Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе. МАЗМҰНЫ №№ р/с Материалдың аты 1. Жұмыс бағдарламасы 2. Силлабус




Алматы, 2015

Ж.

Алматы, 2015

 

МАЗМҰНЫ

№№ р/с Материалдың аты  
1. Жұмыс бағдарламасы  
2. Силлабус  
3. Дәріс конспектісі  
4. Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар (практикалық, семинарлық, лабораторлық)  
5. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)  
6. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (СӨЖ)  
7. Бақылау-өлшегіш құралдары  

 

«БЕКІТЕМІН»

ОӘЖ бойынша проректор

профессор К.А.Тулебаев

________________________

 

 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән бойынша – Медициналық және фармацевтикалық тауартану, MFT3216

Мамандық бойынша – 513110300 – «Фармация»

Модуль– Фармацевт- менеджер

 

 

Курс – 3 Семестр – 5

 

 

Дәріс: 5 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақ: 25 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің

өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 14 сағат

 

Барлығы аудиторлық: 44 сағат

 

Студенттердің аудиториядан тыс

өзіндік жұмысы (СӨЖ): 46 сағат

 

Барлығы: 90 (2 кредит)

 

Бақылау формасы: емтихан

 

 

Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт- менеджер» модулінің мәжілісінде қарастырылды, «____»_______________2015 жыл, хаттама № ____

 

«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі А.Р. Шопабаева

 

Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндердің білім беру бағдарламалары комитетінің отырысында талқыланды, «____»_______________2015 жыл, хаттама № ____

 

ББК төрайымы, доцент Г.М.Саякова

 

Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды

«____»_______________ 2015 жыл, хаттама № ____.

 

ӘК төрағасы, профессор Тулебаев К.А.

 

 

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль - Фармацевт- менеджер

Пән - Медициналық және фармацевтикалық тауартану,

MFT3216

Мамандық - 513110300 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі - 2 кредит (90 сағат)

Оқыту курсы және семестрі - 3 курс, 5 семестр

 

2. БАҒДАРЛАМА

 

Фармацевтикалық ұйымдардың функцияларының бірі, номенклатурасы үнемі кеңейіп отыратын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және басқа да дәріхана ассортиментіндегі фармацевтикалық тауарларды босату болып табылады. Медициналық бұйымдардың ассортименті жаңарып отырады және жаңа технологияларға негізделген үлгілері пайда болады.

Медициналық және фармацевтикалық тауарлар нарығының дамуы және нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік күрес, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек және көтерме сату саласында жұмыс істейтін маман-фармацевтерді дайындауға жаңа талаптар қояды.

«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәнінің жұмыс бағдарламасы дәріхана желісі арқылы босатылатын және емдеу алдын алу ұйымдарында кеңінен қолданылатын медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сипаттамаларын, негізгі талаптарын оқып-үйренуге бағытталған.

 

2.2 Пәннің мақсаты:

Медициналық және фармацевтикалық тауарларға тауарлық талдау жүргізу бойынша білімді, дағдыларды және машықтарды қалыптастыру.

 

2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

Студенттерде тауартанулық ой-пікірді, тауартану негізінің түсініктерін қалыптастыру.

 

· жіктеу және кодтау әдістерін қолдану негізінде тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, сапасын және жүйелеуді анықтауды үйрету;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын және қасиеттерін қалыптастыратын және сақтайтын факторларға түсінік беру;

· сақтау, тасымалдау және қолдану процесінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін рационалды тәсілдерді қолдануға үйрету;

· өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарлар қозғалысын ақпараттық қамтамасыз етуді жүргізуге үйрету;

· дәріхана желісі арқылы босатылатын және емдеу алдын алу ұйымдарында қолданылатын медициналық және фармацевтикалық тауарларға тауарлық талдауды жүргізуге үйрету.

 

2.4 Пәнді оқытудың қорытынды нәтижелері:

Студентте келесі тараулар бойынша білім қалыптастыру:

· тауартану негіздерін;

· медициналық және фармацевтикалық тауартанудың мақсаты мен міндеттерін;

· медициналық және фармацевтикалық тауарларды қабылдау, сақтау, тасымалдау және босату үрдісін реттейтін негізгі нормативті құжаттарды;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың топтарға бөлінуін және кодталуын;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасының негізгі көрсеткіштерін бағалау әдістерін;

· медициналық және фармацевтикалық тауарларды өндіру, тасымалдау, қолдану немесе пайдалану үрдісінде сапасын және сақталуын қалыптастыратын сыртқы орта факторларының әсерлерін;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың оралып-буылу, таңбалану ерекшеліктерін.

Студентте практикалық дағды қалыптастыру:

· медициналық және фармацевтикалық тауарларды топтарға бөлуді;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын анықтау бойынша тауартанулық талдауды жүргізуде нормативті-техникалық құжаттарды таңдауды;

· таңбалануын және оралып-буылуын бағалауды, тауарлық топтарын және түрлерін анықтауды;

· сапасы мен саны бойынша медициналық және фармацевтикалық тауарды қабылдауды;

· тұтынушылық қасиеттерінің ерекшеліктерін, сақтау принциптерін ескере отырып, медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуді;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың функционалдық қолданылуына, химиялық құрамына байланысты залалсыздандыру және дезинфекциялау, сапасын бақылау әдістерін таңдауды;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың құрылымы, пайдаланылуы және залалсыздандыруы туралы жоғары біліктілік дәрежеде түсініктемелер беруді;

· көзілдірік оптикаларына және көзілдіріктерге рецептерді қабылдауды және оларды босатуды.

Студентте құқықтық дағдыларды қалыптастыру:

· нормативті-техникалық құжаттарды қолдануды;

· медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауаржылжыту жүйесін басқаруды;

· тауартанулық операцияларды ұйымдастыруды және жүргізуді;

· тасымалдау және сақтау үрдісінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасын бағалауды және бақылауды.

Студентте коммуникативтік дағды қалыптастыру:

· кәсіби қарым-қатынасы кезінде сенімділік пен адалдықты көрсетуі керек

· өз қызметін атқаруда қоғаммен, науқаспен, әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық

қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т.б.) қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі

мінез-құлық көрсетуі керек

 

2.5 Пререквизиттер: құқық негіздері, фармация тарихы, коммуникативті дағдылар, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері.

2.6 Постреквизиттер: фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармакогнозия.

2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары

Дәріс тақырыбы Өткізу формасы Ұзақтығы (сағат)
       
  Тауартану – ғылыми пән ретінде. Тауарлық талдауды жүргізу үшін қолданылатын нормативті-техникалық құжаттар (НТҚ). Материалтану. Шолу дәрісі  
  Металл материалдар. Саймандардың коррозиясы және коррозияға қарсы жүргізілетін шаралар. Металл емес материалдар. Шолу дәрісі  
  Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдар. Пластикалық массалар және басқа да металл емес бұйымдар. Шыныдан және фарфордан жасалған медициналық бұйымдар. Көзілдірік оптикасы. Тақырыптық дәріс  
  Фармацевтикалық және медициналық тауарлардың ассортименті. Фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника бұйымдарының жіктелуі. Фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника бұйымдарының тұтынушылық қасиеті мен сапасын анықтайтын факторлар. Тақырыптық дәріс Шолу дәрісі  
  Таңбалау және буып-түю. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды тасымалдау және сақтау. Дәріхана желілерінде жүргізілетін тауар жүргізу операциялары. Тақырыптық дәріс Шолу дәрісі  
Барлығы: 5 сағат

 

2.8 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Практикалық сабақ тақырыбы Өткізу формасы Ұзақтығы (сағат)
  1 кредит    
  Хирургиялық тігу материалдары мен хирургиялық инелер. Медициналық тіккіштер. Қалған медициналық тауарлардың тауарлық талдауы (тігу материалы, хирургиялық инелер). Медициналық мақсатта қолданылатын тауарлар және олардың қасиеттері. Семинар, практикалық сабақ  
  Жалпыхирургиялық саймандар: кесетін, қысатын, жара жиегін кеңейтетін, ығыстыратын және көмекші. Жалпыхирургиялық саймандардың тауарлық талдауы. Стандарттаудың жалпы сұрақтары және тауарлық талдаудағы оның ролі.   Семинар, практикалық сабақ  
  Арнайы медициналық саймандар: нейрохирургиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық. Арнайы саймандардың тауарлық талдауы. Семинар, практикалық сабақ  
  Арнайы медициналық саймандар: урологиялық, акушерлік-гинекологиялық. Арнайы саймандардың тауарлық талдауы. Семинар, практикалық сабақ  
  Тесуге, инъекцияға, трансфузияға, айдауға және соруға арналған саймандар мен аппараттар. Фармацевтикалық және медициналық тауарлардың жіктелуі және кодтау. Семинар, практикалық сабақ  
Барлығы: 15 сағат
  2 кредит    
  Диагностикаға, эндоскопияға және интроскопияға арналған приборлар мен аппараттар. Фармацевтикалық және медициналық тауарлардың ассортименті. Семинар, практикалық сабақ  
  Стоматологияға арналған саймандар мен құралдар. Оттегімен тыныс алдыруға арналған және наркоздық емдік аппаратура. Физиологиялық және көзілдірік оптикасы. Көздің көруін тексеруге, қорғауға және түзетуге арналған приборлар. Семинар, практикалық сабақ  
  Травматологияға және ортопедияға арналған құралдар мен саймандар. Фармацевтикалық және медициналық тауарлардың маркетингтік зерттеуі. Санитария және гигиена заттары. Резеңке және латекс. Шектелген дәріхана ассортиментіндегі тауарлар. Фармацевтикалық тауарлардың қауіпсіздігі. Семинар, практикалық сабақ  
  Медициналық және мфармацевтикалық тауарлардың жіктелуі және кодтау. Тара, тығындау заттары және буып-түю материалдары. Тара, буып-түю және медициналық және фармацевтикалық тауарларды таңбалау. Дәрілік заттар, дәрілік қалыптар, дәрілік препараттар тауар ретінде. Таңу заттары. Медициналық гипс. Семинар, практикалық сабақ  
  Әртүрлі топтағы фармацевтикалық тауарларды сақтау. Тауарқозғалысының барлық этапында медициналық мақсаттағы тауарларды сақтау және тасымалдау. Өртке қауіпті және жарылғыш дәрілік заттарды сақтау. Медициналық газдар. Семинар, практикалық сабақ  
Барлығы: 10 сағат
Қорытынды: 25 сағат

 

2.9 Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 1662; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.