікті қаржылармен қамсыздандырылу коэффициенті кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақтылығы үшін қажет меншікті айналым қаражаттарының бар болуын сипаттайды. Ол капитал, резервтер мен айналымнан тыс активтердің нақты құнының айналым активтерінің нақты құнының қанасымен анықталады.

“ASTANA MOTORS“ АҚ кәсіпорында ағымдағы өтімділік коэффициенті кезеңінің аяғында 0,844 құрайды, ал меншікті қаржылармен қамсыздандырылғандық коэффициенті жоқ. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні нормативтен төмен, сәйкесінше, “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорны төлемі қабілетсіз. Мұндай жағдайлар үшін 6 ай деп бекітілген кезеңде төлем қабілеттілікті қалпына келтіру коэффициентін есептеу құжатпен қарастырылады. Төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

Кв =(Ктлк + У/Т(Ктлк-Ктлн))/2 (3.1)

Мұндағы: Ктлк - ағымдағы өтімділік коэффициентінің есепті кезең соңындағы мәні.

Ктлн – ағымдағы өтімділік коэффициентінің есепті кезең басындағы мәні.

Т – есепті кезеңнің ұзақтылығы,ай.

У – төлем қабілеттілікті қалпына келтіру кезеңі.

Кв=((0,411+6/12(0,411-0,276))/2=0,239

“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорнында төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті кезең соңында 0,239 құрады, ал 1-ге тең болатын критикалық деңгейден төмен. Қалпына келтіру коэффициенті 1-ден төмен болса, кәсіпорындарды төлемқабілетсіз, ал баланс құрылымын –қағаттанарлықсыз деп мойындау туралы шешім әлі қабылданбайды, бірақ кәсіпорын банкроттық туралы іс бойынша аймақтық басқармада ерекше есепке тіркеледі. Бірақ, кәсіпорынды төлемқабілетсіз деп мойындау үшін жоғарыда қарастырылған критерийлер жеткілікті.

Іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорын өз қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді. Әдетте, бұл топқа әртүрлі айналымдылық көрсеткіштері жатады.

Айналыс көрсеткіштерінің компанияның қаржылық жағдайын бағалауда маңызы зор, себебі, қаражаттар айналымының жылдамдығы яғни, олардың ақша нысанына айналу жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тең жағдайларда қаражаттар айналымының жылдамдығының артуы кәсіпорынның өндірістік-техникалық потенциялының жоғарылауын көрсетеді.

Іскерлік белсенділіктің негізгі көрсеткіштерін есептеу 1.7 кстеде көрсетілген.

Капитал айналымдылығы коэффициенті -өнімді өткізуден түскен түсімнің баланс пассивінің барлық қортындысына қатынасы – фирманың барлық бар қаражат көздерін, олардың сипатына тәуелсіз тиімді пайдалануды сипаттайды, яғни пайда түрінде сәйкес әсер әкелетін өндіріс пен айналымның толық циклы жылына қанша рет жүргізілетінін, немесе өткізілген өнімнің қанша ақша бірлігі пассивтің әрбір ақша бірлігін әкелетіндігін көрсетеді.

“ASTANA MOTORS“ АҚ кәсіпорында 2004 жылы бұл көрсеткіш 0,247, ал 2005 жылы 0,463-ке дейін өсті. Бұл коэффициент өндірістік процестің ерекшелігін көрсете отырып, салаға байланысты өзгеріп отырады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында ол өндітістік циклдің аз мерзімділігіне байланысты айтарлықтай жоғары емес. Осы көрсеткіштің өсуі капитал айналымдылығының тездетілуін көрсететін және кәсіпорын пайдасын арттыратын нәтиже ретіндегі оң фактор.

1.7.кесте “ASTANA MOTORS” АҚ іскерлік белсенділік коэффициенттері

КӨРСЕТКІШТЕР 2004ЖЫЛ 2005ЖЫЛ
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті 0,247 0,463
Мобильді қаржылық айналымдылық коэффициенті 5,564 2,394
Материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті 101,807 1328,961
Дебиторлық қарыздың айналымының коэффициенті 11,516 2,921
Дебиторлық қарыздың айналымының орташа мерзімді,құндылығы 31,262 123,237
Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті 1,538 0,983
Кредиторлық қарыздың айналымдылығының орташа мерзімі,құндылығы 234,110 366,362
Негізгі құралдардың және басқа да айналымнан тыс активтердің қор қайтарымы 0,259 0,573
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті 5,958 -1,283

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

Дебиторлық және кредиторлық қарыздың айналымдылығын есептеу нәтижелері “ASTANA MOTORS” АҚ талдау кезеңі ішінде сатып алушымен есеп айырысудың айтарлықтай жағымды жағдай болған. Сонымен, есептеулерден көрініп тұрғандай, 2004 жылы сатып алушылар әрбір 31күні шоттарын төледі, ал 2005 жылы көрсеткіш 123 күнге дейін өсті. Кредиторлық қарызды төлеу мерзімі талдау кезеңінің басында 234 күнге тең болған, ал талдау кезеңінің аяғында366 күнге дейін өсті және дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімінен асып түсті. Бұдан, кәсіпорын айналымында кредиторлық және дебиторлық қарыздың айналым күндері санының айырмашылығына тең мөлшерде бос қаражаттар бар және кәсіпорындарға дебиторлық қарызды жабу үшін қосымша қаражаттар тарту талап етілмейтіндігі шығады.

Мобильді қаражаттар айналымының коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильді қаражаттарының (материалдық және материалдық емес) айналымының жылдамдығы көрсетеді. 2004 жылы бұл коэффициент 5,564 құраған және талдау кезеңі ішінде 2005 жылда 2,394 дейін азайды. Бұл коэффициенттің азаюы жағымды фактор деп бағалауға болмайтын мобильді қаражаттардың айналымдылығының баяулауын көрсетеді.

Сондай-ақ, коэффициенттің талдау кезеңінде запастар мен шығындар айналымының санын көрсететін, материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициентінің мәні де азаяды. 2004 жылы бұл коэффициент 101,8 құраған және талдау кезеңінің соңына 1328,9 дейін көбейді. Материалды айналым қаражаттарының айналымдылығыны өсуі өндірістік запастардың салыстырмалы азаюын көрсетеді.

Негізгі қаражаттардың және өзгеде айналымнан тыс активтердің қор қайтарымдылығы құралдарының бірлігінің құнына келетін сату көлемімен өлшенетінолардың пайдалану тиімділігін сипаттайды. “ASTANA MOTORS”АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш 2004 жылы 5,958 кезең соңында 1,283 дейін төмендеді. Бұл коэффициенттің төмендеуі меншікті қаражат бөлімнің пассивті жұмыс істегенін көрсетеді.

Сонымен,”ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның салыстырмалы жақсы іскерлік белсенділігі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл берілген кәсіпорынның жұмыс ерекшелігімен байланысты. Іскерлік белсенділіктің кейбір көрсеткіштерінің артуы - жағымды фактор, себебі айналымдылық артады және сәйкесінше кәсіпорын пайдасы өседі.

Осылайша, жүргізілген талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайының елеусіз жақсаруын және оның қаржы ағымдарын пайдалану тиімділігінің артуын көрсетеді.

Бірақ, жалпы, кәсіпорынға өзінің қаржылық тұрақтылыын қалпына келтіру және қаржылық жағдайын жақсарту үшін ұзақ мерзім керек.


3. ”ASTANA MOTORS” АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

 

”ASTANA MOTORS”АҚ қаржылық ағымдарын басқару жағдайына жүргізілген талдау басқару жүйесінің тәжірибе жүзінде жоқтығын көрсетті. Оның нәтижесі іскерлік, белсенділіктің, кәсіпорнның қызметінің пайдалық көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Талдау процесінде кәсіпорнның жинақтау қорына жұмсалатын табысы қалмайтындығы анықталады. Сондай-ақ 2005 жылдың кәсіпорын шығынымен жапты. Кредиторлық қарыздың айналымдылық мерзімінің ұзартылуы кәсіпорынның бітімділігінің төмендегенін және оның ұзақ мерзімде қаржылық тұрақтылығының төмендегенін дәлелдей түседі. ”ASTANA MOTORS”АҚ қаржылық жағдайын және оның ақшалай ағымдарын басқаруды оңтайландыру үшін келесі шаралар жүргізілуі қажет:

1. тауар ассортиментін оңтайландырумен шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету есебінен өзінің ақша ағымдарын өсіру қаржылық стратегиясын жасау;

2. кәсіпорынның ұжымдық басқарушылық құрылымында қаржылық экономикалық бөлімшені шығару, бөлімше тәртібін белгілеп қызметтік үлгілерді жасау;

3. кәсіпорынның ақша ағымдарын басқару бойынша бухгалтерлік есеп жұмысшыларын қоса, барлық экономикалық службалардың кадрларының теориялық қайта дайындығын ұжымдастыру;

4. техникалық жарамсыз құрылғыларды шығарып тастау мақсатында негізгі қорларды түгендеуді жүргізу;

5. тәжірибеге тұрақты негізде кәсіпорынның қызметіне экономикалық талдауды жүргізуді енгізу. Ақпараттық талдаулық база құру;

6. негізгі қорларды соған сәйкес амортизациялық аударымдарын нормасын,мерзімін амонтизациялық аударымдардың әдістерін бухгалтерлік стандарттарға сәйкес негізгі қорларды қайта бағалау мерзімі мен әдістерін талдау нормаларын қоса, кәсіпорынның амортизациялық сасаясатын жасау;

7. кәсіпоынның үздіксіз қызметін қамтамысыз ету мен сақтауға шығындарды төмендету мақсатында өндірістік қарларды түгендеу, өтімді емес, бұзылған, аз қорларды шығару, өндірістік қорлардың оңтайлы өнімін анықтау;

8. жаңа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер мен келісім шартқа отыру;

9. тұрып қалған бос өндірістік цехтаорды жалға беру;

10. ”ASTANA MOTORS” АҚ –да ең бірінші шараның бірі шығарылатын өнімнің тауарлық ассортиментін оңтайландыру мен оның өз құнын төмендету болу керек.

Кәсіпорынның меншікті ақша ағымдарының көбеюі әкелетін бұйымдарды көбейту, өндіріс көлемін көбейту,шығындарды азайту арқылы алынатын табыс сомасына байланысты.

Авто көліктердің жоғарғы өзіндік құны қазіргі кездегі әкелінетін автокөліктерге жоғары кедендік төлемі мен және тауарды мемлекет аралық қатынастарға сәйкес жеткізу шығындардың көптігімен түсіндіріледі. Сондықтанда ”ASTANA MOTORS”АҚ өнімнің бағасы әлемдік бағалар деңгейінде тұр. өнімнің жоғары өзіндік құнына байланысты кәсіпорын қазіргі кезде автокөліктердің бағасын төмендете алмайды.

Сәйкесінше бүгінгі таңда компанияның негізгі міндеті бір уақытта өндіріс шығындарын төмендету және әкелінетін өнімнің ассортиментін кемитумен қатар өнім сапасын жаңарту. Бұл көліктерді шетелден әкелетін жеке кәсікерлер түріндегі бәсекелестердің күнделікті өсіп жатқан көлемімен өсуге мүмкіндік береді әкелетін өнім ассортиментінің кеңеюі мен оның сату көлемі шығындары төмендейді және кәсіпорынның алатын пайдасының сомасы көбейеді. Осы мақсаттарға жету үшін автокөлік өндірумен елімізде кепілдендірілген қызмен көрсетуге негізделген келісім шарт жасау.

Өткізу нарығын ашудың экономикалық негіздемесі.

Тауар ассортиментін оңтайландыру нәтижесінде кәсіпорынның тапқан таза пайдасын өндірісті ары қарай кеңейту мақсатында қолдану үшін жинақтаушы қорға аудару ұсынылынады. Айналым қаражаттарының айналымдылылығын жылдамдату капитал шығымдарын талап етпейді және өндіріс көлемі мен өнімді өткізу көлемінің өсуіне әкеледі. Бірақ, инфляция әсерінен айналым қаражаттары тез құнсызданады, кәсіпорындар шикізат пен отын энергетикалық ағымдарды сатып алуға олардың көп мөлшерін жұмсайды, сатып алушылардың төлемсіздігі айналымнан қаржының көп бөлігінің шығып қалуына әкеледі(5) айналым капиталының қажеттілігіне қолданбайтын қорлар пассивтерді төлеуге бағыттылуы мүмкін сондай-ақ олар негізгі капиталды сатып алуға немесе иелеріне табыс түрінде төлеуге қолдануы мүмкін. айналым капиталын үнемдеу мен оның айналымдылығын жоғарылатудың тәсілдердің бірі- қорларды басқаруды жетілдіру кәсіплорын қаражаттарды қор құруға жұмсағандықтан сақтау шығындары қойма шығындары мен ғана емес бұзылу тәуекелі мен тауардың ескіруі мен, сондай-ақ капиталдың уақытша құнымен де байланысты.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 692; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.