Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Билет 29




Сурак

Сурак

Билет 28

1. Құйынды электр өрісі.Ығысу тоғы. Холл эффектісі

2. Радиоактивті ыдырау заңы

1831 жылы Фарадей ашқан электромагниттік индукция құбылысын терең зерттей отырып Максвелл мынадай қорытындыға келді: магнит өрісінің кез келген өзгерісі қоршаған кеңістікте қуйынды электр өрісін туғызады.
Фарадей тәжірибелеріндегі тұйықталған өткізгіште индукциялық ЭҚК-ін тудыратын осы құйынды электр өрісі екен. Бұл құбылыстың ерекшелігі сол, құйынды электр өрісі тек өткізгіште ғана емес (ол өрістің бар-жоғын көрсететін қосымша құрал), бос кеңістікте де пайда бола алады. Кеңістіктің кез келген нүктелеріндегі магнит өрісі индукциясының өзгерісі кезінде құйынды электр өрісі туындайды. Тұйық күштiк сызықтары бар өрiстердi құйынды өрiстер деп атайды. Магнит өрiсi құйынды өрiс болып табылады.

Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Конденсаторды тұрақты ток кқзіне қосса, ол арқылы ток жүрмейді, себебі тізбек тұйықталмаған. Ал егер конденсаторды айнымалы ток көзіне қоссақ, онда конденсаторға тізбектей қосылған амперметр токтың бар екенін көрсетеді. Айнымалы ток тізбегіне қосылған конденсатор астарларының арасында ток тасымалдаушы бөлшектердің жоқтығына қарамастан сымдардағы электрондар қозғалысымен сипатталатын өткізгіштік ток конденсатор астарларының арасында табиғаты өткізгіштік токтан басқа токпен жалғасады, сөйтіп тізбек тұйықталып, ол арқылы ток жүреді, яғни конденсатор астарларының арасында заряд тасымалданбайтындығына қарамастан, олардың арасында заряд алмасу процесі жүреді. Осы процесті ығысу тогы д.а. Айнымалы ток көзіне қосылған конденсатор астарларының арасында айнымалы электр өрісі туады. Бұл өрістің кернеулігінің лездік мәні; ал ығысу векторының шамасы D= екенін көреміз. Ығысу тогы тығыздығы мен өткізгіштік ток сияқты ығысу тогы да магнит өрісін тудырады. Сымдардағы өткізгіштік ток конденсатор астарларының арасында ығысу тогымен жалғасады.

Тогы бар өткізгіштердің немесе жартылай өткізгіштердің магнит өрісінде қозғалысы кезінде өткізгіште электр өрісінің тууы Холл эффектісі деп аталады. Холл эффектісі ток тасушыларға Лоренц күшінің әсер етуі салдарынан пайда болады. Магнит индукциясы магнит өрісінде тығыздығы -ға тең ток жүріп тұрған өткізгіш кернеулігі

-ға тең электр өрісін тудырады,

мұндағы - Холл тұрақтысы.

Радиоактивтiлiк ыдырау заңы. Ығысу ережесi

Радиоактивтi ыдырау заңы деп радиоактивтi ядролардың санының уақыт бойынша өзгеру заңдылығын айтады. Бұл заңды оңай анықтауға болады. Шындығында, егер қандай да бiр уақыт мезетiнде радиоактивтi ядролардың саны N болса онда dt уақыт аралығында ыдырайтын ядролардың саны dN мынаған тең болады

dN=-λN·dt

мұндағы минус таңбасы dN – дi ыдырамаған ядролардың өсiмшесi ретiнде қарастырумен байланысты. Ал λ, радиоактивтi ядроның бiрлiк уақыт аралығында ыдырау ықтималдылығы. Оны әдетте ыдырау тұрақтысы деп атайды. Бұл өрнектi интегралдай отырып

ln N =-λt + const

аламыз. Бастапқы t =0 уақыт мезетiндегi ыдырамаған радиоактивтi ядролардың санын N 0 деп белгiлей отырып, const = ln N 0 екенiн аламыз. Онда

N =N 0 e -λt

Мiне, осы өрнек радиоактивтi ыдырау заңы болып табылады. Бүгiнгi күнге дейiнгi белгiлi радиоактивтi ядролардың жартылайыдырау периоды 3·10-7 с-тан 5·1015 жылға дейiнгi аралықтағы мәнге ие.

Радиоактивтi заттың активтiлiгi деп бiрлiк уақыт аралығында болатын ыдыраудың санын айтады, яғни

Бұл жерден активтiлiктiң радиоактитi ядролардың санына пропорционал, ал жартылайыдраудың периодына керi пропорционал екенi көрiнiп тұр.

Активтiлiктiң халықаралық бiрлiктер жүйесiндегi бiрлiгi беккерель (Бк). Беккерель деп 1 с iшiнде бiр ыдырау жасайтын радиоактивтi заттың активтiлiгi алынған. Нақтылы өмiрде активтiлiктiң кюри (Ки) деп аталатын бiрлiгi жиi қолданылады. Кюри ретiнде 1 с аралығында 3,7·1010 ыдырау жасайтын радиоакивтi заттың активтiлiгi алынған.

 

1. Гармониялық тербелістің жылдамдығы мен үдеуі. Гармониялық тербелістің энергиясы.

2. Радиоактивтілік.

1. Гармониялық тербелістің жылдамдығы мен үдеуі. Гармониялық тербелістің энергиясы. ;

;

W = Ek+Ep = 1/2mw2A2

2. Радиоактивтілік – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.

Альфа-ыдырау:

 

Бета-ыдырау:

 

Гамма-ыдырау:

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1090; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.