Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы 3 страница




 

Дәріс жоспары:

1. Көз оптикалық прибор ретінде.

2. Аметропия және аметропия түрлері.

3. Бинокулярлы көздің көруінің бұзылуы.

4. Көздің қитарлануы және анизейкония.

 

Дәріс тезисі:

Анатомиялық құрылымы бойынша көзді бейнелерді қабылдауға және беруге арналған техникалық құрылғымен салыстыруға болады.

Адамның анатомиялық көз алмасы диаметрі 25 мм болатын дұрыс сфералы болып келеді. Көз алмасы қабырғксының көп бөлігі үш қабықшамен түзілген: склера, тамырлы қабықша және торлы қабықша. Көз алмасының алдыңғы бөлігінде склера қасаң қабаққа өтеді, ал тамырлы қабықша және торлы қабықша болмайды. Көз алмасының ішкі бөлігінде ылғалды орта, көз қарашығы және шыны тәрізді дене болады.

Көру өткірлігі – көздің негізгі функциясы, көзілдірікті таңдау кезінде соған бағыт түзейді. Көздің көру өткірлігін ондық үлестерде өлшейді. Көздің қалыпты көру өткірлігіне (1,0) екі нүктеден көзге түскен сәулелер арасындағы бұрыш 1-ге тең болған жағдайдағы осы екі нүктені көздің бөлек көру қабілетін жатқызады.

Аметропия – көздің оптикалық ақауы, онда көздің торлы қабатына түскен заттардың бейнесі анық болмайды. Аметропияны түрлері және дәрежесі бойынша бөледі.

Аметропияның түрлері: гиперметропия және миопия. Гиперметропия кезінде көздің көруінің нашарлауы көздің сындыру күшінің жеткіліксіз болуына байланысты. Белгілі бір дәрежеде ол аккомадация қысымымен түзетілуі мүмкін..

Миопия кезінде көздің көруінің нашарлауы көздің сындыру күшінің артық болуымен байланысты, сондықтан ол аккомадациямен түзетілмейді

Аметропияның екі түрінде де көздің көруін көздің алдына линза қою арқылы түзетуге болады: гиперметропияда – дөңес (оң), миопияда – ішке қарай ойысталған (теріс).

Афакия – көз қарашығының болмауы, ол өте жоғары дәрежедегі гиперметропияның дамуымен бірге жүреді.

Пресбиопия – жас ұлғаюына байланысты аккомадацияның әлсіреуі Пресбиопия кезінде көздің торлы қабатында жақын орналасқан заттардың анық бейнесін алу мүмкін емес.

Объект анық болуы үшін, көздің алдына фокусты торлы қабаьқа түсіретін оң (дөңес) линзаны қояды.

Пресбиопиялық көзілдіріктерді жақын жердегі заттарды көру үшін жұмыс істеу кезінде ғана қолданады (алыста орналасқан заттарды осы линзалар арқылы анық көре алмайды).

Алыс және жақын орналасқан заттарды бірдей анық көру үшін әр бөліміндегі рефракциялары әртүрі арнайы линзаларды қолданады (бифокальды, трифокальды, мультифокальды).

Астигматизм, клиникалық рефракцияның жеке түрі болып табылмайды, бірақ эмметропия кезінде де және аметропия кезінде де болуы мүмкін.

Астигматизм кезінде оптикалық ортаның (қасаң қабақ немесе көз қарашығы) сындырғыш беті сфералы түрде емес, эллипси формасында немесе созылған (торическая форма) формада болады. Бұл жағдайда көзде бір мезгілде бірнеше рефракция болады..

Астигматизмді оптикалық түзету үшін астигматикалық цилиндрлік және сфероцилиндрлік линзаларды қолданады.

Адамның екі көзі де көретін заттың бірыңғай көрінетін бейнесін қалыптастыратын келісілген жүйе түрінде жұмыс істейді. Екі әртүрлі көзде осындай бейнені қалыптастыру қабілеті бинокулярлық көру деп аталады.

Бинокулярлы көздің көруінің бұзылуы көздің қитарлануы және анизейкония түрінде көрінеді.

Көздің қитарлануы – бұл бір көздің көру сызығының біріккен нүктеден ауытқуы.

Анизейкония – екі көздің торлы қабатындағы бейнелердің мөлшерінің бірдей болмауы. Жалпы анизейкония – екі көздің біреуіндегі заттың бейнесі бірдей мөлшерде үлкейген немесе кішірейген; меридиональды анизейкония – екі көздің біреуіндегі заттың бейнесі тек бір бағытта үлкейген. Анизейкония шамасын пайызбен өлшейді.

Анизейконияны түзету үшін эйкониялық әсері бар арнайы оптикалық жүйелер керек, онда эйкониялық әсері басқа да оптикалық әсерімен біріккен линзаны немесе линзалар жүйесін қолданады.

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Көздің анатомиялық құрылымы.

2. Аметропия деген не?

3. Аметропияның қандай түрлері бар?

4. Афакия деген не?

5. Көздің қитарлануы және анизейкония.

 

 

ДӘРІС № 3

 

Тақырып: Физиологиялық және көзілдірік оптикасы

Мақсаты: Көздің көруі бұзылғанда қолданылатын физиологиялық және көзілдірік оптикасын қарастыру

 

Дәріс жоспары:

1. Офтальмологиялық оптика.

2. Көзілдірік линзалары және олардың түрлері.

3. Түзететін және қорғаныш көзілдіріктері.

4. Жанаспалы линзалар.

 

Дәріс тезисі:

Офтальмологиялық оптика бөлімі – көзді қорғау және көруін түзеті құралдарын зерттейтін көзілдірік оптикасы. Көздің көруін түзетуге қолданылатын негізгі приборға линзадан және оправадан тұратын көзілдіріктер жатады. Көзілдіріктермен қатар тікелей қасаң қабаққа салынатын жанаспалы линзалар кеңінен қолданылады.

Көзілдірік линзалары түссіз бейорганикалық әйнектен немесе полимерлі материалдан дайындалуы керек.

Оң және сол жақ көздің көруін түзетуге арналған көзілдірік линзалары («йнектен және полимерлі материалдан) шығарылады.

Дайындау технологиясы бойынша линзалар желімделген, біріктірілген және бүтін болып бөлінеді; оптикалық орталығының номиналды орналасуныа байланысты – орталықты және орталықты емес болып бөлінеді.

Аметропияны оптикалық түзету аймақтарының санына байланысты көзілдірік линзалары афокальды, бір фокальды, бифокальды және үш фокальды болып бөлінеді.

· Афокальды линзалар – әрбір меридианальды кесіндісінде оптикалық әсері нөл болатын линзалар, яғни олар бейнені фокустамайды.

· Бір фокальды линзалар – аметропия, астигматизм және анизометропия кезінде түзетудің негізгі құралдары. Олар рефракция аномалиясы кезінде бейненің торлы қабатқа түсуін қамтамасыз етуге арналған.

· Бифокальды және үш фокальды линзаларкөзден әртұрлі қашықтықта орналасқан заттарды көруді жақсарту үшін қолданылады. Бұл линзалар аккомадациялық қабілеті төменденген кезде қолданылады (пресбиопия кезінде). Линзаның оптикалық күші біртіндеп жоғарыдан (алыстағы заттарды көруге арналған) төмен (жақындағы заттарды көруге арналған) қарай өзгереді.

Бифокальды линзаларды бір әйнектен дайындайды және үстіне шлифовка және тегістеу арқылы сындыру күші басқа аймақты түзеді (бүтін линза) немесе сындыру күштері әртүрлі екі әйнекті бір-біріне жабыстыру арқылы дайындайды (жабыстырылған линза).

Көру ақауларын түзету мүмкіндіктеріне байланысты көзілдірік линзалары стигматикалық және астигматикалық болып бөлінеді.

Стигматикалық линзалардың әрбір меридиандық кесіндісінде сындыру күштері бірдей болады.

Астигматикалық линзалардың екі өзара перпендикуляр орналасқан басты кесінділерінде сындыру күштері әртүрлі болады, сондықтан оларды басты кесінділерінде рефракцияның әртүрлоі комбинацияларымен шығарады.

Стигматикалық линзаларда екі беті де сфералы болады, ал астигматикалық линзада ойыс беті сфералы, дөңес жағы торикалы (торический) болады.

Көздің қитарлануында және көз бұлшық етінің әлсіреуінде призматикалық көзілдірік линзалары қолданылады. Олардың геометриялық орталығында берілген призматикалық әсері болады.

Көзілдірік линзалары оң, теріс және оң-теріс болуы мүмкін Оң линзаларды «конвекс» деп атайды, ал теріс линзаларды «конкав» деп атайды.

Көзілдірік – қарапайым және күрделі оптикалық жүйелер, олар аметропияны түзету үшін және аккомадацияның бұзылуында, сонымен бірге көздің бұлшық ет аппаратының жеткіліксіз боллуында қолданылады. Түзететін көзілдіріктер линзадан және линзаның көзде дұрыс тұруын қамтамасыз ететін оправадан тұрады.

Көзілдірік оправасы келесі талаптарға жауап беруі керек: ауыртпау керек, сонымен бірге бет терісімен жанасқанда ауыртпалықты және қысым түсірмеу керек; беті ластанудан оңай тазалануы керек; эстетикалық нормаларға сай келуі керек.

Көзілдірік оправасы келесі бөліктерден тұрады: беттік бөлігі немесе рамка және оған шарнир арқылы бекітілетін құлаққа ілетіні.

Көзілдіріктер тек көруді түзету үшін ғана емес, сонымен бірге көзді күн сәулелерінен, сонымен бірге қауіпті және зиянды өндіріс факторларының әсерінен қорғау үшін де қолданылады.

Жарықтан қорғайтын көзілдірік линзалары көзді әртүрлі өндірістік операцияларды орындау кезінде ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің әсерінен, сонымен бірге ашық түскен күн сәулесінен қорғау үшін қолданылады..

Қорғаныш көзілдіріктері көзді балқыған металдан, газдардан, ультракүлгін сәулелерден, көрінетін және инфрақызыл сәулелердің әсерінен және басқа да зақым келтітетін факторлардың әсерінен қорғайды.

Жанаспалы линзалар – ооптикалық көмектің ең тиімді түрлерінің бірі. Олардың көзілдіріктерден айырмашылығы жан-жағындағыларға көрінбейді.

Жанаспалы линзаларды көз алмасының алдыңғы бөлігіне кигізеді, олар көзбен бірыңғай оптикалық жүйені құрайды. Көздің көру бағыты өзгергенде жанаспалы линза көз алмасының қозғалысын қайталайды.

Жанаспалы линзалар негізінен жоғары дәрежелі миопия кезінле, анизометропияда, афакияда, кератоконуста, дұрыс емес астигматизмде және жоғары дәрежелі астигматизм кезінде қолданылады.

 

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Көзілдірік линзалары: афокальды, бифокальды және үшфокальды.

2. Қандай линзалар стигматикалық, астигматикалық және призматикалық деп аталады?

3. Қорғаныш көзілдіріктері не үшін қолданылады?

4. Жанаспалы линзалар.

ДӘРІС № 4

Тақырып: Фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника бұйымдарының жіктелуі

 

Мақсаты: Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың жіктелуін қарастыру (мақсаты, міндеті және әдістері)

 

Дәріс тезисі:

1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды жіктеудің мақсаты.

2. Жіктеудің міндеттері.

3. Жіктеу әдістері.

Дәріс тезисі:

Жіктеу – бұл көптеген объектілерді класстарға, топтарға өздеріне тән белгілі бір белгілері бойынша бөлу. Бірақ бұл бөлімдер бір-бірімен өзара байланысты бірыңғай жүйені құрайды, ал бұл жүйенің әрбір бөлігі қандай да бір жалпы белгісі бар ұқсас объектілердің жиынтығы болып табылады.

Тауарлар класы – қажеттіліктердің жалпылама топтарын қанағаттандыратын тауарлардың көпшілігі.

Классификатор – бұл жіктеу объектілерінің атаулары мен кодтарының жүйеленген жиынтығы болып табылатын ресми құжат.

Фармацевтикалық және медициналық тауарларды жіктеудің мақсаты тауарлардың ассортименті, сапасы және тұтынушылық қасиетін зерттеуден тұратын тауарлық операцияларды жүргізуді жеңілдетеді.

Жіктеу біртекті тауарлар топтарының тұтынушылық қасиеттерін зерттеуге, бұл қасиеттердің оптимальды деңгейін белгілеуге, зерттеудің топтық әдістерін және тауарлар сапасын бағалау әдістерін жасауға мүмкіндік береді.

Жіктеудің міндеттері болып табылады:

1) белгілі бір тауарлар топтарының тұтынушылық қасиеттерін белгілеу, тауарлар қасиеттерінің оптимальды деңгейін анықтау, зерттеудің топтық әдістерін жасау, тауарлар сапасының деңгейін бағалау;

2) нақты тауарлар топтарының ассортиментін және оның қажеттіліктерге сәйкестігін талдау, тауарлар ассортиментін бағытты дамыту;

3) әрбір жіктеу тобының тауарларына сақтау, тасымалдау шарттарын жасау;

4) тауарайналымын тауар топтары бойынша жоспарлау, сұранысты зерттеу; түскен және сатылған тауарлардың есебін жүргізу және есепті құрастыру;

5) прейскуранттарды, каталогтарды, жедел тапсырыстарды құрастыру мүмкіндігі;

6) қоймалар, базалар және сауда мекемелерінің типтерін анықтау;

7) ЭЕМ, автоматтандырылған басқару жүйелерін қолдану.

Жіктеу әдісі деп объектілерді бөлуде қолданылатын тәсілдер жиынтығын айтады. Жіктеудің екі әдісі бар: иерархиялық және фасеттік.

Жіктеудің иерархиялық әдісінде бастапқы объектілер ұқсас белгілері бойынша рет-ретімен жіктеу топтарына бөлінеді, ол жіктеу топтары өз кезегінде негізгі ұқсас белгілері бойынша топшаларға, түрлерге бөлінеді.

Фасеттік әдіс - бұл көптеген объектілерді бір белгісі бойынша жеке, бір-біріне тәуелсіз топтарға параллельді бөлу. Бұл жүйе объектілер арасындағы ерекшеліктерді көрсетеді.

 

Жіктеу ережелері объектілерді бөлу жүргізілетін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді таңдау үшін арналған. Иерархиялық және фасеттік әдістердің маңызды ережесі мақсатты қолданылуына байланысты жіктеу әдістерінің түрлерін таңдау болып табылады.

Фармацевтикалық және медициналық тауарларды жіктеу келесі талаптарға жауап беруі керек:

· шығарылатын өнімдердің барлық түрлерін қамту толықтығына кепілді болуы;

· жіктелу икемділігін қамтамасыз етуді, яғни жалпы жіктеу жүйесін бұзбай тізімге жаңа атауларды кіргізу, тауарлар ассортименті мен номенклатурасында болашақта болатын өзгерістерді ескеру мүмкіндігі;

· тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік жасау;

· тауарқозғалысының барлық жолында сауда қызметін жақсартуға бағыт түзеу;

· тауарларды кодтау принциптеріне және тауарлардың қысқа шифрларының түзілуіне көмегін тигізу;

· шектен тыс ауқымды болмау.

Медициналық және фармацевтикалық тауарларды жіктеу иерархиялық схема бойынша жүргізіледі – жалпы белгісінен төмен қарай. Әрбір келесі буыны жоғары тұрған буынның белгісін нақтылау керек. Жіктеу буындарын белгілеу үшін келесі теримндер қолданылады: класс, подкласс, топ түрі, түрі, сонымен бірге топша, түрше.

Тауарларды жіктеудегі маңызды мәселе – тауар жіктелетін негізгі белгіні дұрыс таңдау. Өнім жіктелетін негізгі белгілеріне келесілер жатады:

· тауарды өндірудегі технологиялық процесінің бірыңғайлығы. Бұл жағдайда бір жіктеу тобына сыртқы түрі және қолданылуы бойынша әртүрлі тауарларды жатқызуға болады.

· тауарды қолдану мақсаты немесе бағыты. Бұл белгісі бойынша тауарлар өндірістік-техникалық мақсатта қолданылатын және кең тұтынатын тауарлар тобы болып жіктеледі.

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды жіктеудің мақсаты неде?

2. Жіктеудің міндетіне не жатады?

3. Жіктеудің қандай әдістері бар?

4. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың жіктелуі қандай талаптарға жауап беруі керек?

ДӘРІС №4

 

Тақырып: Фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника бұйымдарының тұтынушылық қасиеті мен сапасын анықтайтын факторлар

Мақсаты: Бастапқы материалға қойылатын негізгі талаптарды; медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сапасы мен тұтынушылық қасиетін анықтайтын факторларды қарастыру

 

Дәріс жоспары:

1. Материалдарға және дайын өнімдерге қойылатын талаптар.

2. Материалдар мен дайны өнімдердің қасиеті:

· физикалық;

· химиялық;

· физико-химиялық;

· биологиялық;

· технологиялық;

· функционалдық;

· эксплуатациялық.

Дәріс тезисі:

Медициналық және фармацевтикалық тауарларға қойылатын талаптар өте жоғары және олардың қолданылу спецификасымен анықталады. Және де оларды дайындау үшін шикізат немесе жартылай фабрикат түрінде қолданылатын материалдарға да қойылатын талаптар жоғары

Әрбір нақты жағдай үшін бұл талаптар материалдарға берілген стандарттарда көрсетіледі. Онда материалдың құрамы, физикалық және химиялық тұрақтылары, механикалық қасиеттері, сыртқы орта факторларына тұрақтылығы және т.б. регламенттеледі. Онан басқа, медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарға қойылатын ерекше талаптарға байланысты арнайы қасиеттерінің көрсеткіштері регламенттеледі:

· адам ағзасының тіндеріне және ортасына қатысты улы болмауы;

· адам ағзасының тіршілік қызметінің факторларының әсеріне тұрақты болуы;

· асептикалық және стерильді өңдеуге тұрақты болуы.

Түріне және қолданылуына байланысты бұл талаптар кеңейеді.

Материталдар мен олардан жасалған дайын өнімдердің қасиеттерін бірнеше түрге бөледі: физиккалық, химиялық, физико-химиялық, биологиялық, технологиялық, функционалдық, эксплуатациялық. Материалдардың механикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Мұнан басқа, тауартануда тұтынушылық қасиеттерін бөледі, оларға да тұтыну процесінде тауардың қандай да бір ерекшелігін сипаттайтын осы қасиеттер жатады.

Физикалық қасиеттеріне жатады: массасы (масса, тығыздығы, меншікті үлесі), агрегаттық күйі (қатты дене, сұйықтық, газ, эмульсия), механкалық қасиеттері (беріктігі, пластикалығы, қаттылығы, серпімділігі, тұтқырлығы), термиялық қасиеттері (жылу өткізгіштігі, термиялық кеңеюі, термиялық тұрақтылығы, отқа тұрақтылығы), оптикалық қасиеті (түсі, ашықтығы, түстің қанықтығы), акустикалық қасиеттері (дыбыс жылдамдығы, дыбыс жоғарылығы, дыбыс күші және интенсивтілігі), электрлік қасиеттері (электр өткізгіштігі, меншікті электр кернеуі).

Химиялық қасиеті материалдар мен дайын өнімнің әртүрлі химиялық заттар мен орталарға тұрақтылығыны сипаттайды. Олар материал мен бұйымның технологиялық өңдеу режимдеріне, сонымен бірге эксплуатация кезіндегі іс-әрекетіне әсерін тигізеді және қызмет мерзімін немесе жарамдылық мерзімін анықтайды. Оларды сипаттайтын көрсеткіштерге келесілер жатады: суға тұрақтылығы, қышқылға тұрақтылығы, сілтіге тұрақтылығы, атмосфера әсеріне тұрақтылығы, тотықтандырғыштардың, тотықсыздандырғыштардың және органикалық еріткіштердің әсеріне тұрақтылығы.

Медициналық мақсатта қолданылатын материалдар мен бұйымдардың маңызды физикалық-химиялық көрсеткіштеріне сорбция және өткізгіштігі жатады. Сорбция материалдың табиғатына және адсорбенттің меншікті бетіне, адсорбаттың табиғаты мен концентрациясына, олардың ылғалдылығы мен температурасына байланысты болады.

Өткізгіштігі – мембрана арқылы заттардың ауысу процесін сипаттайтын түсінік, ол бөлім шекарасындағы концентрацияның әртүрлілігімен негізделеді.

Материалдардың биологиялық қасиеттері олардың қоршаған ортаға әсерімен және де қандай да бір организмдердің оларда өмір сүруіне немесе дамуына жарамдылығымен анықталады. Тауарлардың, әсіресе органикалық текті тауарлардың, микроорганизмдердің әсеріне тұрақты болуы олардың сапасын бағалау кезіндегі өте маңызды көрсеткіші.

Микроорганизмдердің әсеріне тұрақтылығын жоғарылату және оларға шіруге қарсы қасиеттерді беру үшін материалдар мен бұйымдар арнайы антисептикалық заттармен өңделеді. Тауарлардың биологиялық қасиетін білу бума түрін, тасымалдау шарттарын, сақтау жағдайоарын және эксплуатациясын анықтау үшін қажет.

Материалдардың технологиялық қасиеттері олардан бұйымды дайныдаудың әртүрлі технологиялық әдістерін негіздейді.

Эксплуатациялық қасиеттері тек материалдардың қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге медициналық бұйымдардың эксплуатациясына да байланысты болады. Материалдардың көптеген сипаттамалары бұйымның эксплуатациясының ұзақтығына тікелей немесе жанама түрде әсерін тигізеді. Сақтау және эксплуатация шарттары бұйымның коррозия, эрозия, тозу және жарамдылық мерзімдерін зерттеу кезіндегі анықтаушы шарттар болып табылады.

Тұтынушылық қасиеттеріне тұтыну, тасымалдау, сақтау және оларға күтім жасау кезіндегі тауарлардың қандай да бір ерекшелігін сипаттайтын қасиеттер жатады. Тұтынушылық қасиеттері және олардың көрсеткіштері бұйымның қолданылу тиімділігін, әлеуметтік маңызын, практикалық пайдалылығын, қолдануға ыңғайлылығын, зиянсыздығын және эстетикалық жетіллуін анықтайды. Табиғи қасиеттерімен біріге отырып олар тауардың сапасын негіздейді.

Материалдардың декоративтік қасиеті – маңызды тұтынушылық қасиеттерінің бірі. Олар бұйымның сыртқы түрімен анықталады және оның сыртқы суретіне, текстурасына, беттерін өңдеу тәсілдеріне, жабындары мен рельефтерінің болуына байланысты болады.

 

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Медициналық бұйымдарға қандай талаптар қойлыады?

2. Материалдар мен дайын өнімдерді ңқасиеттері қалай бөлінеді?

3. Физикалық қасиеттеріне не жатады?

4. Бұйымдар мен тауарлардың тұтынушылық қасиеттері нені сипаттайды?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 2294; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.